Арпа аурулары түрлері, зияндылығы.
Арпаның тозаңды қаракүйесі.Бұл өсімдік ауруының қоздырғышы Ustilago avena `Pers. Зақымданған арпаның масағы тұтасымен жұқа қабықшамен көмкерілген қаракүйе тозаңына айналады. Ауруға ұшыраған масақтар жапырақ қынапшасынан шығысымен қабықша жыртылып, хламидоспоралар тозаңдайды. Ustilago avena Pers. биологиялық ерекшеліктері мен өсу циклі бидайдың тозаңды қаракүйесінің қоздырғышымен бірдей.
Арпаның тозаңды қаракүйесі республикамыздың барлық облыстарындағы егіс алқаптарында бар. Солтүстік облыстардың шаруашылықтарында ол көбірек кездеседі.
Арпаның тасты қаракүйесі.Ауруды Ustilago hordei Kell. Et D.B. Swing. саңырауқұлағы қоздырады. Қеселге шалдыққан өсімдіктерің масағында дәннің орнына жұқа ғана дән қабықшасымен көмкерілген қаракүйе түйірлері түзіледі. Масақ тұтасымен ұршық немесе түйреуіш тәріздес қатты түйірге айналады.
Астықты орған кезде қаракүйе түйірлері үгітіліп, дәндерді тозаңдайды. Дән үстіңе қонған хламидоспоралар көктемге дейін сақталады. Топыраққа сіңірілген дәнмен бірге хламидоспоралар да өніп, мицелий береді. Ол жасөскіннің колеоптилесі арқылы ұлпаға енеді. Ауру қоздырғышының өсу циклі бидайдың қатты қаракүйесімен бірдей. Қаракүйе түйірлері жиналған астықтың дәнімен араласып жүреді де, оларды тазалаған кезде тұқымның қосымша споралануының себепшісі болады. Егер тұқымдық арпаның ішінде 0,002% қаракүйе түйіршіктері кездессе, оны қосымша тазалау керек.
Арпаның тасты қаракүйесі Қазақстанның барлық облыстарында кең таралған. Ол бұл дақылдың зиянды ауруы. Кейбір шаруашылықтардың егін алқабында 3—5 процентке дейін ауруға шалдыққан өсімдіктер кездесіп жүр.
Арпаның жалған тозаңды қаракүйесі.1930 жылдары Америка фитопатологы В. Тапке арпада екі түрлі тозаңды қаракүйе кездесетінін анықтады. Олар бір-бірінен аурудың сырт белгілері және қоздыратын саңырауқұлақтардың морфологиялық ерекшеліктері арқылы ажыратылады. Егер тозаңды қаракүйемен арпа гүлдеу кезінде зақымдалып, ауру қоздырғышы үрықта мицелий ретінде сақталатын болса, алдамыш немесе жалған тозаңды қаракүйенің хламидоспоралары дән үстінде сақталып, өсімдіктің өскініне көктемде жұғады. Біріншісінің хламидоспоралары сүрғылт қоңыр, ал екіншілерінікі күңгірт қоңыр келеді. Сонымен қатар олардың мөлшерлері де әр түрлі. Ауру қоздырғыштарының биологиялық ерекшеліктеріне байланысты олармен күресу жолдарында да айырмашылық болады.
1961 жылы В. Н. Понировский арпаның жалған тозаңды қаракүйесі Харьков облысындағы егістікте кездесетінін анықтады. Кейіннен бұл аурудың Сібір мен Қазақстанның солтүстік облыстарындағы егіндікте де бар екені белгілі болды. Н. Н. Әлмұратов жалған тозаңды қаракүйе Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы егіс алқабында болатынын анықтады. Бірақ біз 1976—80 жылдары Алматы облысының шаруашылықтарында бұл ауруды кездестіре алмадық. Алдамыш тозаңды қаракүйе басқа жақтан әкелінген тұқыммен кез келген ауданға таралуы мүмкін(Қойшыбаев) .
Арпаның тамыр шірік ауруы. Тамыр шіру ауруы көп мемлекеттерде таралған. ТМД елдерінде бұл ауру бидай егілетін барлық аймақтарда кездеседі. Республикалық және облыстық өсімдік қорғау станцияларының мамандарының тексеруі бойынша дәнді дақылдардың егіс көлемі 18 млн. гектарға дейін себілетін Казақстанның солтүстік облыстарында бұл ауру ауыл шаруашылығына мол зиян келтіреді. Кейінгі бес жыл ішінде кейбір шаруашылықтарда жаздық бидайдың өнімі тамыр шіру ауруының әсерінен 1,5 проценттен 27 процентке дейін кеміді. Онымен қатар мәліметтерге қарағанда жылдан-жылға бүл ауруға шалдығатын егіс көлемі де молайып келеді.
Егісте тамыр шірік ауруының даму мөлшері топырақта болатын жәндіктерге және басқа саңырауқұлақтарға, төмен және жоғары температураға байланысты. Мұндай жағдай кездескенде өсімдіктің тамыр жүйесі дұрыс жұмыс атқара алмай, өсімдіктер нашарлап, тамыр шіру ауруына беріктігін кемітеді де өнімін азайтады, ал кей жағдайда олардың апатқа ұшырауы мүмкін.
Тамыр шірік ауруының тарауының негізгі бір себебі -— гельминтоспориоз және фузариоз дерті тұқым дәніне жұққан болып саналынады. Мұндай дәндерді сепкенде физиологиялық жағынан әлсіз көк өскін шығады, егер топырақта бұл аурудың қосымша жұқпалы дерті кездессе, өсімдікгер тамыр шіру ауруымен көбірек зақымданады. Аүрудың негізгі қоздырғышы — гельминтоспориум сативум саңырауқұлағы.
Тамыр шіру ауруымен дәнді дақылдар өсіп-өнетін барлық фазасында көктегеннен піскенше аурады. Қөбінесе бидайдың түптену және түтіктену кезеңінің басында бір немесе бірнеше қос тамырының семіп, кеуіп және шіруіне байланысты есімдіктің дән салатын сабағы-
ның саны азаяды.
Түптену кезеңінде екінші қос тамыр зақымданса, масақтану кезеңінде олардың жер астындағы және жер бетіндегі буын аралары да зақымданады. Біздің байқауымызша аурумен өсімдіктің қандай мүшесі зақымдануы көп жағдайларға байланысты болады. Бір бау алып тексергенімізде, тамыр шіру ауруына ұшыраған өсімдіктер 14,8 процент, оның ішінде жер астындағы және жер бетіндегі буын аралықтары ауырған және біршама еқінші қос тамырлары зақымдануы 11,3 процент болса, ал тамыр жүйесінің ауруға шалдыққаны (тамыр мойнында және екінші қос тамырларда) —3,5 процент болды.
Біздің байқауымызша, есімдіктің жер астындағы және жер бетіндегі бірінші буын аралықтары ауруға жиі шалдығады, бұл жағдай бірқатар дән салатын сабақтардың жойылуына себепкер болады, ал кей жағдайда өсімдікті толығымен апатқа ұшыратады.