Шығындарды минимизациялау

Өндіріс шығындары– бұл өндіріс ресурстарын пайдаланудың ақшалық сипаты, оның нәтижесінде өнім өндіріліп, сатылады.

Жалпы – тұрақты және ауыспалы шығындар сомасы,

Бухгалтерлік – өнімнің сатып алу бағасы бойынша белгілі бір мөлшерін дайындау үшін өндіріс факторларының нақты жұмсалуы.

Экономикалық – тауарды өндіру үшін таңдалған кез-келген ресурстың балама құны. Пайдаланудың барлық мүмкін варианттарынан ең ұтымдысын таңдағанда оның құны тепе-тең болады.

Сыртқы– бұл фирмамен берілген бұйымды шығару үшін өндірілмейтіннің барлығымен байланысты шығындар (жұмысшылар еңбекақысын төлеу, отын жинақтаушылары және т.б.)

Ішкі(өз кәсіпорнының немесе дүкеннің иесі өзіне айлық төлемейді, дүкен орналасқан үймерет үшін жалгерлік төлем алмайды; бірақ ол қалыпты табыс алып отырады)

Тұрақты – берілген уақыт кесіндісінде сомасы өндіріс көлемі мен құрылымына байланысты болмайтын шығындар,

Ауыспалы – бұл шығындардың жалпы көлемі өндіріс пен сатылымдардың көлеміне байланысты болады.

Шекті– фирма әр қосымша өнім бірлігін шығарғандағы қосымша шығындар.

Орташа– өнімді шығару бірлігіне есептегендегі жиынтық шығындар.

Айқын– аралық бұйымдарды және өндіріс факторларын жеткізушілеріне төленетін айқын ақшалай төлем қалпына келтірілетін балама шығындар

Балама – фирма меншігі болып табылатын қорларды қолдану шығындары. Бұл шығындар фирманың басқа ұйымдарға немесе тұлғаларға төлейтін төлемдеріне кірмейді.

Фирмақысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерде болуы мүмкін.

Егер фирмада ең болмаса бір тұрақты төленбеген міндеттеме қалса, ол қысқа мерзімді кезеңде деп есептеледі. Бұл кезеңде фирма істен шыға алмайды, бірақ өзін банкрот деп жариялауына болады.

Тұрақты шығындар бойынша соңғы міндеттемелер төленгенде, фирма ұзақ мерзімді кезеңде деп есептеледі. Бұл кезеңдегі фирма мүмкіндіктері:

- өз қызметін жалғастыру немесе тоқтату.

Фирмаегер оның өнімді сатудан түскен табыстары, фирманың жалпы шығындарынан басым болса,істе қалады.

Банкроттық – бұл пассивтердің активтерден басым болуына байланысты борышқордың, жеке кәсіпкердің, заңды тұлғаның өз несие берушілерінің талаптарын орындауға, салық төлемдерін төлеуге тұрақты қабілетсіздігі.

Пассивтер – бұл шаруашылық субъектінің несиелік берешектен, қарызға алынған және тартылған қаражаттарынан құралған міндеттемелері.

Активтер – бұл құрамына негізгі және айналымдағы қаражаттың барлығы енетін шаруашылық субъектінің мүлігі.

Банкрот – бұл дәрменсіздігі сот шешімімен дәлелденген борышқор.

Несие беруші – борышқорға мүліктік талаптары бар жеке немесе заңды тұлға.

Банкроттықтың салдары:

- мүлікті тізімдемелеу,

- оны сату,

- алынған сомадан қарыздарды төлеу.

Егер фирма сотпен банкрот деп жарияланса, онда:

- жою комиссиясы құрылады,

- фирма ешқандай өнім шығармайды,

- табыс алмайды,

- оның жалпы шығындары тұрақты шығындарға тең болады,

- фирма бұрын сатылған өнімнен түскен табыстар немесе фирма мүлкін сатудан түскен түсімдер есебінен өмір сүреді;

- барлық мүлік, шикізат, құрал-жабдық, дайын өнім сатылады;

- банкроттыққа уақыт қажет болады (бірнеше жылға дейін)

- фирма шығындарын мүмкіндігінше төмендетуге тырысады.

Пайда– бұл жалпы түсім мен жалпы шығын арасындағы айырмасы; табыс пен шығын арасындағы айырма:

Жалпы– белгілі кезеңде алынған табыс,

Таза – өнімдер мен қызметтерді сатудан түскен табыс пен барлық айқын және балама шығындар арасындағы айырма,

Экономикалық – жалпы табыс пен барлық шығындар арасындағы айырма,

Бухгалтерлік – фирманың жалпы табысы мен айқын шығындар арасындағы айырма.

пайда нормасы (Р)

пайда

Р = *100 %

авансталған капитал

Р =

Пайда массасы – бұл барлық қызмет түрлерінен алынған пайда сомасы.

Масштаб тиімділігі

- оң және

- теріс

болуы мүмкін.

Егер кәсіпорын көлемі ұлғайғанда, орташа шығындар азайса - оң болады.

Егер кәсіпорын көлемі ұлғайғанда, орташа шығындар көбейсе - теріс болады.

Мамандандыруды қолданып, басқарушылық шығындарды қысқарту мүмкіндігі,

ҒТП жетістіктерін кеңінен қолдану мүмкіндігі,

Қалдықтарды өндеу бойынша жанама өндірісті дамыту мүмкіндігі.

Өндірісті басқарудың бұзылу мүмкіндігі,

Жеке бөлімшелердің ара қатынасы тиімділігінің төмендеуі,

Икемділік жоғалады,

Құрылымдық бөлімшелер мүдделері фирма мүдделерімен сәйкес келмейді,

Ақпаратты тарату шығындары ұлғаяды.

Кәсіпорынның(фирманың)оңтайлы көлемі – бұл өнім бірлігіне жұмсалатын шығындар төмендеуі. Бұл төмендегілер есебіне жүзеге асады:

- мамандандыру,

- өндіру қабілеттілігі бұрынғыдан жоғары жабдықтарды пайдалану.

Өндіріс масштабынан алынатын үнемділіккетүрлі салалардатүрлі жолдармен қол жеткізіледі.

Өнімді сатудан түскен түсім көлемі тұрақты және ауыспалы шығындар сомасынан басым болғанда шығынсыздыққа қол жеткізіледі.

Шығынсыздық нүктесі – бұл фирманың барлық шығындарын өтеуді және нольдік пайда алуды қамтамасыз ететін фирма өндірісінің көлемі.Шығынсыздық нүктесі сол сияқты шекті түсімдеп аталады.

Шығынсыздықты талдау кезіндекалькуляция құрастырылады. Калькуляция– бұл тауар бірлігін өндіру мен сатуға жұмсалатын шығындарды есептеу.

Толық өзіндік құнын есептеу – бұл тауар (қызмет) бірлігін өндіру және сатумен байланысты барлық

шығындардың (тұрақты және ауыспалы) есептелуін

көздейтін әдіс.

Өтеу мөлшері бойынша -тауар (қызмет) бірлігін өндіру және сатумен байланысты тек

ауыспалы шығындардың есептелуін көздейді.

Өнім бірлігіне жұмсалатын ауыспалы шығындар құрамынамына шығындар кіреді:

- шикізат, отын, материал, электр қуаты,

- еңбек ақы,

- үстеме шығындар,

- өткізу шығындары.

Өнім бірлігіне жұмсалатын тұрақты шығындар құрамынамына шығындар кіреді:

- өндірістік,

- әкімшіліктік,

- өткізу.

Номинал– ақшамен бағаланатын жиынтық табыс мөлшері,

Жалпы– белгілі бір өнім түрін сатудан түскен жиынтық түсім,

Шекті– қосымша өнім бірлігін сатқаннан табыстың (түсім) өзгеруі;

Нақты – ақшалай (номинал) табысқа сатып алуға болатын тауарлар мен қызметтер сомасы,

Жиынтық– субъект белгілі бір уақыт кезеңінде (әдетте 1 жыл) еңбек етіп табатын немесе алатын ақша және басқа да құндылықтар (игіліктер) сомасы.

Бастапқы– өндіріс факторларының иелерімен алынатын табыс (еңбекақы, пайыз, рента, пайда).

Наши рекомендации