Жобалық талдаудың мәні
Инвестициялық жобаның түрлері
Жобаның коммерциялық орындалуын талдау
Техникалық талдау
Аржылық талдау
Экономикалық талдау
Институционалдық талдау
Тәуекелді талдау
1. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады.
Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы жоба түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс. Жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялық деп ажыратады. Соңғысының қатарына меншік түрінің өзгерісін (арендалық кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды, біріккен кәсіпорындарды және т.с.с. құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі (жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу т.с.сс( өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқызады. Тактикалық жобалар, әдетте, шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен, өнім сапасын жоғарылатумен және қондырғыларды жаңартуымен байланысты болады.
Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады және ол циклдың келесі кезеңдерге ие.
2.Жобалық талдау тәжірибесі жобаларды әзірлеу тәжірибесін жалпылауға және типтік жобаларды атап айтуға мүмкіндік береді.
Саланың пісіп-жетілуін (кемелденуін) оның даму жағдайының төрт түрінің біреуіне жатқызу арқылы талдау қалыптасқан: эмбрионалдық, өспелілік, пісіп-жетілген немесе ескірген.
Жобаны талдаудың жалпы тізбегі:
Алдын ала талдау
Экономикалық талдау жоқ
Коммерциялық талдау Иә
Техникалық талдау Иә
Қаржылық талдау Иә
Экономикалық талдау Иә
Институционалды талдау Иә
Тәуекелді талдау Иә
Жоба қабылданады Жоба қабылданбайды
3. Соңғы жылдарың статистикасына қарасақ, әлемдегі фирмалардың банкротқа ұшырау деңгейі шамамен 80% болады. Банкроттықтың негізгі себебі – маркетингтің жеткіліксіздігі.
Маркетингтік талдау – тұтынушылар мен бәсекелестерді талдаудан тұрады. Тұтынушыларды талдау тұтынушылық сұранысты, нарық сегментін және сатып алу процесінің сипатын анықтауы қажет. Сонымен қатар, негізгі бәсекелестердің де талдауын жүргізу қажет. Маркетингтік талдаудың нәтижесі негізінде маркетингтік жоспар жасалады..
Сұраныс пен өткізуді талдау барысында келесідей сұрақтар қарастырылуы қажет:
1. Нақты сатып алушы кім?
2. Өнімді сатып алу себебі?
3. Сатып алу қалай жүргізіледі?
4. Қандай ақпарат қажет және оны қалай жинауға болады?
Нарықты құрылымдық зерттеуді бәсекелестерді анықтаудан бастаған жөн, сонымен қатар жана қатысушылардың (болашақ бәсекелестердің) нарыққа кіру мәні мен мүмкіндігін бағалау қажет.
Маркетингтік жоспар жобаның құрамдас бөлігі болып табылады. Оны жасау кезінде маркетолог төмендегі сұрақтарға жауап беруі қажет:
1. өнім қаншалықты жақсы жасалған?
2. баға белгілеудің дұрыс стратегиясы қаншалықты жақсы анықталған?
3. тауарды нарыққа жылжытудың дұрыс стратегиясы анықталды ма?
4. сатып алушы мен сатушының тиімді байланысын қамтамасыз етеді ме?
Қорытындылай келе, маркетингтік талдаудың жоспарды талдаудағы мәні зор, себебі ол жобаның өмір сүру қабілеттілігін бағалау үшін қажетті нарықтық ақпаратты алуға мүмкіндік береді.
4. Инвестициялық жобаның техникалықталдаудының міндеті болып табылады:
* жоба мақсатына сай келетін технологияны анықтау;
* жергілікті шарттарды талдау, соның ішінде шикізаттың, энергияның, жұмыс күшінің құнын талдау;
* жобаны жоспарлау мен жүзеге асырудың потенциалды мүмкіндіктерін тексеру.
Егер өз технологияңды пайдалану мүмкін болмаса, онда шетелдік технология мен құрал-жабдықтарды тарту мүмкіндігін талдау жүргізіледі.
1) шетелдік фирмамен бірлескен кәсіпорын – ішінара инвестициялау және барлық технологиялармен толық қамтамасыз ету;
2) технологиялық ноу-хауды жүргізетін құрал-жабдықтарды сатып алу;
3) «turn-key»- жабдықты сатып алу, завод құрылысы;
4) «product – in – hand» - «turn-key» + кәсіпорын жаңа өнімді шығарғанға дейін персоналды оқыту;
5) өндіруге лицензия сатып алу;
6) шетелдік технология жағынан техникалық көмек.
5.Инвестициялық жобаның қаржылық бөлімінің жалпы схемасы қарапайым тізбекпен жүреді:
1) кәсіпорын жұмысының өткен үш жыл ішіндегі қаржылық жағдайын талдау;
2) инвестициялық жобаны дайындау кезіндегі кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
3) өнімнің негізгі түрлерін өндірудің шығынсыздығын талдау;
4) инвестициялық жобаны жүргізу процесіндегі табысты және ақша ағындарын болжау;
5) инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау.
6.Экономикалық талдау - мемлекет қазынасын ұлғайтудағы жоба салымына әсер етуді бағалаудан тұрады, яғни экономикалық талдау процесі барысында жобаны жүзеге асырудан компания басшыларын емес, мемлекеттің пайдалылығын анықтауы қажет.
Экономикалық талдаудың қажеттілігі неде? Егер нарық толық еркін болса, онда экономикалық талдау жүргізудің қажеті жоқ, себебі компания иесіне тиімді зат бірмезгілде басқаларына да тиімді. Еркін нарықтың негізгі белгілері төмендегідей:
1. сатушылар мен сатып алушылардың көптігі;
2. барлық өндірістік факторлар (еңбек, капитал,материалдар) мобильді;
3. бағалар сатушылар мен сатып алушылардың тілектеріне байланысты еркін белгіленеді;
4. нарыққа жаңа компанияның кіруі үшін кедергілер жоқ.
7. Институционалдық талдау - инвестициялық жобаны ұйымдық, құқықтық, сяаси және әкімшілік жағдайда есепке ала отырып табысты орындау мүмкіндігін бағалайды. Инвестициялық жобаның бұл бөлімі қаржылық және сандық емес, яғни оның басты міндеті – инвестициялық жобадағы ішкі және сыртқы факторлардың жиынтығын бағалау болып табылады.
Ішкі факторларды бағалау келесідей схема бойынша жүргізіледі:
1. өндірістік менеджменттің мүмкіндігін талдау. Нашар ұйымдастырылған менеджмент ең жақсы деген жобаны бүлдіруі мүмкін.
2. еңбек ресурстарын талдау. Жобаны жүзеге асыруға тартылатын еңбек ресурстары жоба технологиясында қолданылатын деңгейге сәйкес келуі керек. Мысалы, кәсіпорындағы өндіріс мәдениеті жасалып жатқан жобаға сәйкес келмеуі мүмкін, осы жағдайда жұмыскерлерді оқыту немесе жаңа жұмыскерлерді жұмысқа алу қажеттігі туындайды.
3. ұйымдық құрылымды таңдау. Кәсіпорында қабылданған ұйымдық құрылым жобаның дамуын тоқтатпауы қажет. Кәсіпорындағы шешім қабылдау процесі мен оны орындау жауапкершілігін бөлу қалай жүзеге асырылатынын талдау қажет.
Сыртқы факторларды талдау төмендегідей 2 аспектімен шартталады:
4. мемлекет саясаты;
5. мемлекеттің мақұлдауы (қолдауы).
Аталған факторларды жалпы мемлекет экономикасы масштабындағы ірі міндеттерді шешуге бағытталған ірі инвестициялық жобаларды қарастыру үшін қажет. Бұл жерде аса мңызды фактор мақұлдау үшін уақыт факторы. Жоба техникалық, қаржылық және экономикалық қатынастарда мінсіз көрініп, жобаға қаржы салуға дайын инвестор да бар болып, бірақ мемлекет шешімі бөгеліп жатса немесе 1-2 жылға кейінге қалдырылса, бұл жағдай аса қауіпті көрінеді. Осының нәтижесінде инвестор қаржыны басқа жобаға салады.
8. Тәуекелді талдау барлық өзгерістердің, яғни (нашарлау жағына да, жақсару жағына да) есебін ұсынады. Жобаны жүзеге асыру барысында мынадай элементтер өзгеріске ұшырайды: шикізат құны, капитал шығындары құны, қызмет көрсету құны, сату құны, бағалар және т.б. Нәтижесінде қорытынды параметр, мысалы пайда кездейсоқ болады. Ал тәуекел ықтималдық түсінігін пайдаланады. Мсыалы, тәуекел шығынға ұшырау ықтималдығына тең. Жоба факторларының өзгерістері қаншалықты ірі диапазонда болса, онда соншалықты жоба үлкен тәуекелге барады.
Қорытындылай келе, соңғы инвестициялық жоба бизнес-жоба түрінде ресімделеді. Бұл бизнес- жоспарда жоғарыда аталған барлық сұрақтар көрініс табады.