Gl] 7 ТАҚЫРЫП.ӨНІМ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ 1 страница

КӨЛЕМІН ТАЛДАУ

Сабақ мақсаты: Өнім өндіру және жүзеге асыру көлемінің, өнім көлеміне факторлардың әсерін талдау әдістемесін қарастыру

Түйінді сөздер:өндірістік нәтиже, өзіндік құн, шығындар, жалпы өнім, тауарлық өнім, номенклатура, ассортимент.

Дәріс жоспары(1 сағат)

1. Өндірістік нәтижелерін талдаудың міндеттері және көздері

2. Өнім өндіру және жүзеге асыру көлемінің динамикасы, ассортименті және түрлері бойынша талдау

3. Өнім көлеміне факторлардың әсерін талдау және құрылымның қозғаласын талау. Өнімнің төлемқабілеттілікті талдау

1. Өнімнің өзіндік құны өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысын сипаттайтын маңызды көрсеткіш болып табылады. Оның деңгейіне кәсіпорын қызмет етуінің қаржылық нәтижелері, кеңейтілген ұдайы өндіріс қарқындары, шаруашылық жүргізетін субъекттердің қаржылық жағдайы тәуелді болады.

Өнімнің, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құнын талдау аса маңызды мәселе болып табылады. Оның арқасында берілген көрсеткіштердің, оның деңгейі бойынша жоспар орындалуының өзгеру тенденцияларын айқындауға, оның өсіміне факторлардың ықпалын анықтауға болады және осының негізінде мүмкіндіктерді пайдалануы жөніндегі кәсіпорын жұмысына баға беруге және өнімнің өзіндік құнын төмендетудің резервтерін орнатуға болады.

Келесі көрсеткіштер өнімнің өзіндік құнын талдаудың объекттері болып табылады:

· тауарлық өнімнің жалпы алғанда және шығындар элементтері бойынша толық өзіндік құны;

· тауарлық өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындар;

· салыстырылатын тауарлық өнімнің өзіндік құны;

· жеке бұйымдардың өзіндік құны;

· шығындардың жеке элементтері және баптары

2. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың негізгі мәселесі – бұл халық сұранысын жоғары сапалы өніммен мүмкіндігінше толығырақ қамтамасыз ету. Өнім өндірісі көлемінің өсу қарқындары, оның сапасының жоғарылауы кәсіпорын шығындарының, пайдасының және пайдалылығының (рентабельділігінің) шамасына тікелей ықпалын тигізеді.

Сондықтан, өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмысының талдауын өнім шығарылымының көрсеткіштерін зерделеуден бастайды . Оның негізгі мәселелері:

· жоспардың орындалу деңгейін және өнімді өндіру мен сатып өткізу динамикасын бағалау;

· бұл көрсеткіштер шамаларының өзгерісіне факторлардың ықпалын анықтау;

· өнім шығарылымы мен сатып өткізілуін жоғарылатудың шаруашылық ішіндегі резервтерін айқындау;

· айқындалған резервтерді меңгеру бойынша шараларды жасап шығару.

Өнеркәсіптік өнімнің өндіріс көлемі табиғи, шартты-табиғи және құндық өлшеуіштер арқылы өрнектелуі мүмкін. Өнім көлемінің жалпылама көрсеткіштерін құндық бағалау арқылы көтерме баға түрінде алады. Өндіріс көлемінің негізгі көрсеткіштері – бұл тауарлық және жалпы өнім.

Жалпы өнім – бұл аяқталмаған өндірісті ескергендегі барлық өндірілген өнім мен орындалған жұмыстардың құны. Әдетте салыстырмалы бағалармен өрнектеледі.

Тауарлық өнім – жалпы өнімнен оған аяқталмаған өнімнің қалдықтары мен шаруашылық ішіндегі айналым кірмейтінімен айырықшалынады. Есеп беру жылындағы қолданыстағы көтерме бағалармен өрнектеледі. Өзінің құрамы бойынша көптеген кәсіпорындарда егер шаруашылық ішіндегі айналым мен аяқталмаған өндіріс жоқ болған жағдайда, тауарлық өніммен сәйкес келеді.

Өнімді сатып өткізу көлемі қолданыстағы бағалармен (көтерме,келісімді) анықталады. Тиеліп қойылған және сатып алушылармен ақысы өтелген сатып өткізілген өнімнің құнын құрайды.

Өндірістік бағдарламаның орындалуын бағалау үшін өндіріс көлемінің табиғи көрсеткіштерінің (даналар, метрлер, тонналар және т.с.с.) де маңызы зор. Оларды өндіріс көлемін біртекті өнімнің жеке түрлері бойынша талдаған кезде қолданады.

Шартты-табиғи көрсеткіштер, құндық көрсеткіштер секілді, өнім өндірісінің көлемдеріне жалпылама сипаттама беру үшін қолданылады. Мысалға, консервтік зауыттарда мың шартты банкі, жөндеу кәсіпорындарында – шартты жөндеулер саны сияқты көрсеткіштер қолданыс тапқан.

Өнімнің өндірілуі мен сатып өткізілуін талдау үшін ақпарат көздері – бұл кәсіпорынның бизнес-жоспары, жедел жоспар-графиктер, нысан №1-п (жылдық) «Өнім бойынша есеп беру» есеп беру қағазы, нысан №1-п (тоқсандық) «Өнеркәсіптік кәсіпорынның (бірлестіктің) ассортимент бойынша өнімнің жеке түрлерін шығару жөніндегі кварталдық есеп беруі», нысан №1-п (айлық) «Өнеркәсіптік кәсіпорынның (бірлестіктің) өнім бойынша жедел есеп беруі», нысан №2 «Пайда мен залал жөніндегі есеп беру», №16 ведомосы «Дайын бұйымдардың қозғалысы, оларды тиеу және сатып өткізу» және т.б.

Өндіріс көлемін талдау жалпы және тауарлық өнімнің динамикасын зерделеуден, базистік және тізбекті өсу мен өсімднің қарқындарын есептеуден басталады.

Өсудің (өсімнің) орташа жылдық қарқынын орташа геометриялық және орташа арифметикалық көрсеткіш бойынша есептеуге болады.

Орташа геометриялық бойынша есептейік:

T = . Gl] 7 ТАҚЫРЫП.ӨНІМ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ 1 страница - student2.ru

Аса көрнектілік үшін тауарлық өнімнің динамикасын график түрінде бейнелеуге болады.

Есеп беру кезеңіндегі (ай, квартал, жыл) жоспардың орындалуын бағалау деректер бойынша жүргізіледі. Өнім шығарылымын жедел талдау көлем, ассортимент, сапа бойынша өнім шығарылымы жөніндегі ай басынан бастап қорытындысы өсетін түрде бір күндік жоспарлық және нақты мәліметтер,сонымен қатар, жоспардан болған ауытқулар көрсетілетін есептеудің негізінде жүзеге асады.

Gl] 7 ТАҚЫРЫП.ӨНІМ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ 1 страница - student2.ru

Диаграмма 1 – 2000 жылдан 2004 жылға дейінгі аралықта тауарлық өнімнің динамикасы

Халықтың қажеттіліктерін одан да толығырақ деңгейде қанағаттандырылуын қамтамасыз ету үшін кәсіпорын өзінің жоспарын өнімнің жалпы көлемі бойынша ғана емес, сонымен қатар, ассортимент ( номенклатура) бойынша да орындауы тиіс. Кәсіпорын үшін мемлекеттік қажеттіліктерге тауарларды жеткізу жөніндегі келісімдерді орындаудың маңызы аса зор. Бұл кәсіпорынға өнімнің сатып өткізілуіне, ақысының дер кезіндегі өтелуіне, салықтар, несиелер бойынша жеңілдіктерге және т.с.с. кепілдік береді.

Номенклатура – ТМД аймағында қолданыс тапқан өнеркәсіптік өнімнің одақтық классификатордағы (ӨӨОК-дағы) тауарлар түрлеріне сәйкес келетін бұйымдар және олардың кодтары атауларының тізімі.

Ассортимент – әрбір түрі бойынша шығарылым көлемін ескерілген өнім атауларының тізімі. Ол толық, топтық және топ ішіндегі болуы мүмкін.

Номенклатура бойынша жоспардың орныдалуын талдау негізгі тізімге (мемлкеттік тапсырыс) енгізілген бұйымдар боцынша өнімнің нақты және жоспарлық шығарылымын салыстыруға негізделген.

Ассортимент бойынша жоспардың орындалуын бағалау келесі белгілер бойынша жүргізілуі мүмкін:

а) ең аз пайыз тәсілі бойынша;

ә) өнімнің шығарылым жоспары жасалған бұйымдар атауларының жалпы тізіміндегі үлес салмағы бойынша;

б) жоспар шеңберіндегі өнімнің жалпы нақты шығарылымын өнімнің жалпы жоспарлық шығарылымына бөлу арқылы табылатын орташа пайыз көмегімен (жоспардан артық даярланған өнім немесе жоспармен ескерілмеген өнім ассортимент бойынша жоспардың орындалуына жатпайды).

Ассортимент бойынша жоспардың жеткіліксіз орындалу себептері ішкі және сыртқы болуы мүмкін.

Сыртқыларға жататындар: нарықтың конъюнктурасы, өнімнің жеке түрлеріне сұраныстың өзгеруі, материалдық-техникалық қамсыздандырудың жағдайы, кәсіпорынға тәуелді емес себептер есебінен өндірістік қуаттарының уақытында іске қосылмауы.

Ішкі себептер: өндірістің ұйымдастырылуындағы кемшіліктер, жабдықтардың нашар техникалық жағдайы, оның тұрып қалулары, апаттар, электроэнергияның жетіспеушілігі, өндірістің мәдениетінің төмендігі, басқару және материалдық ынталандыру жүйесіндегі кемшіліктер.

Өнім құрылымын талдау.

Өнім өндірісі құрылымының құндық түрдегі оның шығарылым көлеміне және басқа да экономикалық көрсеткіштерге ықпал ету механизмі. Өндіріс құрылымының әртүрлі тәсілдермен шығарылған өнім құнының өзгеруіне ықпал етуін есептеу әдістемесі.

Өнімнің жеке түрлері бойынша жоспар орындалуының біртекті болмауы оның құрылымының, яғни жалпы шығарылымдағы жеке бұйымдар қатынастарының өзгеруіне әкеп соғады. Құрылым бойынша жоспарды орындау – яғни өнімнің нақты шығарылымында оның жеке түрлерінің жоспарланып қойылған қатынастарын сақтау.

Өндіріс құрылымының өзгеруі барлық экономикалық көрсеткіштерге: құндық бағамен берілген шығарылым көлеміне, материал сиымдылығына, тауарлық өнімнің өзіндік құнына, пайдаға, пайдалылыққа (рентабельділікке) үлкен ықпалын тигізеді. Егер қымбатырақ өнімнің үлес салмағы көбейсе, онда оның құнмен берілген шығарылым көлемі өседі және керісінше. Тура осындай жағдай пайдалылығы (рентабельділігі) жоғары өнімнің үлес салмағы көбейген кезде, және, сәйкесінше, пайдалылығы (рентабельділігі) төмен өнімнің үлесі азайған кезде пайданың мөлшеріне де қатысты қайталанады.

Өндіріс құрылымының атап өтілген көрсеткіштердің деңгейіне ықпалын тізбекті қойылым тәсілі арқылы есептеуге болады.

Тура осындай нәтижені бұдан қарапайымырақ тәсілмен алуға болады, егер құндық және шартты-табиғи түрде (норма-сағатпен көрсетілуі мүмкін) өрнектелген өнім өндірісі бойынша жоспардың орындалу деңгейлері арасында айырымды алып, оны құндық түрде өрнектелген жалпы өнімнің жоспарланып қойылған шығарылымына көбейтсе.

Құндық түрдегі өнім өндірісінің көлеміне құрылымдық фактордың ықпал етуін есептеу үшін абсолюттік айырымдар тәсілін де пайдалануға болады. Алдымен, 1 туба бағасының орташа деңгейі (∆Бқұр) құрылым есебінен қалайша өзгеретінің анықтау керек. Алынған нәтижені табиғи түрдегі өнім өндірісінің жалпы нақты көлеміне көбейту арқылы құндық түрдегі тауарлық өнім көлемінің өзгерісін анықтаймыз:

∆Бқұр = (∑(ҮСнi – ҮСжi) × Бжi) / 100%;

∆ЖӨқұр = ∆Бқұр × Vн.жал

Құрылымдық фактордың өнім өндірісі көлеміне ықпалының есептелуі орташаландырылған бағалар арқылы да жасалына алады. Бұл үшін өнімнің нақты құрылымы кезіндегі орташаландырылған баға анықталып алынады, содан кейін, жоспарлық құрылым кезіндегісі анықталады және олардың арасындағы айырым шартты-табиғи түрдегі өнім өндірісінің нақты жалпы көлеміне көбейтіледі:

∆Бқұр = (∑(Бжi × ҮСнi)) / 100% – (∑(Бжi × ҮСжi)) / 100%.

Өндірілген өнімнің сапасын талдау.

Өнім сапасы өнеркәсіптік кәсіпорындар қызметінің маңызды көрсеткіші болып табылады. Оның жоғарылауы еңбек және материалдық ресурстардың үнемделуін ғана қамтамасыз етпейді, сонымен қатар, қоғам қажеттіліктерін толығырақ мөлшерде қанағаттандыруға мүмкіндік жасайды. Өнім сапасының жоғары деңгейі оған сұраныстың жоғарылауына және пайда сомасының сатылым көлемдерінің есебінен ғана есем, биік бағалардың есебінен де көбеюіне жәрдемдеседі.

Өнім сапасы – бұл бұйымның параметрлік, пайдаланушылық, тұтынушылық, технологиялық, дизайнерлік қасиеттерін, оның стандартизациялану және унификациялану деңгейін, беріктілігін және төзімділігін сипаттайтын түсінік. Өнім сапасының жалпылама, жеке (индивидуалдық) және жанама көрсеткіштерін айыруға болады.

Жалпылама көрсеткіштер бүкіл өндірілген өнімнің сапасын оның түрі мен тағайындалуына тәуелсіз сипаттайды:

а) жалпы шығарылымындағы жаңа өнімнің үлес салмағы;

ә) аттестатталған және аттестатталмаған өнімнің үлес салмағы;

б) жоғары сапа категориясындағы өнімнің үлес салмағы;

в) әлемдік стандарттарға сәйкес келетін өнімнің үлес салмағы;

г) экспорттаналатын, соның ішінде жоғары дамыған өнеркәсіптік елдерге экспорттаналатын өнімнің үлес салмағы.

Өнім сапасының жеке (бірлік) көрсеткіштері оның қандай-да бір қасиетін сипаттайды:

· пайдалылығын (сүттің майлығын, рудадағы темірдің құрамы, тамақ өнімдерінде белоктың құрамы);

· беріктілігін (төзімділігін, жұмыстағы тоқтаусыз жұмыс істейтіндігін);

· конструкторлық және технологиялық шешімдердің тиімділігін сипаттайтын технологиялылығын (еңбексиымдылығын, энергиясиымдылығын);

· бұйымдардың сымбаттылығын.

Жанама көрсеткіштер – бұл сапасыз өнім үшін төленетін айыппұлдар, ақауландырылған өнімнің көлемі және үлес салмағы, жарнамаландырылған өнімнің үлес салмағы, ақаулардан жоғалтулар және т.б.

Талдаудың бірінші мәселесі – атап өтілген көрсеткіштердің динамикасын, олардың деңгейі бойынша жоспардың орындалуын, олардың өзгеріс себептерін зерделеу және өнім сапасының деңгейі бойынша жоспардың орындалуына баға беру.

Өнім сапасы бойынша жоспардың орындалуына жалпылама баға беру үшін әртүрлі әдістер пайдаланылады. Баллдық бағалау әдісінің мәні – өнім сапасының орташаландырылған балын анықтау және оның нақты және жоспарлық деңгейлерін салыстыру арқылы сапа бойынша жоспардың орындалу пайызын анықтайды.

Сапасы сұрыппен немесе кондициямен сипатталатын өнім бойынша өндірістің жалпы көлемінде әр сұрыптағы (кондициядағы) өнімнің үлесі, сұрыптылықтың орташа коэффициенті, салғастырымдандырылған жағдайлардағы бұйымның орташаландырылған бағасы есептелінеді.

Бірінші көрсеткіш бойынша жоспардың орындалуын бағалаған кезде өнімнің жалпы көлеміндегі әрбір сұрыптың нақты үлесі жоспарлық үлеспен салыстырылады, ал сапа динамикасын зерделеу үшін – өткен кезеңдердегі деректермен салыстырылады.

Сұрыптылықтың орташа коэффицентін екі тәсілмен анықтауға болады:

а) 1-ші сұрыптағы өнім мөлшерін жалпы мөлшерге қатынасы түрінде;

ә) 1-ші сұрыптағы өнімнің бағасы бойынша барлық сұрыптардағы өнімдердің құнын мүмкін болатын өнімге қатынасы түрінде: Ксорт =(∑(Vi × Бi) / (Vжал × Б1-ші сұрып).

Сонымен қатар, өнімнің сапасы бойынша жоспардың орындалуын бағалау аттестацияланған бұйымдардың үлес салмағы, ақауландырылған және жарнамаландырылған өнімнің үлес салмағы бойынша жасалынады.

Талдаудың үшінші мәселесі – өнім сапасының кәсіпорын жұмысының құндық көрсеткіштеріне: тауарлық өнім шығарылымына (∆ТӨ), өнімді сатып өткізуден түсім шамасына (∆Т) және пайдаға (∆П) ықпалын анықтауға негізделген. Есептеу келесі түрде жүргізіледі:

∆ТӨ = (Б1 – Б0) × М1,

∆Т = (Б1 – Б0) × ӨСӨVn1,

∆П = [(Б1 – Б0) × ӨСӨVn1] – [(ӨҚ1 – ӨҚ0) × ӨСӨVn1],

мұндағы:

Б0 және Б1 – сәйкесінше сапаны өзгерткенге дейін және өзгерткеннен кейін бұйымның бағасы;

ӨҚ0 және ӨҚ1 – сәйкесінше сапаны өзгерткенге дейін және өзгерткеннен кейін бұйымның өзіндік құны;

М1 – жоғары сападағы өндірілген өнімнің мөлшері;

ӨСӨVn1 – жоғары сападағы өнімнің сатып өткізу көлемі.

Егер кәсіпорын сұрып бойынша өнімді шығаратын болса және сұрыптық құрамның өзгертілуі жасалса, онда, алдымен, өнім бірлігінің орташаландырылған бағасы және орташаландырылған өзіндік құны қалайша өзгергендігін анықтап алу керек, одан кейін, жоғарыда келтірілген алгоритмдер бойынша сұрыптық құрамның тауарлық өнім шығарылымына ықпалын, оны сатып өткізуден түсім шамасын және пайданы есептеу керек.

Орташаландырылған баға келесі түрде анықталады:

Бж =(∑(Мжi × Бжі)) / ∑Мжі;

Бн =(∑(Мнi × Бжі)) / ∑Мні.

Өнімнің сұрыптық құрамының оның құндық түрдегі өндіріс көлеміне ықпалын есептеу үшін алдағы тақырыпта сипатталып кеткен және өнім өнідірісінің құрылымын талдаған кездегі бүкіл төрт тәсілді пайдалануға болады. Осы есептеуді абсолюттік айырымдар тәсілімен орындап көрейік.

Ұқсас есептеулер өнімнің сұрыптары орнатылған барлық түрлері бойынша жасалынады және нәтижелер жалпыланады.

Ақау өнім сапасының жанама көрсеткіші болып келеді. Ол түзетілетін және түзетілмейтін, ішкі (кәсіпорында айқындалған) және сыртқы (тұтынушылармен айқындалған) болып бөлінеді. Ақаудың шығарылымы өнімнің өзіндік құнының жоғарылауына, тауарлық және сатып өткізілген өнімнің азаюына, пайда мен пайдалылықтың (рентабельділіктің) төмендеуіне әкеп соғады.

3. Өндірістің ырғақтылығын талдау.

Кәсіпорынның қызметін талдаған кезде өнім өнідірісінің ырғақтылығын талдаудың маңызы зор. Ырғақтылық – жоспармен ескертілген көлемде және ассортиментте графикке сәйкес өнімнің бірқалыпты шығарылымы.

Ырғақты жұмыс өнімнің уақытында шығарылуының және сатып өткізілуінің негізгі шарты болып табылады. Ырғақсыздылық барлық экономикалық көрсеткіштерді бұзады: өнімнің сапасы төмендей түседі; аяқталмаған өндірістің көлемі және қоймалардағы дайын өнімнің жоспардан артық қалдықтары көбейеді және осының салдары ретінде капиталдың айналымдылығы баяндайды; келісім-шарттар бойынша жеткізулер орындалмайды және кәсіпорын өнімнің уақытында тиелмегендігі үшін айыппұлдарды төлейді; түсім уақытында келіп түспейді; айдың басында жұмысшыларға тұрып қалулар үшін төлеу, ал айдың аяғында – мерзімнен тыс жұмыстар үшін төлеу есебінен жалақы қоры артық шығындалады. Осының бәрі өнімнің өзіндік құнының жоғарылауына, пайда сомасының азаюына, кәсіпорынның қаржылық жағдайының нашарлануына әкеледі.

Ырғақтылық бойынша жоспардың орындалуын бағалау үшін тікелей және жанама көрсеткіштер пайдаланылады. Тікелей көрсеткіштер – ырғақтылық коэффициенті, вариация коэффициенті, бейырғақтылық коэффициенті, айлық шығарылымына қарай әрбір декада (тәуелік) үшін өнім өндірісінің үлес салмағы, тоқсандық шығарылымға қарай әрбір ай үшін өндіріліген өнімнің үлес салмағы, жылдық өндіріс көлеміне қарай әрбір тоқсан үшін өндіріліген өнімнің үлес салмағы, есеп беру айының бірінші декадасында шығарылған өнімнің алдыңғы айдың үшінші декадасына қатысты үлес салмағы.

Ырғақтылықтың жанама көрсеткіштері – мерзімнен тыс жұмыстар үшін үстеме ақылардың болуы, шаруашылық жүргізетін субъекттің кесірінен тұрып қалуларды өтеу, ақаулардан жоғалтулар, өнімнің жеткізбеушілігі және уақытында тиелмегендігі үшін айыппұлдарды төлеу, аяқталмаған өндірісітің және қоймалардағы дайын өнімдердің нормативтен артық қалдықтарының болуы. Ең тараған көрсеткіштердің бірі – ырғақтылық коэффиценті (Кы). Оны ырғақтылық бойынша жоспардың орындалуына кіргізілген соманы өнімнің жоспарлық шығарылымына бөлу арқылы анықтайды. Ырғақтылық бойынша жоспардың орныдалуына өнімнің нақты шығарылымы, бірақ та жоспарланып қойылғаннан астам емес етіп кіргізіледі:

Кы = (∑(ӨШжі – ӨШжет.ор.і)) / ∑ӨШжі,

Мұндағы: Кы – ырғақтылық коэффиценті;

ӨШжі – і-ші кезеңдердегі өнімнің жоспарлық шығарылымы;

ӨШоі – І-ші кезеңдегі өнім шығарылымы бойынша жоспардың жеткіліксіз орындалуы.

Вариация коэффиенті (Кв) тәуеліктегі (декададағы, айдағы, тоқсандағы) жоспарлық тапсырыстан орташа квадраттық ауытқуының өнімнің орташа тәуеліктік (орташа декадалық, орташа айлық, орташа тоқсандық) жоспарлық шығарылымына қатынасы түрінде анықталады:

Кв = ,

мұндағы ∆x2 – орташа декадалық тапсырыстан квадраттық ауытқу;

n – өзара қосылатын жоспарлық тапсырыстардың саны;

xж – график бойынша орташа декадалық тапсырыс.

Кәсіпорындағы өндірістің ырғақтылығын бағалау үшін әрбір күн (апта, декада) үшін жоспардан өнім шығарылымындағы оң және теріс ауытқулардың қоысндысы түрінде анықталатын бейырғақытылық көрсеткіші де есептелінеді. Неғұрлым кәсіпорынның ырғақтылығы төмен болса, соғұрлым оның бейырғақтылық көрсеткіші жоғары болады.

Наши рекомендации