Азақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) орталық атқарушы органның құзыреті шегінде ішкі қаржылық бақылау мемлекеттік сатып алу, аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады.
Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен басқа заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Yкіметiнiң актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегі бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің органдарында шоттары болады.
Комитеттің Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын және тарататын мемлекеттік мекеме нысанындағы заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық бөлімшелері бар, оларға Комитеттің бақылауындағы және есеп беретін облыстар және Астана мен Алматы қалалары бойынша Қаржылық бақылау инспекцияларына жатады.
Жұмысты тиімді ұйымдастыру мақсатында Комитет аумақтық бөлімшелердің ішкі қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметін үйлестіреді, қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелерге тексеру жүргізеді, сондай-ақ аумақтық бөлімшелерге белгіленген тәртіп бойынша өздеріне жүктелген функцияларды тиісті орындауын бақылауды жүзеге асырады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен ресімделетін жеке қолданылатын құқықтық актілер шығарады.
Комитет Қазақстан Республикасы Қаржы министрлигіне қатысты ішкі бақылау қызметі функцияларын атқарады.
Тұжырымдамалар: Қаржы саясатының жүзеге асырылуындағы ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі және оның комитеті және ҚР Қаржы бақылау органдарының қызыметі толығымен көрсетілді.
Тақырып бойынша теориялық білімін бақылау үшін сұрақтар мен тапсырмалар
Р экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі қызыметі
2. ҚР Қаржы министрлігі және оның комитетінің қызыметі
3. ҚР Қаржы бақылау органдарының қызыметі
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетінің қызыметі
Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар:
Дағдыларды дамытуға бағытталады. Пән бойынша практикалық сабақтар студенттерге ғылыми әдебиеттер негізінде өздік жұмыстарды орындауға және ауызша өз ой-пікірін жеткізе білуге мүмкіндік беретін семинарлар түрінде өткізу.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер - 1, 3, 4, 5, 6.
Заңдамалар мен нормативтік актлер
Мерзімді басылымдар
Интернет көздері.
Тақырып. Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының қаржы саясаты
Сабақтың мақсаты:қаржы саясатының қазіргі кездегі мемлекет және қаржы секторындағы рөлі мен қаржы секторының негізгі ішкі құрылымдық проблемалары және даму үрдістерін айқындау болып табылады.
Дәріс жоспары
1. Қаржыны басқарудағы қаржы саясатының рөлі
2.Қаржы секторының негізгі ішкі құрылымдық проблемалары және даму үрдістері
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар:кредиттік портфелі, активтер сапасы, проблемалық кредиттер, мемлекет саясаты, ипотекалық портфелі.
1. Саясат мемлекет қызметінің барлық бағыттарын қамтиды. Саяси ықпал жасаудың элементі болып табылатын қоғамдық қатынастардың сферасына қарай экономикалық немесе әлеуметтік, мәдени немесе техникалық, қаржы немесе кредит, ішкі немесе сыртқы саясат туралы айтады.
Бұдан бұрын айтылғандай, кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін пайдаланады. Қойылған мақсаттарды іске асыруда қаржы саясаты маңызды рөл атқарады. Оны жасап, жүзеге асыру процесінде қоғам алдында тұрған міндеттерді орындаудың шарттары қамтамасыз етіледі; ол экономикалық мүдделерге ықпал жасаудың белгілі құралы балып табылады.
Қаржы саясаты – бұл қоғамның элеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады.
Материалистік диалектика жүйесінде түрлі басқа саясат сияқты қаржы саясаты қондырмаға жатады, ал қаржы саясатында білінетін және өндірістік қатынастардың, белгілі бір экономикалық формацияның бір бөлігі ретінде көрінетін қаржы қатынастары базистік болып табылады. Қаржы саясатын жасау процесінде елдің алдына қойылған міндеттердің орындалуы үшін материалдық жағдайлар қамтамасыз етіледі. Сондықтан тап қаржы саясаты экономика мен әлеуметтік сфераға ықпал жасаудың белсенді тетігі болып табылады.
Демек, қаржы саясаты қаржы ресурстарын іздестіру, шоғырландыру және жинақтау және экономикалық саясат жасайтын дамудың бағыттары бойынша оларды бөлудің міндеттерін шешеді.
Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден саясатын қамтиды. Өз кезегінде мемлекеттің қаржы саясаты тек оның экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді, яғни қосалқы рөлді орындайды. Мемлекеттік саясаттың басқа да бағыттарын – ұлттық, геосаясатты, әскери саясаттарды да ұмытуға болмайды.
Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына негізделеді. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы тармақтары қатысады. Қазақстан Республикасында оның конституциялық ерекшеліктеріне қарай жалпы экономикалық саясат сияқты қаржы саясатын жасаудағы басымдық Қазақстан Республикасының Президентіне жатады, ол жыл сайынғы Жолдауында ағымдағы жылға және перспективаға арналған қаржы саясатының басты бағыттарын анықтайды. Үкімет экономиканы дамытудың басты бағыттарын жүзеге асыру және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен осы Жолдаудың шеңберінде іс-қимыл жасауы тиіс. Осыған орай биліктің атқарушы тармағының бір бөлігі ретінде Үкімет қаржы саясатын іске асыруға қажетті заңдардың жобаларын жасайды және оларды қарап, қабылдау үшін Президентке тапсырады.
Мезгілінің ұзақтылығына және шешілетін мәселелердің сипатына қарай қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасы болып бөлінеді.
Қаржы стратегиясы экономикалық және әлеуметтік стратегия мен анықталып, перспективаға есептелген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы. Ол макроэкономикалық процестер дамуының ұзақ кезеңіне бағытталған, ал оның шеңберіндегі күнделікті міндеттер басты стратегиялық мақсатқа жетудің кезеңдері ретінде жүзеге асырылып отырады. Сөйтіп, қаржы саясатының мазмұны экономикалық жүйеде қаржыны пайдаланудың стратегиялық бағыттылығымен үнемі анықталып отырады.
Қаржы стратегиясын мемлекет қоғам дамуының ірі тарихи кезеңдеріне үлестіре отырып жасайды. Оны жасау процесінде қаржыны дамытудың негізгі тенденциялары болжанады, оны пайдаланудың тұжырымдары қалыптасады, қаржы қатынастардың ұйымдастырудың қағидаттары белгіленеді. Ұзақ мерзімді мақсаттарды таңдап алу және қаржы саясатында мақсатты бағдарламаларды жасау қаржы ресурстарын экономикалық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарында шоғырландыруды қажет етеді.
Қаржы саясаты ғылыми жобаларға негізделсе және нақты қаржы катынастарына қызмет етсе, прогресивті болуы мумкін.
Ғылыми тұжырым бойынша:
1. Қаржы саясаты өндірістің даму заңдылығына объективті сәйкес болуы керек, сондықтан шынайы ақпараттың маңызы зор. Ондай ақпарат экономикадағы, әлеуметтік саладағы үдерістердің хал-аухалы туралы және өткізілген шаралардың қорытындылары туралы мәліметке ие болуы керек. Ақпарат тиімді қаржы саясатын жүргізуге негіз болып табылады. Кері байланыс қағидасының сақталу қажеттігі қаржы саясатының дүрыстығына негіз болып табылады.
2. Шешім жүргізілетін шараның нақты болжамы мен есебі негізінде қабылдануы керек. Қаржы саясатын өңдеу мен өткізу кезінде қойылатын басты талап кешенділіктің сақталуы болып табылады. Баға, несие, еңбекақы саясаттарын ескеру қажет. Үйлесімділік алмағаң жағдайда оң нәтижеге қол жетызу мүмкін емес
2. Қаржы секторының негізгі ішкі құрылымдық проблемалары және даму үрдістері
Соңғы 3 жылда (2011 – 2013 жылдар) банк секторының активтері 15 462 млрд. теңгеге дейін 28,5 %-ға ұлғайды. Соған қарамастан, банк секторының активтері жалпы ішкі өнімге (бұдан әрі – ЖІӨ) қатысы бойынша 55 %-дан 46 %-ға дейін қысқарды (шикізатқа жатпайтын ЖІӨ-ге қатысты шамамен 64 %-ды құрайды). Банк секторының кредиттік портфелі 2011 жылдың басынан бастап 47,2 %-ға ұлғая отырып, 2014 жылғы 1 қаңтарда 13 348 млрд. теңгені құрады. Ең жоғары мәні 2007 жылы 70 %-ға жеткен ЖІӨ-ге кредиттердің деңгейі төмен, 40 %-дық деңгейде сақталып отыр (шикізатқа жатпайтын ЖІӨ-ге қатысты шамамен 55 %-ды құрайды).
Қаржылық делдалдықтың төмен деңгейі көбінесе теңгерілмеген кредиттеуге және несие портфелінің төмен әртараптандырылуына, сондай-ақ басым түрде қысқа мерзімді қорландыруға байланысты. Оның құрылымында қызмет көрсету секторына, атап айтқанда саудаға (яғни айналымдылық үлесі жоғары кредиттер), құрылысқа және жылжымайтын мүлікпен операцияларға берілген қарыздар басым (көбінесе дағдарысқа дейінгі кезеңде берілген қарыздар). Банк секторын шағын және орта бизнесті қаржыландыру процесіне тартудың жеткіліксіздігі олардың кредиттелуінің жоғары деңгейін және қаржылық жағдайының орнықсыз екенін көрсетіп отыр, оның ішінде капиталды генерациялау мүмкіндігінің төмен болуына байланысты, бұл осы бағыттағы кредиттік тәуекелдің шоғырландырылуына апарады.
Нәтижесінде, корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныс деңгейінің жоғары болуына қарамастан, банктер қысқамерзімді кірістілігі жоғары, бірақ бір мезгілде тәуекелділігі жоғары тұтынушылық кредиттер беруге барынша көп шоғырлануда. Соңғы үш жылда тұтынушылық қарыздардың үлесі 2 есеге жуық өсті, бұл белгілі бір алаңдаушылықты туғызады, себебі болашақта халықтың кредиттік тәуекелдерін ұлғайтуы мүмкін. Халықтың борыштық жүктемесінің аса жоғары емес ағымдағы деңгейі (үй шаруашылықтарының жиынтық борышының ЖІӨ-ге қатынасы 11 %-ды құрайды) осы бағытта банктік бизнесті одан әрі өрістету үшін белгілі бір қорды сақтайды. Алайда қамтамасыз етілмеген тұтынушылық қарыздардың жылдам өсуі қазірдің өзінде оны шектеу бойынша шаралар қабылдауды талап етеді.
Бұл жағдайларда банк секторын одан әрі дамыту мәселелерінің бірі орын алып отырған, банктердің кредиттік белсенділігіне ынталандырмайтын әсер ететін жұмыс істемейтін қарыздардың жоғары деңгейі және қорландырудың ұзақ мерзімді көздерінің тапшылығы проблемаларын шешу болып табылады.
2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс істемейтін қарыздардың үлесі банктердің жиынтық кредиттік портфелінің 31,2 %-ын құрайды, олардың айтарлықтай үлесі міндеттемелерін қайта құрылымдауды жүргізген банктерге тиесілі. Осы көрсеткіш соңғы екі жыл бойы барынша тар диапазон шегінде (30 % – 32 % аралығында) салыстырмалы тұрақты деңгейде тұр. Бұл банктердің активтердің сапасын жақсартудың берешекті қайта құрылымдауды жүргізу сияқты «классикалық» құралдарын пайдалану әлеуетінің іс жүзінде сарқылғанын айғақтайды. Активтер сапасының төмен болу проблемасын шешу үшін 2012 жылы банктердің балансын «тазартудың» бірнеше тетігі қолданысқа енгізілді. Осы тетіктер проблемалық активтерді «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Проблемалық кредиттер қоры) және бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымдарына (бұдан әрі – КАБҰ) беруді, сондай-ақ банктер үшін қосымша салық міндеттемелерін туындатпастан, 2015 жылдың аяғына дейін үмітсіз берешекті кешіру талаптарын болжайды. Сонымен бірге, жоғарыда көрсетілген тазарту құралдарын пайдаланудың банктер мәлімдеген әлеуеті заңнама арқылы берілген мүмкіндіктерге борыштық міндеттемелерді орындау мәселелерін заңнамалық және іс жүргізумен күрделі әрі ұзақ реттеу нәтижесінде сәйкес келмейді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ерте ден қою шаралары шеңберінде банктердің несие портфеліндегі жұмыс істемейтін қарыздардың үлесі үшін лимиттерді қосымша енгізді (2013 жылдан бастап – несие портфелінің 20 %-ы, 2014 жылдан бастап – 15 %-ы). Банктердің кредиттік портфельдердің сапасын жақсарту бойынша жұмысын жандандыру үшін 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап пруденциялық норматив ретінде банктер үшін міндетті болатын жұмыс істемейтін қарыздардың 10 % деңгейдегі ең жоғары лимиті енгізіледі.
Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін дамыту және жеңілдікпен, оның ішінде әлеуметтік бағыттағы ипотекалық кредиттерді ұсыну арқылы халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша құралдардың тұтас спектрін ұсынуға белсенді түрде қатысады.
«Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қазақстан ипотекалық компаниясы) өз қызметі шеңберінде банктерден ішкі нарықта қорландырудың ұзақ мерзімді қаражатын тарту есебінен ипотекалық портфельдерді сатып алады. Бұл ретте, Қазақстан ипотекалық компаниясы банктер үшін ипотекалық мөлшерлемелерді төмендету мүмкіндігі мақсатында қарыз алуды арзандатуға ұмтылады. Қазақстан ипотекалық компаниясының қызметі банктерді қажетті ұзақ мерзімді қорландырумен және одан әрі кредиттеу үшін ресурстарды босатумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Осылайша, даму институттары қаржылық инфрақұрылымды жетілдіруге, қаржы секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, теңгерімді экономикалық ортаны ұстап тұруға және экономикадағы кредиттік тәуекелдерді төмендетуге тікелей үлес қосады және белсенді түрде қатысады. Бұл ретте, қаржы секторы өсуінің ресурстарын, оның ішінде даму институттарын дамыту есебінен жүйелі кеңейту мақсатында, ұзақ мерзімді қаржыландырудың барлық ықтималды көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет. Даму институттарын қорландырудың көздерін әртараптандыру экономиканың басымды салаларын теңгемен қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздерімен қамтамасыз етуге, проблемалық жобаларды қайта құрылымдауға және сауықтыруға мүмкіндік береді.
Тұжырымдамалар: Қаржы саясатының қаржы секторларында жүзеге асырылуы мен нәтижелері көрсетілген.