Клиенттерге банктік шот ашу немесе жабу тәртібі
Банктік шот - бұл банк тәжірбиесіндегі қалыптасқан іскерлік қатынас салтында қолданылатын заңдылықтар мен келісім шартында қарастырылған, клиентке банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырумен байланысты депозитті қабылдау және банктік операцияларды жүзеге асыру бойынша банк пен клиент арасындағы келісімм шарттық қатынасты бейнелеу әдісі.
Клиенттің есеп айырысу шоты банктік шот келісіміне немесе есеп айырысу - кассалық қызмет келісім шартына сәйкес жүргізіледі. Келісім клиенттің шот ашуға жазған өтініші негізінде жасалады. Осы келісім шартқа сәйкес банк клиентке есеп айырысу және басқа да шоттарды ашады. Оған түскен қаржыны есепке алады, клиенттен қолма-қол ақша қабылдайды, босатады, қалдықты сақтағаны үшін пайыз төлейді және шот бойынша басқа да операцияларды жүргізеді.
Банктер теңге және шетел валютасында шот ашуға, жүргізуге құқылы, олар: ағымды, жинақ және корреспонденттік шоттарға бөлінеді.
Банкте шот ашу клиентке тиімді: себебі клиент қолма-қолсыз ақшасыз төлемдер мен аударымдар жүргізе алады.
Клиент ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін өтініш береді. Қандай валюта қолданатынын, қай қалаға және кімге жіберетінін, алушының аты-жөнін (қала, көшесі,телефон) көрсету керек. Ол банктің белгілі бір құжат жүзінде жүзеге асырылады.
Шот ашу үшін Халық банкіне тізбелердің біріне сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсыну керек.
Ағымдағы
Банк ашылған ағымдағы шоттар бойынша мынадай операцияларды іске асырып, клиенттерге қызмет көрсетеді:
•теңгедегі және шетелдік валютадағы аударма операциялары
•шетел валютасын қолма-қолсыз ақшасыз айырбастау
• кассалық операциялар: қабылдау, қайта есептеу, беру
• клиенттің суратуы бойынша аныктама беру
•валюталық бақылау банкте ашылған ағымдағы шоттар бойынша операциялар өткізудің артықшылықтары:
•мерзімді қызмет көрсету
•банктің кең тарамдала жайылған филиалдык жүйесі
• операцияның барлық түрлері бойынша консультациялық қолдау көрсету
Транзиттік
бұл филиалдары мен өкілдіктерінің жүйесі кеңінен тарамдала жайылған клиенттер үшін ыңғайлы. Ақшаны шоғырландыруға және әрі қарай ағымдағы банктік шотқа халық банкінің төлем жүйесі арқылы аударуға арналған. Транзиттік шоттар жұмысы режимінің иекемділігі ақша ағынының көлемі мен бағытын оңтайлы режимде реттеуге мүмкіндік береді Клиенттің Халык банкінде ашылған ағымдағы негізгі шотына клиент шартта белгіленген мерзімділікпен-күн сайын, апта сайын, тоқсан сайын және т.б. ақша аударып отыруға болады.
Транзиттік шотқа есепке алу мынадай жолмен жургізіледі:
• клиент контрагентінің, клиенттің құрылымдық бөлімшесінің қолма-қол ақшасыз аударымдары арқылы
• клиент банктің кассасына тапсырған қолма-қол ақша арқылы немесе инкассация қызметі арқылы.
Жинақтаушы
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да ағымдағы шоты жоқ филиалдары мен өкілдіктерінің жүйесі кеңінен тарамдала жайылған клиенттер үшін ыңғайлы. Акшаны шоғырландыруға және әрі қарай шартта анықталған деректемелерге, сондай-ақ белгіленген мерзімділікпен; күн сайын, апта сайын, тоқсан сайын және т.б. ақша аударып отыруға арналған.
Лимиттендірілген
Қазақстан Республикасы аумағында филиалдары мен өкілдіктері бар клиенттер үшін ыңғайлы. Банк клиент белгілеген смета бойынша оның бөлімшелерінің ағымдағы шоттарының жәй-күйін бақылау және мониторинг жүргізу бойынша агенттік қызметтерді ұсынады. Филиал шотынан төлемдер клиент ерекше бөліп көрсеткен және бекіткен айлық бюджетке сәйкес лимиттенген тәртіппен іске асырылады. Айлық бюджет клиент банкке факсимильді байланыс және «заңды тұлғаларға арналған интернет-банкинг» жүйесі бар болған жағдайда электронды байланыс арнасы арқылы жібереді. Клиент айлық бюджетке қосымша банк ұсынған қызмет ақысы үшін комиссиялық сыйақы сомасын есепке алады.
-жинақ
Бос ақша қаражатын орналастыруға арналған. Банктік салым валютасы, сомасының түрі және сақтау мерзіміне байланысты депозиттер бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің икемді жүйесі орнатылған.
Эскроу-шоттар
бұл шот шартта айтылған кейбір талаптарды орындағаннан кейін ғана берілетін ақша сомасын басқа заңды тұлға атына банк шотында депозиттеуге арналған. Банк кажетті талаптардың орындалуын бақылау функциясын ұсынады.
Мысалы, «сатып алушы» «сатушыдан» бидай сатып алған кезде келесі қадамдарды іске асырады:
1. «сатушы» банкте эскроу-шот ашады. «сатып алушы» эскроу-шотқа ақша аударады (банк эскроу-шотты ақша түскеннен кейін оқшаулайды).
2. «сатушы» бидайды тиегеннен кейін банкке тауардың «сатып алушынын» пайдасына тиелу фактін растайтын құжаттарды ұсынады.
3. банк шотты оқшалаудан шығарады және «сатушы» өз каражаттарына өкімдік ете алады.
артыкшылыктары:
• мұндай қызмет сіздің тауар мен қызмет ақысын төлейтін кездегі тәуекеліңізді азайтады
• бұл қызметті Қазақстан бойынша банктің кез келген филиалы арқылы пайдалануға болады
• мұндай қызмет бойынша шығыстар аккредитивтер бойынша шығатын шығыстармен салыстырғанда төменірек болады.