Німді және сапа жүйесін сертификаттау
Сапаны бағалаудың көптеген формаларының ең негізгісі сертификаттау болып табылады. Сертификаттау латын тілінен аударғанда «дұрыс жасалған» деген мағынаны береді. Ол сертификатталатын өнімге сынау жүргізу және өндіріс шарттарын бағалау, осы үрдістердің орындалуын бақылау және тәуелсіз орган тарапынан өнім сапасын қадағалауға негізделінген. Осы барлық операциялардың үйлесуі тұтынушы үшін маңызды кез келген өнім сипаттамаларын нормативті құжаттамаларда белгілеу мен бақылауға мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде сертификаттау олардың орнатылған талаптарға қатаң сәйкестігінің сенімді кепілі ғана емес, осындай сәйкестік туралы сенімді ақпарат көзі ғана емес, сонымен қатар өнім сапасын тиімді жоғарылату құралы мен стимулы ретінде қызмет етеді.
Сапаны басқару дегеніміз - экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық және басқа да іс-шараларды өткізу, тауардың өмірлік циклының барлық кезеңінде өндірістің жоғарғы сапасымен қамтамасыз ету [10].
Сапаны басқару принциптерін қарастыру кезінде басқару функцияларының мынадай құрамы анықталды: қоршаған ортамен әрекеттесу, сапа саясаты мен жоспарлау, персоналды оқыту және ынталандыру, сапа бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, сапаны бақылау, сапа туралы ақпарат, іс – шараларды жасап дайындау, шешімдер қабылдау, іс – шараларды іске ендіру. Бұл кезде, бұрын айтқанымыздай, бұл функциялардың бір бөлігі сапаны әкімшілік басқаруға (quality management), ал келесі бөлігі шапшаң басқаруға (quality control) жатады. Бұл барлық функциялар сапа ілмегі түрінде өзара байланысқан және кәсіпорын шеңберінде сапаны басқару процесінің жиынтығы болып табылады.
Кәсіпорын қызметтері ойдағыдай жүргізілуі жалғыз ғана ішкі факторларға байланысты емес. Кәсіпорын ашық жүйе, сондықтан оның жетістігі қоршаған ортаның тұрақты өзгеруін қаншалықты ескеретіндігіне, оған өзінің ішкі құрылымын және басқару әдістерін бейімдеуіне де байланысты. Бұл проблеманы шешуге ішкі және сыртқы факторлар ескерілетін менеджментте белгілі басқаруға жағдайлық (ситуациялық) ыңғай көмектеседі. Басқару ғылымына сәйкес жетістіктерге жету үшін мұндай ыңғайды (процестік, кешенді және басқа да белгілі ыңғайлармен қатар) сапаны басқару кезінде толық пайдалану қажет.
Нарықтық экономикада сапа мәселесі экономикалық, әлеуметтік, және экологиялық қауіпсіздік өмір сүру деңгейін жоғарылатудың маңыздыболып табылады. Сапа - стратегияны әзірлеу, өндірісті ұымдастыру, маркетинг және т.б. әрекеттерінің барлық жағын тиімділігін сипаттайтын комплексті түсінік. Сапа жүйесінің маңызды құраушысы өнім болып табылады. Сапаға халықаралық деңгейдегі талаптар 9000 сериялы ИСО стандарттарымен анықталған. Бұл стандарттар өндірістік процестерге, басқару саласына тікелей басып кірді және сапаны қамтамасыз ету жүйелеріне нақты талаптар орнатты. Олар сапа жүйелерін сертификаттауға бастама болды. Менеджменттің дербес бағыты – сапа менеджменті пайда болды. Сапаны қазіргі заманғы басқару сапа басқару бойынша әрекет тиімді болумүмкін емес, бұл әрекет өнімді өндіру процесінде іске асырылуы тиіс. Сапа көптеген кездейсоқ, жергілікті және субъективті факторлар әсерінен анықталады. Бұл факторлардың сапа деңгейіне әсерін алдын алу үшін сапаны басқару жүйесі қажет. Сонымен қатар, жеке бөлшектенген және эпизодты әрекеттер емес, сәйкес сапа деңгейін қамтамасыз ету мақсатымен өнімді өндіру процесіне тұрақты әсер ету шараларының жиынтығы қажет.
Үрдістік келісімге негізделген сапа жүйесін құру кезінде ИСО 9000:2000 сериялы стандарттары маңызды болып табылады.
Үрдістік келісіммен тұрақты жетілдіруге бейімделуі арнайы дайындықты ғана емес, сонымен бірге ұйымның ағымдық жұмысының жақсы ұйымдастырылғандығын да талап етеді. өндірістік процестің жеке өлшенетін элементтерін (мысалы, тасымалдау, сақтау, және т.б.) ерекшелеу тіркеу және бақылау жүйесінде қатаң өзгертулерді ғана емес, сонымен қатар ұйымның басқару құрылымында белгілі түзетулерді талап етеді. Соңдықтан, кәсіпорынның халықаралық стандарттардың жаңа концепциясына өту кезінде ұзақ дайындықты талап етеді. Өнім сапасын басқарудың бірнеше категориялары бар [11].
Өнім сапасын басқарудың категорияларына мыналар жатады:
· басқару субъектісі – басқарудың басқарушы органы, өнімнің техникалық деңгейі мен сапасына жетуді қамтамасыз ететн қызыметкерлер;
· басқару объектісі – өнімнің техникалық деңгейі мен сапасы;
· басқару мақсаты – өнім сапасының жоспарланатын жағыдайы;
· басқару критерилері – өнімнің белгіленген сапасын алу бойынша басқару мақсатын жету деңгейін сипаттайтын көрсеткіш;
· басқарудың арнайы функциялары – өнім сапасын басқару мақсаттарымен және басқару субъектісі мен объектісі сипаттамаларымен, халықшарушылығын, салаларды, бірлестіктерді, кәсіпорындарды басқарудың жалпы немесе нақты функцияларына қатынасу белгілері бойынша топталған өнім сапасын басқару міндеттері жиынтығымен анықталатын басқарушы әсерлер мазмұны;
· басқару әдістері – алдына қойылған мақсаттарға жету мүддесінде өнім сапасы және техникалық деңгейі көрсеткіштеріне әсер етуді басқару әдістері;
· басқару құралдары – өз функцияларын атқару үшін басқару органдары пайдаланатын құралдар (ЭЕМ, ұйымдастыру техникалары, нормативті техникалық құжаттар және т.б);
· басқару қарым-қатынастары – өнім сапасын басқару функцияларын жүргізу процесінде туындайтын адамдар мен ұжымдар арасындағы қарым-қатынастар;
· басқару шешімдері – өнімнің техникалық деңгейі мен сапасын арттыру мақсатына жету үшін іс-шаралар жүргізуге бағытталған жетік басшының немесе басқарудың алқа органының шешімі;
· сапа бойынша үшінші жақтың, яғни сертификаттау органының кепілдемесінің болуы.
Фосфор немесе фосфор өнімдерін сертификаттау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесі (ҚР МСЖ) құзырында жүзеге асырылады.
ҚР МСЖ жұмыстарын басқаруды стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша атқарушы орган жүзеге асырады, ол Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталады.
ҚР МСЖ негізгі мақсаттары болып келесілер есептеледі:
- фосфор немесе фосфор өнімдерінің, процестердің, жұмыстардың, қызметтердің адамдардың денсаулығы және өмірі, азаматтар мүліктері және қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- фосфор немесе фосфор өнімдерінің сапалары сұрақтары бойынша тұтынушылар қызығушылықтарын қорғау;
- саудадағы техникалық барьерлерді аластату, ішкі және сыртқы саудаларда өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының бірыңғай тауарлық нарығында заңды және физикалық тұлғалар іскерліктері үшін, сонымен қатар халықаралық экономикалықү, ғылыми - техникалық іскерліктерде және халыаралық саудаларға қатысуы үшін қажетті шарттарды құру.
Қазақстан Республикасы аумағында фосфор немесе фосфор өнімдерін сертификаттау ерікті және міндетті сипатта болуы мүмкін. Міндетті растауда фосфор немесе фосфор өнімдерінің адам өміріне және денсаулығына қауіпсіздігін, олардың мүлігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін техникалық регламенттердің, нақты стандарттарын және басқа да нормативті құжаттардың міндетті талаптарын сәйкестігі расталады.
Міндетті сертификатттауға жататын фосфор немесе фосфор өнімдерінің тізбесін және фосфор немесе фосфор өнімдерінің сәйкестігін, сәйкестік деклорациясы арқылы растайтын тізбелі Қазақстан Республикасының үкіметі бекітеді.
Ерікті сертификаттауда фосфор немесе фосфор өнімдерінің сәйкестігі стандарттарға немесе басқада өтінуші таңдаған нормативті құжаттарға, және де өтінішінің арнайы талаптарына сәйкестігін растайды. Шетелден әкелінген фосфор немесе фосфор өнімдерін сертификаттауды сертификациялық сынау арқылы немесе берілген құжаттарына сәйкестік өтінішін қарау немесе ПМГ - 36, ҚР СТ 3.9 және стандарт талаптарына сай шетел сертификатын тану арқылы жүргізіледі. Республика да танымға жататын сәйкестік сертификаты болмаған жағдайларда фосфор немесе фосфор өнімдерінің үлгісін Қазақстан Республикасының әрекеттік техникалық регламенттерінде немесе нормативті құжаттарында бекітілген қауіпсіздік көрсеткіштеріне сәйкес сертификатциялық сынақ жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Өтінілген немесе соған ұқсас өнімге республикадағы нормативтік құжаттың болмаған жағдайында фосфор немесе фосфор өнімдерін жіберетін ел (фирма) өтініш ұсынған нормативті құжаттарына сәйкес жүргізеді.
Фосфор немесе фосфор өнімдерінің сәйкестігін растауды тіркеу саласына сәйкес сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар, ал олар жоқ болса өкілетті орган берген сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге біржолғы рұқсат бойынша құзыретті мекемелер жүргізіледі..
Қазақстан Республикасының МСЖ аясында сертификаттау сынақтарын өткізуге тек аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары), өнімді сертификаттау кезінде қолданылатын нормативті құжаттарда көрсетілген сынақтардың өз аккредитациясы аясында ғана өткізе алады. Сертификаттау кезінде аккредиттелген сынақ зертханалары жоқ болған жағдайда өкілетті ұйым аккредиттелмеген, бірақ сынақтың объективті нәтижесін бере алатын сынақ зертханасында өткізуге біржолғы рұқсаты бойынша өткізіледі.
Өтінуші сәйкестікті растауға шығатын барлық шығынды оның нәтижесіне қарамай сертификаттау ұйымы мен сынақ зертханалары мен отырған келісім бойынша түгел төлейді. Келісім тек сертификаттау ұйымымен ғана жасалуы мүмкін, бұл жағдайда өнімнің сәйкестігін жүргізуде қатынасушылармен есепті өзі айырысады.
Фосфор немесе фосфор өнімдерінің сәйкестігін растау жұмыстарына төлемақы төлеу тәртібі ҚР СТ 50.3.01 тәртібінде бекітілген.
Стандартың негізінде сертификаттау ұйымдары фосфор немесе фосфор өнімдеріне сертификаттауды жүргізудің нақты процедураларын бекітітін (егер олар бұрын әзірленбеген болса) арнайы тәртіптерді, Қазақстан Республикасының МСЖ [1], [2] аккредиттеу куәлігі бойынша және стандарт талаптарын сай әзірлейді.
фосфор немесе фосфор өнімдерін сертификттау арқылы сәйкестігін растауды жүргізу реті былай:
Қазақстан Республикасының МСЖ өнімді сертификаттау жұмыстарын жүргізуді мына реттермен көздейді:
- сертификаттау ұйымына өтініш беру (сәйкестік өтінішін) және оны қарау;
- өтініш (сәйкестік өтінішін) қарау, сертификаттау үлгілерін таңдау нәтижелері бойынша шешім қабылдау;
- өтініуші мен сертификаттау ұйымының арасында сертификаттау жұмыстарын жүргізу туралы келісімге отыру;
- өтінілген өнімді ұқсастыру, үлгі іріктеу және оны сынақ зертханаларын жүргізу туралы келісімге отыру;
- өтінілген өнімді ұқсастыру үлгі іріктеу және оны сынақ зертханаларына жіберу;
- Өтінілген өнімнің үлгілерін сертификаттау сынақтарын жүргізу және де басқа да сертификаттау үлгілері бойынша жұмыстарды жүргізу;
- Сынақ нәтижесін талдау немесе сәйкестік өтініші бойынша берілген құжаттарды қарау;
- сәйкестік сертификатын беру мүмкіншілігін беру туралы шешім қабылдау;
- сертификатты Қазақстан Республикасының МСЖ мемлекеттік тізіміне тіркеу және оны өтінушіге беру, сәйкестік белгісімен өнімді таңбалау (егер ол сертификаттау үлгісі бойынша көзделген бойынша) құқығын беру;
- фосфор немесе фосфор өнімдерінің сертификатталған сипаттарының тұрақтыығына және сапа менеджмент жүйесінің жүзеге асуына (егер ол сертификаттау үлгісі көзделген болса) инспекциялық бақылау жүргізу;
- фосфор немесе фосфор өнімдерін сертификаттау туралы ақпарат беру;
Өтініш беру және оны қарау
Фосфор немесе фосфор өнімдерін сертификаттауды өтушінің аккредиттеу аясына осы фосфор немесе фосфор өнімдері кіретін сертификаттау ұйымына берген өтініші негізінде жүргізіледі.
Өтініш сертификаттау үйымымен бірлесе отырып фосфор немесе фосфор өнімдерін сертификаттау үшін сертификаттау үлгісін таңдайды.
Фосфор немесе фосфор өнімдерін сертификаттайтын бірнеше үйым болған жағдайда өтінуші өз өтінішін оның кез-келгеніне жіберуі мүмкін.
Сертификаттау ұйымы, өтініш алынған және және тіркелген күннен бастап 2 апта ішінде, өтінушіге өтінішті қарау негізінде шығарылған шешімді және өтінілген фосфор немесе фосфор өнімдерін сертификаттау жұмыстарын жүргізуге арналған 2 дана келісімді жібереді.
Шағын кәсіпкер субъектері үшін бұл жұмыс бір апта ішінде жүргізілуі тиіс.
Өтініш бойынша қабылданған шешімде сертификаттаудың негізгі жағдайлары көрсетіледі: ұсынылған сертификаттау үлгісі сынақ зертханасы сертификатталған өнімге өткізілетін инспекциялық бақылау.
Өтініш бойынша қабылданған шешімнің көшірмесін қаптаманы сертификаттауға қатысушыларға жібереді.
Өтінішті қанағаттандырылмаған жағдайда сертификаттау ұйымы өтініш бойын шешімімен бірге нақты негіздегі бас тарту мен бірге оны меншікті қүжаттарын қайырады.
Өтінуші фосфор немесе фосфор өнімдерін сертификаттау жұмыстарын жүргізуге келіскен жағдайда, ол сертификаттау ұйымына өзі қол қойған келісімнің бір данасын және осы келісімде көрсетілген шамадағы алдын-ала төлем ақысын сертификаттау ұйымының есепшотына жіберілген туралы құжат көшірмесіне бірге жібереді.
Сонымен бірге өтінуші, қажетіне орай, сертификаттау ұйымымен өтінілген өнімнің үлгісін іріктеу мерзімін келіседі.
Үлгіні іріктеу және өнімді ұқсастыру.
Өтінілген қаптаманың үлгіні сертификаттау ұйымы іріктейді.
Қажетіне орай сертификаттау ұйымы үлгі іріктеуді аккредиттелген сынақ зертханасына жүктеуі мүмкін.
Сертификаттау ұйымы үлгі іріктеуді өтінушінің өзінеде жүктеуі мүмкін. Бұл жағдайда өтінуші бұйрығымен тағайындалған үш адамнан кем емес түратын тәуелсіз ұйымдардың өкілдерінің құралған білікті коммиссия үлгіні іріктейді. Комиссия мүшелерінің жұмыс төлемінің өтінуші төлейді.
Іріктелетін үлгі саны оны іріктеу әдістері, ұқсастыру және сақтау өтінілетін өнімнің нормативті құжаттарында көрсетілген талаптарына сәйкес болуы тиіс. Бұндай нормативтік құжат жоқ болғанда немесе олардың талаптары жетімсіз болғанда, үлгіні сертификатту ұйымы қабылдаған әдістерге немесе басқа құжаттарға сәйкес іріктейді. Іріктелетін үлгінің конструкциясы, құрамы және өндіру технологиясы тұтынушыға (тапсырушыға) жіберілетін, өтінілген өніммен бірдей болуы тиіс.
ҚР СТ 1014 талаптарына сәйкес қажетті түріне ұқсастырылған, іріктелген үлгіні іріктеген адамдардың (комиссияның) көз алдында қапталады және пломбыланады (егер оның қажеттілігі немесе мүмкіншілігі болса). Содан соң іріктеу актісі және құрамы мен мазмүны сертификаттау ұйымы бекіткен техникалық құжаттың есептелген данасымен бірге стандарттау үйымы анықтағанаккредиттелген зертханаға орталыққы жіберіледі. Өнімді сертификаттау кезінде қолданыладын үлгілеімен іс істеуді ҚР ЕР 50.3.19 жағдайларын басшылыққа алу қажет.
Сертификаттау мақсатында сынау жүргізу
Сынақ зертханасы өтінілген фосфор немесе фосфор өнімдеріне сынақты сертификаттау ұйымымен сынау әдістерін бекіткен нормативті құжат көрсеткен мерзім ішінде жүргізуі тиіс. Ең болмаса көрсеткіштерідң бірінен сынаулардың жағымсыз нәтижелерінде фосфор немесе фосфор өнімдерін сертификаттау мақсаты мен сынаулар тоқтатылады.
Хаттама ретінде дайындалған сынақ зертханасы сертификаттау ұйымына жібереді
Сынақтың теріс нәтижесі болғанда сертификаттау ұйымы сәйкестік сертфикатын бермеу туралы шешімді сынақ хаттамасы мен бірге өтінушіге және өкілетті ұйымға жібереді.
Өтінушінің өтініш беру кезінде қолында өкілетті ұйымның мемлекеттік бақылау бөлімшесінің өкілі іріктеп, Қазақстан Республикасының МСЖ аккредиттелген немесе танылған сынақ зертханасында сыналғаны туралы сынақ хаттамасы болған жағдайда сертификаттау үйымының шешімі бойынша фосфор немесе фосфор өнімдерінің сыналған көрсеткіштерін сынақ жүргізбеуі мүмкін.
Егер нормативті құжатта бекітілген сынаққа шығатын шығын қамбат, мерзімі ұзақ, және де қиын тасылатын заттар, сертификаттау сынағы күрделі, үлгі іріктеу қымбат болған жағдайда сертификаттау ұйымы сертификаттау сынағы мен сертификаттау ұйымының өкілі қатысатын өндіріс процесінде өтетін сынағын біріктіру туралы шешім қабылдауы мүмкін.
Сәйкестік өтінішін қарау және өндіріс жағдайын талдау
Сертификаттау үлгісіна байланысты фосфор немесе фосфор өнімдерін сертификаттау сынағынан өткізкізгенінен басқа өндіріс жағдайын таңдау (2,3,4,10 үлгілері,), өндірісте немесе сапа менеджменті жүйесін сертификатттау (5 және 6 үлгілері) жүргізіледі. Өндіріс жағдайын талдау сертификаттау ұйымының фосфор немесе фосфор өнімдерінің және оның өндіріс ерекшелігін еске ала отырып жасаған бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
Бұл кезде:
- нормативтік және техникалық құжаттармен қамтамасыз етілуі, оның жағдайлары;
- технологиялық процестерді сақтау және оның метрологиялық қамсыздану жағдайлары ;
- кіріс қабылдау, тексеру жүйелері және кезеңдік сынақ жүргізілуі болуы;
- сертификатталған өнім сапасының тұрақтылығы
- сақталу жағдайларының болуы;
- шағымдарды есепке алу және талдау тексеріледі;
Тексеру нәтижесі акт пен аяқталады және қажетті қорытындысымен өтінушігі беріледі. Тексерудің теріс нәтижесі болған жағдайда өтінілген өнімді таңдалған үлгі бойынша сертфикаттау жұмыстары тоқтатылады да, ол туралы сертификаттау ұйымы үш күн ішінде өтінушіге жазба түрінде хаттар береді. Анықталған жетіспеушіліктерді жойған соң немесе сертификаттаудың басқа үлгісін таңдаған өтінукші сертификациялауға жаңа өтініш береді.
Өтінушіде Қазақстан Республикасы МСЖ ұйымы немесе Қазақстан Республикасы МСЖ танылған ұйым берген өндіріске немесе сертификатталған фосфор немесе фосфор өнімдерінің өндірісіне немесе сапа жүйесе менеджментіне сертификаты болған жағдайда, өндіріс жағдайын талдау қажеттігі жоқ.
Сапа жүйесі менеджментінің немесе өндірісінің сертификаттау процедуралары жеке де және фосфор немесе фосфор өнімдерін сертификаттау процедураларына қосымша болуы мүмкін. Екі жағдайларда да бүл жұмыстарды өнімге сәйкестік сертификатын бермес бұрын жүргізіледі.
Сапа жүйесі менеджментінің немесе өндірісінің сертификаттау тәртіптері ҚР СТ 3.15.1, ҚР СТ 3.15.2, ҚР СТ 3.15.3.
Инспекциялық бақылау
Сертификатталған өнімге инспекциялық бақылауды. Егер ол сертификаттау үлгісімен көзделген болса. Сертификат берген ұйымы жүргізеді.
Инспекциялық бақылау сертификаттың әрекеті мерзіміне және фосфор немесе фосфор өнімдерін сәйкестік белгісімен таңбалау құқығына бірреттен кем емес, кезеңдік және жоспардан тыс бақылаулар арқылы жүргізіледі. Инспекциялық бақылаудың кезеңін сертификаттау ұйымы анықтайды. Жоспардан тыс бақылауды сертификатталған фосфор немесе фосфор өнімдеріне шағымдар түскен кезде жүргізеді.
Инспекциялық бақылаудың жұмыс түрін, көлемін және кезеңдерін, сертификатталған үлгісін қаптаманың сипаттарының тұрақтылығын, қаптаманың қауіптілік дәрежесін, өндіру көлемін ескере отырып сертификаттау ұйымы анықтайды.
Инспекциялық бақылауға әдетте мына жұмыстар тіркеледі:
- сертификатталған фосфор немесе фосфор өнімдеріне түскен ақпараттарды талдау;
- фосфор немесе фосфор өнімдерінің сапасының тұрақтылығына қажетті жағдайларды сақтауды тексеру;
- фосфор немесе фосфор өнімдерін сынау және оның нәтижесін талдау;
- бақылау нәтижелерін дайындау және шешімін қабылдау;
Нақты фосфор немесе фосфор өнімдерінің өндірісінің және сапа жүйесі менеджментінің сертификаты болған жағдайда және инспекциялық бақылаудың нәтижесі оң болса фосфор немесе фосфор өнімдерінің тұрақтылығы жағдайында талдау жүргізілмейді.
Инспекциялық бақылау нәтижелері бойынша сертификаттау жөніндегі орган сәйкестік сертификатының әрекетін тоқтатып немесе жоя алады, мына жағдайда:
1) Инспекциялық бақылаудың теріс нәтижелері
2) Өндіріс технологиясының бұзылуы немес кез келген көрсеткіштің нормадан ауытқуы;
3) Сертификаттау жөніндегі органмен келіспей сертификатталған өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне әсер ететін өзгерістері бар нормативтік құжаттарды пайдалану;
4) Сертификаттау жөніндегі органмен келіспей өндіріс технологиясының, бақылау, орау, таңбалау, сақтау және т.б. тәсілдерінің өзгеруі;
5) Сертификатталған өнімді өндіруді тоқтату немес өндірістің өзін жою.
Сәйкестік сертификатын жойған немесе әрекет ету мерзімін тоқтатқан жағдайда өнімді Сәйкестік белгісімен таңбалау құқығы автоматты түрде жойылады немесе тоқтатылады.