Шаруашылықтың жаңа формаларын жүргізуге байланысты экономикалық есептеулер
Көпшілік қауымға белгілі «Стратегия» термині гректердің «Strategos» сөзінен туындаған, өз тілімізге айналдырғанда (генерал) өнері немесе адамдардың басқару өнері деген түсініктерді береді. Болашақта мақсаты бағытталған және шешуші іс-қимыл тобының жиынтығын көрсетеді.
Қандай деңгейдегі экономика болмасын басты мақсат, міндетті бұл іс-қимыл тобы, жиынтығының нақты жағдайға байланысты ғылыми негізделініп, тұжырымдалынып және цифрлар тілімі немесе сапалық, сандық көрсеткіштермен сипатталынуы. Бұл міндеттерді шешу, іске асыру кез-келген мемлекеттің (жоспарлауды) экономиканы дамытудағы басты құралдардың бірі деп есептейтін төл істерінің бірі. Қазіргі заманғы түсінікте және мемлекеттік басқару реттегі істерінде және кәсіпорындар, ұжымдар деңгейіндегі қолданылуды (стратегия) бөлшектеніп нақтыланған, жан-жақты және кешенді іске асырылуы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін жоспар болып саналады.
Ел президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстанның Егеменді мемлекет ретінде қалыптасу мен дамуының стратегиясы еңбегінде нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер тәжірибесін басшылыққа ала отырып, бізге белгілі бір кезең ішінде Қазақстан экономикасының дамуына үкімет тарапынан тұрақты талдау мен бақылау жасау мақсатында индекативті сипаттаған қысқа-орта-ұзақ мерзімді жоспар болжамдар практикасын еңгізу қажет десе, Қазақстан 2030 гүлдену қауіпсіздік және барлық Қазақстандықтардың тұрмыс жағдайларын жақсарту үндеуінде біздерге кешіктірмей мемлекетіміздің ұзақ болашағына арналған даму стратегиясының жасауды бастауымыз және бес он жылдық даму жоспарларын әзірлеуіміз керек деген болатын[1].
Экономиканы мемлекеттік реттеу механизмдер жүйесінде жоспарлау рөлінің өсу қажеттілігін және еліміз экономикасын дамытуда, шектеулі ресурстар мен мүмкіндіктерді тиімді, ұтымды пайдалану үрдісіндегі стратегиялық жоспарлар қажеттілігін қазақ ғалымдары Н.К.Мамыров, Ж.Ихданов төмендегіше анықтайды:
Біріншіден кез-келген басқару иерархиясында ұтымды шаруашылық жүргізу, егер макроэкономикалық тұрақтылық пен тиімді баланстылық болмаса мүмкін емес. Ал ондай жағдайға егер экономика жалпы мемлекеттік деңгейде іске асыра алатын болашақтық және айналымдағы шешімдерге сай дамитын тұтас кешенді обьект ретінде қарастырылатын болғанда ғана қол жеткізуге болады.
Екіншіден жеке меншіктің басымдылық және нарық қатынастар аумағының кеңеюі жағдайында кәсіпкерлердің шаруашылықтық мүдделерін және мемлекеттің макродеңгейлік, ішкі-сыртқы экономикалық мүдделерін бір ортақ арнада дамыту (оған бағыттау) мәселесі тұрады. Бұл мәселені біртіндеп ұтымды шешу жолы-алдағы кезеңдегі макро-микроэкономикалық үрдістердің процестерінің негізгі даму бағыттарын және ғылыми тұжырымдалған суреттемесін кескінін алдын ала анықтау.
Үшіншіден территориялық еңбек бөліндісі үрдісінің үздіксіздігі, сонымен бірге табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу сұрақтары жалпы мемлекеттік деңгейдегі, әр уақытта болашақтық сипаты бар, өндіргіш күштерді ықшамды орналастыру және дамыту сұрақтарын көтереді. Өндіргіш күштер орналастырудағы жіберілген бүгінгі қателік ертеңгі күнде мемлекет экономикасының тиімділігне үлкен кері ықпал жасауы мүмкін.
Мысал ретінде Қазақстан Республикасының Кеңестер Одағы кезіндегі өндіргіш күштерінің орналасу мен одақ экономикасындағы еңбек бөліндесін келтіруге болады. Егемендігіне 10 жыл болса да әлі негізінен шикізат өндіруші мемлекет болып, шикізатты өңдеу мен қайта өңдеуде, машина, техника, техникалық қондырғылармен түрлі салаларды қамтамасыз етуде, электр қуатымен қамтылуда басқа елдерге тәуелділікте[2].
Стратегиялық жоспарлар негізінен сандық емес сапалық жоспарлау. Оны индекативтік жоспарлардан айырмашылығы мақсаттылығында мазмұнында. Стратегиялық жоспар мәні-белгісіз болашақ және ішкі, сыртқы тұрақты өзгерістер жағдайында ұтымды мүмкіндіктерді пайдаланып жағымсыз құбылыстарын жеңе отырып, нақты қойлған мақсатқа жетудің магистралды (басты) даму жолын, қызметтерін және іс-қимылдарын жасау.
Осы түсінікте бұл жоспарлау үкімет басқару, атқару органдарының экономиканы реттеу оның макроэкономикалық, микроэконоикалық тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі басты құралдарының бірі десек қателеспейміз. Қазақстан Республикасында алғашқы стратегиялық жоспар президентіміздің 1997 жылғы Қазақстан 2030 гүлдену, қауіпсіздік және барлық Қазақстандықтардың тұрмыс жағдайларын жақсарту үндеуіне сай 1998-2000 жылдар аралығына сай жасалынады.
Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау жөніндегі агентствосымен елміздің 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары жасалында. Қазақстан 2001 жылдан бастап, осы 10 жылдық жоспармен даму жолында.
Стратегиялық жоспарлау тек макродеңгейдегі басты реттеу құралдары болып қоймай, сонымен бірге аймақтар, яғни облыстар деңгейінде де басты басқару реттеу құралы болып саналады. Себебі, облыстар экономикасы жалпы ұлттық экономиканың ажыратылмас бөлігі[2].
Он жылдық уақыт аралығында жасалынатын аймақтық стратегиялық жоспарлар болашақ әлеуметтік-экономикалық міндеттерді ұтымды шешуге бағытталады. Бірді бір экономикалық субьектаның құқықтық шеңберіне еңбей, экономикалық реттегіштер мен тікелей және жанама ықпалды ұштастыра отырып, барлық субьекталардың іс-қызметтерін ортақ мүддеге бағыштап, белгіленген уақыт аралығындағы мақсаттарға жетуге қамтамасыз етуге бағытталған. Облыстар шеңберіндегі мұндай стратегиялық жоспарлар бір-бірімен тығыз байланысқан төмендегідей бөліктерден тұрады:
Облыстың қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайының бағалануы;
- Жоспар кезеңіндегі облыстың миссиясымен басты мақсаты;
- Экономикалық дамуы;
- Әлеуметтік дамуы;
- Күтілетін нәтиже.
Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың бағалануы облыстағы әлеуметтік-эукономикалық сандық, сапалық жағынан талдап, бағалап, оның жалпы мемлекет экономикасындағы ролі мен үлесін сипаттау қажет. Осындай талдау, бағалай негізінде облыстың әлеуметтік-экономикалық миссиясы мен басты мақстаы анықталынады.
Ал миссия мен басты мақсат мемлекеттің стратегиялық жолындағы облыс ролінен анықталып, тұжырымдалынады. Басты мақсат бұл облыстың стратегиялық дамуының негізгі мақсаты. Ол қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың негізі анықталынып ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық деген бағытын білдіреді. Басты мақсаттарды орындау оларға қол жеткізу үшін әлеуметтік және экономикалық салалар, сфералардағы қызметтер қимылдар стратегиясы жасалында.
Экономикалық дамудағы негізгі стратегиялық бағыттарды анықтау үшін облыстың ішкі-сыртқы факторларына талдау жасалынады. Осы талдау негізінде облыс экономикасының басты бағыттары анықталынады. Басым бағыттардың анықталған немесе оны көп тізбектегі басты буынның белгіленуі барлық мүмкіндіктер мен күштерді осы қызметтерді шешуге шоғырландыруға мүмкіндік береді[3].
Басым бағыттарды анықтауда күшті, әлсіз мүмкіндіктер жатады. Қауіп матрицасы пайдаланылады. Мұндай SWOT талдауын төмендегіше көрсетуге болады. Облыс экономикасын (ол мемлекет экономикасында) күшті, әлсіз жақтары талданып олардың маңыздылары анықталынады, тізімдері белгіленеді.Мүмкіндік және қауіпті (тиімді дамуға кері ықпал жасайтын) факторлар анықталынып талданады, олырдың тізімі анықталынады. Осы мәліметтер негізінде SWOT-матрицасы жасалындаы. SWOT матрицасының үлгісі төмендегідей болуы мүмкін:
Тұжырымдалған стратегияларды іске асырудағы негізгі талап, оның қаржы, тағы басқа мемлекеттік реттеу құралдарымен қамтамасыз етілуі. Сол себепті әр-бір стратегияның қаржылық көзі белгіленіп; сол арқылы ол түжырымдалынуы керек.
Әлеуметтік даму, ол төмендегідей салалар, сфералар шеңберлігі анықталынады: Білім беру; Денсаулық сақтау; Халықты әлеуметтік қорғау.
Осы бағыттар бойынша SWOT-талдау принциптеріне стратегиялық мақсаттар мен міндетер жүйесін анықтайды. Шаруашылық механизмі-тауар-ақша (қаржы) қатынастары жүйесіндегі өндіріске, өнімдерді бөлуге, айырбастауға жэне тұтынысқа экономикалық құралдармен, әдістермен ықпал жасау жиынтығы. Бұл механизм жүйесімен, оның күшімен ұлғаймалы өндіріс процесіндегі ұйымдастырылу, басқару, ретінде (экономикалық мүдделерді үйлестіру, меншікті пайдалану) іске асырылады.
Осы шаруашылық механизмінің бір бөлігі, ол экономикалық механизм, яғни өндіріс,өнімдерді, ресурстарды бөлу, айырбас тұтыну,қор жинау сфераларындағы экономикалық механизм қатынасы, оларды реттеу әдістері жэне ынталандыру жүйесі[4].
Осы механизмдер күшімен экономиканың мемлекеттік реттелінуі, яғни макроэкономикалық тұрақтылығы мен тиімді байланыстылығы іске асырылады. Бұл құрал барлық деңгейдегі басқару органдарының экономикаға араласу, ықпал жасау құралы.
Бұл жүйеде болжамдау, жоспарлау ұлғаймалы өндіріс үрдісіндегі қайшылықтарды жою жолындағы шаралар жүйесін алдын-ала белгілеу, жэне талдау, бағалау және жүйелі кешенді іске асыру рөлін атқарады.
Жоғарыдағы суреттен болжамдау мен жоспарлауға мемлекеттің экономиканы реттеу жүйесінде айрықша мән беретінінде көруге болады.
Бұл жүйеде болжамдау мен жоспарлау төмендегідей рөлдерді атқарады.
Мақсат анықтау және осы мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін жүмыстар (шаралар) жүйесін анықтау.
1.Экономикалық барлық салаларының, әлеуметтік-экономикалық жүйенің даму тенденциясын алдын-ала білу;
2.Тауар өндірушілерге ықпал жасау құралдарын бір-бірімен тиімді ұштастыру, байланыстыру;
3. Бюджет жағдайын, көлемін анықтау;
4.Тұрақтылық және даму механизмдерін құру;
5.Әлеуметтік-экономикалық дамудың тиімді көрсеткіштерін, белгілерін анықтау;
6.Экономиканың, шаруашылық субьекталарының тиімді жұмыс жасауына қажетті заң, реттеу құжаттарын әзірлеу, анықталады.
«Стратегия» гректің – «генерал өңері» деген сөзінен шыққан және бұл сөзді жарыс, бәсеке мағынасында қолданылып келеген (устное объяснение).
Қазіргі таңда бұл атау кәсіпорын қызметінің жалпы концепциясын білдіреді. Стратегиядегеніміз ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып саналады[5].
Стратегиялық жоспарлау - деп кәсіпорын бойынша қабылданған әрекеттер мен шешімдер жиынтығын айтамыз. Сонымен қатар, стратегиялық жоспар компанияға өз мүддесі үшін өзгермелі сыртқы ортаның барлық мүмкіндіктерін қолдануға бағытталған және қосымша жоспарлардың негізін қалайды. Оларға мыналар жатқызылады:
Ол жаһандық мақсаттар мен компания миссиясын анықтаудан басталады. Миссия деп - компания мақсаттарын белгілі бір нақышқа келтіруді айтады. Миссия компания ұжымын белгілі бір ортақ бағытқа қарай беттейді.
1) Нақты мақсаттар қойылады және ұйымның ішкі ортасы мен бәсекелестер туралы барлық ақпараттар жинастырылады.
2) SWOT –талдау жасалып (ұйымның мықты және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін анықтауға мүмкіндік береді), барлық мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлер анықталады.
3) Басқарма нақты қай тауарлармен және қандай іс-әрекеттермен айналысу керектігін анықтайды.
Стратегиялық жоспарлаудың басты міндеті – ұйымдағы жаңадан еңгізілгендерді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау басқару қызметінің төрт түрін қамтиды: ресурстарды бөлу; сыртқы ортаға бейімделу; ішкі үйлестіру және ұйымдық стратегиялық болжамдау. Стратегиялық жоспарлаудың өзініндік белгілері:
1) Стратегияны көпшілік жағдайда жоғарғы басшылар тұжырымдайды, бірақ оны жүзеге асыруға барлық деңгейлердің қатысуы көзделеді.
2) Стратегиялық жоспар жеке бір ұйымға ғана емес, бұл корпорацияның болашағы үшін жасалады.
3) Стратегиялық жоспар көлемді зерттеулермен және нақты деректермен негізделуі тиіс.
4) Стратегиялық жоспар фирманың айқындылығын, дербестілігін білдіреді, мұның өзі олардың белгілі белгілі бір жұмыскерлерді тартуына ықпал етеді.
5) Стратегиялық жоспарды жасағанда, ұзақ уақыт бойы тұтастығын сақтаумен қоса, қажет болған жағдайда жетілдіруді және қайта бағыттауды жүзеге асыратындай икемді болуы тиіс.
Стратегиялық жоспарды құрар алдында келесі қағидаларды ескерген жөн:
Страгиякелесі кезендерде жүргізіледі Тиянақты шешім стратегиясы. Мысалы: Америка және Жапонияның таңдаулы фирмалары өндірісті ұдайы жетілдіріп, жұмысты ең жаңа және таңдаулы әдістермен орындау үшін ақша бөледі, жақсы үйретілген ұжымның өсуі мен дамуына күрделі қаржы жұмсайды.
- Тәуекел стратегиясы.
- Менеджмент идеясының стратегиясы. Әрбір бизнесте ең бағалысы ақша, тауар, жабдық, ғимарат емес, ал ұтымды идеа бағаланады.
- Стратегия әсерлілігі фирмаға тамаша жұмыс қабілетін сақтауға мүмкіндік береді.
- Машықтанған мамандарды таңдау стратегиясы. Басты мақсат – мақсат айқындалғаннан оның әдісі мен төлеу әдісі белгіленнен кейін фирманың әрбір өызметшісінің дербес әрекет етуіне ықпал ету, яғни фирмада тиімді жұмыс істейтін машықтанған өызметшілер құрамының болуын қамтамассыз ету[6].
- Жеңілдету стратегиясы
- Сапа стратегиясы
- Адалдық және берілгендік стратегиясы
- Ынтымақтасу стратегиясы.
1) Саланың жағдайымен болашақ дамуының сипатаммасын негіздеу;
2) Саладағы бәсекелес тік ортаны талдау
3) Бәсекелестердің іс-әрекетін талдау
4) Макроортаны талдау
5) Кәсіпорының бәсекелестігін бағалау
6) Кәсіпорынның потенциалын пайдаланудың күшті және әлсіз жақтарын талдау.
Кәсіпорын қолданатын кез келген стратегиялық шараларға өзінің мәні бойынша инновациялық сипат тән, себебі қалай болса да олар кәсіпорынның экономикалық, өндірістік, әлеуеттік жақтарына жаңалық енгізуге негізделген. Мысалы, нарықтық шаруашылықты сипаттайтын стратегиялардың бірі нарықтық-тауар стратегиялары, олар технолгияның жаңа түрлерін дамытуға, өндіруге, пайдалануға, яғни инновацияға негізделген. Кәсіпорынның даму стратегиясы олардың тұрақты дамуын және қызмет жасауларын қамтамасыз етеді. Олар сондай-ақ, ғылыми-техникалық жетістіктерді ұйымдастыру аймақтарында, техника және технология аймағында қолдануға негізделеді.
Стратегияларды таңдау әр түрлі факторларға, соның ішінде кәсіпорындардың нарқытағы орнына, оның серпілісінің өзгерісіне, өндірістік және техникалық әлеуеттеріне, өндірілетін тауарларға және қызметке, экономикадан және мәдени орта факторларына тәуелді.
Кәсіпорын өзінің нарықтағы инновациялық стратегияларының жұмыс істеуін таңдауда сыртқы орта мен өздерінің жеек ресурстарының жағдайын ескереді.
Кәсіпорынның инновациялық саясатын жасау олардың алдына қойған мақсаттарының жақын және алыс болашақта даму стратегиясын анықтайды, сондай-ақ кәсіпорынның әлеуетті мүмкіндігіне қарай оны қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуін анықтайды. Сондықтан кәсіпорынның инновациялық бағыттары келесі жолдар арқылы қалыптасады:
- Кәсіпорынның басты мақсатын жүзеге асыру;
- Жаңа өнімдерді игеру және жаңалық енгізу кезінде ресурстардың экономикалық пайдаланылуын қамтамасыз ету;
- Кәсіпорын қызметінің инновациялық белсенділігін анықтауда шығармашылық ынталандыруды пайдалану[7].
Басқарушыының барлық күш жігері бағытталған мақсаттарды үздік нәтиженің қорытындысы ретінде қарастыру оларды функционалдық (жүйенің қол жеткізген жағдайын қолдау) және жаңа (жаңа сапалы жүйеге қол жеткізу) деп екіге бөлінеді.
Қорыта айтқанда, стратегия дегеніміз кәсіпорындардың нарықтағы қазіргі және болашақ мақсатарын жүзеге асыру үшін ресурстарды пайдаланудың (капитал, жұмыс күші) ең нәтижелі баламаларын іздестіру болып табылады.
- Стратегияның екі түрі қарастыралады:
1) Базалық стратегия – нарықтық жағдайда әр түрлі мәселелерді шешу кезіндегі кәсіпорынның іс-әрекет моделі. Мысалы:
- Нарықты таңдау стратегиясы;
- Таңданған нарықта бәсекелестік стратегиясы.
2) Функционалдық стратегия – кәсіпорын бөлшектерінің арнайы бөлінген әр түрлі іс-шаралары мен бағдарламалары.
Кәсіпорын ережеге сай төмендегідей стратегияның түрлерін таңдайды:
- Басыңқы стратегия. Бұл стратегияның түрі кейде менменшіл деп те аталады, себебі кәсіпорын мұндай жағдайда нарықта алғашқылардың бірі болуға тырысады. Мұндай стратегияның жүзеге асыру үшін жоғарғы инновациялық жағдай, жоғарғы ғылыми-техникалық әлеует, дәстүрден тыс шешім қабылдайтын әкімшілік, тәуекелге бел буу, нарықты тану және маркетингтік мекемелердің дамуын қарастыру қажет.
- Қорғаныстық стратегиясы.Мұндай стратегия кезінде кәсіпорында басшылық назарына ілінбеген зерттеу жұмыстары мен құрулар жүзеге асырылады, олардың негізгі мақсаты – бәсекелестерден техникалық-технологиялық даму саласында қалып қалмау.
- Еліктеушілік стратегиясы. Көп жағдайда стратегияның мұндай түрі жұтып алушы деп аталады. Жұтып алушы стратегиясы басқа фирмалар мен алынған инновациялық шешімдерді (қорғалған патенттерді немесе ноу-хауды) сатып алуға негізделіп отырады
- Сегменттік стратегиясы. Осындай стратегия өнімді саралауға және шағын нарықта максималды мүмкін болатын үлесті ұстап тұру ұмтылысына негізделген.
- Дәстүрлі стратегия. Қазіргі уақытта дәстүрлі деп аталатын кәсіпорынның стратегиясы өте ауқымды қолданысқа ие болы отыр, оның басшылығы бар өнімінің жоғары сапасын танытудан басқа еш нәрсеге ұмытылмайды. Бәсеке жағдайында мұндай кәсіпорын тез артта қалады, ал одан кеін банкротқа ұйшырайды.
- Тәуелді стратегия. Мұндай стратегия тұтынушылар немесе мемлекеттік органдар жаңа өнімді не технологияны күшпен ендірген кәсіпорындарда байқалады.
- Пионерлік стратегия.Бұл стратегияның басқа стратегияның ерекше түрі ретінде ерекше атап көрсетуге болады, ол нарықтың жаңа не ескі сегменттерін толық өзгертумен байланысты.
Инновациялық менеджменттің келесі стратегиялық бөліктерін қарастыруға болады:
- Стратегиялық сараптау;
- Стратегиялық таңдау;
- Стратегияның жүзеге асыру;
- Жетістік индикаторы[8].
Фирма ұстанатын стратегияға байланысты ұйымының төрт түрін көрсетуге болады:
1) Виоленттер – жалпы өндірісті жүзеге асыратын, қоғамдық нарыққа өзінің немесе сатып алынған өніммен, бәсекелестерінен өндіріс саны мен ауқымының нәтижесі арқылы алға шығатын ірі компаниялар.
2) Патиенттер – ерекше сипаттамасы бар жаңа немесе жаңғыртылған өнімді шығару қоғамдық нарықтың тар сегментіне бейімделетін компания.
3) Эксплеренттер – нарыққа жаңа (түбегейлі жаңашыл) өніммен шығатын және нарықтың бір үлесін жауалап алатын фирмалар.
4) Коммутанттар – жергілікті нарықтың сұраныс жағдайына бейімделетін, «виолент» және «патиенттермен» сегментттерді толтыратын, жаңа тауарлар және жаңа технологиялар пайда болғаннан кейін жаңа қызмет көрсету түрлерін игеретін, инновацияларды енгізетін және оларды тұтынушыларға жеткізетін компаниялар.
Тәжірибе жүзінде кәсіпорын инновациялық стратегияның белгілі бір түоін ешқашан ұстанбайды. Нарықта сыртқы жағдайлардың үнемі өзгеруі фирма басшылығын мақсатқа жету жолдарын, сондай-ақ стратегия түрін өзгертуге еркісіз итермелейді.
Кәсіпорын үшін профильді экономика саласының тиімді дамуы және бәскелестіктің төмен деңгейі кезіндегі басынқы стратегияның маңызы зор. Нарық және бәсекелестік кеңейген кезде кәсіпорынның барлық күші өнімді жақсарту бойынша қорғаныстық стратегияға немесе лицензиялаушылық стратегияға бағытталуы тиіс.
Бақылау сұрақтары:
1.Стратегиялық жоспардың қажеттілігі мен мазмұны
2.Стратегиялық жоспарлаудың негізгі бағыттары
3.Сандық және сапалық жоспарлау
4.Стратегиялық жоспардың негізгі қағидалары