ТМД-ның экономикалық, әлеуметтік географиясы
Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Тарих факультеті
География кафедрасы
СИЛЛАБУС
ТМД-ның экономикалық, әлеуметтік географиясы (3 кредит)
В090200 – «Туризм» мамандығы
Курс
Оқу жылы
Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Syllabus
ТМД-ның экономикалық, әлеуметтік географиясы
(3 кредит)
Сабақ өткізу уақыты мен орыны | ОСӨЖ-ның өткізу уақыты мен орыны | Оқытушының аты-жөні | Байланыс, тел, email |
Сабақ кестесі бойынша | Кесте бойынша | Сергеева А.М. | [email protected] |
Абдуллина А.Ғ. |
ОҚУ ПӘНІНІҢ СИПАТЫ: Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің әлеуметтік және экономикалық географиясы – мемлекеттердің, сонымен қатар оның жеке аймақтары мен халқы, шаруашылығының орналасуы мен даму заңдылықтарын талдау. Адам мен қоғамның өзара іс-әрекетін, адамзаттың ғаламдық мәселелерін және халықаралық қатынастарды қамти отырып, геосаясат, экономикадағы – ТМД елдері мен Қазақстанның орнын, рөлін салыстыру арқылы, бұл пән қазіргі кезеңдегі әлемнің жалпы даму сипатын дұрыс ұғынуға жәрдемдеседі.
ТМД шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастықтың қазақстандық әдістемесінің негізінде тығыз интергациясы астасып жатқан елдердің шағын тобын қалыптастыру мүмкіндігінен туындайтын қарқыны әрқилы интеграция тұжырымдамасы жатыр. Қазақстан Достастық кеңістігіндегі субаймақтық бірлестіктер әрекетінің ашық түрде жүргізілуін, ал олардың мақсаттары мен практикалық әрекеттері ТМД дамуының ортақ арнасында ұштасуын қолдайды.
Курсты оқыту дәріс, практикалық сабақтарда, оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмысы және студенттердің өзіндік жұмысы барысында жүзеге асырылады.
Практикалық сабақтарда және студенттердің өзіндік жұмысында негізгі және қосымша әдебиеттермен жұмыс жасалып, зерттеуші ғалымдардың еңбектерін, мақалаларын жинақтап, талдау жасайды. Практикалық сабақтарда шығармашылық еркіндік беріледі. Студенттердің курс бойынша алған білімі, іскерлігі мен дағдысы әр модульдан кейін жүргізілетін коллоквиум, рейтинг арқылы анықталады. Курсты толық аяқтағаннан кейін емтихан тапсырылады.
ОҚУ ПӘНІНІҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ:Пәннің негізгі мақсаты – студенттерге ТМД мемлекеттерінің экономикасы, әлеуметтік құрылымы, саяси жағдайы жайында толық мағлұмат беру. Пәнді оқи отырып студенттер жекелеген мемлекеттердің шаруашылығын, олардың аумақтық-әкімшілік бөлінісін, саяси, әлеуметтік жай-жапсарын меңгереді.
Курстың міндеті – ТМД мемлекеттерінің және оның жеке аймақтарының саяси картасы мен олардың қалыптасу кезеңдерін; Геосаясат пен геоэкономика мәселелері және аймақтар мен елдердің геосаяси, экономикалық, көліктік-географиялық жағдайларының жайын; ТМД мемлекеттері және оның аймақтарының табиғат жағдайлары мен ресурстарын; ТМД елдері халықтарының ұдайы өсу және таралып орналасу заңдылықтарын, демографиялық мәселелерді; Аймақтар мен елдердің аумақтық және салалық шаруашылық құрылымын; экологиялық және аймақтық мәселелерін, олардың туындауының басты себеп-салдарларын; Халықаралық экономикалық қатынастар мен халықаралық ұйымдар экономикалық одақтар жайында білу қажет.
Берілген курсты сәтті аяқтағаннан кейін студент келесідей қабілеттерді меңгереді:
Білуге тиіс:
- ТМД елдерінің табиғат жағдайлары мен ресурстары. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері;
- ТМД халықтарының ұдайы өсуі, орналасу заңдылықтары, жекелеген аймақтар халқының құрамы, урбандалу, көші-қон, демографиялық мәселелер, еңбек ресурстары.
- ТМД елдерінің аумақтық және салалық шаруашылық құрылымы жайында түсінігі болуға.
Біліктілігі болуы:
- ТМД саяси картасындағы өзгерістерге сипаттауды;
- ТМД-дағы аймақтардың дамуындағы саяси-географиялық факторлардың ара қатынасына талдау жасауды;
- түрлі дерек көздерін пайдаланып, аймақтар мен елдерге кешенді түрде экономикалық-географиялық сипаттама бере білу.
Дағдысының болуы:
- сыртқы экономикалық байланыстарды халықаралық реттеу, мемлекетаралық интеграция мен оларды үйлестіруші ұйымдар, әлемдік қауымдастықтағы жаңаша ынтымақтастық қатынастарды орнату мәселелерін талдай білу;
- аймақтар мен елдердің геосаяси жағдайына шаруашылық тұрғысынан баға беру;
- ТМД елдерінің табиғат жағдайлары мен ресурстарын шаруашылық іс-әрекетімен өзара байланыстыра талдай білу.
КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ: «ТМД-ның экономикалық, әлеуметтік географиясы» курсын оқып үйренудегі базалық білім ретінде «Дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы», «Экономикалық географияға кіріспе», «Өнеркәсіп географиясы», т.б. пәндерінен алған білімдеріңізге негізделеді. «ТМД-ның экономикалық, әлеуметтік географиясы» пәні саясаттану, әлеуметтану, т.б. қоғамдық пәндермен тығыз байланыста.
КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ: «ТМД-ның экономикалық, әлеуметтік географиясы» курсын оқи отырып меңгерген білім мен икемділік өндірістік практика өту барысында қажет. Магистратура деңгейіндегі пән.
БІЛІМДІ БАҒАЛАУ
Ағымдағы бағалау: осы курстың барысында бағалау стратегиясы ретінде бағалаудың келесі әдістері пайдаланылады: жазбаша бақылау жұмыстары, үй тапсырмалары (математикалық көрсеткіштері, анализдері, алынған салыстырмалы мәліметтер бар, жазбаша тапсырмалар және т.с.с.), ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар, зерттеу жұмыстары (жоба, курстық, презентациялар), мәнжазба, эссе және т.с.с.
Аралық бақылау (бақылау жұмысы):бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық, лабораториялық (есептеу, графикалық-есеп және шығармашылық) тапсырмаларды қамтиды.
Жеке өзіндік жұмыс:курс тақырыптары бойынша практика сабақтарында тапсырмалар, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды, мәнжазбаларды жеке орындау, ғылыми деректер мен ақпараттарды пайдалану ескеріледі.
Үй тапсырмасы:үй тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және ОСӨЖ сабақтарында барлық топтар кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.
Мәнжазба, эссе, презентация:нақты тақырып бойынша тапсырылады, кішігірім шығармашылық жұмыс болып табылады. Бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми деректердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекіліктің пайдаланылуы ескеріледі. Жұмыстар бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.
Аралық бақылау тестері:өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тестілеу семестрде екі рет 7 және 15 апталарда кесте бойынша өткізіледі.
Қорытынды емтихан:қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Тестер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан кезінде дәріс конспектілерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Төмен баға алған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша басқа тапсырмалар берілмейді. Емтиханды өткізу саясатын сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған болып есептелінеді.
Қорытынды баға: студенттер семестр соңында пәндер бойынша 100 (40%) балмен бағаланатын емтихан тапсырады.
МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
№ р/с | Модульдың атауы | Дәріс | Практикалық сабақ | СӨЖ |
ТМД елдеріне жалпы шолу | ||||
ТМД елдерінің аймақтарына сипаттама | ||||
Барлығы | 30 сағ/ 2 кр | 15 сағ/ 1 кр | 90 сағ/ 2 кр |