Жобаның тұжырымдамасы. Жобаның атауы мен мекен-жайы:Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар қаласында орналасқан «Shell» аквапаркі.
Кіріспе
Жобаның атауы мен мекен-жайы:Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар қаласында орналасқан «Shell» аквапаркі.
Сурет 1. Аквапарктің сыртқы көрінісі
Жобаның идеясы:тірі жануар не өсімдік іспеттес, жаңа архитектуралық стильді пайдалана отырып «Shell» аквапаркін салу.
Жобаның мақсаты:
Осы «Shell» аквапаркін салу арқылы ең алдымен қазіргі таңда дамуы кешеуілдеп келе жатқан қаламыздың туристік әлеуетін сәл де болса көтеру, екіншіден халыққа жаңа табыс көзін ашу және де қала халқына демалыстарын ұмытылмастай өткізетіндей жаңа қызығушылық объект құру.
Ерекшелігі:
ü Бәсекелестің болмауы;
ü Оңтайлы жерде орналасуы;
ü Аквапарктің дизайнындағы ерекшелік;
ü Аквапарктің кешенді қызмет түрлерін ұсынуы;
ü Қазіргі заманға сай интерьер және де аттракциондар;
ü Қол жетімді баға;
ü Кәсіби біліктілігі жоғары мамандар.
ü 24 сағат бойы қызмет көрсету.
Жоба құрылтайшысы:
Амангелды Дидара Сержанқызы, тұрғылықты жері Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Астана қаласы, Б.Майлин көшесі №8 үй, 53 пәтер, ЖСНі 980830451096, жеке куәлігі 037923026, 16.01.2015 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ берілген.
Жобаның жалпы құны:шамамен 150 млн тг құрайды.
Нысандар | Құны, тг |
Жер телімі | 15 млн |
Құрылыс материалдары | 30 млн |
Қажетті құрал-жабдықтар | 40 млн |
Коммуналдық шығыстар (жылу, электр энергиясымен жабдықтау, су) | 5 млн |
Сантехника | 10 млн |
Қосымша шығындар (салық, жарнама, қызметкерлердің жалақысы, коммуналды төлемдер, т.б.) | 40 млн |
Жалпы құны | 150 млн |
Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы:
№ | Қызметкерлер лауазымы | саны | |
Әкімшілік басқару құрамы | |||
Директор | |||
Бас бухгалтер | |||
Әкімші | |||
Менеджер | |||
Инженер | |||
Өндірістік құрамы | |||
Архитектор | |||
Дизайнер | |||
Маляр | |||
Каменщик | |||
Қызмет көрсетуші құрам | |||
Тіркеуші (reception) | |||
Аквапарк қызметкерлері | |||
Қосалқы құрам | |||
Күзетші | |||
Аула жинаушы | |||
Сантехник | |||
Электрик | |||
Плотник | |||
Аспазшы | |||
Даяшы | |||
Еден жуушы | |||
Қызметкерлердің жалпы саны | |||
Кәсіпкерліктің түрі:Шағын кәсіпкерлік
Таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерiнiң меншiгiне негiзделген және жеке тұлғалар атынан, олардың тәуекел етуімен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын дара кәсіпкерлік қызметі, оның ішінде өзiне меншiк құқығымен тиесiлi мүлiк негiзiнде, сондай-ақ мүлiктi пайдалануға және (немесе) оған иелiк етуге жол беретiн өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырылатын өзіндік кәсіпкерлік. Сондай-ақ жұмыскерлерінің жылдық орташа саны бір жүз адамнан аспайтын және жылдық орташа кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің үш жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалардан құралған.
Салық жүйесі:
№ | Салық түрі | % |
Жер салығы | 10% | |
ЕТҚ | 3% | |
Қосымша құн салық (ҚҚС) | 12% | |
Мүлік салығы | 0.5% |
Жобаның тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар қаласында аквапарк ашуды қарастырады.
Жоспарланған кәсіпорынның қызметтерін тұтыншылары қала халқы және ге қалаға белгілі бір іс-сапарлармен келген қонақтар.
Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:
ü жаңа жұмыс орнын құру, бұл халыққа тұрақты табыс табуға мүмкіндік береді;
ü Жаңа бір объект салу Павлодар қаласының бюджетіне салықтар мен басқа да аударымдардың түсуі.
Компанияның басымдықтары:
ü Аквапарк кешенінің оңтайлы орналасқан жері;
ü Аквапарктің кешенді қызмет түрлерін ұсынуы, көптеген ересектер мен балаларға арналған аттракциондар;
ü Аквапаркта қосымша кафе, дүкен, шағын кинозал және де монша қызметтерінің көрсетілуі;
ü Аквапарк қызметтері табысы жоғары клиенттерге ғана емес, орташа табысы бар тұтынушыларға да қол жетімді.