Болжаудың жасақталу мерзімі функ-қ блоктары мен ірлендіру деіг.б. түрлері.
Болжам дегеніміз белгілі бір объектінің болашақтағы жай-күйі, даму жолдары туралы ғылыми-дәлелді пікір. Болжамдарды зерттеп дайындау процесі болжау деп аталады. Болжау – қоғам өмірінің барлық саласында теория мен практиканы байланыстырып тұратын өте маңызды түйін болып саналады. Болжау кеңістігіне (масштабына) байланысты: макроэкономикалық (халық шаруашылығының); құрылымдық (салааралық және аймақаралық); экономикалық кешендер (отын-энергетикалық, агроөнеркәсіптік, т.б.) және салалық және аймақтық болжамдар. Болжау мерзіміне байланысты: байланысты оперативті (1 айға дейін); қысқа мерзімдік (1 айдан 1 жылға дейін); орта мерзімдік (1 жылдан 5 жылға дейін); ұзақ мерзімдік (5-15-20 жылға дейін); алыс мерзімдік (20 жылдан арғы мерзімге) болжамдар. Зерттеу объектісіне байланысты: өндірістік қатынастардың даму болжамы; ғылыми-техникалық прогрестің даму болжамы; халық шаруашылығы дамуының динамикасы; еңбек ресурстарының даму болжамы; табиғи ресурстарды пайдалану болжамы т.б. Функционалдық белгісі бойынша: барлау болжамдары; нормативтік болжамдар. Нормативтік болжам алдын ала айқындалған мақсаттар негізінде жасалынады. Зерттеу объектісінің ықтимал хал-күйіне қанша мерзімде, қандай жолдармен жететіндігін анықтауға арналған. 30 Болжамдар жіктелуі мен болжау әдістері және керекті мәлімет алу туралы мәселеге тығыз байланысты. Болжам жасау ісінде жалпығылымдық әдістермен бірге болжау мен жоспарлауға тән, спецификалық, өзіндік әдіс-амалдар қолданылады. Қазіргі кезде, ғалымдардың бағасы бойынша экономикалық болжам жасаудың 150- ге жуық әдісі бар. Іс жүзінде соның 15-20 шақтысы ең негізгі әдістер ретінде көп қолданылады. Сыртқы белгісіне сәйкес болжау әдістерін екі топқа бөлуге болады: интуициялық әдістер (эксперттік баға әдістері) және математикалық әдістер. Интуициялық әдістер екі топқа бөлінеді; дербес баға беру және коллективтік эксперттік баға беру әдістері. Бірінші топқа: интервью жүргізу; логикалық анализ жасау; сценарий құру әдістері жатады. Екінші топқа: комиссия құру; коллективтік идеяны жинақтау және “Дельфи” әдісі кіреді. Математикалық әдістер екі топқа бөлінеді: экстрополяциялық әдістер және модельдер құру әдістері. Бірінші топқа ең кіші квадраттар; экспоненциялық түзеу; тұрақсыз орташа көрсеткіштер әдістері енеді. Екінші топқа құрылымдық модельдер, матрицалық модельдер әдістері жатады.
2.Инвестициялық сфераға әсер ету формалар.Салық жүйесі,қаржылық көмек нес.амарт. саясатИнвестицияны 2 тұрғыда қарастырамыз:-1)Капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы2)Кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің обьектілеріне жұмсалған мүліктік және зияткерлік құндылықтардың барлық түрлері.
Инвестициялық концепция мына берілген үш бағыт арқылы жүзеге асырылады:
1)мемлекеттік бюджеттік қорларды пайдалану арқылы;
2)ішкі несие қорлары мен жеке заңды тұлғалардың өзіндік қаражаттарын тиімді қолдануды ынталандыру арқылы;
3)шетелдік инвестициялар тартумен тиімді пайдалану механизмі арқылы.
Мемлекет табыстарының негізгі көзі – салық болып табылады. Салықтағы кез келген өзгерістер саяси күрестің, ақпарат құралдарындағы сынның объектісі болады.
Салық –бұл алдын ала белгіленген заңды тәртіпте шаруашылық субъектісінің табысының бір бөлігін мемлекет пайдасына алу. Салық жүйесі дегеніміз –салықтың жиынтығы сондай –ақ салықтық бақылау әдістері мен нысандары және салық заңын бұзбауға жауапкершілік.Салық жүйесінің негізгі түсініктері: салықтық ауыртпалық, салық базасы, салық мөлшерлемесі, салық жеңілдіктері, салық салудың шегарасы. Салықтардың мынандай түрлері болады: тікелей және жанама; салықтық өндіріп алатын органдарды басқару бойынша; аймақтық, жергілікті, мемлекетаралық; қолдану тәртібі бойынша; жалпы және арнайы.Тікелей салықтар- жеке немесе заңды тұлғаның табысынан өндіріп алынады, ол нақты және жекеге бөлінеді. Нақты тікелей салыққа жер салығы, бағалы қағаздарға алымдар енеді. Жеке тікелей салықтар: азаматтардан алынатын табыс салығы; табыс көзінен немесе декларация бойынша өндіріп алынатын салықтар; пайдаға, мұраға, сыйға, мүлік бойынша салықтар. а) резидент азаматтардың және резидент емес азаматтардың табыстарына салынатын салықтар;Жанама салықтар- бұл тікелей емес тауарлардың немесе қызметтердің бағасына енгізілетін, тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Бұл салықтың тауарлар мен қызметтерге деген сұранымға байланысты соңғы тұтынушыға ауысады. Олар үш түрлі болады: акциздер, ҚҚС, сатудың кейбір түріне салықтар, кедендік баж салықтары.