Леуметтік сақтандыру

Әлеуметтік сақтандыру деп әдетте еңбек ету қабілетін жоғалтқан және (немесе) жұмысынан айырылған жағдайларда азаматтарды материалдық қолдау және олардың денсаулығын қорғау үшін қоғамдық өнім құнын қайта бөлу жөніндегі экономикалық қатынастардың жүйесін айтады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы №886 қаулысымен мақұлдаған Қазақстан Республикасында Халықты әлеуметтік қорғаудың тұжырым-дамасы мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азамат-тардың мүмкін болатын әлеуметтік қатер туған жағдайда халықты әлеуметтік қорғаудың көпдеңгейлі жүйесін қалыптастырудағы бағыттарын айқындап берді. Рыноктық экономика жағдайында әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмектен басқа халықты әлеуметтік қорғаудың басым түрлерінің бірі әлеуметтік сақтандыру болып табылады.

Қазақстанда 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің енгізілуіне 2004 жылдың 27 ақпанында мамандандырылған институт – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының құрылуы себеп болды.

Әлеуметтік сақтандыру қоғамдық игілік туралы қамқорлық идеясына негізделген және мемлекеттік әлеуметтік саясаттың бір бөлігін құрады. Ол, бір жағынан, осы саясатты іске асыру механизмі ретінде, халықты әлеуметтік қорғауды ұйымдас-тырудың негізі ретінде; басқа жағынан, объектісі жалпы бүкіл халық, сол сияқты әлеуметтік тәуекелдердің болу критерийлері бойынша бөлінген жекелеген әлеуметтік топтар болып табылатын қартайған, денсаулықты, мүліктік мүдделерді қорғау жағдайында азаматтарды материалдық қамтамасыз ету жүйесі ретінде болып келеді. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың қаржылық механизм әлеуметтік салықтар мен сақтық жарналары есебінен сақтық қорларын қалыптастыруға негізделген.

Әлеуметтік сақтандыру тым жалпы жүйе – әлеуметтік қамсыздандыру нысандарының бірі болып табылады. Алайда бұл екі жүйенің арасындағы айырмашылық азаматтардың еңбек қызметіне қатысты және еңбекке жарамсыздар үшін қорларды қалыптастыру әдістерімен қаланған (13.3 параграфты қараңыз).

Әлеуметтік сақтандыру еңбек ету қабілеттігін уақытша немесе үнемі жоғалтқан азаматтар үшін сақтық әдісін қолданумен қорды қалыптастыруға және пайдалануға байланысты пайда болатын қатынастарды білдіреді. Бұл ретте жұмыс істеген немесе уақытша ауру себепті жұмыс істемейтін азаматтардың контингенттерін ойға алу; сөйтіп, әлеуметтік сақтандырудың маңызды ерекшелігі сол, оның бүгінгі немесе бұрынғы жұмыскерлердің еңбек қызметімен тікелей байланысты болып табылатындығы.

Әлеуметтік қамсыздандыру еңбек ету қабілеттігін немесе оған иелік етуден айырылған азаматтарды қолдау үшін, яғни барлық азаматтар үшін еңбек қызметіне олардың қатысуына қарамастан қорлар қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты қатынастарды білдіреді, бұл үшін айтылған қорларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі пайдаланылады.

Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру категорияларының іс-әрекетінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісінің, атап айтқанда, оның құрамды бөліктері бірінің – жұмыс күшінің ұдайы толықтырылуының талаптарынан туындайды. Ұдайы өндірістің бұл түрі үшін қаражаттардың негізгі көзімен – еңбекақы, басқа жекеше табыстардың қорымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру қорлары жұмыс істейді.

Әлеуметтік арналым қорларын қалыптастырудың екі қағидаты бар:

ұрпақтар ынтымақтастығының негізінде; жұмыс істейтін ұрпақ жұмыс істемейтіндерді қамтамасыз етеді, ал, өз кезегінде, еңбекке жарамдылықтан айырылуына қарай оларды еңбек қызметіне кірген жаңа ұрпақ ауыстырады. Бұл қағидатқа негізделген жүйе Қазақстанда 1998 жылға дейін қолданылды;

әлеуметтік қорларға, көбінесе әлеуметтік қорға азаматтардың дербес аударымдарының негізінде; бұл қағидаттың іс-әрекеті кезінде төлемақылардың мөлшері нақты тұлғаның бүкіл жұмыс істеген кезіндегі салған сомасына байланысты болады. Бұл қағидаттың іс-әрекетіне негізделген жүйе Қазақстандағы зейнетақы реформасының негізіне қойылған.

Бірінші қағидатқа негізделген және Қазақстанда 1998 жылға дейін қолданылған жүйе мынадай ерекшеліктермен сипатталады:

зейнетақымен қамсыздандыруға мемлекеттік монополия;

2) әлеуметтік қамсыздандыру қорларына түсетін міндетті зейнетақы жарналарының топтастырылуы;

3) жүйе ішінде қаражаттарды қайта бөлу.

Мұндай жүйе жоспарлы директивалық экономика, еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен толық қамтылуы, мемлекет тарапынан жан-жақты бақылау, зейнеткерлерге жұмыс істейтін халықтың жоғары ара қатынасы жағдайында тиімді болды. Өмір сүрген жүйе азаматтардың түрлі кәсіптік және әлеуметтік санаттарына арналған жеңілдіктердің көптеген түрлерінің болуымен сипатталады.

90-жылдардың басы мен ортасындағы экономиканың дағдарысы әлеуметтік сақтандыру жүйесінің де дағдарысына қозғау салды, бұл жарналарды төлеудің базалық көрсеткіштерінің құлдырауына да, сондай-ақ әлеуметтік қорларға оларды толық және уақтылы аударып отыруға төлеушілер мүдделігінің болмауы да әлеуметтік сақтандыруға төленетін жарналардың жиналымдылығының төмен деңгейінде көрінетін еді; бұл зейнеткер мен жәрдемақылар алатындар алдында берешектің үлкен көлеміне жеткізді; әлеуметтік қорлар қаражаттарының инфляциялық құнсыздануы зейнет-керлердің күнкөрістің ең төмеңгі деңгейіндегі қажеттіліктерін қамтамасыз етпеді және қорлар қаражаттарының аса шектеулілігі жағдайында әлеуметтік төлемақыларды өнбойы индекстеп отыру қажеттігін тудырады.

Қазақстанда жүргізіліп жатқан зейнетақы реформасының негізіне қойылған екінші қағидаттың іс-әрекетіне негізделген жүйе мыналармен сипатталады.

1) зейнетақымен қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу;

2) зейнетақы қорын қалыптастыруға қатысқан 30 жастан төмен емес азаматтар үшін күнкөрістің ең төменгі деңгейін сақтау жөніндегі мемлекеттің кепілдіктері;

3) зейнетақы жинақ ақшасын және әлеуметтік қамсыздандырудың басқа нысандарын межелеу;

4) зейнетақы қорланымдарын қалыптастыруға еңбек етуге қабілетті жастағы барлық азаматтардың міндетті қатысуы;

5) еңбек етуге қабілетті азаматтардың қартайғанда өзін зейнетақымен қамсыздандыруы үшін жеке жауапкершілігі;

6) инвестициялаудың тиімділігін және зейнетақы жинақ ақшасының қауыпсіздігін қамтамасыз ету;

7) жинақтаушы зейнетақы қорларындағы қорланымдарға азаматтардың мұралану құқығын белгілеу;

8) қосымша ерікті зейнетақымен қамсыздандыруға азаматтарға құқық беру;

9) зейнетақы жинақ ақшасын экономикаға инвестициялау, бұл оның дамуына жәрдемседі.

Міндетті мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудан басқа мемлекеттік емес зейнетақылық сақтандыру – зейнетақылық келісімшартқа сәйкес жұмыскерлердің және (немесе) олардың жұмыс берушілерінің ерікті жарналары есебінен қосымша зейнетақы қалыптастыру арқылы және мамандандырылған мемлекеттік емес зейнетақы қорлары арқылы зейнетақылар төлеу жолымен азаматтарды әлеуметтік қорғау қатынастары қолданылды.

Қорланымдардың ынтымақтастық негізіндегі жүйесінен дербес қорланымдар жүйесіне өтпелі кезең зейнеткерлердің еңбек сіңірген зейнетақыларын алу құқықтарын сақтау қажеттігімен, сонымен бірге зейнеткерлік алдындағы жасы келген азаматтардың көбінің мемлекеттік емес зейнетақы жүйесінде жеткілікті зейнетақылық жинақтаудың мүмкін еместігімен сипатты болып отыр. Сондықтан зейнеткерлер болғандарға мемлекеттік зейнетақы қорларынан алатын зейнетақылары мөлшерінің сақталуын мемлекет кепілдендіреді. Зейнетақы реформасы басталғаннан кейін зейнеткерлікке шыққан азаматтардың мемлекеттік зейнетақылырының мөлшері олардың мемлекеттік емес зейнетақы жүйесінде мүмкін болған қатысуының жылдар санына үйлесімді түрде қысқартылады.

Әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық моделінің мынадай негізгі ерекшеліктерін атап өтуге болады.

1. Қазақстандағы әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың міндетті сипаты.

Әлеуметтік аударымдарды әлеуметтік салық төлейтін жұмыс берушілер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар төлейді.

Сонымен қатар төленген әлеуметтік аударымдар сомасына төлеушілер әлеуметтік салық сомасын азайтатындықтан әлеуметтік сақтандыруды енгізу салық ауыртпалығын түсірмейді. Бұл жағдайда әлеуметтік салық қаражаты мақсатты түрде әлеуметтік қажеттіліктерге бағытталады. Сонымен бірге әлеуметтік аударымдар міндетті сипат алатынын атап өткен жөн. Бұл ретте әлеуметтік қатер туған жағдайда әлеуметтік төлемдерді жүйеге қатысушылар, яғни әлеуметтік аударымдар төленген тұлғалар ғана алады және әлеуметтік төлемдердің мөлшері төленген әлеуметтік аударымдар көлеміне байланысты болады.

2. Әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық моделінің келесі бір маңызды ерекшелігі – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының құрылуы болып табылады.

Қор әлеуметтік аударымдарды шоғырландыра отырып акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған.

Қордың акционерлік қоғам нысанында құрылуы бірнеше мақсатты алға қойды.

Ең бастысы заңи тұлға мәртебесінің болуы Қорға мемлекеттік бюджетке салмақ салмай әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерге жауаптылық жүктейді. Бұл ретте әлеуметтік аударымдардың әлеуметтік төлемдерге төленуі, Қордың қызметін бақылау және қадағалау, оның қызметінің коммерциялық емес сипатын, жеке бухгалтерлік есепті жүргізуін, инвестициялық қызметтердегі және басқа шектеулерді ескере отырып Қордағы қаражаттың сақталуын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік кепілдіктер заңнамалық шаралар жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар тиісінше қаржылық және басқа есептеме Қордың акционерлік қоғам нысанында жұмыс істеуі әлеуметтік төлемдер алушылар алдындағы кез келген міндеттемелерді ескермеуге мүмкіндік бермейді.

Соңғы жағдай сондай-ақ әлеуметтік сақтандырудың отандық моделінің қаржылық ерекшеліктерімен өзара байланысты.

3. Резервтерді қалыптастыру – әлеуметтік сақтандыруды қаржыландыру әдісі.

Әлемдік тәжірибеде әлеуметтік сақтандыруды қаржыландырудың екі негізгі әдісі қалыптасқан.

Ынтымақтастық қаржыландыру («pay-as-you-go» немес «бірден төле» деген мағынаны білдіреді) – бұл жүйеге төленетін ағымдағы жарналар ағымдағы жәрдемақыны төлеу үшін пайдаланылатын қаржыландыру әдісі.

Қолданыстағы жүйенің бастапқы кезеңіндегі жарна мөлшері жоғары болмайды, одан әрі әлеуметтік төлемдер алушылар санының біртіндеп өсуі себебінен жарналар жылдам қарқынмен көбейеді. Сонымен бірге, алғашқы кезеңде, әсіресе, экономиканы көтеру кезеңінде осы тәсілмен қаржыландырылатын әлеуметтік сақтандыру «арзан» болып көрінуі мүмкін. Ұзақ мерзімді әлеуметтік төлемдерді алушылар (мысалы, мүгедектігі, асыраушысынан айрылуы бойынша жәрдемақылар) санының өсуіне қарай экономикалық құлдырау кезеңдерінде ағымдағы жарналардың азаюы себебінен және әлеуметтік төлемдер бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелердің болуынан жүйенің қаржылық тұрақтылығына байланысты мәселелер туындайды. Бұл әдіс әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылады, бірақ жоғарыда айтылған мәселелер қатар жүреді.

Резервтік әдіс – бұл ағымдағы жарналардан активтер қалыптастыру үшін қолданылатын қаржыландыру әдісі, бұдан болашақта алушыларға әлеуметтік төлемдер төленеді.

Бұл әдістің ерекше сипаттарына жарналардың тұрақты деңгейін, жүйенің қаржылық тұрақтылығының бұзылу тәуекелділіктерін уақытында бағалау мүмкіндігін жатқызуға болады.

Халықаралық тәжірибелерге жасалған талдауларды ескере отырып, Қазақстанның әлеуметтік сақтандыру жүйесін қаржыландырудың моделін жасғанда басымдық резервтік әдіске берілді.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қызметінің тәжірибесінде бұл әдіс былайша жүзеге асырылады:

Еңбек ету қабілетінен айрылу, асыраушысынан айрылу бойынша Қордың алушылардың алдындағы міндеттемесі ұзақ мерзімді сипатта болады. Мысалы, еңбек ету қабілетінен айрылу жағдайында төленетін әлеуметтік төлемдер алушы зейнеттік жасқа толғанша төленуі мүмкін; өз кезегінде асыраушысынан айрылу жағдайында төленетін әлеуметтік төлемдер асырауында болған балалар кәмелеттік жасқа толғанша төленеді, не олар оқу орындарының күндізгі бөлімінде (колледждерде, жоо-ларда) оқуларын жалғастырған жағдайда сол оқу орнын бітіргенше төленеді.

Қордың актуарлары алушылардың болашақ әлеуметтік төлемдерінің келтірілген құнын көрсететін провизиялардың есебін үнемі жүргізіп отырады. Қордың қаржылық тұрақтылығының жағдайын сипаттайтын көрсеткіш Қордың активтері мен провизияларының айырмасы ретінде айқындалатын Қор резервінің мөлшері болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 маусымдағы № 654 қаулысымен қаржы жылының басында есептелетін резервтің ең төменгі мөлшері Қор провизиясының 10 пайызынан кем емес деңгейде айқындалды. Бұл көрсеткіш өзінше «қорғанды» білдіреді, яғни оның мағынасына қарап Қордың қаржылық тұрақтылығы туралы саралауға болады. Егер резервтің мөлшері рұқсат етілетін ең төменгі мөлшерлерден төмен болса, бұл жүйеге ағымдағы аударымдар есебінен әлеуметтік төлемдер алушылардың алдындағы Қордың міндеттемесін орындауға байланысты алда тұрған мәселелер туралы алдын-ала (екі-үш жыл бұрын) берілген белгі болып табылады. Сондай-ақ Қорда, уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде, Қазақстан Республикасының Үкіметінде әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесін арттыру, не уақытша қаржылық көмек және т.б. алдын алу шараларын қабылдау үшін уақыт жеткілікті болады.

4. Әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық моделінің тағы бір ерекшелігі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары арасындағы қызметтерді бөлу болып табылады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Қордың қызметіне бақылау және қадағалау жұмыстары бекітілген.

Қорға – әлеуметтік аударымдарды шоғырландыру, әлеуметтік төлемдерді қаржы-ландыруға Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың (ЗТМО) өтінішін уақытында орындау, әлеуметтік аударымдарға, әлеуметтік төлемдерге мониторинг, Ұлттық банк арқылы инвестициялық қызмет бекітілген.

ЗТМО-ға зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық – ӘЖК базасында әлеуметтік аударымдарды дербес есепке алу, жүйедегі төлемдер трансферттері, аудандық бөлімшелер жүйесі арқылы әлеуметтік төлем алушыларға тікелей қызмет көрсету бекітілген. Бұл жерде Ресей Федерациясының Әлеуметтік сақтандыру қоры (ӘСҚ) қызметінен айырмашылық бар, оларда әлеуметтік сақтандыру жүйесінен төленетін әлеуметтік төлемдерді жұмыс берушілер төлейді де соған сәйкес сақтық жарналарын азайтады, яғни «есеп беру әдісін» қолданады. Сондай-ақ сақтық жарналарын жинау бойынша ӘСЖ-ға бақылау қызметтері жұмыс берушілерден бөлінген.

Қазақстан Республикасында әлеуметтік аударымдардың уақтылы және толық төленуін бақылау қызметтері Қаржы министрлігінің салық органдарына жүктелген.

Қордың активтерін сенімді басқару оларды қаржылық құралдарға инвестициялау жолымен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде жүргізіледі.

Қазіргі уақытта Қордың және әлеуметтік сақтандыру жүйесінің барлық қатысушыларының арасында Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру және әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында әлеуметтік сақтандыру жүйесінің барлық мүшелерімен бірігіп жүйені жетілдірудің жаңа міндеттері тұр.

Наши рекомендации