Бухгалтерлік шоттар, олардың құрылымы және түрлері

Б

Бухгалтерлік есептің мазмұны, мәні, принциптері.

Басқарудың эконгомикалық әдістерінің ішінде есеп жұмысы ерекше орын алады. Есеп жалпы математика ғылымынан бөлінді. Ертеде цифрлар болмаған соң көптеген есептік жұмыстарды тастар арқылы жасаған. Мысалы: ақ тас –судың салығын, қара тас – жер салығын белгілеген. Сондықтан, көптеген тастар жинайтын. Кейіннен есеп түрінде анықталды. Дами келе есеп 3 түрлі болды:

1) Жедел немесе оперативтік есеп – бұл

2) Статистикалық есеп – бұл

3) Бухгалтерлік есеп – бұл ұйымдардың қаржы шаруашылық қызметінің құжатты түрдегі есебі.

Сонымен, бухгалтерлік есептің бағытталуы ретінде мекеме туралы барлық экономикалық ақпараттарды дайындау мен дұрыс шешімдерді қабылдауға қажетті мәліметтерді беру. Осыған байланысты БЕ пәні – бірыңғай ақшалай өлшемдердегі ұйымның қызметінде орын алған барлық үрдістер мен құбылыстар.

БЕ VI ғасыр бұрын италияндық математик Лука Пачоли шығарғанөзінің «Шоттар мен жазулар туралы» трактатында. Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп 3 жүйеден тұрады: қаржылық есеп, басқару есебі, салықтық есеп.

БЕ-тің негізгі міндеті болып толыыыық әрі сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету болғандықтан, БЕ-те 10 негізгі принципті қолдану керек:

1) Есептеу – кірістер саналған кезінде мойындалады, ал шығыстар мен зияндар жұмсалған кезде танылады;

2) Үздіксіздік – ол мекеменің қызметін жою немесе шектеу жоқтығына көз жеткізу яғни үздіксіз жұмыс істеу;

3) Тусініктілік – пайдаланушыларға қаржылық есеп ақпараттары түсінікті болуы керек;

4) Мәнділік (полезность) – ақпараттардың қолданушыларына мәліметтердің пайдалы мүмкіншіліктері;

5) Толықтылық(полнота) – қолданушыларға қажетті мәліметтерді есептің ақпаратында максималды толық болуы тиіс;

6) Тұрақтылық(постоянство) – есептік саясатта таңдалған әдістемеліктер ауыспауы қажет;

7) Сенімділік – бухгалтерлік ақпараттар қатесіз болуы керек;

8) Сақтық – есептік мәліметтерді (активтерді, табыстарды, міндеттемелерді) артық немесе кем бағалаудан аулақ болу қажет;

9) Бейтараптық – қаржылық есепкерліктегі ақпараттарды ешқандай бұрмалаулар болмау керек;

10) Конфиденциялдық – есепкерліктегі құпиялы ақпараттардың сыры мұқият сақталады.

Балланс термині дегеніміз не?

Балланс термині латынның 2 сөзінен пайда болған bis –екі рет,lans-таразы осыдан балланс теңдікті белгілейді.Ақпараттарды балланстың қортындылау бөлек көрсеткіштерді біртұтас байланыстырып жүйге келтіреді.

БЕ-тің жүйелері

Әр түрлі қолданушылар болғандықтан халықаралық тәжірибеде БЕ 3 жүйеге бөлінеді:

1) қаржылық есеп – қаржылық есепкерлікті және қызметтің барлық объектілерінің есебі;

2) басқару есебі – ішкі қолданушыларға ғана арналған шығыстардың, шығындардың және алымдардың есебі. Оны басқару шешімдерін қабылдау үшін қолданады, сондықтан көбінесе конфеденциялды.

3) салықтық есеп – кәсіпорынның төленуге тиісті салықтарының есебі.

Осы келтірілген жүйелердің ең маңыздысы болып қаржылық есеп табылады, өйткені онда баланс және басқа қаржылық есептіліктер дайындалады.

Белгіленген 3 жүйе қосымша түрлерге бөлінеді:

1) Қаржылық есептің 2 бөлігі бар:

а. аралық қаржылық есеп

б. ілгерлемелі қаржылық есеп

2) Басқару есебінің 3 бөлігі бар:

а. өндірістік есеп

б. дифференциялдық есеп

в. жауапкершілік орталықтары бойынша есеп

Бухгалгалтерлік есептердің әдістері.

Осы принциптерді сақтау үшін бухгалтерлік есептің өзінің әдісі бар . бухгалтерлік есептің әдісі – бұл есептік жүйенің алдындағы тапсырмаларды орындауға көмек беретін ережелер мен техникалық тәсілдер жиынтығы.

БЕ-тің 8 әдісін бөледі:

1) Құжаттау

2) Түгендеу

3) Бағалау

4) Калькуляциялау

5) Шоттар

6) Қосарлы жазу

7) Баланс

8) Есептеу

1)Құжаттау – әр бір жеке операцияны санаулық және сапалық жағынан бейнелейтін мәліметтерді тиісті құжат түрінде тіркеу.

2) Түгендеу – есептік жазулардың нақты болуын тексеру. ГОның екі нәтижесі болуы мүмкін – артықшылық пен жетіспеушілік.

3) Бағалау – барлық құбылыстар, заттар ақшалай түрде есепке алынады.

4) Калькуляциялау – шығарылған бұйымның өзіндік құнын есептеу. Өзіндік құн – бұл шығыстардың қосындысы.

5) Шоттар – бұл мекеменің қаражаттары мен олардың пайда болу көздері туралы ақпараттарды жеткізуші. Ол активті және пассивті болады, әр шоттың сальдосы бар.

6) Қосарлы жазу – шаруашылық операцияларды бухгалтерлік шоттарда екі рет, яғни бір шоттың дебетінде және екінші шоттың кредитінде көрсету.

7) Баланс – белгілі бір мерзімге мекеменің активтері мен олардың пайда болу көздерінің қозғалыстарын бейнелеу.

8) Есептеу –

Бухгалтерлік балланстың типтері.

Брутто баллансы-реттеуші баптарды кіргізетін балланс.Реттеуші баптарға Нқ-ның тозуы,амортизация қарастырылады.

Нетто б-реттеуші баптарды шегеретін балланс.

Бастапқы балланс-есепті мерзімнің бірінші күнінің б.

Қорытынды б-есепті мерзімнің сонгы күнінің б.

Бөлінетін б-бір мекеменің бірнеше касіпорынға бөлінген б.

Жою б-мекемені жойғандағы б.

Ішкі б-максималды ашык деталданған б.

Сыртқы б-мемлекеттің заңдылығымен,есептік саясатпен,сыртқы қолданушылармен анықталатын б.

Арнайы б-бұл бөлек арнайы тарау,жаксы көрсетілген б.

Бухгалтерлік шоттар, олардың құрылымы және түрлері

Бухгалтерлік шоттар – бұл мекеменің қаражаттарын, олардың көздерін, шаруашылық үрдістерін көрсету мен бақылау үшін қолданылатын экономикалық топтастыру. Шоттар кәсіпорынның ресурстары мен олардың пайда болу көздерінің түрлеріне қарай құрастырылады. Бөлек шоттарды негізгі құралдарды өндірістік есепке алады. Бухгалтерлік шоттар шаруашылық үрдістерді сипаттайды. Шоттарды кесте түрінде көрсетуге болады. Кесте екі бөліктен тұрады: Бірінші бөлігінде көбейтетін операциялар белгіленеді, ал екінші бөлігінде азайтатын операцияларды есепке алады.Шоттың сол жағы ДЕБЕТ деп аталады (латын тілінде «қарыз» деген мағынада болады), ал шоттың оң жағы КРЕДИТ деп аталады (латынша «алуға тиіс» дегенді білдіреді.

Дт шот Кт

   
   
   

Активтік шоттарда дебет көбейтуді белгілейді, ал кредит азайтуды жеткізеді және активтік шотта қалдық ылғи дебеттік болады. Схема түрінде былай көрсетіледі:

Дт А/Ш Кт

Д/қ  

Пассивтік шоотарда дебет азайтуды, ал кредит көбейтуді белгілейді, сонымен қоса қалдығы ылғи кредиттік болады. Схема түрінде былай көрсетіледі:

Дт П/Ш Кт

  К/қ

Шоттарда операцияның есебін қалдықтан бастайды. Қалдық баланста тіркеледі. Сонан соң шотта операциялар көрсетіледі және соңғы қалдық анықталады. Соңғы қалдықты сальдо деп атайды және келесі формулалармен анықтайды:

1) Бухгалтерлік шоттар, олардың құрылымы және түрлері - student2.ru

2) Бухгалтерлік шоттар, олардың құрылымы және түрлері - student2.ru

Бұл жерде ДС – дебеттік сальдосы;

КС – кредиттік сальдосы;

ДА – дебиттік айналым;

КА – кредиттік айналым.

Айналым – бұл шоттың операцияларының қосындысы, бірақ бастапқы сальдо кіргізілмейді.

Мысалы, 1010 шотында бастапқы сальдо – 5000тг. Бір айда кассада келесідей операциялар болды:

1) Ақша кассаға түсті:

А. банктік шоттан – 300 000тг;

Б. сатыпалушылардан – 95 000тг;

В. құрылтайшылардан – 15 000тг.

2) Ақша кассадан жұмсалды:

А. еңбек ақыға – 300 000тг;

Б. банктік шотқа – 112 000тг;

Соңғы сальдоны анықтаймыз,

Дт 1010 Кт

Б.с. 5000   2а) 300 000 2б) 112 000
1а) 300 000 1б) 95 000 1в) 15 000
Ай: 410 000 Ай: 412 000
С.с. 3 000  

Сальдоның соңы = 5 000 + 410 000 – 412 000

Бухгалтерлік шоттардың түрлері:

1) Операцияларының көлеміне қарай:

А. синтетикалық – бұл жинақтау шоттар

Б. аналитикалық – бұл талдамалық

2) Бағытталуына қарай:

А. негізгі

Б. реттеуші

В. операциялық

Г. транзиттік

Д. баланстан тыс

Наши рекомендации