Аржылық бақылау: ұйымдастыру, түрлері мен әдістері

Қаржылық бақылау–қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу жəнеоларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшалық қызметжəне қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол басқарудыңқаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқарусияқты басқа элементтеріментығыз байланысты жəне бір мезгілде жүзеге асырылады.Қаржылық бақылаудың тиімділігі көп жағдайда оны ұтымды ұйымдастырумен, бақылаудың субъектілерін, олардың құқықтары мен міндеттерін айқын етіп анықтаумен, қаржылық бақылауды жүргізудің нысандарын жəне əдістерін дұрыс ұйымдастырумен анықталады. Жалпымемлекеттік қаржылық бақылауды мемлекеттік билік пен басқарудың мына органдары жүргізеді: Президенттің аппараты, Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкіметі, жергілікті өкілдікті органдар (депутаттардың жиналыстары),жергілікті əкімшілік органдары. Бақылаудың бұл түрін Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылатын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізеді.Жалпымемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдарға сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Ұлттық банкі жатады.Қаржылық бақылау əр түрлі əдістермен (тəсілдермен немесе амалдармен, оны жүзеге асырудың құралдарымен) жүргізіледі. Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай əдістеріпайдаланылады: тексеріс(барлыққұжаттарбойыншабарлықбөлімшелердіңқызметінтексеру),инспекция(кəсіпорынның қаржылық жай-күйін орнында дүркіндік тексеру), қадағалау(кəсіпорында қаржылық қаражаттардың жай-күйімен жалпы танысу), тексеру(құжаттаманы,есепке алуды жəне есептемені шоттық тексеру), қарап шығу,қаржы жоспарларының жобаларын, өтінімдерді, қаржылық-шаруашылықтыққызмет туралы есептерді қарау, баяндамаларды тыңдау, лауазымды адамдардыңақпараттарыжəне басқалары. Бұл əдістердің əрқайсысы аралық міндеттерді шешуге жағдай жасайтын тым көп жекеленген əдістерге бөлінеді. Мысалы, құжаттық тексерісте құжаттарды үстеме (ыңғайласпа) тексеру, ақшалай қаражаттар мен материалдық құндылықтарды түгендеу, сандық есепке алуды қалпына келтіру, бақылау мақсатында салыстыру жəне басқалары.Аталған жалпы əдістер түрлі объектілерге бақылау жүргізудің əдістемелерінде, ережелерінде нақтыланады. Алдын ала жəне ағымдағы бақылауды жүзеге асырудың негізгі əдісі көзбен шолып визуалды тексеру болып табылады. Мұндай тексерулерге актілер,анықтамалар жасалынбайды. Бүкіл іс тыйым салу жəне тоқтату туралы жазбаша немесе ауызша жарлық, бұйрық беруге саяды. Кейінгі қаржылық бақылау бірнеше əдіспен жүзеге асырылады. Оларға жататындары: тексеру, экономикалық талдау, тексеріс (ревизия). Тексеру шоттық немесе тақырыптық болуы мүмкін. Есептемені шоттық тексеру – бұл бухгалтерлік есептердің, баланстардың, салықтық есеп-қисаптардың ақиқаттығын тексеру. Тақырыптық тексеру – бұл бақылауға жататын объектінің шаруашылыққаржылық жұмысының жеке жақтары мен учаскелерін зерделеу, мысалы, жалақыдан ұстап қалудың дұрыстығын тексеру; шығындарды өнімнің өзіндік құнына жатқызудың дұрыстығын тексеру жəне т.б.Камералық тексеру жергілікті орынға шықпай-ақ жүзеге асырылады жəне шаруашылық органның құжаттық тексеруінен бұрын болады.Үстеме тексеру – тексеріліп отырған шаруашылық жүргізуші субъектінің əріптестерінде немесе клиенттерінде қаржылық-шаруашылықтық операциялардың нақтылы бейнелеп көрсетілуін тексеру арқылы бұл операциялардың растығын анықтау əдісі.Қаржылық бақылаудың өзіндік өзгешелігі– оның ақшалай нысанда жүзеге асырылатындығында. Оның объекті қаржылық ресурстарды, соның ішінде ұлттық шаруашылықтың барлық деңгейлері мен буындарында табыстар мен қорланымдарды қалыптастыру үдерістері, ақшалай қорларды жасау жəне пайдалану болып табылады.Алайда қаржылық бақылаудың объекті тек ақшалай қаражаттарды ғана тексерумен шектелмейді. Қаржылық бақылаудың іс-əрекеті ақшалай қатынастардың кең тобына таралады, өйткені қаржы басқа құндық категориялармен: еңбекке ақы төлеумен, өнімнің өзіндік құнымен, табыспен, пайдамен, өндірістік қорлармен (негізгі, айналым қорларымен), күрделі жұмсалымдармен, инвестициялармен тығыз байланысты.Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары өкілеттігі шегінде бақылаудың төмендегідей түрлерінжүзеге асырады:1) кешендік бақылау − бақылау объектілерінің нақты кезеңдегі қызметін барлық мəселелер бойынша тексеру жəне бағалау;2) тақырыптық бақылау − бақылау объектінің нақты кезеңдегі қызметін жекелеген мəселелер бойынша тексеру жəне бағалау;3) үстеме бақылау – тексеріліп отырған мəселе шеңберінде бақылаудың негізгі объектімен өзара қатынастар мəселелері бойынша ғана жүргізілетін үшінші тұлғалардың бақылауы;4) бірлескен бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау органдары басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізетін бақылауы.

Билет

Наши рекомендации