Бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау
Үй маңындағы, саяжай мен бау-бақша учаскелеріндегі агаштар мен буталардан басқа, орман қорына кірмейтін және кесуге тыйым салынган агаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау, сол сияқты орман дақылдарын, орман питомниктері мен плантацияларындагы егілген не отыргызылган көшеттерді, сондай-ақ ормандарды молықтырумен орман өсіруге арналган алаңдарда өзі өсіп шыққан шыбықтарды, өскіндерді не қолдан отыргызылган екпелерді жою немесе зақымдау -
2. Орман қорына кіретін агаштарды және буталарды заңсыз кесу, жою немесе зақым-дау-
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) бірнеше рет;
2) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;
3) ірі залал келтіре отырып;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумаңтарда жасалган іс-әрекеттер -
4.Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер -
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі - ормандар мен бұталарды қорғау жэне тиімді пайдалану аясындағы катынастар.
Қылмыс үй маңындағы, саяжай мен бау-бақша учаскелеріндегі ағаштар мен бұталардан баска, орман қорына кірмейтін жэне кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау, сол сияқты орман дақылдарын, орман питомник-тері мен плантацияларындағы егілген не отырғызылған көшетгерді, сондай-ақ орман-дарды молықтыру мен орман өсіруге арналған аландарда өзі өсіп шыққан шыбықгарды, өскіндерді не қолдан отырғызылған екпелерді жою немесе зақымдау арқылы істеледі. Осы қылмыстар ауырлататын түрі - Орман қорына кіретін ағаштарды жэне бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау болып табылады (ҚК-тің 340-бабы 2-тармағы).
Қылмыстық құқық бұзушылыктың заты - барлық топтағы орман ағаштары мен бұталары, орман қорына кірмейтін немесе кесуге тыйым салынған бұталар.
Орманның куқықтық ережелері Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдеде қабылданған Орман кодексінде белгіленген. Барлық ормандар жэне орман шаруашылығын жүргізуге берілген жерлер Қазақстан Республикасының орман қорына жатады.
Орман корына ауылшаруашылық жерлерін қорғайтын орман қондырғылары немесе басқадай ағаштар мен бұталар; темір жол, автомобиль жолы және каналдарды қорғап тұратын орман белдеулері, елді мекендер мен қалаларды көгалдандыратын ағаштар, үй іргесіндегі, саяжайлардағы жэне саяжай учаскелеріндегі ағаштар кірмейді.
Қазақстан Республикасында атқаратын экологиялық, генетикалық, элеуметтік-экономикалық қызметтері мен орналасқан жерлеріне қарап орман қорлары екі топқа бөлінеді.
Бірінші топқа суды қорғайтын омандар (өзен, көл, бөгет жэне басқа су қоймаларының я ағалауларын қорғайтын орман белдеулері); санитарлық-гигиеналық жэне сауыктыру орындары, қорықтар мен қорықтық аймақтар, ұлттык жэне тарихи табиғи парктердегі ормандар, ерекше құнды орман алқаптары, ғылыми маңызы бар ормандар, генетикалық резервтер мен табиғи ескерткіштер, жаңғақ кэсіпшілігі аймағының ормандары, биік таулардағы ормандар жатады.
Екінші топтағы ормандар қатарына таулы аудандардағы пайдаланылу маңызы шекте-улі ормандар жатады.
Қылмысты іс-әрекет объективтік жағынан алғанда барлық топтағы ормандарда ағаштар мен бұгаларды, сондай-ақ орман қорына кірмейтін ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, сол сияқты өсуін тоқтату - зақымдау, бұл әрекеттер ірі залал келтіру арқылы сипатталады.
Орман ағаштары мен бұталарын, сондай-ақ оларға кірмейтін басқа да ағаштар мен бұталарды кесу арнаулы рұксат құжаттардың: лицензияның, ағаш кесу билетінің, ордердің, орман билетінің негізінде жүзеге асырылады.
Заңсыз ағаш кесу деп Қазақстан Республикасының орман қорындағы ағаштарды, бұталар мен шырмауық тұқымдас өсімдіктердің барлық тобын, оның ішінде өрттен зақымданғандарын, ағаш кесу билетінсіз кесуді; ағаш кесудің қолданылып жүрген ереже-лерін көрінеу бұза отырып алған орман кесу билеті бойынша кесуді, билетте көрсетілген учаскелерден тыс немесе оның шекарасынан тыс жерде жүзеге асырылған ағаш кесуді; ағаш кесу билетінде белгіленген мөлшерден астам ағаш кесу немесе ағаш кесудің түріне жатпайтын ағаштарды, сондай-ақ бүталар мен шырмауық тұқымдас өсімдіктерді кесуді; ағаш кесу билетінде белгіленген мерзімді бұзып ағаш кесуді жэне ҚР Орман кодексінің 113-бабы 1-тармағының 4) тармакшасында белгіленген өзге ережелер мен басқа да нормативтік-құқықтық актілерді бүзу деп түсінген жөн (ҚР Жоғарғы Сотының 18 мау-сым 2004 жылғы №1 нормативтік қаулысының 5-тармағы).
Қылмыстық құқық бүзушылық құрылысы жөнінен материалдық құрамға жатады. Ол заңда көрсетілген эрекеттер ірі залал экеліп соққан жағдайда аяқталған деп саналады. Қылмыстық кодекстің 288-бабының ескертуіне сэйкес қылмыс жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асып түсетін залал мөлшері елеулі задал деп танылады. Іс-эрекет пен келтірілген осы залалдың арасында себепті байланыс болуы қажет.
Қылмыстық күдық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істе-леді.
Қылмыстық кұқық бұзушылық субъектісі - 16-ға толған адам.
Қылмыстық кодекстің 340-бабының 3-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі: барлық топтағы ағаштар мен бұталарды, сондай-ақ орман қорына кірмейтін немесе кесу-ге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, сол сияқты өсуін тоқтату үшін зақымдау, егер Бұл эрекеттер:
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) бірнеше рет;
2) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;
3) ірі залал келтіре отырып;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған іс-эрекеттер. Бірнеше рет жасалған қылмыстың түсінігі ҚК-тің 12-бабында, адамның қызмет бабын пайдаланып істегені үшін жауаптылығы ҚК-тің 3-бабының 26-тармағында көрсетілген. Ірі залалдың түсінігі ҚК-тің 3-бабының 38-тармағында берілген.