Жеке адамныңқұқықтарының жіктелуі. Қазіргі саяси ғылымдарда жеке адамның құқықтарын жіктеудің бірнеше түрі бар.Солардың ішінде
Қазіргі саяси ғылымдарда жеке адамның құқықтарын жіктеудің бірнеше түрі бар.Солардың ішінде кең тарағаны-- барлық құқықтарды негативтік және позитивтік (қолданушы) етіп бөлу. Негативтікмағынада бостандық мемлекет тарпынан жеке адамға зорлықтың,шектеудің жоқтығын білдіреді.Бұл еркіндік үкімет жағынан адамды. Қажетсіз әрекеттерден,бостандықты бұзып,бұрмалайтын жағдайлардан сақтайды.Оларды жүзеге асыру мемлекеттің қаржы -қаражатына,елдің әлеуметтік-экономикалық дәрежесіне, жағдайына байланысты емес. Бұлар, негізінен абсолюттік,позитивтік құқықтарды басшылықтарға алатын құқықтар болып есептеледі.Мұны,әсіресе АҚШ тың конституциялық құқықтары туралы Билльден анық аңғаруға болады. Мысалы, оның бірінші бабында(түзетуінде)былай делінген:”Конгресс белгілі бір дінді белгілемеу немесе оған ерікті түрде кіруге рұқсат етпеу,сөз және баспасөз бостандығы немесе халықтың бейбіт түрде жиналып үкіметке қиянат етушілікті тоқтату жөнінде коллективтік арнаулы өтінішпен баруына тыйым салу туралы заң қабылдамауға тиіс”.Бұдан біз мемлекеттің “не істемеу керек” екендігін білеміз.
Позитивтік мағынада құқықтар таңдау, талғау еркіндігін, ең бастысы адамның өз мақсатына жете алушылықты,жеке дамуға қабілеттілігін көрсете білуді білдіреді. Негативтік құқықтармен салыстырғанда мұнда мемлекеттің, ұйымдардың,адамдардың азаматтарды қайсыбір игіліктермен қамтамасыз ету,белгілі әрекеттерді іске асыруға мүмкіндік жасауды көрсетеді.Мысалы,бұған әлеуметтік көмек көрсетуге, білімге, денсаулықты қорғауға,лайықты тіршілік дәрежесінде өмір сүруге құқықтылық және т.б. жатады. Негативтік құқықпен салыстырғанда позитивтік құқықты қамтамасыз етіп,іске асыру қиын.Себебі, біріншісінде мемлекет тарапынан ешқандай іс-әрекеттің керегі жоқ.Тек қана ол табиғи құқыққа араласып, бөгет жасамаса болғаны.Ал позитивтік құқықта, керісінше, мемлекет жоғарыда көрсетілген және т.б.т құқықтарды іске асыру үшін қыруар жұмыс атқаруына тура келеді. Ондай мемлекетте жеткілікті жағдай, қаражаты, мүмкіншіліктері болуы керек.
Сонымен негативті құқықта біз мемлекеттің “ неістемеу керектігі” жөнінде білсек, позитивтік құқықта оның “не істеукеректігіне” көзіміз жетеді.Негативтік құқықты жақтаушылар позитивтік құқыққа адамдардың арасындағы “ табиғи” қарым-қатынастарды бұрмалау деп қарайды.
Адамдардың құқықтары мен бостандықтары әр түрлі болады.Орындалу , іске асырылу ортасына қарай олар азаматтық ( жеке дербес),саяси,экономикалық,әлеуметтік және мәдени құқықтар мен бостандықтар болып бөлінеді.
Азаматтық құқықты сөз еткенде оны азаматтардың құқығымен араластырмағаны жөн. Азаматтардың құқығына мемлекеттің қол астындағы азаматтардың барлық құқықтарының жиынтығы жатады. Азаматтық құқыққа табиғи,адамнан ажыратылмайтын,негізінен, негативтік құқыққа жататын адамдардың құқықтары кіреді. Оған өмір сүруге,еркіндікке, жеке адамның дербес құқылығы,ар-намысты және ізгілікті аты мен атағын, қадір қасиетін сақтауға, айыпталушыны қорғауға бағыттаған әділ, тәуелсіз және ашық сотқа жазылған хат және телефон арқылы сөйлескен сөздің құпиялылығына, бір жерден екінші жерге еркін барып келуіне,тұрақты қоныс таңдауына, оның ішінде қандай мемлекеттен болмасын біржолата кетуіне немесе келгің келгенде қайтып оралу бостандығы және т.б. құқықтар жатады.
Саяси құқықтар азаматтардың мемлекетті басқаруға және қоғам өміріне белсенді қатысуын белгілейді. Оған сайлауға және сайлануға құқықтық; одақтар мен ассоцияцияларға, демонстрациялар мен шерулерге, жиналыстар мен жиындарға, митингілер мен пикеттерге еркіндік; ақпарат хабарлар құқы, сөз, пікір, оның ішінде баспасөз, радио, теледидар арқылы айтылатын сөз, дінге сену бостандығы және т.б жатады.Әрине, бұдан ауызға келгенді айта беруге болады деген ұғым тумайды.Ең алдымен, конституциялық заңдылықты, қоғамдық тәртіпті сақтау керек.Елдің прогресті дамуы, жалпы халықтық гуманистік тұрғыдан әрекет жасауы керек.
Экономикалық құқыққа жеке адамның тұтыну заттарын,жеке меншігін, жұмыс күшін, ііскерлігін, еркін пайдалана алуы жатады.Бұрынғы Одақ кезінде жеке меншікке тыйм салынып оған капиталистік системаның, бұржуазиялық жолмен баюдың ,қанаудың белгісі деп қарап,дамуына жол берілмегені мәлім.Бұл адамдардың жұмысқа деген ынтасын,ықылысын түсірді, жауапсыздықты туғызды, материялдық байлық жетіспеді, ақыры, елді аздырып тоздыруға әкеліп соқтырды.
Әрине жеке меншікте қалай болса солай дамытып қоя беруге және болмайды. Демократиялық жолмен дамып келе жатқан елдерде жеке меншік мемлекеттің бақылауына алынады. Мысалы, Германия, Франция, Италия,Швеция және т.с елдердің заңдарында жеке меншік жалпы қоғамның, халықтың мүддесіне сәйкес пайдалануы керектігі көрсетіле келіп, оны қаншалықты дамытуға болатындығы, яғни шегі белгіленеді. Бұдан жеке меншікті, жер жүзі мойындаған дара адамның жеке меншікке құқықтығын жоққа шығаруға мүлдем болмайды. Әсіресе, біз сияқты бұрынғы тотолитарлық жүйенің құрсауынан жаңа босаған шақта жеке меншікті, іскерлікті дамытудың маңызы өте зор.
Әлеуметтік құқық әрбір адамға лайықты өмір деңгейін және әлеуметтік қорғануды қамтамасыз етуді білдіреді. Мұнда пәтер,үйге, дем алуға, денсаулықты қорғауға, қоршаған ортаның жайлы болуына, азаматтарды қартайғанда, сондай-ақ ауырып- сырқағанда және еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда материялдық жағынан қамтамасыз етілу құқықтары жатады.Ол мемлекеттің әрбір мұқтаж адамды күнелтуге керек қаржымен адамшылық абыройын қорғауға тиіс, ақарпайым қажжеттілігін қанағаттандыратын әлеуметтік қамсыздандыру құқын анықтайды.
Мәдени құқық адамның рухани дамуын өрбітіп, өрістетуге бағытталады. Оған білім алуға, мәдени қазыналарды көруге рұқсат, өнер мен техникалық жасампаздыққа, қоғамның мәдени өміріне еркін араласуға құқығы және т.б. жатады.
Адам құқығы мен бостандығының жүзеге асырылуын оның қоғам мен мемлекеттің алдындағы міндеттерінен ажыратып қарауға болмайды. Олар өзара тығыз байланысты. Бұл міндеттердің орындалуы жеке, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз ету үшін.
“Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясымен” салаытырғанда жеке адамның көпшілік мақұлдаған міндеттері жоқ. Дегенмен, қазіргі демократиялық мемлекеттердің конституцияларында әдетте, мынадай міндеттер аталады: заңды бұзбау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандығын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу; полициялық ұйғарым, бұйрықтарға бағыну және орындау; әскерләк борышты өтеу; заң жүзінде белгіленген салықтар мен алымдарды төлеу; , қоршаған ортаны, табиғатты, мәдени ескерткіштерді қорғау және т.т. Кейбір елдерде азаматтардың міндетті түрде сайлауға қатысуға тиісілігі көрсетіледі. Жапония,Италия және т.сб елдердің конституцияларында еңбек ету, Италияда балаларды тәрбиелеу,Жапония, Уругвайда өз денсаулығы жөнінде қам жеп уақытында тексеріліп, емделіп отыру керектігі енгізілген.Бірақ ол міндеттер орындалмаса, ол үшін әдетте адамдардың жауапкершілікке тартпайды.
1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша әркімнің өмір сүруге, өзінің жеке басының бостандығы, ар-ождан бостандығына құқығы бар. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Адамның қадір- қасиетіне қол сұғылмайды. Әркімнің жеке өміріне,өзінің жеке отбасының құпиясына қол сұғылмауына, абыройы мен ар- намысының қорғалуына құқығы бар. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік берілді.Цензураға тыйм салынды. Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына құқығы бар.Қоғамдық бірлестіктердің қызметі заңмен реттеледі.Қазақстан мемлекеті адам құқығы мен бостандығын оның қай елдің азаматы екендігіне қарамастан мойындайды, кепілдік береді әрі қорғайды.
1993 жылғы егеменді Қазақстан Республикасының тұңғыш конституциясында негізгі міндеттерге республика азаматтары мемлекеттік нышандарды--- Елтаңбаны, Туды, Әнұранды құрметтеу, қастер тұту кіргізілген.Ондай бап Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясында да бар. Бұл ереже мемлекеттің абырой, беделін нығайтуға, арттыруға бағытталған және біздің мемлекетіміздің белгілерін құрметтеу сезімін дамытуға әсер етеді, адамдарды ұлтжандыққа баулиды.
Республикамыздың Негізгі Заңын сөз еткенде оған демократиялық елдерде көрсетілген құқықтар мен бостандықтардың кейбірі кірмей қалған ғой деген ой тууы мүмкін. Шынында, ол солай да. Бірақ бұл жерде еліміздің өтпелі кезеңде тұрғанын, демократиялық жолға жаңа қадам басқанымызды, көп кепілдікті беруге республикамыздың әлі материялдық жақтан, я басқа жақтан болсын, әлі шамасы келмейтінін естен шығармау керек. Келешекте олар да төлқұжатымызға кіретініне сенеміз.
Адам құқығының жүзеге асып, орындалуы бойынша қай елдің болмасын даму өрісін, адамгершілік, парасаттылыығн байқауға болады. Ондай елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік дамуы жоғары болмақ. Ол елде кертартпа, тоталитарлық тәртіпке де жол беріле қоймайды.Қазақстан Республикасы Конституциясы қоғам мен мемлекет өмірінде біздің әрқайсысымыздың құқығымыз бен бостандығымызды қорғау үшін, лайықты өмір сүру жолында елімізде жүргізіліп жатқан түбегейлі реформалардың табысты болуы үшін қажетті тәртіп орнатуға мүмкіндік береді деп сенеміз.Ол-- біздің республикамызда әр адам құрметке бөленеді деп болашаққа зор үмітпен қарауымыздың кепілі.
Адам құқығының іске асып, орындалуының өте зор маңызы бар. Ол бойынша қай елдің болмасын даму өрісін, адамгершілік, парасаттылығын байқауға болады. Ол арқылы адам ардақталып, асқақталады, мерей мәртебесі көтеріледі. Ондай елдің саяси , экономикалық, әлеуметтік дамуы да жоғары болады.Ол елде кертартпа, тотолитарлық тәртіпке де жол беріле қоймайды.
Жалпы дүние жүзілік мөлшерде алсақ, адам құқын орындау халықтар арасында сенімді нығайтуға, адамгершілік қатынастарды дамытуға, бейбітшілікті сақтауға кепіл бола алады. Ол адамға өзінің жеке және қоғамдық өмірінің саналы жасаушысы, ішкі және сыртқы саясаттың толық субьектісі болуына, мемлекеттің бірқалыпты прогресті дамуына жағдай жасайды. Адам құқығының қамтамасыз етілу деңгейі қоғамның даму дәрежесі мен демократиялылығы көрсетіледі.
Тақырып №11