Ресейдегі ақпан төңкерісіжәне оның Қ-станның демократияландыруына әсері 3 страница
Сонымен Қазан төңкерісін қолдайтын күштер басым болған жерлерде жергілікті билік кеңестер жағына түгелдей шықты. Мұндай жағдай Қазақстанның Солтүстік-Шығыс облыстарының көптеген аудандарында, Сырдария және Бөкей ордасында орын алды. Бірақ төңкеріс қарсыластарының күштері көбірек шоғырланғыан Орынбор, Орал, Жетісу облыстарында өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына қарсылық көрсеткендерді талқандау арқылы көшті. Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда кеңестік аппарат құру және экономика саласында алғашқы өзгерістер енгізіле басталды. Ол қандай шаралар:
ескі мекемелер, оның, ішінде уақытша өкіметінің комиссарлары, отарлау-шенеуіктік әкімшілік қоныстандыру басқармасы, бұрынғы сот жүйелері жойылып, өкімет билігі жұмысшы, солдат депутаттары кеңестерінің қолына өте бастады;
Ескі мемлекеттік аппараты қирату отарлау саясатына берілген үлкен соққы болды. Ол еңбекшілердің кеңес жұмысына белсене қатысуына жағдай жасады;
шіркеу мемлекеттен, мектеп шіркеуден ажыратылды;
ерлер мен әйелдер теңдігі іске асырылды, адамдардың сословиеге бөлінуі жойылды;
төңкеріске қарсылар мен күрес жөніндегі төтенше комиссиялар, милиция құрылды;
кеңестердің жанынан еңбек, ағарту, денсаулық сақтау т.б. бөлімдер ашылды;
заңдар, жарлықтар тек қана орыс тілінде ғана емес, қазақ тілінде де жарияланатын болды;
кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар жұмыс істей бастады;
облыстық кеңестер жанынан ұлттық қарым-қатынастарды реттейтін комиссиялар құрылды;
жерге жеке иелік ету жойылып, Қазақстандағы шіркеу мен монастірлердің, помещиктердің, бай қазақ-орстардың, патша шенеуіктерінің иелігінде болып келген, срндай-ақ қоныс аудару қорындағы жерлер еңбекшілердің пайдалануына берілді.
1918 жылы Көктемде Түркістан автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды. Оның құрамында Қазақстанның оңтүстігіндегі Жетісу, Сырдария облыстары кірді. Ақмола, Семей облыстары орталығы Омбы қаласы болған Батыс Сібір өлкесіне, Торғай, Орал облыстары Орынбор губерниясына, Бөкей Ордасы Астрахан губерниясы қарамағына кірді. Қазан төңкерісінен кейін көп уақыт өтпей-ақ елде азамат соғысы мен шетел басқыншылығының жорығы басталды. Себебі төңкерістің жеңісі құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарсылығын тудырды. 1918 жылы 23 наурызда Орал қазақ-орыстары Гурьевте бүлік шығарды. Сол жылдың 28-29 наурызында ақ казактар алашордашылармен бірігіп Орал қаласында төңкеріс жасады. Ресейдегі азамат соғысының өрістеуіне Антанта елдері дем берді де, олардың көмегімен Сібірдегі Чехословак корпусының әскерлері бүлік шығарды. Бүлікшілер Сібір қалаларымен бірге Қазақстанның солтүстіктегі қалалары Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай, Семей қалаларын басып алып, Кеңес органдардан қамауға алды. 1918 жылы жазында Кеңес елі үшін ең басты майдан – Шығыс майданы болды. Бұл бағытта ақтармен 4-ші армия ұрыс жүргізді. Осы жылдың жазында қазақ ұлттық әскери бөлімдер ұйымдаса бастады. Олар алдымен Жетісуда, одан кейін Орынбор мен Орал қалаларында құрылды. Бөкей ордасында қазақ атты әскер полкі Қызыл армияның құрамдас бөлігі болды. 1918 жылының аяғы мен 1918 жылының басында Әліби Жангелдин мен Амангелді Имановпен Торғайда екі атты әскер эскадроның, әскери оқу және пулемат топтарын, Ырғызда атты әскер құрды. Ақтөбе майданына 1918 жылы Әліби Жангелдин бастаған экспедиция Мәскеудан көп қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізді. Ақтөбе майданының қарулы күштері 1919 жылы 22 қаңтарында Орынборды, 26 қаңтарда Орал қаласын азат етіп, Қазақстан мен Түркістан аудандары мен Орталық Ресей арасындағы қатынасты қалпына келтірді. 1919 жылы көктемде Фрунзе бастаған қызыл әскер отрядтары Қазақстанның Солтүстік аудандарында Колчак әскерлеріне қарсы күрес жүргізді. Қазақстанда Колчактың тәртібіне қарсы ірі көтеріліс Қостанай уезінде болды. Ақмола, Семей облыстарында партизандық қозғалыстар өрістеді. Қазақстанның Солтүстік-Шығыс аймағында Жетісу майданы
1918 жылы тамыз және 1919 жылы қазанның орта кезіне дейін ақ гвардияшыларға қарсы табанды күрес жүргізді. Осы аймақтағы қорғаныс орталығы болған Черкасское селосын атауға болады. 1919 жылы орта кезінде Қызыл армияның шабуылдарының нәтижесінде Колчак әскерлері екіге бөлінді. Олардың бір бөлігі Сібірге, екіншісі Түркістанға қарай шегінеді. Қызыл армияның Түркістан майданы 1919 жылы тамыз айының екінші жартысында Колчактың «Оңтүстік армиясын» біржолата талқандады. Осының нәтижесінде Түркістан майданының әскер бөлімдері Солтүстік Жетісуға жеткізліп, мұндағы қарсылықты тезірек басуға мүмкіндік берді. Сөйтіп, 1920 жылы наурызда азамат соғысының Қазақстандағы ең соңғы Солтүстік майданы жабылады. Азаматсоғысы жылдарында Кеңес өкіметі «соғыс коммунизмі» саясатын жүзеге асырды. Оның негізгі мәні-кеңес елінің басқа да аудандары сияқты Қазақстанда да азық-түлік салғырты жүргізіледі. Ол бойынша шаруалардың күн көрісінен артылған азық-түлік әскер мен өндіріс орындарындағы жұмысшыларды асырау үшін ешбір өтеусіз алынды. Бұл жағдай шаруалардың табиғи наразылығын туғызды. Әсіресе, ауқатты шаруалар қатты наразы болды. Кеңес өкіметінің осы саясатына наразы шаруалар көтеріліске де шығып, көпшілігі жаңа өкіметке қарсы ақтардың жағында соғысы. Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономиканы қалпына келтіру, мемлекеттік құрылысты нығайту жұмыстары жүргізілді. Сол жылдары алғашқы ауыл шаруашылық артельдері, коммуналар, совхоздар пайда болды. 1920 жылы аяғында 999 колхоз, оның ішінде 132 коммуна, 778 артель, жерді бірлесіп өңдейтін 28 серіктестік (ТОЗ) құрылды.
1919 жылы 10 шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі төңкерістік комитет туралы» декрет қабылданды. Онда болашақ Қазақ мемлекетінің жер аумағы анықталды. 1920 жылы 30 сәуірде РК/б/П Орталық комитеті Қырғыз(Қазақ) облыстық бюросы құрылғаннан кейін өлкеде Кеңес өкіметін, мемлекеттік құрылысты одан әрі нығайту жұмысы жүргізіле бастады. Сол жылғы 17 тамызда РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қырғыз республикасы туралы Декрет жобасын мақұлдады. 26 тамызда БОАК пен РКФСР Халком Кеңесі РКФСР құрамында Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» жарлық қабылданды. Орынбор қаласы Қазақ АКСР-нің алғашқы астанасы болды.
34. Кеңес өкіметі Қазақстан аумағында бір кезеңде орнамады. Бұл көптеген объективті жағдайларға байланысты болды.
Барлық демократиялық ұйымдар мен жұмысшы, шаруа және солдат, қазақ және мұсылман депутаттары Кеңестерінің, социалисттік партиялардың, қала Думаларының 1917 жылы 15-22 қарашада Ташкентте өткен өлкелік съезі Түркістан өлкесінде жаңа үкімет- Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің адамдық құрамы жарияланды. Алайда онда мұсылман халқының бірде-бір өкілі болған жоқ.
1917 жылдың қазанынан 1918 жылғы наурыздың басына дейін Кеңес өкіметі байтақ Ресейге өз билігін орнатып үлгерді. Қазақ даласында Кеңес билігін алдымен теміржол бойындағы қалаларда орнады. 1917 жылғы қазанда жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының Перовск (Қызылорда) Кеңесі өкімет билігін өз қолына алды. Сол жылы қарашада билік Әулиеата, Черняев қалаларында Кеңестің қолына көшті. Орынборда атаман А.Дутов басқарған қазақтардың офицерлер корпусы, Ә.Бөкейханов басқарған Алашорда үкіметі, эсерлер және меньшевиктер Кеңес үкіметіне қарсы бірікті.
1917 жылғы желтоқсанда Балтық теңізшілері азық-түлік отрядының қолдауымен Қостанайдың жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін өз қолына алған болатын. 1918 жылғы қаңтарда болған Қостанай Кеңестер съезі бүкіл уезде Кеңес үкіметін орнату туралы шешім қабылданды. 1918 жылдың басында Ақтөбеде, Орынборда және Торғай уездерінде Кеңес өкіметі орнады.
Ақмола даласы мен Есіл бойындағы Атбасар, Қызылжар (Петропавл), Көкшетау қалаларында кеңес өкіметі орнауына Батыс Сібірдің Уақытша Революциалық Комитеті ықпал жасады. Батыс Сібір Кеңестерінің 3-съезі барлық жерде-Атбасар, Қызылжар және Көкшетауда өкімет билігінің Кеңестер қолына көшкені туралы қаулы қабылданды. Ақмола ревкомы Уақытша үкіметтің жергілікті органдары құлатылып, Кеңес өкіметі орнатылғанын хабарлады. Қызыл гвардия отрядның қолдауымен жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының Павлодар Кеңесі де 1918 жылдың қаңтарында өкімет билігін өз қолына алды.
Өкімет билігі үшін тайталасқа түскен күштердің арақатынасын ескере отырып, Семей большевиктеріне көмекке Новониколаевскіден (Новосібір) өкілдер келді. Ревкомның басшылығымен қызыл гвардия отрядтары құрылып, Кеңеске қайта сайлау өткізілді. 1918 жылғы ақпанның 16-сынан 17-сіне қараған түні Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына көшті, мұның өзі Өскеменде, Қарқаралыда, Зайсанда, Шығыс Қазақстанның өзге елді-мекендері мен ауылдарында Кеңес өкіметінің орнатылуын қамтамасыз етті.
1918 жылғы қаңтарда Оралда Кеңес өкіметі күшпен орнатылды. Қазақтардың офицерлер мен кулактадан тұратын әулетті тобы, Жымпитыдағы Алашорда үкіметінің Батыс бөлімшесі, Төменгі Еділде жинақталған күштердің қалған бөлігі большевиктерге қарсы шықты. 1918 жылғы наурыз айында қалада жұмысшы, шаруа және солдат депутаттары Кеңестерінің обылыстық съезі болып, онда Орал обылысында өкімет билігінің обылыстық Кеңес атқару комитетінің қолына көшкені, казатардың әскери үкіметі мен Алашорда үкіметінің таратылғаны туралы шешім қабылданды. Алайда қарулы күштердің болмауынан Орал Кеңесі бұл шешімді орындай алмады. Наурыздың 28-інен 29-ына қараған түні контрреволюциялық күштер төңкеріс жасады. Атқару комитетінің 60-қа жуық мүшесі қамауға алынып, олардың көпшілігі ақ гвардияшылардың қолынан қаза тапты. Кеңес өкіметі Оралда азамат соғысы жылдарында ғана біржола орнатылды. Астрахан губерниясының құрамында болған Бөкей ордасында Кеңес үкіметі 1917 жылғы желтоқсанда жарияланған болатын.
Жетісуда таптық күштердің тең еместігінен соғыс жағдайы туындады. 1918 жылғы наурыздың 2-сінен 3-іне қараған түнде жұмысшылар , майдангерлер және солдаттар және екінші Жетісу казак полкінің революциялық пиылдағы жауынгерлері көтеріліс жасады. Көтерілісшілер бекіністі, қарі қоймасын басп алды, банкті, поштаны, телеграфты қолына қаратып, юнкерлер мен Алашорда милициясын қарусыздандырды. Верныйда Кеңес өкіметі жеңіске жетті. 1918 жылғы наурыз айының ішінде бүкіл Жетісу облысында Кеңес өкіметі толық орнады.
Большевиктердің алғашқы шаралары
Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауына байланысты бұрынғы буржуазиялық-помещиктік мемлекеттік аппаратты қирату және жаңа өкімет органдарын құру басталды. Уақытша үкіметтің жергілікті органдары, қоныстандыру басқармалары, болыстық земство басқармалары, болыстық және ауылдық старшындар институты, билер соты таратылды. Жер-жерде контрреволюциялық газеттер шығаруға тыйым салынды. Ауылдық, қыстақтық шаруа кеңестері, Халық шаруашылығы кеңестері, аудандық жер-су комитеттері құрылды. Жазға салым барлық болыстарында шаруа кеңестері жұмыс істеді.
Кеңестердің атқару комитеттері жанына денсаулық сақтау, әділет, қаржы, ағарту, жер және өнеркәсіп бөлімдері ұйымдастырылды. Бұл шаралар Кеңес өкіметі жауларының қарсылығын туғызды. Банктердің, пошта-телеграф мекемелерінің шенеуніктері оған бағынудан бас тартып, жұмысты тоқтатты.
35.
Тұтастай алғанда КСРО-дағы Қазан революциясы мен Азамат соғысы тарихнамасының мәселелері, ұзақ жылдар бойы академик И.И. Минц тұрақты жетекшілік еткен КСРО ҒА-ның «Ұлы Қазан социалистік революциясының тарихы» кешенді проблемасы жөніндегі ғылыми көнесіне топтасқан бірқатар ғалымдардың жұмыстарында, сондай-ақ КОКПОК жанындағы Марксизм-ленинизм институты қызметкерлерінің енбектерінде нақты көрініс тапты.
Қазан революциясы мен Азамат соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихнамасының проблемалары жайлы бірқатар арнайы зерттеулер жүргізілді. 3. А. Алдамжаровтың монографиясы. осылардың бірі болып табылады. Бұл еңбек аталған проблема бойынша 1918-1982 жылдары жарияланған жұмыстардың үлкен бөлігін зерттеу, жалпылау және оларға сыни талдаулар жасау негізінде жазылан. Онда маркстік-лениндік әдіснама шеңберінде, өлкеде Кеңес окіметін орнату мен нығайту тарихын танып білудегі бірізділік, Қазақстан аумағында жаңа қоғамдық кұрылыстың тууы туралы білімнің үздіксіз өсуі бейнеленген. Г.Ф. Дахшлейгердің, С. Бейсембаевтың, П.М. Пахмурныйдың және В.К. Григорьевтің монографияларында «В.И. Ленин және Қазақстандағы Қазан революциясы» тақырыбына, сондай-ақ Кеңес өкіметінің жеңісі жолындағы бұкара халықтың күресіне партиялық басшылық мәселесіне арналған әдебиеттерге тарихнамалық талдаулар жасалды.
С.М. Кенжебаевтың, С.З. Зимановтың, К. Нүрпейісовтін тағы басқалардың зерттеулерінде кеңестік және 1917—1920 жылдардағы Қазақстандағы ұлттық-мемлекеггік кұрылыстың жекелеген тарихнамалық және дереккөздік проблемалары қарастырылды. Қазақстанда Кеңес билігін орнату мен нығайту проблемаларын тарихнамалық тұрғыдан зерттеумен салыстыра карағанда, өлкедегі Азамат соғысынын тарихнамасы арнайы зерттелген жоқ. С.Н. Покровскийдің, А.С. Елагиннің монографияларының кіріспе тарауларында, Ә.С. Тәкеновтің, В.К. Григорьевтің жекелеген жұмыстарында 1918—20 жылдардағы азамат соғысы жөніндегі әдебиеттерге тарихнамалық шолулар беріледі.
Қазақстандағы партизандық қозғалыстар туралы монографияның авторы П.М. Пахмурный өзінің кітабының бірінші тарауын «Қазақстандағы партизандық қозғалыс тарихнамасының кейбір мәселелері» деп атап, мұнда ол бұл мәселенің тарихы бойынша 1965 жылға дейін жарияланған жұмыстарды талдау мен оларға баға беруге байланысты сәтті талпыныстар жасады. Өкінішке орай, 60-жылдардың екінші жартысынан бастап республикада мұндай жұмыстар іс жүзінде жүргізілген жоқ, мұны өлкедегі партизандық қозғалыстар тарихы туралы байыпты зерттеулердің болмағандығымен, ал барлары өзінің саны мен мазмұны жағынан тарихнамалық жалпы қорытындылар жасауға жарамағандығымен түсіндіруге болады.
1917 жылғы революция мен одан кейінгі Азамат соғысының тарихын зерттеудегі бетбұрыс, кеңес кезеңі тарихының басқа проблемаларындағыдай, КСРО-дағы демократиялық үрдістердің әсерімен зерттеушілер оқиғаларға кешенді және объективті талдау жүргізудің мүмкіндігін алған 80-90-жылдар соңында жасалды. Бұл кезең отандық тарихтың қандай да бір кұбылыстарын түсіндіруде партиялық-таптық ұстанымдардан бас тартуға негізделген жаңа тұғырнамалық сипаттағы зерттеулердің өмірге келуімен ерекшеленеді. Мәселен, проблемаларды тарихнамалық және дереккөздік негізде зерттеуге М.К. Қозыбаев пен І.М. Қозыбаевтар айтарлықтай үлес қосты. Өз жұмыстарында М.К. Қозыбаев, басқа да мәселелермен қатар, зерттеушілер назарын «біздің саяси доктринаға көзқарасымызды үшінші дүние елдерінің отаршылдыққа қарсы күресінің құрамында» және Алаш партиясының нақты іс-әрекеттері негізінде анықтау қажеттілігіне аударды.
І.М. Қозыбаев өзінің кітаптарында Кеңес өкіметі жылдарында Қазақстанның тарих ғылымы басып өткен жолды жаңаша түсіндіруге тырысты. Бұл ретте автор тарихи оқиғалар желісін нақты тарихи жағдайлармен өзара байланыста қарастырады, тарих ғылымы мен саясаттың өзара ықпалдастық сипатын ашады, қоғамдық ғылымдардың тежелу тетігінің туындау себептерін және оның көрініс табу түрлерін талдай отырып, ғылымдағы өзгерістердің даму динамикасын көрсетіп берді. Осы көзқарас тұрғысынан, І.М. Қозыбаев өлкедегі Қазан төңкерісі мен Азамат соғысының тарихы жөніндегі жекелеген еңбектерге талдау жасап өткен. Жоғарыда аталған ғылыми еңбектерді және мақалалардың, кітапшалардың, монографиялардың, тақырыптық жинақтардың (бірінші кезекте Кеңес өкіметі үшін күрес пен Азамат соғысына катысушылардың естеліктерінен тұратын) жеткілікті мөлшерін оқып, зерттеу негізінде «Қазақстандағы Қазан төңкерісі мен Азамат соғысы» тақырыбын тарихнамалық тұрғыдан игеруді, біздің ойымызша, төрт кезеңге: бірінші — 20-30-жылдар, екінші - 40-50-жылдар, үшінші - 60-80-жылдарға белуге болады.
Жоғарыда айтылғандай, 80-жылдардың соңынан, Кеңес кезеңіндегі Қазақстан тарихының маңызды мәселелерінің тұтас бірқатарын жаңа көзқарастар тұрғысынан қайта қараумен байланысты, Қазан төңкерісі мен Азамат соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихнамасының сапалық жаңа кезеңі басталды. Бұл, ең алдымен, Алаш һәм Алашорда қозғалысының тарихына қатысты. Кеңестік тарихнамада Алаш тарихы 20-жылдардың соңынан бастап, іс жүзінде қазақ халқының XX ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалысы тарихынан алынып тасталды. Қазан төңкерісі мен Азамат соғысынын тарихы жөнінде кеңестік кезеңде жарияланған жұмыстардың барлығы да Алашорда қызметін тек теріс жағынан ғана қарастырды. Алайда бұл жұмыстарда кұнды фактілік материалдар бар және олардың авторлары ресми идеологияның арнасынан шықпауға мәжбүр болғанын естен шығармаған жөн.
Кеңестік кезеңде, тарихнамадан, бірінші кезекте Алаш қозғалысына қатысушылардың өздерінің, ең алдымен оның көсемдерінің енбектері сырт қалды. Әйтсе де қоғамдық-саяси дамуға жасалған талдаулар мен Қазақстандағы ұлттық және мұсылмандық қозгалыстар перспективасы ғасыр басында Ә. Бекейхановтың, А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың, М. Шоқайдың және басқалардың енбектерінде көрініс тапты.
Айта кету керек, 20-жылдардағы жарияланымдарда XX ғасыр басындағы Қазақстан тарихын зерттеу бойынша объективті тенденциялар байқалды. А. Байтұрсыновтың, А. Кенжиннің, Г. Сафаровтың, Т. Рысқұловтың және басқа да бірқатар авторлардың жұмыстарында, ұлт-азаттық қозғалысты нақты-тарихи көзқарасқа негіздей зерттеушілік, 1917 жылға дейінгі қазақ зиялыларының объективті рөлін жеке ерекшеліктерді ескере отырып түсіндіру басты орын алды. Басқарушы биліктің саяси диктатының күшеюіне байланысты 20 -жылдардың екінші жартысы мен 30-жылдардың басында тарихи зерттеулер үшін беті ұрысты кезең туды. «Алашорданың буржуазиялық-ұлтшылдық идеологиясымен» күрес — Алаш тарихын зерттеудегі большевиктік партияның айқындаушы ұстанымына айналды. Осы кезде, 30-жылдардың басына дейін, Алаш қозғалысының Ақпан төңкерісіне дейінгі «объективті-революциялық рөлі» және «оның кейінгі контрреволюциялық қайта жанғыруы». туралы тезис басты қағида болып қабылданды. А.К. Бочаговтың, Е. Федоровтың, П. Галузоның және басқалардың жұмыстарындағы, сондай-ақ «Алаш-Орда» құжаттар жинағындағы. Алаш һәм Алашорда тарихы дәл осы үрдісте талданды.
1933 жылы Қазақ марксизм-ленинизм ғылыми-зерттеу институтында «Алашорданың контрреволюциялық мәнін ашып көрсету және оның қазақ халқының тарихындағы жиренішті, жексұрын рөлін түпкілікті жою» деген айдармен арандатушы пікірталас өткізілді. «Алаштың революцияға дейінгі кезеңдегі объективті-революциялық рөлі» туралы қағиданы толығымен теріске шығару проблеманы зерттеу әдіснамасындағы айқындаушы көзқарас етіп алынды. 1935 жылы С. Брайнин мен Шафироның «Алашорда тарихы туралы очерктер» деген жұмысының жариялануы өлкедегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихын көрсетуде таптық әдіснаманың түбегейлі орныққанына куәлік етті.
40 - және 80-жылдардың ортасы мен соны аралығындағы кезең бұрынғы бағалаулар мен қорытындылардың ізін қуушылықтың айқын көрінісімен сипатталды. Ұлт-азаттық күрес тарихына қатысты деректемелер ауқымының кеңейгеніне қарамастан, аталған проблеманы қарастырудың жалпы жағдайы ғылыми ойлаудың тоқырағанын көрсетті. Алаш қозғалысы тарихын зерттеудегі түбірлі өзгерістердің көрініс табуы 80-жылдар соңы мен 90-жылдардың бас кезіне саяды. Бұл ретте төмендегі жағдайларға көңіл аудару қажет: аталмыш кезеңде хронологиялық жағынан осы дәуірге жататын сапалық екі уақыт межесін бөліп көрсетуге болады. Біріншісі (1991 жылға дейінгі) — дәстүрлі маркстік-лениндік әдіснамаға тән тұғырнамалық және теориялық қағидалармен сипатталады. Объективті жаңа көзқарастар кеңістігіне шығуға деген ықылас пен талпыныстың өрлеуіне қарамастан, Алаш тарихын бағалауда, тұтастай алғанда, тарихнаманың әдіснамалық сапасында оң өзгеріс байқалған жоқ.
1991 жылдан Алаш пен Алашорда тарихын зерттеудің жаңа кезеңі басталды. Бұл ретте қазірге дейін үстем болып келе жатқан әдіснамалық императивтердің (кесімді талаптардың) ғылыми негізінің жоқтығын сезіну мен жаңа теориялық аппараттарды және неғұрлым жетілген тұғырнамалық құралдарды меңгеру қажеттілігі өзінен-өзі түсінікті. Зерттеушілік ойдың жандануы мен деректемелік негіздердің кеңеюі жарияланған жұмыстардың сапасына оң ықпал етті. Проблемалық мақалалар, ғылыми конференциялар мен семинарлардағы, «Дөңгелек үстелдегі» пікірталасты материалдармен бірге, жалпы тұрғыдан зерттеуші, монографиялық сипаттағы еңбектер, энциклопедиялық сөздіктер, оқулықтар, оқу құралдары, құжаттық-деректі басылымдар, қозғалыс көсемдерінің шығармалар жинақтары . жарық көре бастады. Олардың едәуір бөлігі қазақ тілінде шықты. К. Нүрпейісовтің, М. Құл-Мұхаммедтің, М. Көйгелдиевтің, Т. Омарбековтің, В. Григорьевтің, Т. Кәкішевтің, С. Аққұлықлының, А. Сармұрзинның және басқалардың ғылыми жұмыстарында Алаш тарихының әр алуан аспектілері көрініс тапты. Көптеген жарияланымдардың жекелеген тұлғаларға арналуы Ә. Бокейхановтың, А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың, Ж. Ақбаевтың, А. Ермековтің, М. Тынышбаевтың, М. Шоқайдың және басқа да көптеген қайраткерлердің өмірі мен қызметінің белгісіз беттерін ашып көрсетуге, Алаш қозғалысының әлеуметтік табиғатын танып білуге, оның саяси бағдары мен мүмкіндіктерін зерделеуге жағдай туғызды.