Жұмыс бөлмесіндегі (12*6*3) желдету жүйесіне есеп жүргізу

Желдету құрылыс ережелеріне сәйкес үй-жайларда және жұмыс oрнында берілген ауа алмасу жағдайын қамтамасыз ететін шаралар мен құрылғылардың жиынтығы бoлып табылады. Мұнда біз айтып oтырғанымыз бoлмеге кіретін таза ауа жайлы. Oсы мақсатпен бөлмелерде желдету жүйесі oрнатылады. Желдету түрлері: Үй-жайларды табиғи желдету – ауа алмасу табиғи физикалық турде “сасoтoкoм” есебінен жүреді. Механикалық желдету - ауа қoзғалысын желдету жабдықтары мен құрылғылары басқарады, сoл арқылы ауаны алыс қашықтыққа жылжытуға мүмкіндік береді (желдеткіштер, жылытқыштар). Шығатын желдету жүйесі үй-жайлардан ластанған немесе жылып кеткен пайдаланылған ауадан жoяды. Кіріс желдету жүйесі таза ауаның желдетілетін үй-жайларды oрнына қашықтан қoректендіру үшін қажет Жергілікті желдету - ауаның белгілі бір жерлерге жеткізіледі, oнда желдету (жергілікті желдету) және ластанған ауаны зиянды заттардың (жергілікті сoру желдету) қалыптасу oрындарынан ғана жoяды. Жанар-жағар май станцияларында (ЖҚС) желдетуде (мысалы, шағын үй-жайларды сияқты) шағын желдеткіш жүйесі oрнатылады. Көп жағдайда oператoр бөлмесінен пайдаланылған ауаны шығару үшін сoру арқылы желдету жүйесі қoлданылады.

Серверлік бөлменің желдету жүйесін жобалау және есептеу үшін келесі ақпараттар керек: бөлменің аты және оның өлшемі, жұмыс орындарының саны және олардың мақсаттары, жұмысшылардың саны, энергошығынының деңгейіне қатысты мінездемесі мен жұмыс категориясы, құрылғылардың, машиналардың тізімі мен орналасуы, жұмыс уақыты, жұмысшылардың жылулық сәулеленуінің интенсивтілігі.

Желдету жүйесі жұмыс істеу принципі бойынша ағындық, ауасорғыштық, ағындық-ауасорғыштық болуы мүмкін.

Ағындық желдету жүйесін жылу көп бөлініп, зиянды заттардың концентрациясы аз мөлшерде болатын өндірістік бөлмелерде және зиынды заттардың шектелген бөлінуі кезінде әуелі тіреуішті нығайту үшін ауасорғыштық желдетумен бірге пайдаланылады. Көп жағдайда ағындық механикалық желдету жүйесі жалпыалмасулы ауасорғыштық және жергілікті ауасорғыштық жүйелердегі ауа шығынын компенсациялау үшін қолданылады.

Ауа тартқыш желдеткіш бөлме ішіндегі ластанған ауаны активті түрде тазалау үшін, ауадағы зиянды заттардың концентрциясы төмен болғанда және ауа алмасу еселілігі кішкентай болған кезде қолданылады. Ауа алмасу еселілігі келесі формуламен анықталады:

Жұмыс бөлмесіндегі (12*6*3) желдету жүйесіне есеп жүргізу - student2.ru

бұл жердегі L – бөлмеге берілетін немесе шығарылатын ауаның көлемі, м3/ч; V – бөлменің көлемі, м3 .

Алдымен бөлменің көлемін тауып аламыз:

Жұмыс бөлмесіндегі (12*6*3) желдету жүйесіне есеп жүргізу - student2.ru

мұндағы а= 12м, b= 6м, h= 3м.

Жұмыс бөлмесіндегі (12*6*3) желдету жүйесіне есеп жүргізу - student2.ru м3

Бөлмеге берілетін немесе шығарылатын ауа көлемін табу үшін келесі нәрселерді білу қажет: егер бөлме ішінде зерттеу жұмыстарын жүргізетін әрбір жұмысшыға бөлінген аудан 20 м3 кем болса, онда шығарылатын ауа көлемі әр жұмысшыға кем дегенде 30 м3/ч болу керек; егер 20 м3 көп болса онда ол кем дегенде 20 м3/ч болады. Біздің бөлме көбінесе компьютерлермен жұмыс жасау үшін арналғандықтан, ол жерде көп дегенде орта есеппен 6 адам жүруге мүмкіндігі бар. Сәйкесінше бір жұмысшыға бөлінген аудан 36 м3-қа тең

V1 Жұмыс бөлмесіндегі (12*6*3) желдету жүйесіне есеп жүргізу - student2.ru = 216 / 6 = 36 м3

Бұдан шығатын нәтиже, бізде бір адам үшін шығарылатын міндетті ауа көлемі L1 = 20 м3/ч болады.

Жалпы шығарылатын ауа көлемі мынаған тең:

Жұмыс бөлмесіндегі (12*6*3) желдету жүйесіне есеп жүргізу - student2.ru L1=6 * 20 =120 м3

Қажетті мәндерді тауып алғаннан кейін мәндерін орнына қойып, ауа еселілігін анықтаймыз:

Жұмыс бөлмесіндегі (12*6*3) желдету жүйесіне есеп жүргізу - student2.ru ч-1

Жұмыс бөлмесіндегі (12*6*3) желдету жүйесіне есеп жүргізу - student2.ru

Желдету қондырғылардың орналасу сұлбасы

Ауасорғыштық мехеаникалық желдету жүйесін жобалау барысында шығарылатын бу мен газдың тығыздығын ескеру керек. Егер газдың тығыздығы ауа тығыздығынан төмен болса, онда ауатартқыштар бөлменің жоғарғы бөлігінде, ал жоғары болса бөлменің төиенгі бөлігінде орналасады.

Жергілікті ауасорғыштық желдеткішті газдың, будың, тозаңның, аэрозолдердің көп бөлінетін аумақтарына орналастырылады. Мұндай желдету жүйесі ауадағы зиянды заттардың өндірістік бөлмеге түсуінің алдын алады. Жергілікті ауасоғыштық желдету жүйесі газды және электрлідәнекерлеу бекеттерінде, металл кесетін және қайрайтын станоктарда, темір соғатын цехтарда, техникалық қызмет көрсету бекеттерінде, автокөліктер мен тракторларды жіберетін орындарда қолданады.

Ағындық-ауасорғыштық желдеткіштерді ауаға зиянды заттар көп бөлінетін, яғни жоғарғы еселілікті сенімді ауа алмасуды қажет ететін бөлмелерде қолданылады.

Жұмыс ортасынадағы ауаға қауіпті уландырғыш және жарылуға қауіпті заттардың түсу мүмкіндігі болған жағдайда апатты желдету жүйелерін жобалайды. Оның қосылуын және ауаны шығару үшін ойықтардың ашылуын жобалау барысында қашықтан басқару қажетілігін ескерген жөн, яғни оны іштенде және сырттанда қоса алатындай мүмкіндік жасау керек. Ведомствалық құжаттарда апаттық желдету жүйелері туралы ақпарат жоқ болса, онда ол қажетті жағдайда сізде орналастырылған желдеткішпен бірге еселілігі k ≥ 8 ч-1 болатын ауа алмасумен қамтамасыз етуі қажет. Апатты желдеткіш ауаны сыртқа шығару қажет, яғни ауасорғыштық болуы керек. Апаттық желдеткіштің зиянды қалдықтарын шығару нүктелерін адам көп жүретін жерлерде және басқа желдету жүйелерінің қасына орналастыруға болмайды.

Табиғи желдету жүйелері аэрация немесе ауасорғыш каналдар және шахталар арқылы жүзеге асырылады.

Аэрация – табиғи күштерге негізделген ұйымдастырылған басқарылатын ауа алмасу. Аэрацияны үлкен көлемді, механикалық желдетуді орнату үшін үлкен көлемдегі капиталдық салымды және эксплутациялық шығынды талап ететін ғимараттарда қолданылады. Кіші көлемді, ауа алмасу еселігі k ≥ 3 ч-1 бөлмелердегі табиғи желдету жүйесі үшін арнайы жасақталған ауасорғыш каналдар немесе шахталарды қолдану керек. Табиғи желдету кезінде ауаны екі жақтағы бойлық қабырғаларда орналасқан ойықтардан беру керек. Салқын күндері кіргізілетін ауаны жылытпай, салқын күйінде беру жұмысшыларға арнайы сақтандыру шаралары жасалғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.

Наши рекомендации