Азан оқиғасы 25 қазан 1917 Петроградтағы төңкеріс немесе Қазақ комитетері 3 страница
Аграрлық саясатты іске асыру барысында ірі байлардың, "жартылай феодалдардың" ең әуелі малын, сосын еңбек құралын, одан кейін олардың тұратын үйлерін тартып алып, жер аударып жіберу бағыты алынды. 1927 ж. желтоқсанында Республика өкіметінің жоғарғы буындарында ірі-ірі байлар шаруашылығын тәркіге салу жөніндегі заң жобасын әзірлеу үшін комиссия құрылды. Комиссияның төрағасы болып Е. Ерназаров тағайындалды. Оның құрамына О. Исаев, Н. Нұрмақов, Ғ. Тоқжанов, О. Жандосов т. б. кірді. 1928 ж. 27 тамызында Орталық Атқару Комитеті мен Республика Халық Комиссарлары Кеңесінің мәжілісінде тәркілеу жөніндегі Заң жобасы қабылданып, жарлық қаулы түріндегі құжатқа айналды. Республика округтерінде тәркілеуді өткізу жөніндегі өкілдер тағайындалды. Ауыл-ауылға тікелей мыңнан астам өкіл жіберілді, демеу комиссияларында 4700 адам жұмыс істеді.
Қаулыға сәйкес Қазақстан бойынша көшпелі аудандарда 400-ден аса малы бар ірі қараға шаққанда 700 шаруашылықты, жартылай көшпелі аудандарда 300 және отрықшы аудандарда 150 шарушылықты төркіге салу белгіленді. Бұл науқанды 1928 жылдың 1 қарашасында аяқтау жоспарланды. Науқанның қорытындысы бойынша іс жүзінде 696 шаруашылық тәркіге салынды, олардың 619-ы тұрған округінен тыс жерлерге айдалды. Тәркіленгендерден ірі қараға шаққанда 145 мындай мал және ауыл шаруашылық саймандары тартып алынды.
Қазақ байларын тәркілеу барысында заңға қайшы көптеген бұрмалаушылықтар орын алды. Кейбір жерлерде 300-400 қаралы қойы бар, орта қолды дәулетті шаруалар шаруашылықтары орынсыз тәркіге ұшырады. Ал қайсыбір жерлерде туысқан жанұяларының малдары қосылып жазылып, оларда төркіге жатты.
20-шы жылдардың аяғында көшпелі және жартылай көшпелі қазақтарды отырықшыландыруға бағытталған Шаралар іске асырылды. Мұның өзі бастапқыда кейбір жеңілдіктер беру (құрал-сайман, күш-көлік, қарыз қаржы беру, екі жылға астық, ет тапсырудан құтқару) арқылы бірте-бірте жүргізілетін болып белгіленгенмен, шынтуайтқа келгенде, күштеп отырықшыландыру әдісі белең алды. Көптеген жерлерде көшпелі шаруашылықтар бір жерге иіріліп, киіз үйлерден көшесі бар қалашықтар құрылды. 10-15 күннен кейін ондағы адамдар жан-жаққа ешкімді тындамай қашуға, көшуге мәжбүр болды. 1930-31 жылдарда осындай зорлап отырықшыландыру зобалаңына ұшыраған мал шаруашылығымен айналысатын 25 ауданнан 35 мыңнан астам шаруашылықтар республикадан тыс жерлерге көшіп кетті. Маңғыстау ауданы (Батыс Қазақстан) халқының 50 пайызы Қарақалпаққа, Түркіменияға, Ресейге көшіп кетіп оралмады. Ондағы малдың саны 65 пайызға азайды. Тек Батыс Қазақстан облысы бойынша - 82,2, республика бойынша - 51,8 пайызға қысқарды. Жалпы Қазақстан бойынша 1931 жылдың тамыз айына дейін 281 мыңнан астам шаруа қожалықтары республикадан тыс жерлерге көшіп кетті. Ал бұл көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтар жаңа экономикалық саясатты іске асыру барысында өздерінің малдарының санын көбейтіп, қалаларға ет, жүн, т.б. шығарып сатып, жағдайларын біраз түзеп алған болатын.
Сонымен 20-жылдардың аяғына қарай қазақ даласындағы іріөзгерістерге: халық шаруашылығын қалпына келтіруге, өнеркәсіп орындарын салып, кәсіпорындардың, жолдың кең жүйесін дамытуға себепші болған жаңа экономикалық саясаттың әрекетін тежеп, әміршіл-әкімшіл басқару әдісіне көшуге біржола бетбұрыс жасалды. НЭП жылдарында Орташаланып калған ауқатты шаруалар, қаладағы жағдайын біраз түзеп алған қолөнершілер мен қызметкерлер енді жат таптың өкілі есебінде қудалауға алына бастады. Саясаттағы солақайлық етек ала берді. Халықты ызғарымен ықтырып, тұманымен тұншықтырып, отына күйдіріп Сталин бастаған әміршіл-әкімшіл басқару жүйесінің қызыл шоқтай тарғылданған күні туып келе жатты.
2. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жане оның зардаптары. 1932-1933 жылдардағы аштық.20-шы жылдардың басында қабылданған жаңа экономикалық саясат бойынша шаруаларды ұжымдастыру, халықтың материалдық әл-ауқаты мен мәдени дәрежесін көтеру сияқты күрделі мәселелер шешіледі деп есептелінді. Шаруалар кооперациясы мемлекеттік қысым күшімен емес, экономикалық тиімділік шарттарын сөзсіз орындау арқылы жүзеге асатын шаралар ретінде қаралды. Жаңа экономикалық саясаттың алғашқы жылдардағы тәжірибесі оның мүмкін екенін дәйектеп берді.
Алайда, 20-шы жылдардың екінші жартысында жаңа экономикалық саясат негізінде қалыптасқан шынайы бағыт түбірінен өзгерді. Басты міндет - ең зәру көкейкесті мақсат индустрияландыруды қызу қарқынмен жүргізу деп жар салынды. Индустрияландыру қам-қарекетін қамтамасыз ететін қорды жинауды шаруалар қауымын тікелей және жанамалап экспроприяциялау есебінен жүргізу көзделді. Атап айтқанда, бұл мақсат мемлекеттендірілген колхоз жүйесін жасау, яғни шаруаларды ұжымдастыруды жаппай өткізу арқылы іске асырылды. Сөйтіп, 20-шы жылдардың аяқ шенінде бүкіл елдегі сияқты Қазақстанда да колхоздастыру науқаны басталды. Бұл шараның іске асырылуына шаруалардың тілегі мен ықыласы себеп болған жоқ, ол жоғарыдан берілген әмір, нұсқаулар негізінде жүргізілді. Қазақстанда колхоздастыруды 1932 жылдың көктеміне қарай аяқтау белгіленді. Шаруаларды күштеп ұжымдастырудың арқасында республикада колхоздар саны қауырт өсіп 1927 жылы 1072 болса, 1928 жылы - 2354, ал 1929 жылы - 4876-ға жетті. Бұлар колхоздастыру саясатын жүргізудегі жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін құрылған жасанды шаруашылықтар еді. Оларды құру барысында небір сұмдык зорлыққа, күштеуге жол берілді. Ол тұста қабылданған бірнеше қаулы-қарарлардың заңдылығын тексеру барысында Қазақстан Республикасы Жоғары Кенесінің Төралқа комиссиясының 1992 жылғы желтоқсанындағы қорытындылары жарияланды. Онда келтірілген деректер мен мағлұматтар колхоздастырудың қандай әдістермен жүргізілгені жөнінде толық түсінік береді.
Колхоздастырудың 1929 жылдың орта шенінен басталғаны белгілі. Оның құлаш жаюы Сталиннің сол жылғы 7 қарашадағы "Правда" газетінде "Ұлы бетбұрыс" деп аталатын мақаласының шығуымен тұспа-тұс келді. Мұның алдында кулактарға шабуыл жөніндегі нұсқаулар негізінде Қазақстанда байлардың шаруашылықтарын тәркілеу аяқ-талған болатын. Енді жана экономикалық саясат негізінде жүргізілген шаруаларды кооперациялау ісі мемлекет бағыттап отырған күшпен ұжымдастыру шарасына орын берді. Ал, бұл шара шаруа қауымының игілігін ойлаудан тумады, тек индустрияландыру процесін қамтамасыз ету мақсатын қана көздеді. Сөйтіп, 20-30 жж. жаңа экономикалык саясатын дамыту бағыты тұйықталып тасталды. Ондаған жылдар бойына экономика мен қоғамдық саяси өмірде тек "күштеу" шарасының рухы үстемдік етті.
Бұл жағдай ауыл шаруашылығына қасіретті зардабын тигізді. Селодағы саясаттың ең басты шарты - әміршіл-әкімшіл террорға сүйенген экономикалық емес жарлықтар, шаруалар қауымын кооперациялау идеясын жаманатты қылып қоймай, оның пайдалы жақтарын да құртып жіберді. «Ұлы бетбұрыс» селолық құрылымдарды қатігез қаталдықпен аяусыз қиратып, қоғамның болашақта туатын проблемаларын біртіндеп әзірлей бастады.
Колхоздастыру барысында жүргізілген ауыл шаруашылығы өнімдері оның ішінде астықты күштеп дайындау шаруалардың күн көрісіне, көңіл-күйіне мейілінше кері әсер еткен, оларды кеңес өкіметін жек керуге итермелеген екінші бірүлкен шара болды. Ауылдарда мал саны өсіріліп көрсетіліп, алынатын еттің, жүннің көлемі белгілі есептен асып түсті. Салғыртты орындау үшін шаруалар қыс ішінде қой қырқуға мәжбүр болды. Мұның өзі қойлардың жаппай қырылуына соқтырды. Егіспен айналыспайтын шаруашылықтардан астық талап етілді. Салғыртты орындамаған қожалықтар сотқа тартылды. 1928-1929 жылдары осындай айыпқа ұшыраған 34 мың ауыл-село адамдары сотталды. Мұның өзі ауыл адамдарын қорқыту үшін де істелінді.
Колхоздастыру осындай ауыр жағдайда басталды да, оны басқару әкімшілік, зорлық, күштеу әдістерімен жүргізілді. Егер 1928 жылы Қазақстанда колхозға барлық шаруашылықтардың екі пайызы ғана кірсе, 1931 жылдың күзінде шаруаларды 70-тен 100 пайызға дейін колхоздастырған аудандардың саны 78-ге жетті. Бұл тұста өлкеде 122 аудан болатын. Шаруаларды ұжымдастыру көзінде ауыл-селоларда бай-кулактарды тап ретінде жою шаралары іске асырылды. Жергілікті орындарға жеткізілген нұскау бойынша жойы-луға тиісті бай-кулак шаңырактары барлық шаруашылықтың жалпы санының 3-5 пайызынан аспауы керек деп ескертілді. Бірақ, осыған қарамастан әміршіл-әкімшіл жүйенің асыра сілтеу әрекетімен тәркіге салынғандар саны кез келген жерде ең жоғарғы көрсеткішке жеткізілді. Нәтижесінде тек 1930-1931 жж. республикадан тыс жерге бай-кулак деп "жер аударылып" жіберілген шаруалар саны 6765 адамға жетті. Ондаған мың шаруалар тұрған округтерінен республика ішінде басқа жерлерге көшірілді.
Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жүргізу үшін Қазақстан өлкелік партия комитеті жергілікті белсенділермен бірге кәсіпорындардан сегіз мың жұмысшыны тартты. Мұның үстіне республикаға Мәскеуден, Иваново-Вознесенскіден, Харьковтан, Ленинградтан партияның шақыруымен 1204 «жиырма бесмыңыншы» келді. Бірақ бұлардың өздері қазақ жерінде отырықшыланудың мәні мен механизмін жете түсінбеді. Көптеген әкімшілер үшін бұл шартараптан жүздеген шаруашылықты бір жерге жинау болды. Мұндай топтаудың салдарынан шаруалар мал өрісінен, су мен шөп іздеп, жайылым ауыстырып отыру мүмкіндігінен айырылды.
Әміршіл-әкімшіл жүйенің нұсқауымен Қазақстанның барлық аймақтарында ұжымдастыру егіншілік шаруашылықтарында да қандай қарқынмен жүргізілсе, мал өсіретін шаруашылыктарда да ол сондай қарқынмен жүргізілсін деп талап етілді. Ойластырылмай алынған шешімнің зиянды қайтарымы өзін көп күттірген жоқ.
Колдағы малды қоғамдастыру нәтижесінде колхоз фермалары құрылды. Кейбір жерлерде алып коммуналар ұйымдастырылып, олар өте көп шарушылықты біріктірді. Соның нәтижесінде фермаларға жиналған қисапсыз мал күтімнің кемдігінен, шөптің, жайылымның жетпеуінен қырылды. Колхозға кірмеген жеке шаруашылықтарда мал ұстауға ықылас болған жоқ. Сөйтіп, 1928-32 жылдар аралығында республикада ірі қара 6 млн. 509 мыңнан 965 мыңға, қой 18 млн. 566 мыңнан 1 млн. 386 мыңға, жылқы 3 млн. 516 мыңнан 316 мыңға, түйе 1 млн. 42 мыңнан 63 мыңға азайып кетті. Қазақстанның осы жылдары одақ бойынша тауарлы астық өндіруден үлес салмағы 9 пайыздан 3 пайызға кеміді. Халықтың тұрмысы нашарлап, қайыршылануы күшейді. Мұның өзі шаруалар бұқарасының наразылығын туғызбай қойған жоқ. 1929-1931 жылдарда шаруалардың 372 көтерілісі болып, оған 80 мындай адам қатысты. Созақ, Шемонаиха, Бұқтырма, Ырғыз, Қазалы, Қармақшы, Самар, Абыралы, Биен-Ақсу, Шыңғыстау, Бөрібаев, Қастек, Балқаш, Шұбартау, Маңғыстау т.б. жерлердегі шаруалар көтерілісі аяусыз басылып, оған қатысқандардан 5551 адам сотталды, олардың 883-і атылды. Жалпы алғанда күштеп ұжымдастыру көзінде Қазақстанда 100 мыңнан астам адам жазаланды.
Көшпелі қазақ мал шаруашылықтарын күштеп отрықшыландыру және ұжымдастыру Қазақстан экономикасын құлдыратып төмен түсіріп жіберді. Республика экономикасының құлдырап төмендеуі 1932-1933 жылдардағы қуаңшылықпен тұстас келді. Осындай елді арылмас сорға душар еткен қолдан жасалған қастандық пен табиғаттың рақымсыздығынан осы екі жылда республикада аштықтан өте көп адам қырылып, қазақ елі орны толмас қайғы мен қазаға ұшырады: 2 млн. 200 мың адамынан, яғни қазақ ұлтының 49 пайызынан айырылды. Республикада тұратын басқа халықтар да сан жағынан кеміді.
Бекіту сұрақтары:
1.Ауыл шаруашылық өндірісінің құлдырауының себептері неде?
2.1924 жылы сәуірде РКФСР үкіметі Қазақ АКСР- інің көшпелі және отырықшылыққа көшкен халықтары туралы қандай жарлық шығарды?
3. Қазақстанды жайлаған 1931-1932 жж аштықтың болуына не себеп болды
4. Қазақстаннан тыс ауа көшкен жүз мыңдаған қазақтардың тағдыры қалай болды?
Қазақстан XXғ. 20-ж. I-жартысындағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС)
Негізгі ұғымдар: Кіші қазан, оппозиция, социалистік индустриализацияның принциптері, жаңа экономикалық саясат. “Кулактар”.
Мақсаты:Қазақстан XXғ. 20-ж. I-жартысындағы жаңа экономикалық жағдай және өлкедегі кеңестік мемлекеттік құрылысы туралы тарихи ақиқатын таныту.
Жоспар:
1. ЖЭС-қа дейнгі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай.
2. ЖЭС жылдарында Қазақстан экономикасы.
3. Өлкедегі кеңестік мемлекеттік құрылысы.
4. Ф.И. Голощекин және “Кіші қазан” революциясы
5. Қазақстандағы социалистік индустриализацияның принциптері және оның ерекшеліктері.
6. Елдің индустриалдық дамуның алғашқы қадамдары және дамуы.
7. Қазақстандағы мәдениет қүрылысы және мәдениет жетістіктері (1920-1940 жж).
1. ЖЭС-қа дейнгі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай.РКП(б)-нің X съөзінің жаңа экономика саясаты (ЖЭС) және оның Қазакстан халқын ашаршылыққа ұшыратуы.Жер-су реформасын жүзеге асыру.1920 жылдың аяғында Коммунистік партия жаңа экономикалық саясатты (ЖЭС) әзірлеуге кірісті. 1921 жылғы ақпанның басында Ленин азық-түлік салғыртының орнына азық-түлік салығын енгізудің қажеттігін атап корсетті.жылдың 8-16 наурызында партияның X съезі өтті.В.И.Ленин Орталық Комитеттің есепті баяндамасы мен натуралды салық туралы баяндамасында салғырттан азық-түлік салығына көшудің, жаңа экономикалық саясатқа көшудің қажеттігін жете дәлелдеп берді.
Социализмнің экономикалық негізін салу үшін жаңа техникалық базада ірі өнеркәсіпті қалпына келтіріп, қайта құру керек болды, ал бұл үшін жұмысшыларды азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығын ең адцымен қалпына келтіру керек бодды. Ауылшаруашылық өндірісін көтеруге еңбекші шаруалар бүқарасын ынталандыру керек болды, бірте-бірте, ептеп-ептеп миллиондаған бытыраңқы шаруалар шаруашылығын социализм жолына көшіруге негіз дайындай беру керек болды; ал қала мен деревняның, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының экономикалық байланысты тауар айналымынан капиталистік элементтерді ығыстыра отырып, сауда арқылы ұйымдастыру керек болды. ЖЭС дегеніміз капитализмге белгілі шамада уақытша жол бере отырып, бірақ халық шаруашылығын билеу тізгіндерін міндетті түрде пролетарлық мемлекеттің қолында сақтай отырып, жұмысшылар мен шаруалардың экономикалық және саяси одағын нығайтуды, пролетариат диктатурасын нығайтуды көздейтін пролетарлық мемлекеттің айрықша саясаты еді. ЖЭС бастапқы кезде және белгілі мөлшерде шегіну бодды, бірақ жұмысшылар мен шаруалардың капитализмге қарсы жаңа шабуылға көшуіне қажетгі шегіну еді. ЖЭС капиталистік элементтермен өзінің күресінде социалистік элементтердің басым өсуін, социалистік элементтердің капиталистік элементтерді жеңіп шығуын, қанаушы таптарды жоюды, социализм орнатуды көздеген еді.
Съезд партияның соғыс коммунизмі саясатынан жаңа экономикалық саясатқа көшу жөніндегі ұстаған бағытын мақүлдап, салғыртты азық-түлік салығымен ауыстыру туралы шешім алды. Шаруалар шаруашылығына сальшатьш салықтың міндетті мөлшері белгіленді, өйткенмен артық өнімдерді шаруаның өзі толық билейтін болып, ал өнімдерді шаруа өнеркәсіп товарларына айырбастауға, базарға шығарып сатуға мүмкіндік алды.
Қазақстанның жағдайы 1916 жылғы ойран Жетісуда, әсіресе, қазақтарды үлкен қиыншылыққа ұшыратты. Он мындаған адам көтерілісте қырылды. 300 мыңы Қытай асып, елінен, жерінен айырылып қадды. Революцияға дейін шұрайлы жерінен айырылған халық ашаршылыққа ұрынды. 1917-1918 жылдары Түркістанда 1,114 миллион адам аштан қырылды. Оның 75 проценті қазақтар. 1919 жылғы Т.Рысқұловтың бастауымен Түркістан өлкесінде аштарға көмек беру комиссиясы құрыдды. Бірақ соның өзіңде бұл өлкеге жеңілдік жасалмады. Азық-түлік Қазақстанда 1920 жылы қандай мөлшерде жинальш, орталыққа жіберілгені жоғарьда айтылды. 1921 жылы Қазақстанның 5 губерниясы, кейбір уездері ашаршылыққа үшырады. Бұл губерниялар (ішінде Семей губерниясы да бар) Қазақ АССР ОАК-інің өтініші бойынша, 1921-1922 жылдары азық-түлік салығынан босатылды. Сондай-ақ Қазақстандағы барлық көшпелі және жартылай көшпелі хальйк, ет, сүт, тері, жүн төлеуден босатылды.
2. ЖЭС жылдарында Қазақстан экономикасы. Қазақстандағы ашаршылық тек 1921 жылмен шектелмейді, одан әлдеқайда бұрын басталды, бірак оның мөлшері, халықтың шеккен зияны әлі толық анықталмай келеді. Бір ескерерлік жайт — ЖЭС-те бізге жақсылык әкелмеді. 1921 жылы күзде Лениннің өзі Арал балықшыларына хат жазып, орталыққа балық алғызды, Тіпті Ақмола, Семей губернияларынан 1921 жылы ашыққан неміс жұмысшыларына астық жөнелтіліп, оларды "таң калдырдық". 1921 жылы Мәскеу Қазақстаннан 1920 жылдың орындалмаған 20 миллион пұт астығын жинауға әрекеттенді. Бұған тек шаруалар ғана емес, осы әрекеттің жөнсіздігін түсінген кейбір Кеңес кызметкерлері де наразылық біддірді. Осыған қарамастан, 1921 жылы мамырда Мәскеу мен Ленинградтан Павлодарға 7 мың жұмысшы және 2,5 мың адамнан құралған бірнеше автоколонналар келіп түсті. Астық жоспарын орындату мақсатымен кейбір губернияларға зат айырбасын жасауға әртүрлі тауарлар да жіберілді. Бірақ Кеңес өкіметінен жүрегі шайлығып қалған шаруалар бұған сенбеді және ел ашығып жатқанда астығынан айырылғысы келмеді. Сондықтан олар астықты тііггі өнеркәсіп тауарларьша айырбастаудан да бас тартгы. 1921 жылғы 2-шіддеде Лениннің РК(б)П-ның Сібір және қазақ бюроларына жіберген телеграммаларында "шешуші шаралар қолданып, базарларды толық жабудан (шаруалар астығын сатгырмау үшін) тайсалмай, кең мөлшерде зорлап алмастыру жүргізіңдер" деп кеңес берді. Осылайша Кеңес өкіметі жоғарыда керсетілген жеңілдіктердің бәрін бірте-бірте жойып, іс жүзінде ескі "соғыс коммунизмі" саясатына қайта көшуге бет алды. Соның бір көрінісі — 1921 жылы 20-қарашадан бастап сұрақтарға жауап берерліктей. Бірақ Қазақстан топырағында бұл саясаттарға ортақ белгілер болғанын, яғни ең әуелі орталықтың мүдцесі үшін азық-түлік күшпен экспро-приацияланғанын ашық айтатын уақыт жетті.
Дегенмен бұл жылдары Қазақтың көшпелі және жартылай кешпелі шаруашылықтарының көпшілігінің бірте-бірте ұсақ товарлы укладқа көшуі қазақтың еңбекші шаруаларын кооперацияға тартуды жеңілдетті, қазақ аулында колхоз құрылысының жеңуіне белгілі алғы шарттар жасады.
Ауылшаруашылық сайманын жөндеумен айналысқан жүздеген мастерскойлар пайда болды, ауылшаруашьшық саймандарын арнайы "жөндеу апталығы" еткізіліп отырды. Кедейлер егіндігін бірлесіп жырту үшін бірікті. Ауыл мен селоларда егіс науқанына әзірлену жөнінде сенбіліктер мен жексенбіліктер өткізіліп отырды, суармалы егіншілік аудан-дарында каналдар мен арықтар қалпына келтіріліп жатты. Машинаны жалға беретін түңғыш пункттер жұмыс істей бастады. Шаруалар астығын, картофелін, етін өткізіп, өнер-кәсіп товарларын сатып алып отырған базарлар ашылды. Өлкенің шаруашылық өмірі көркейіп, азық-түлік қиыншы-лықтары бәсеңцей түсті.
Сол кезде Қазақстанда тұрғын елдің салтына, түрмысына, шаруашылығына қарай шешетін мәселенің бірі жер мәселесі болды. 1921 жылдың 7 ақпанында Қазақстан Кіндік комитеті Декрет шығарды. 1917 жылға шейін Қазақстан кесіп алынса да, қара шекпендер орналастырылмай бос жатқан жерлер еңбекшіл қазақ еліне қайтарылады деді. 1921 жылдың 19 сәуіріңце Ертіс және Ащыкөл бойывдағы ені 10 шақырымдық және Жайық бойындағы ені 10 шақырымдық жерлер еңбекшіл қазақ халқына қайтарылсын деді. Мүны шығарушы да Қазақстан Кіндік комитеті. Сонымен көп жылдан бері үздіксіз таласа, тармаса, жалдап алып, неше қиындықтармен, пайдаланып келе жатқан жерлеріне қазақ елдері қайтадан орналасатын болды.
1922 жылдың 26 тамызында федеральдық комитет құрама республикаларда жер ісін қарастыратын мекеме мен ВЦИК "Қазақстанда еңбекпен пайдаланудьщ нецзгі заңын" бекітіп шығарды. Бұл негізгі заң 31-тамыздан бастап іске аса бастады. Сол "негізгі заңның" 32-33-баптарына ескерту бар. 32-бап бойынша әркім пайдаланып отырған жеріне түпкілікті орнығып иеленіп отыра береді. Бірақ, ол жерді съездер иә жер мекемелері заң бойынша берсе, ғана сол пайдаланып отырған жеріне ие болмақшы. Сонымен мейлі қазак, мейлі орыс, мейлі қай тек болсын, Қазақстанда еңбекпен жер пайдаланамын десе, іс жүзінде пайдаланып отырса да даулы жерге съездердің, нә жер мекемелерінің заңға сыйымды рұқсаты болу керек.
Осы "негізгі заң" артынан 1922 жылдың 30 қазанында "земельный кодекс" деген бүтін Ресейге арналып заң шықты. Автономиялы республикалар үшін айрықша сол "кодекске" толықтырулар және өзгертулер енгізіліп, 1923 жылдың сәуірінде жарияланды. Сол өзгерту бойынша Қазақстанның ішінде енбекпен жер пайдалану жайындағы "негізгі заң", онын, бер жағында 32-бап пен 33-баптың ескертуі қайтадан бекітілді. Екінші "Земельный кодекстің" жалпы мағынасына қарағанда, пайдаланатын жердің ауданы бері болса күн көруге жетерлік, әрі болса әркім өз еңбегімен игерерлік болуға тиісті. Бірақ, үйге, шаңыраққа, адам басына пәлен десятинадан берілсін деп айтылған сөз жоқ. Және "Земельный кодекстің" айтуы бойынша, ең әуелі жерге тұрғын халық орналасуы керек. Ең әуелі түрғьш халықты жерге орналастыру керек (16-баптың 6-ескертуі). Жер жайывда кезекті нүсқаулар, ережелер, жолдар шығарып түруға белгілі мөлшерде автономиялы республикаларға ерік берілген. Бір жерге переселен аудару мәселесі ВЦИК-тің билігінде (223-бап), бір жерден бір жерге қоныс аударуға — переселен болуға, яки қоныс іздеуге әркім ерікті. Тетенше уақытта ресейлік жер комитетіне бекіттіріп алып, автономиялы республикалар зорлап алуға еркі бар.