Бизнес жоспар кезеңі құрылымы түсінігі

Бизнес-жоспар – ағылшын тілінде «bisness» табыс табуға бағытталған нарықтық келіссөздер жүргізу бағдарламасы, кәсіпкерліктегі амалдар мен тәсілдер жиынтығы. Бизнес-жоспарды жасауда ең бастысы – мақсаттар мен міндеттерді нақты анықтап алу. Бизнес-жоспар компанияның өз күшімен немесе арнайы маманданған мекемелердің көмегімен жасалады. Олар: сауда палаталары, салалық ассоциациялар немесе қорлар, консалтингтік компаниялар.

Бизнес-жоспардың көлемі мақсатқа байланысты, жоспардың нәтижесі мақсатқа жету болып табылады. Жалпы ереже бойынша бизнес-жоспар бірнеше жылға (3-5 жылға) жасалады, ал бірінші жылдың жоспары нақты жоспардың құжаты ретінде маңызды.

Кәсіпкерлік тәжірибе бойынша да, ғылыми әдебиеттерде де бизнес-жоспардың құрылымы мен мазмұнына біртекті нұсқаулар жоқ, себебі әрбір бизнес-жоспардың мақсаты, кәсіпкердің таңдап алатын өндіріс саласы, ұйымның даму стратегиясы әртүрлі, әрқайсысының өз ерекшеліктері болады.

Кәсіпкер жеке өзінің ісіне бизнес-жоспар дайындау кезінде мынандай бөлімдерді қарастыру керек:

1) Ұйымның жалпы сипаттамасы (Резюме).

Бұл бөлім барлық басқа бөлімдерді дайындап болғанан кейін дайындалады. Негізгі бағыт – анықталған мақсат және стратегияға жету жолдары.

2) Тауардың сипаттамасы. Бұл ұйымның ең маңызды іс-әрекеттерінің нәтижесі. Жұмысқа кірісер алдында кәсіпкер өндіретін тауары мен көрсететін қызметтері туралы тұтынушыларға анық, жан-жақты толық сипаттма беруі керек.

3) Тауар өткізу нарығы.

Кәсіпкерлік ұйым тұтынушалар үшін жұмыс істейтін, сондықтан сатып алушыларды анықтап, нарықты талдауы, өндірілген тауары мен қызметтері нарықтан “шығып қалмауы” жағдайын алдын-ала қарастыру керек. Әдетте ереже бойынша нарықты зерттеу 4 кезеңге бөлінетінін естен шығармау керек.

4) Өткізу нарығындағы бәсеке.

Нарық сатушылар мен сатып алушылардың қарым-қатынасын көрсететін күрделі механизм. Сатушы ретінде көптеген коммерциялық ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер болуы мүмкін. Сондықтан бәсекелес кәсіпкерлердің іс-әрекеттерін алдын ала зерттеп, талдау қажет. Бұл бөлімде нарықтық конъюктураны талдау, нарықтық стратегия мен тактика, бәсекелестердің сипаттамасы көрсетілуі тиіс.

5) Маркетингтік жоспар.

Бұл бөлімде кәсіпкер әріптестеріне және инвесторларға маркетинг жоспарын, оның негізгі элементтерін түсіндіруі тиіс. Әрбір тауар түріне арнайы жоспар болуы керек, сонымен бірге тауарларға байланысты нарықтық өзгерістер, жаңа тауар өндірісін дамыту мәселелері қарастырылып , осылардың барлық жиынтығы маркетингтік жоспар деп аталады.

6) Өндірістік жоспар.

Бұл тек қана өндіріспен шұғылданатын кәсіпкерлер үшін қажет . Басты міндет Әріптестерге қажетті тауарды тиісті мөлшерде талап етілген сапада мезгілінде өндіретінін дәлелдеу. Яғни қажетті тауарды өндіру процесін, өндірісті ұйымдастыру. Бұл бөлімнің мәліметтері 2-3 жылға жоспарланады, ал ірі кәсіпорындар үшін 4-5 жылға есептеледі.

Өндіріс барысында қалай жүргізетіні, схемасы, шикізат қайдан келетіні, қандай өнім өндіріліп, қайда қашан жіберілетіні туралы нақты мәліметтер көрсетіледі. Сыртқы эксперттер нарық талабына сай технологиялық схеманы, еңбекшығынының азаю деңгейін, өнімдер ассортименті өзгерісіне баса көңіл аударады. Сондықтан өндірістік жоспарда өнім өндіру үшін өндірісті дамыту мәселелері толық көрсетілуі тиіс.

7) Ұйымдастырушылық жоспары.

Бұл бизнес жоспардың бұл бөлімінде ұйымды басқару деңгейі, кәсіпкер мен ұйым мүшелерінің білімі, тәжірибесі, кәсіби мамандану деңгейлері көрсетіледі. Шағын кәсіпкерлікте әрбір маманның ролі мамандық деңгейі өте маңызды, сондықтан қызметкерлердің әлсіз және күшті жақтарын анықтап, нақты сипаттама берген дұрыс.

8) Кәсіпкерліктегі тәуекелділік.

Бұл бөлімде кәсіпкерлік іс-әрекеттердегі мүмкін болатын қауіптерге тәуекелділік жағдайлары сипатталады, әртүрлі сыртқы және ішкі қауіпті жағдайлар мен оның зардаптарын жою жолдарын немесе алдын алу мәселелері қаралады.

Бизнес–жоспар дайындау кезінде кәсіпкерлік істердегі тәуекелділік жағдайларын басқару мәселелеріне айтарлықтай көңіл бөлінуі тиіс.

9) Қаржылық жоспар.

Бұл бөлім ең қорытынды кәсіпорын іс-әрекеттерінің нәтижесін көрсететін бөлім болып табылады. Қаржы бөлімінде кәсіпкерлік іс-әрекеттердің даму стратегиясы, қаншалықты жүзеге асырылғаны көрінеді.

10) Қосымшалар.

Қосымшаларда бизнес-жоспардың кейбір бөлімдерін нақтылай түсетін мәліметтер болады. Олардың құрамы мен мөлшері көздеген мақсатқа, бизнес ісінің мазмұнына байланысты.

Бизнес-жоспардың сыртқы бетінде бизнес-жоспардағы мәліметтердің кәсіпкерлік құпия екенін, сол істің иесіне ғана арналғанын көрсетуді ұмытпаған жөн.

43. Автосаяхаттарды жобалау ерекшелңкреті.12 сурак Туристерге қымет көрсетуге бағытталған автоқызметтер тізбегі келесі бағыттарды қарастырады:

1) Автобустық саяхаттар ұйымы;

2) Туристің өзінің жеке меншік көлігінде саяхат жасау ұйымдары;

3) автокөліктерді жалға беру.

Автобуспен саяхаттар. Халықаралық автобустық туризм - туризмнің жаңадан дамып келе жатқан түрі. Ол ХХ ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап дами бастады. Осы уақытқа дейін әр түрлі мемлекеттерде автобустар негізінде экскурсиялар, трансферт және жергілікті саяхаттар үшін пайдаланылды.

Шенген келісімінен кейін автобус тасымалдарының дамуында жаңа өзгерістер болды. 90 жылдары автобус туризмінің орташа жылдық өсімі 1,5% құрады.

Көлік минибетлерінің Еуропадағы конференциясы (1984ж) автобустық туризмнің негізгі үш түрін көрсетті:

· Рейстік автобустармен саяхаттар;

· Автобуспен топтық саяхаттарды жүзеге асыру;

· Арнайы (чартерлік) рейстер.

Автобуспен туризмнің экскурсиялық түрі ретінде халықтың қол жетімді көлігі ретінде үнемі тұрақты дамып отырады. Оның көлемінің өсуі қазірге дейін анық байқалады. Автобустық турларының танымал түрлерінің бірі Еуропа қалаларына экскурсия танымдық мақсаттара 2-3күндік сапарлар. Танымдылық бойынша 2-ші орында Еуропа қалаларына экскурсиялық танымдық мақсаттарда 1-2 аптаға жалғасатын маршруттық турлар.

Автобустық турларды ұйымдастыру барысында басқа тасымалдаушылар сияқты маусымдық өзгерістер маңызды рол атқармайды. Автобустық турлар бүкіл жыл бойына ұйымдастырыла береді. Тек қана қаңтар және ақпан айларында сұраныс аз болады.

Мамандардың пікірі бойынша автобустық турлар нарығында бәсеке маршруттың әр түрлілігіне және қызмет көрсету сапасынан көрінеді.

Наши рекомендации