Пәнді оқытудың міндеттері. Студенттерде келесілер бойынша білім қалыптастыру керек:
Студенттерде келесілер бойынша білім қалыптастыру керек:
· дәрілік заттар айналымындағы субъектілердің жұмысын ұйымдастыру принциптерімен;
· дәрілік заттар айналымындағы субъектілердің қызметін басқарумен.
Студенттерде келесілер бойынша практикалық дағдылар қалыптастыру керек:
· тұрғындарға және ұйымдарға дәрілік заттарды бөлшек және көтерме саудада босатуды ұйымдастыру және жүзеге асыру туралы (сатып алу, бөлу, сату және сақтау);
· ақпаратты-аналитикалық қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру туралы.
Студенттерде келесілер бойынша коммуникативтік дағдалар қалыптастыру керек:
· тиімді және қауіпсіз дәрілік заттар мен дәріхана ассортиментіндегі тауарларды таңдау, оларды сақтау, қолдану, сатып алу тәртібі туралы мәселелер бойынша азаматтарға және медициналық қызметкерлерге ғылыми-кеңестік қызмет көрсетуге.
Студенттерде келесілер бойынша құқықтық дағдылар қалыптастыру керек:
· дәрілік заттарды дайындауды ұйымдастыру ережелерімен;
· дәрілік заттардың сапасын бақылауды жүргізу және өткізу принциптерімен;
· тұтынушылардың әртүрлі типтерін тек дәрілік препараттармен ғана емес, басқа да тауарлармен және де қызмет түрлерімен сапалы қамтамасыз ету тәртібімен.
Оқытудың қорытынды нәтижелері
Студенттерде келесілер бойынша білім қалыптастыру керек:
· ҚР тұрғындарын дәрімен қамтамасыз етуді басқару жүйесінің құрылымын;
· ҚР-ғы дәрілік саясаттың құқықтық негізін регламенттейтін нормативті-заңдылық құжаттарын;
· фармацевтикалық қызметті ұйымдастырудың құқықтық және заңдылық негіздерін;
· фармацевтикалық қызметті лицензиялау тәртібін;
· фармацевтикалық ұйымдар мен кәсіпорындар қызметінің ұйымдастыру-экономикалық аспектілерін;
· рецептерді қабылдау және дәрілерді босату бойынша жұмысты ұйымдастыру тәртібін;
· дәрілерді дайындау және сапасын дәріхана ішілік бақылауды ұйымдастыру ережелерін;
· дәрілерді рәсімдеу және босату бойынша жұмысты ұйымдастыру принциптерін;
· стационардағы науқастарды дәрімен қамтамасыз ету негіздерін;
· дәрілік препараттарға сұранысты зерттеу және қажеттілікті анықтаудың негізгі принциптерін;
· фармацевтикалық қызметтің көтерме буыны ретіндегі дәріханалық қойманың жұмыс істеу принциптерін;
· дәрілердің сапасын бақылаудың мемлекеттік жүйесін;
· Қазақстан Республикасындағы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру негіздерін;
· фармацевтикалық этика және деонтология негіздерін.
Студенттерде келесілер бойынша практикалық дағдылар қалыптастыру керек:
· дәріханалық ұйымдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыруды, жоспарлауды және талдауды;
· дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға қажеттілікті анықтауды;
· заман талабына сай технологиялық процестер мен аппараттарды қолдану арқылы дәрілік қалыптарды дайындауды;
· дәрілік заттар туралы дәрігерлерге ақпарат беру және оларға дәрілік заттарды тиімді пайдалану туралы кеңес беруді;
· дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек және көтерме сатуды жүзеге асыруды;
· дәріханалық пункттің жұмысын ұйымдастыруды;
· дәріхана ұйымдарындағы тауарлық-материалды құндылықтардың түгелдігін қамтамасыз етуді.
Студенттерде келесілер бойынша құқықтық дағдалар қалыптастыру керек:
· әртүрлі меншік формасындағы дәріхана мекемелерінің және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру;
· дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды дұрыс сақтауды ұйымдастыру;
· нормативті-құқықтық, жетекші, анықтамалық ғылыми құжаттармен жұмыс істеу.
Пәннің пререквизиттері: экономикалық теория негіздері, медициналық генетика негіздерімен молекулалы биология, микробиология, информатика, органикалық химия, физикалық және коллоидты химия, аналитикалық химия.
Пәннің постреквизиттер: дәрілер технологиясы, фармакология, фармацевтикалық гигиена негіздері, фармацевтикалық химия, медициналық және фармацевтикалық тауартану, фармакотерапия, фармакогнозия.