Рылыстағы тасымалдауды қолдануды ұйымдастыру
Тасымалдау құрылыс өндірісінің жүйесінде маңызды орын алады. Тасымалдау құрылыс өндірісінің құрылыс объектісінің индустриясымен байланысты технологиялық звеноны, карьераны, құрылыстың базасын, сақтау орнын және құрылысты басқа да материалды- техникалық жағынан қамтамасыз етеді.
Құрылыстағы тасымалдаудың ролі құрылыс өндірісінде жоғарғы материал сыйымдылықпен, үздіксіз құрылыстық жүкті тасымалдаумен түсіндіріледі. Тасымалдаудың негізгі ролі құрылысты жинақтау кезінде артады.
Құрылыстық тәжірибеде барлық тасымалдаудың түрлерін қолданады. Тасымалдаудың түрлері: автомобильді, теміржолды, сумен, трактормен және ауалық.
Құрылыс жүктерін тасымалдау кезінде негізгі күш автомобильді тасымалдауға (80%-дан жоғары жеткізу), теміржолды және сулы (5% және 15%-ға дейін) түседі.
Тасымалдау құралын таңдау жеткізудің ұзақтығына, құрылыстық жүктің сипаттамасына, жергілікті жолдың және климаттық жағдайға байланысты таңдайды.
Теміржол тасымалы жоғары өнімділікті қамтиды. Ұзақ жолдық жүкті тасымалдау кезінде (50 км-ден жоғары) автомобильді жолға қарағанда қаржыны аз қажет етеді.
Сумен тасымалдау жоғарғы массалы жүктерді тасымалдағанда теміржол тасымалынан арзанға түседі және сумен тасымалдау кезінде жүкті қабылдау пунктері мен артып-түсіру құрамын есептеу қажет. Сонымен бірге сумен тасымалдау түрлі аймақтарда жұмыстың мерзімдік сипаттамасы болатынын ескеру қажет.
Құрылыстық жүктің маңыздылығын тасымалдаудың тиімді түрін техника-экономикалық көрсеткішсіз таңдау мүмкін емес.
Тасымалдау әдісі қалай классификацияланады?
Құрылыста тасымалдау салынған объектіге байланысты ішкі және сыртқы жақты тасымалдау болуы мүмкін.
Сыртқы тасымалдау жүкті жеткізушілерден құрылыс объектісіне әкелу және өңдеу аймағы қорына жеткізу жұмысының, құрылысты ұйымдастырудың қорлары болады.
Ішкі тасымалдау құрылыс алаңында материалды, конструкцияны және жартылай фабрикатты жұмыс орнына жеткізеді. Таңдалған әдіс құрылыстық құрылғы құрылыс ауданындағы тиімділігі мен құрылыс-монтаждау жұмыстар мен механизация құрамымен есептеледі. Сонымен бірге ішкі жүкті тасымалдау көлденең және тік болуы мүмкін.
Тік тасымалдау құрылыстық конструкцияны материалдар мен құрылғыларды түрлі крандардың көмегімен көтеруге, көтергіштермен, жүк тасымалдағыш лифтілермен жұмыс істеуге бағытталады.
Көлденең тасымалдау құрылыс алаңында жүкті складтан тасымалдау немесе бір жерден екінші жерге тасымалдау жұмыстарын атқарады.
Аралас жеткізу дегеніміз не?
Олар қандай жағдайда тиімді және жеңіл?
Құрылыста құрылыстық жүкті жеткізу қиын болатын аймақтарда аралас мерзім аралық кезеңде жүктер тұтынушылардан теміржолға немесе өзенді не теңіздік порттарға жеткізіліп және одан әрі қарай сумен белгіленген орынға апарылады. Мұндай аралас жеткізу қысқа мерзімде аз шығын шығару тек Батыс-Сібірлік мұнай-газды кешенді құрылыста жүзеге асырылады.
Теміржол тасымалының маңыздылығы неде?
Теміржолды тасымалдау қалыпты бүкпелі (1534-тен) және ұзын бүкпелі (600 немесе 750мм) болуы мүмкін.
Теміржол тасымалы қалыпты құрылыстық ауданда негізгі құрылыстық жүктің енді келіп түскен жүктемені әкелу кезінде жалпы қолдану жүйесінде қолданылады. Темір жолдың жылжымалы құралының құрылыстық жүкті тасымалдауға арналған вагондарының мынадай түрлері бар: цемент тасымалдағыштар, битум тасымалдағыштар, вагонды тасымалдар және де сусымалы жүктер үшін (шағыл құм, густель, гравий және т.б.), құрылыста жүкті тасымалдауға арналған вагон-хопперлер,сонымен бірге атмосфералық құбылыстардан қорғауды қажет ететін заттарға арналған (әк, цемент, гипс) вагондар. Темір жол тасымалындағы жеткізудің орташа қашықтықтары қазбалы емес материал үшін – 350км, цемент үшін – 700км, металл үшін – 1000км, орманды жүктер үшін – 1500км.
Қандай жағдайда су арқылы тасымалдау толықтай қолданылады?
Су арқылы тасымалдау құрылыс ұйымдастыруда өндірістік маңызды тасымалдаудың бірі болып табылады. Су арқылы тасымалдауда (ағашты қалыпты және трюмды жарыспалы су өзгерісінде 400 тоннаға дейін және металды – 500-1500тоннаға дейінгі) заттарды, қазбалы емес материалдарды, кірпішті, құймалы темірбетонды және цемент тасымалына қолданады.
Құрылыс алаңында белгіленген складтан жүкті тасымалдаудың қандай мүмкіндіктері болуы мүмкін?
Жеткізуді ұйымдастырудың және құрылыстық конструкцияны құрылыс алаңына жеткізудің мынадай ұйымдастыру түрлері болуы мүмкін:
· Деталдар құрылыс алаңының ортасында орналасады. Бұл жағдайда сақтау қоймаларынан жүк көлденең бағытта тасымалдануы мүмкін, бұл жағдайда көлденең жүретін машинаны таңдау қажет.
Бөлшектер тіркемелі құрамда құрылыстық алаңда орналасуы мүмкін. Құрылыс алаңында тиімді тасымалдауды ұйымдастыру үшін жұмыстың сипатын толықтай білу қажет.
Мамандандырылған автотранспорттық құралдар жүйесі.
Көп салмақты орташа және үлкен жүктерді тасымалдау үшін құрылыста жүк көтерілімділігі жоғары автомобильдерді қолданады. Тасылатын жүктің сипаттамасына және құрамына қарай әмбебап немесе арнайы автомобильді транспорт қолданылады. Арнайы құралдарды алмай тұрып жүктің реттілік қатары мен тасымалдануын белгілеу мүмкін емес. Мамандандыру құрылыста қолданылатын автотранспорттау тиімділігін арттырып,арту тиеу жұмыстарына және тасымалдаудың өзіндік құнын төмендетіп,конструкциялық сапасы мен құрамын өзгертпей сақтап белгіленген жерге жеткізу. Мамандандырылған автомобильдердің көпшілігі жартылай прицепті және толық прицепті, олар автомобиль күшін үнемдейді. АҒЖ автосамосвалды есептемегенде құрылыстың 20-25% қамтамасыз етеді қазіргі уақытта 10-12% Түрлі құрылыстық жұмыстардың түріне қарай бірнеше мамандандырылған арнайы машиналар қажет.
Автотранспорттық құралдардың есептік саны
Транспорттық құралдар шығынын анықтау үшін жылына 5млн тенге қажет деп есептеледі.Талаптардың орындалу көрсеткіштері арнайы нормативті құжатта кестеде көрсетілген.Бірінші территориялық белдеуде орналасқан құрылыс орындары үшін нормативтік көрсеткіш.1984 ж сметалық құжаттамада тұтынушылар санына байланысты анықталып,көрсетілген нормативтер кестесінде автомобильді принципке, шынжырлы және прицепті тракторға және де теміржолдың қозғалыстарына қойылатын талаптар анықталып көрсетілген.
ППР транспорт құралдарын келесі ретте орындайды: тасымалдау талаптарын ескереді, жүк тасымалының схемасыy құрады, жұмыстың күнтізбелік кезеңіне сәйкес жүкті әкелу мен әкетуді есептейді (ауысымға, тәулік, апта, ай және тағы басқа); транспорттың түрлерін таңдайды; транспорттық бірліктің өнімділігін анықтайды; Транспорттық құралдарға байланысты транспорттық график құрады және транспортқа тапсырыс береді. Құрылыста транспорт жұмысы тасымалдаудың көлемі мен қайта тасымалдаумен анықталады.
Тасымалдау көлемі бұл, тасымалданатын өлшемі тоннамен анықталатын жүктердің саны.
№29 дәріс
Тақырып.
ТАСҚЫНДЫ ҚҰРЫЛЫС