Телімнің және жол аралықтың өткізгіштік қабілеттілігі
4.1 «Б-В» біржолды телімі үшін өткізгіштік қабілеттіліктің есептемесі
«Б-B» бір жолды телімнің сұлбасын сызамыз және жекелеген бекеттердің атауларын, жүк пойыздарының телімдік жүріс уақытын енгіземіз. Бір жолды желілерде пойыздар жұбының ең көп жүріс уақытымен өтетін телім (тақ және жұп) немесе осы бағыттағы қос жолды желілердегі пойыздардың қарқынды қозғалысы күрделі аралық деп аталады. 7-суретте пойыздар жүрісінің уақытымен «Б-B» бір жолды телімнің сұлбасы көрсетілген.
«Б-В» бір жолды телім үшін күрделі телімді анықтаймыз.
Сурет 7 - Пойыздар жүрісінің уақыты мен «Б-B» бір жолды телімнің сұлбасы
Керегеннің периоды көп телім шектеуші телім деп аталады. «Б-В» бір жолды теліміндегі «и-к» күрделі телімі үшін шектеуші телімді анықтаймыз. Күрделі телім бойынша пойыздарды тасымалдаудың тиімді сұлбасын таңдаймыз, ол үшін тасымалдауға мүмкін болатын 4-сұлбаны қарастырамыз, әр сұлба үшін кереген периодын есептейміз. Кереген периоды ең үлкен сұлба тиімді болып саналады.
Пойыздарды күрделі аралық бойынша өткізу.
а) пойыздардың күрделі аралықтан жөнелтілуі:
Тпер.ик = t//х + τск + t/х + τск + 2∙tр, мин (4.1)
мұндағы tх/ және tх//– тақ және жұп бағыттар бойынша жүру уақыттары, мин;
τск– қиылысу интервалы, мин (3.1-кестеден алынады);
tр – екпіндеу уақыты: tр=1 мин.
Сурет 8 - Жүк пойыздарының күрделі телімде жүру сұлбасы (шектеуші телімнен пойыздар «тоқтамастан» өтеді)
б) пойыздардың күрделі аралыққа келуі:
Т пер.ик = t//х + τнп+ t/х + τнп + 2∙tр, мин (4.2)
мұндағы tх/ және tх//– тақ және жұп бағыттар бойынша жүру уақыттары, мин;
τнп - әртүрлі уақытта келу интервалы, мин (3.2-кестеден алынады);
tр– екпіндеу уақыты: tр =1 мин.
Сурет 9 - Күрделі телімнен жүк пойыздарының өту сұлбасы (шектеуші телімге пойыздар «тоқтамастан» келеді)
в) тақ пойыздар күрделі телім арқылы тоқтаусыз өткізіледі
Т пер.ик= t//х+ τнп +t/х + τск + tз + tр, мин (4.3)
мұндағы tх/ және tх//– тақ және жұп бағыттар бойынша жүру уақыттары, мин;
τнп – әртүрлі уақытта келу интервалы, мин;
τск – қиылысу интервалы, мин;
tз– баяулау уақыты: tз =1мин;
tр– екпіндеу уақыты: tр =1мин.
Сурет 10 – Күрделі телімнен тақ бағыт бойынша жүк пойыздарын өткізу сұлбасы (телімдерді шектейтін жұп пойыздар стансаларда аялдап жүреді, ал тақ пойыздар аялдаусыз өтеді)
г) жұп пойыздар күрделі телім арқылы тоқтаусыз өткізіледі
Т пер.ик= t//х + τск + t/х + τнп + tз + t р, мин (4.4)
Сурет 11 -Жұп бағыттағы жүк пойызын күрделі телімнен өткізу сұлбасы
(телімді шектейтін тақ пойыздар стансада аялдап жүреді, ал жұп пойыздар тоқтаусыз өтеді)
Күрделі телім бойынша орындалған есептеулерге сәйкес тиімді тасымалдау сұлбасын таңдаймыз.
Күрделі телімнен бастап бір жолды аралықтың барлық телімдері бойынша пойыздарды өткізу кезегін белгілейміз. Шектелген телімді анықтау үшін сұлбалық қарқынды кереген құрамыз. Таңдалған үздік сұлба бойынша сызу қиын телімнен басталады. Сызуға телім ені 1,5 см, кез-келген стансалық интервал 0,5 см, пойыз еңісі 45 градус деп аламыз.
Қарқынды кереген сұлбасы 12-суретте көрсетілген.
Сурет 12 - Қарқынды кереген сұлбасы
Бір жолды аралықтың әр телімі үшін период ұзақтығын (Тпер) анықтаймыз.
Тпер.Би = tх/+ τнп+ tх//+ τск+ tр+ 2tз , мин (4.5)
Тпер.ик = tр+ τск+ τск + tх/+ tх//+ tр , мин (4.6)
Тпер.кл = τнп + τнп+ tх/+ tх//+ 2tз , мин (4.7)
Тпер.лм = tх/ + τск + tх// + τск + 2tр, мин (4.8)
Тпер.мн = τнп + tх/ + τнп + tх// + 2tз , мин (4.9)
Тпер.нВ = tх/ + τск + tх// + τск + 2tр ,мин (4.10)
Параллельді кереген кезіндегі бір жолды аралықтың тақ бағыты үшін тасымалдау қабілеті келесі теңдікпен анықталады (әр аралық үшін жеке есептейміз):
, жұп пойыз (4.11)
мұндағы tтех – бір жолды телімдегі технологиялық «толаскездердің»
ұзақтығы: tтех= 60 мин;
1440 – тәуліктік уақыт көлемі, мин;
αн – техникалық құрылғылардың бір жол үшін беріктілік
коэффициенті αн – 0,96; қос жол үшін αн – 0,92;
Тпер –график периоды, мин;
k – алдағы пойыздар жұбының саны: k =1.
Параллель емес кереген кезіндегі жоларалықтың өткізгіштік қабілеттілігі келесі теңдікпен анықталады:
Nгр. = Nнал - εпас∙Nпас - εприг∙Nприг - (εсб-1)Nсб - (εуск-1)Nуск, жұп пойыз(4.12)
мұндағы Nнал – параллелді кереген кезіндегі телімнің өткізгіштік қабілеттілігі;
Nпас, Nприг, Nуск, Nсб –телімдегі жолаушы, қаламаңдық, құрама және
жылдамдатылған пойыздардың саны.
εпас, εприг, εсб, εуск - телімдегі жолаушы, қаламаңдық, құрама және
жылдамдатылған пойыздарды жинап алу коэффициенттері:
εпас = 1,1; εприг= 1,3 – 1,7; εсб = εуск =2,5).
Телімнің қажетті өткізгіштік қабілеттілігі:
Nпотр. = Nрд ∙ (1 + αгос), жұп пойыз (4.13)
мұндағы Nрд – аталған телімдегі қозғалыс шамасы (тапсырмадағы барлық
пойыз саны);
αгос – мемлекеттік қор: αгос = 0,2.
Барлық алынған есептемелерді 4.1-кестесіне енгіземіз.
Кесте 4.1 «Б-В» телімінің есептемелерінің қорытынды кестесі
Жоларалық-тар | Nнал | Nпас | εпас | Nсб | εсб | Nгр | Nрд | Nпотр | Nрез= Nгр-Nпотр |
Б – и | |||||||||
и - к | |||||||||
к - л | |||||||||
л - м | |||||||||
м – н | |||||||||
н - В |
«Б-В» бір жолды телімінің есептемелерінің қорытынды кестесіне сәйкес өткізгіштік қабілеттіліктің диаграммасы тұрғызылады. «Б-В» бір жолды телімінің өткізгіштік қабілеттілігінің диаграммасы 13-суретте келтірілген.
Сурет 13 - «Б–В» бір жолды телімінің өткізгіштік қабілеттілігінің диаграммасы
«Б-В» бір жолды телімінің диаграммасына сәйкес жоғарғы өткізгіштік қабілеттілікке ие «Б-и» жоларалығын таңдау.
4.2 Жартылай автоблоктаумен жабдықталған «А–Б» қос жолды телімінің өткізгіштік қабілеттілігінің есептемесі
«А–Б» қос жолды телімінің схемасын сызып, жекелеген бекеттердің атауы мен жүк пойыздарының ол жоларалықтарды жүріп өту уақыттарын жазамыз (тапсырмадағы 6-беріліс). 14-суретте пойыздардың жүріп өту уақыты қоса көрсетілген «А–Б» қос жолды телімінің схемасы берілген.
Сурет 14 - Пойыздардың жүріп өту уақыты қоса көрсетілген «А–Б» қос жолды телімінің схемасы
Тақ бағыт бойынша жүріс уақытының шамасы барынша ұзақ болып келетін күрделі жоларалықты анықтау.
Әр аралықтағы керегеннің периодын анықтаймыз:
T пер.А-б= t'x + τпс.скв. + tр, мин (4.14)
мұндағы t'x – тақ бағыттағы жоларалықты пойыздың жүріп өту уақыты, мин;
tp– екпіндеу уақыты: tp = 1 мин;
τпс.скв. – жолай тоқтаусыз өтетін өтпелі пойыздардың интервалы, мин.
(4.15) формуласына сәйкес б-в, в-г, г-д, д-е, е-ж, ж-з жоларалықтарының периоды есептеледі.
T пер.б-в= t'x + τпс. скв. , мин (4.15)
мұндағы τпс. скв. – жолай тоқтаусыз өтетін өтпелі пойыздардың интервалы, мин.
T пер.з-Б= t'x + τпс.ост. + tз, мин (4.16)
мұндағы τпс.ост. – аялдайтын пойыздардың жол бойындағы интервалы, мин.
Телімнің өткізгіштік қабілеттілігі дегеніміз барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған теміржол бекетінен белгілі бір уақыт аралығында өтетін пойыздардың жоғарғы шекті саны. Телімнің өткізгіштік қабілеттілігі келесі теңдікпен анықталады.
, жұп пойыз (4.17)
мұндағы tтех – қос жолды телімдегі технологиялық «толаскездің»
ұзақтығы: tтех =120 мин;
1440 – тәуліктік уақыт қоры, мин;
αн – сенімділік коэффициенті: αн =0,95;
Тпер – керегеннің периоды, мин;
k – алдағы пойыздар жұбының саны: k =1.
Параллелді емес кереген кезіндегі «А-б», «б-в», «в-г» жоларалығының өткізгіштік қабілеттілігі келесі теңдікпен есептеледі:
Nгр = Nнал – Nпас ∙ εпас – Nсб ∙ (εсб -1), жұп пойыз (4.18)
мұндағы Nпас, Nсб – телімдегі жолаушы және құрама пойыздардың саны;
εпас, εсб – жолаушы және құрама пойыздарды жинап алу коэффициенті:
εпас = 1,1; εсб = 2,5.
Осы телімдегі «г-д», «д-е», «е-ж», «ж-з», «з-Б» аралықтары үшін келесі теңдікпен анықталады:
Nгр = Nнал – Nпас ∙ εпас – Nприг ∙ εприг – Nсб ∙ (εсб – 1), жұп пойыз (4.19)
мұндағы Nпас ,Nприг, Nсб – жолаушы, қаламаңдық, құрама пойыздардың саны;
εпас, εприг, εсб – пойыздың жинақталу коэффициенттері.
«А-Б» телімінің қажетті өткізгіштік қабілеттілігін есептеу
Nпотр = Nрд ∙ (1 + αгос), жұп пойыз (4.20)
мұндағы Nрд – телімде жүретін пойыздардың жүріс шамасы (тапсырмадан);
αгос – мемлекеттік қор: αгос = 0,15.
Есептелген барлық шамаларды 4.2-кестесіне енгіземіз.
Кесте 4.2 Тақ бағыттағы «А-Б» телімінің есептемелерінің қорытынды кестесі
Жол-аралық | Тпер | Nнал | Nпас | εпас | Nприг | εприг | Nсб | εсб | Nгр | Nрд | Nпотр | Nрез= =Nгр-Nпотр |
А – б | ||||||||||||
б - в | ||||||||||||
в – г | ||||||||||||
г – д | ||||||||||||
д – е | ||||||||||||
е – ж | ||||||||||||
ж – з | ||||||||||||
з - Б |
Жұп бағыттағы өткізгіштік қабілеттілікті анықтаймыз.
Жұп бағыттағы ең көп жүріс уақыты бойынша күрделі аралықты есептейміз. Әрбір аралықтағы кереген периодын анықтаймыз.
T пер.А-б= t//х + τпс.скв. + tр, мин (4.21)
мұндағы t//x – жұп бағыттағы аралықты жүріп өтетін пойыздың
жүріс уақыты, мин;
tp және tз – екпіндеу мен баяулау уақыттары: tp = tз =1 мин;
τпс.скв. – жолай тоқтаусыз өтетін өтпелі пойыздардың интервалы, мин.
(4.22) - теңдігімен келесі б-в, в-г, г-д, д-е, е-ж, ж-з аралықтардың график периодын есептейміз.
T пер.б-в= t//х + τпс.скв., мин (4.22)
мұндағы τпс.скв. – жолай тоқтаусыз өтетін өтпелі пойыздардың интервалы, мин.
T пер.з-Ж= t//х + τпс.ост. + tз, мин (4.23)
мұндағы τпс.ост. – аялдайтын пойыздардың жол бойындағы интервалы, мин.
Параллельді графиктегі нақты өткізгіштік қабілеттілікті анықтау.
жұп пойыз (4.24)
мұндағы tтех - қос жолды телімдегі технологиялық «толаскездің»
ұзақтығы : tтех =120 мин;
1440 - берілген уақыттың тәуліктік қоры, мин;
αн - сенімділік коеффиценті: αн =0,95;
Тпер - кереген периоды, мин;
k – алдағы пойыздар жұбының саны: k =1.
«А-б», «б-в», «в-г» аралығындағы парллельді емес керегендегі өткізгіштік қабілетін келесі теңдік бойынша анықтаймыз:
Nгр = Nнал – Nпас ∙ εпас – Nсб ∙ (εсб -1), жұп пойыз (4.25)
мұндағы Nпас, Nсб – телімдегі жолаушы және құрама пойыздардың саны;
εпас, εсб – жүк пойыздардың жолаушы және құрама пойыздарымен
жинақталу коэффициенттері: εпас = 1,1; εсб = 2,5.
«г-д», «д-е», «е-ж», «ж-з», «з-Б» телімідері үшін өткізгіштік қабілеттілік келесі теңдікпен анықталады:
Nгр = Nнал – Nпас ∙ εпас – Nприг ∙ εприг – Nсб ∙ (εсб – 1), жұп пойыз (4.26)
мұндағы Nприг – қаламаңдық пойыздардың саны;
εприг – қаламаңдық пойыздың жинақталу коэффициенті: εприг=1,3-1,7.
«А-Б» теліміндегі қажетті өткізгіштік қабілеттілікті есептеу
Nпотр = Nрд ∙ (1 + αгос), жұп пойыз (4.27)
мұндағы Nрд – телімдегі пойыздар қозғалысының шамасы (тапсырмадан);
αгос – мемлекеттік қор: αгос = 0,15.
Барлық есептеулерді 4.3- кестесінде көрсетеміз
Кесте 4.3 Жұп бағытындағы «А-Б» телімінің жиынтық кестесі
Ара-лық | Тпер | Nнал | Nпас | εпас | Nприг | εприг | Nсб | εсб | Nгр | Nрд | Nпотр | Nрез= Nгр-Nпотр |
А – б | ||||||||||||
б - в | ||||||||||||
в – г | ||||||||||||
г – д | ||||||||||||
д – е | ||||||||||||
е – ж | ||||||||||||
ж – з | ||||||||||||
з - Б |
Өткізгіштік қабілеттіліктің диаграммасы 4.1 және 4.2 жинақтық кестесіне байланысты орындалады
4.3 Автоблоктаумен жабдықталған «Б-о» қос жолды жол аралықтың өткізгіштік қабілеттілігінің есептемесі
Автоблоктаумен жабдықталған телімде кереген периоды пойызаралық интервалға тең, яғни 3.6-теңдігіне сәйкес Тпер=J деп алынады.
«Б-о» аралығындағы пойыздардың орналасуының схемасы 15-суретте көрсетілген.
Сурет 15 - «Б-о» аралығындағы пойыздардың орналасуының схемасы
Тақ және жұп бағыт үшін параллельді керегендегі нақты өткізгіштік қабілеттілікті анықтау:
, жұп пойыз (4.28)
мұндағы tтех –технологиялық «толаскез» уақыты: tтех= 120 мин;
αн – құрылғылар жұмысының сенімділік коеффиценті: αн =0,95;
k – периодтағы пойыздар саны;
Тпер – кереген периоды, мин.
Парллельді керегендегі телімнің өткізгіштік қабілеттілігін есептейміз:
Nгр = Nнал – Nпас ∙ εпас – Nсб ∙ (εсб – 1), жұп пойыз (4.29)
мұндағы Nпас, Nсб – жоларалықтағы жолаушы және құрама пойыздардың саны;
εпас – жүк пойыздардың жолаушы пойыздарымен жинақталу: εпас = 2,0;
εсб –жүктік пойыздардың құрама пойыздарымен жинақталу
коэффициенті: εсб = 4,0.
«Б-о» телімінің қажетті өткізгіштік қабілеттілігін есептеу
Nпотр = Nрд ∙ (1 + αгос), жұп пойыз (4.30)
Барлық қабылданған есептеулерді 4.4-кестесіне қоямыз
Кесте 4.4 «Б-о» теліміндегі есептеудің жинақтық кестесі
Аралық | Т пер. | Nнал | Nпас | εпас | Nсб | εсб | Nгр | Nпотр | Nрд | Nрез |
«Б-о» тақ | ||||||||||
«Б-о» жұп |