Жүзу бассейндеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
70. Бассейндер бөлек тұрған ғимараттарда, қоғамдық ғимараттарға жапсарлас салынған (немесе ішіне салынған) үй-жайларда орналастырылады. Бассейндер тұрғын ғимараттарда орналастырылған жағдайда қабатаралық жабындар будан, жылудан, ылғалдан және дыбыстан оқшаулауды қамтамасыз етеді.
71. Аквапарктер тұрғын, саябақ немесе рекреациялық аймақта оқшау тұрған аумақта орналастырылады.
72. Бассейн үй-жайларының құрамына: киім ілетін орны бар вестибюль, ерлер мен әйелдерге арналған шешіну-киіну орындары, себезгі бөлмелері, санитариялық тораптар, ваннасы бар зал, персоналға арналған тұрмыстық үй-жайлар, спорт мүкәммалын сақтауға арналған қоймалар, жинау мүкәммалын, жуу және дезинфекциялау құралдарын сақтауға арналған қоймалар, әкімшілік үй-жайлар, медициналық персоналға арналған кабинет кіреді.
73. Бассейн үй-жайларының ішін жоспарлау келушілер (шешіну-киіну орны-себезгі бөлмесі-бассейн ваннасы) қозғалысының реттілігін қамтамасыз
74. Бассейн ванналарының көлемі бассейнге келуші ересектер үшін бір адамға шаққанда кемінде 5 м2, балалар үшін кемінде 4 м2 болуы тиіс.
75. Шешіну-киіну орындары киім сақтауға арналған жеке шкафтармен және отыруға арналған орындықтармен жабдықталады.
76. Айналма жолдар, бассейн ваннасының қабырғалары мен түбі су өтпейтін материалдардан жасалады, ванна зал құрылысының ішкі беті ылғалға төзімді материалдардан жасалады. Айналма жолдардың бассейн ваннасының түбінің жабын материалдары оларды тазалау және дезинфекциялау мүмкіндігін қамтамасыз етеді, қолданылатын химиялық реагенттер мен дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді болады.
77. Себезгіден бассейн ваннасына дейінгі жүретін жолда ағынды сулы аяқ ванналар орналастырылады, олардың көлемі айналып өту мүмкіндігін болдырмайды. Бассейннің себезгі бөлмесінен айналып өту жолына тікелей шығатын жағдайда аяқ ваннасының болмауына жол беріледі.
78. Бассейн себезгілері өтпелі болуы және шешінетін орыннан айналма жолына баратын бағытта орналасады, кабиналармен, жеке араластырғыштармен, ыстық және суық су желісімен, гигиена заттарына, сүлгілер мен жөкелерге арналған құрылғылармен жабдықталады.
79. Судың ластанған жоғарғы қабатын тазарту суды ауыстырып құятын науалармен су бұру жүйелеріне жіберу арқылы жүргізіледі.
80. Теңіз суымен толтырылған бассейндер үшін су алу орнын таңдау, нөсерлі жаңбыр суынан және сарқынды судан, өзендерден, порттардан, айлақтар мен жағажайлардан шығатын ластанған су көздерінің әсерінен тыс жердегі теңіз учаскесінің санитариялық жағдайы және судың сапасы ескеріле отырып жүргізіледі.
81. Бассейндерде рециркуляциялық немесе су ауыстырудың ағынды жүйесі қолданылады немесе бір мезетте бассейнді дезинфекциялай отырып, күнтізбелік 7 күнде кемінде бір рет судың толық ауыстырылуы қамтамасыз етіледі. Теңіз суымен толтырылған бассейндерде рециркуляциялық жүйені пайдалануға жол берілмейді.
Спорттық-сауықтыру бассейндерінде су алмастырудың рециркуляциялық жүйесі, шағын бассейндерде (ванна көлемі 70 м аспаса) судың толассыз ағысы қолданылады.
82. Рециркуляциялық ауыстыру жағдайында бассейн жұмысының әрбір 8 сағатқа есептегенде кемінде 10 пайыз (бұдан әрі - %) су құбырының таза суын үздіксіз қоса отырып, су тазаланады және зарарсыздандырылады.
83. Суды тазалау, зарарсыздандыру және тарату құрылыстары жұмыстың тиімділігімен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Әрбір ванна өзінің реагенттерді автоматты түрде дозалауды және судың тұрақты температурасын қамтамасыз ететін су дайындау жүйесімен жабдықталады.
84. Ванналарға жіберілетін су зарарсыздандырылады (хлорлану, бромдалу, озондалу, ультракүлгінді сәулелендіру).
әдісі (ультракүлгінді сәулелендіру) қолданылады.
86. Ванналар оған жұмсалатын, рециркуляция жүйесіне түсетін, қосылатын таза су шығындарын есептейтін өлшеуіштермен, зерттеу үшін су сынамасын алуға арналған шүмектермен жабдықталады.
87. Ванна түбі су бұру желісінен төмен орналасқан жағдайда ваннаны босату сорғының көмегімен жүзеге асырылады.
88. Су бұру жүйесінен ванналарға су ағынының кері ағып келуіне жол берілмейді.
89. Жабық жүзу бассейндерінің негізгі үй-жайлары микроклиматының параметрлеріне қойылатын талаптар осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшада белгіленген.
90. Бассейн ванналарының залдары, дайындық сабақтарына арналған залдар, хлорлау немесе озондау үй-жайлары сору және сыртқа тарату желдеткішінің жеке жүйелерімен жабдықталады.
91. Жүзушілердің тыныс алу аймағындағы ауадағы бос хлордың шоғырлануы бір текше метрге 0,1 миллиграммнан (бұдан әрі - мг/м3), озон - 0,16 мг/м3 аспауы тиіс.
92. Ваннасы бар бассейн залы табиғи жарықтандырылумен қамтамасыз етіледі. Жарық ойықтарының көлемі су үсті көлемін қоса алғандағы бассейн үй-жайлары көлемінің 20 %-нан кем болмайды. Жарық ойықтарының басым бөлігі фрамугалармен немесе желкөздермен жабдықталады.
93. Су бетінің неғұрлым аз жарықтандырылуы 100 люкс (бұдан әрі - лк), суға секіру бассейндерінде - 150 лк., су добы үшін 200 лк. құрайды. Барлық бассейндерде іске қосылған жарықтандырудан басқа су бетін 5 лк. кем емес жарықтандыруды қамтамасыз ететін автономды авариялық жарықтандыру көзделеді.
94. Күрделі және ағымдағы жөндеулер, инженерлік жабдықтарды ауыстыру, суды ағызу және ваннаға жаңа су толтыру олардың санитариялық-техникалық күйіне, зертханалық бақылау нәтижелеріне және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің ұйғарымдарына (қаулыларына) байланысты жүргізіледі.
95. Реагенттер, сумен жанасатын материалдар сапасы мен қауіпсіздігі жөніндегі құжаттары болғанда қолданылады.
96. Маусымдық бассейндерде су құбырынан келетін су болмаған жағдайда жер үсті немесе жер асты көздерінің суын, оны күн сайын ауыстырып отырған жағдайда, қолдануға жол беріледі.
97. Ванна суды ауыстырып құятын науалардың ернеуіне дейін толтырылады, ол толық толтырылмаған жағдайда қолдануға жол берілмейді.
98. Залда шу деңгейі 60 децибелден (бұдан әрі - дБА) аспауы керек, сабақтар өткізу және жарыстар уақытында тиісінше 82 дБА және 110 дБА-ға дейін.
99. Әрбір жүзу сабағы өтер алдында объектінің немесе шаруашылық орындарындағы температура мен салыстырмалы ауа ылғалдылығы, бассейн суының температурасы мен ванна суындағы дезинфекциялау құралдарының қалдық шоғырлануы көрсеткіштеріне бақылау жүргізеді.
100. Бассейн ваннасын дезинфекциялау су ағызылғаннан кейін және дезинфекциялау құралдарымен екі рет шаю әдісімен ваннаны механикалық тазалау арқылы жүргізіледі. Активті хлор ерітіндісін шаю, оны жаққаннан кейін бір сағат өткен соң, жылы сумен жүргізіледі.
101. Бассейннің рециркуляциялық үлгідегі ваннасын дезинфекциялау күнтізбелік 7 күнде кемінде бір рет жүргізіледі.
102. Бассейннің рециркуляциялық үлгідегі ваннасын зарарсыздандыру кезінде судың 1 адамға шаққандағы шығыны:
1) суды хлорлау және бромдау кезінде – сағатына 2 текше метрден (бұдан әрі – м3/с) кем емес;
2) суды ультракүлгін сәулемен өңдегенде – кемінде 1,8 м3/с;
3) суды озондағанда – кемінде 1,6 м3/с.
103. Бассейннің ағынды үлгідегі ваннасындағы бір сағаттық су шығыны жүзуге үйрету ваннасының көлемінің кемінде 20–25 %-ын, қалған жағдайда ванна көлемінің кемінде 15 %-ын құрайды.
104. Бассейнді пайдалану үзілісі ұзақ болған кезде (6 және одан да астам сағат) бассейн ванналарының суындағы дезинфекциялау құралдары бос хлордың қалдық шоғырлануынан текше дециметрге 1,5 миллиграммен (бұдан әрі – мг/дм3)) қамтамасыз етіледі.
105. Бассейн суы сапасының көрсеткіштері осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген деңгейлерден аспайды.
Суды ас тұзы электролизімен алынатын натрий гипохлоритімен зарарсыздандырған кезде бассейн ваннасындағы хлоридтердің 700 мг/дм3 дейінгі құрамына жол беріледі.
106. Бассейннің үй-жайлары мен ванналарын күн сайын жинау жұмыс күнінің соңында, қажет болған жағдайда, ауысым арасындағы үзіліс кезінде жүргізіледі. Үй-жайларды жинаумен қоса айналма жолдарды, еденді, орындықтарды, кілемшелерді, есік тұтқаларын, тұтқаларды және басқаларды дезинфекциялау жүзеге асырылады.
107. Бассейндердің үй-жайлары мен ванналарды күрделі жинау айына бір реттен сиретпей жүргізіледі.
108. Бассейнде жүзумен айналысатын адамдар шомылатын киім (плавки, купальник), ылғалға төзімді материалдан жасалған ауыстырылатын аяқ киім, сүлгі, денесін жууға арналған жуғыш заттар, губка (жөке), резеңке бас киімді (бассейн ванналарының суын шашпен ластауды болдырмау үшін) пайдаланады, бассейн залына шығу алдында себезгі (шомылуға арналған киімсіз) қабылдайды.
109. Өндірістік бақылау жүргізудің ұсынылатын жиілігі осы Санитариялық қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Бассейн суының сапасына өндірістік бақылауды бассейннің өндірістік
110. Су сынамалары екі нүктеден - бассейн ванналарының судың бетінен 25-30 см терең және тайыз тереңдіктегі бөлігінен алынады.
111. Өндірістік зертханалық бақылау тәртібінде жүргізілген талдаулардың нәтижелері қанағаттанарлықсыз болған жағдайда, ақпарат 24 сағат ішінде міндетті түрде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне жіберіледі.
Бассейн жабылады, бассейннің қалыбы шайылады және дезинфекцияланады, күрделі жинау, қажет болған жағдайда қосымша микробиологиялық және паразитологиялық зерттеулер жүргізіледі.