Лексикология және оның салалары. 5 страница
Ұғым және сөз.[өңдеу]
Ұғым — сөзбен ажырамас байланыста болады. Ұғым керінісінің тілдік формасы — сөз және сөз тіркестері. Адамның ойлау қызметінде ұғым мен сөз бір-бірімен қабысқан байланыста болады. Алайда оларды теңестіру қателікке соқтырар еді. Ұғым — ойдың логикалық формасы, ал сезоның тілдік-грамматикалық көрінісі. Кейде бір ұғым әр түрлі сөздермен берілуі мүмкін (синоним сөздер). Сонымен қоса мағынасы бір болса да, қолданылуына қарай түрлі мағынада, түрлі ұғымдарды білдіретін омоним сездер де болатыны белгілі (мысалы, "кілт" сөзі). Ұғымдар "есім" деп аталатын сөздер мен сөз құрылымдарында бейнеленеді және бекиді. Қарапайым есімдер, мысалы "құқық", "заң", "аңғалдық", "қатысу", ал киын есімдер — "демократиялық заңдылық", "аса қажеттілік", "қоғамдық демократиялық өзін-өзі басқару" және тағы басқа осы ұғымдардың материалдық, тілдік негізі болып табылады, бұларсыз ұғымдар да, олардың жасалу амалдары да қалыптаспайды.
Сөздің ұғымнан айырмашылығы, ол барлық тілдерде әр түрлі: ал белгілі бір ұғым әр түрлі тілдерде де әр түрлі бейнеленеді. Сонымен қатар бір тілде де ұғым мен сөз тепетеңдігі болмайды. Мысалы, барлық тілде синоним сөздер мен омоним сөздер өмір сүреді.
Ұғымдар тек шынайылықты дұрыс бейнелесе ғана дұрыс ұғым болады. Егерде бір ұғым болмысты дұрыс бейнелемей, бұрыс бейнелесе, онда ұғымның жалған болғаны. Жалған ұғым, мысалы, теория мен практиканың байланысы бұзылғанда пайда болады. Дұрыс ұғымдар адамдардың еңбек әрекетінен, еңбек үдерісінде құралып шығады: ондай ұғымдардың болмыстағы нәрселер мен құбылыстарға сәйкестігі адамның практикасымен тексеріледі.
Айналадағы болмысты тани, біле отырып, адам нәрселерді бір-бірімен салыстырып, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын табады; талдау және жинақтау арқылы нәрселердің мәнін ашып береді, ойша олардың белгілерін бөліп алады. Ол белгілерді абстракциялап, жалпылайды. Нәтижесінде адамда болмыста бар нәрселер мен құбылыстар туралы ұғым қалыптасады.[1]
Фонема (грек. рһопета - дыбыс) — сөздер мен морфемаларды бір-бірінен мағына және форма жағынан ажыратуға көмектесетін тілдін дыбыстык жүйесіндегі негізгі типтік бірлік, яғни дыбыс типі.
· Мысалы: қазақ тілінде сөздің бір дыбысының түрленуі (мол — қол — сол — жол — бол — тол); бірқатар дауыссыздардың жуан буында жуан, жіңішке буында жіңішке айтылуы (ыс — іс, ас — ес); бір дыбыстың артық келуі (он — тон, ал — бал) сөздерді мағына және форма жағынан бір-бірінен ерекшелеп тұр. Фонемалы тілдерде Фонема саны әр түрлі болады.
· Мысалы, қазақ тілінде 9 жалаң дауысты Фонема, 25 дауыссыз Фонема болса, орыс тілінде 6 дауысты, 35 дауыссыз Фонема бар.
Фонема вариациясы[өңдеу]
Фонема вариациясы (лат. variat - өзгеру) орыс. вариация фонемы — фонемалардың қосымша варианттарының (аллофондардың) жалпы атауы. Олар негізгі вариантқа қарама-қарсы қойылып қаралады. Бұл құбылыс орыс тіліне тән.
Фонемалардың айырым белгілері[өңдеу]
Фонемалардың айырым белгілері — фонемаларды бір-бірінен ажырататын белгілер.
· Мысалы: т—д дыбыстарының айырым белгілері — олардың бірінің қатаң, екіншісінің ұяң екендігі, с—з дыбыстарының айырым белгілері — бірінің шұғыл, екіншісінің ызың, а—ә дыбыстарының айырым белгілері — олардың жуан-жіңішке екендігіне байланысты.
Жалғы тіл білімінде фонемалардың дифференциалдық[өңдеу]
Жалғы тіл білімінде фонемалардың дифференциалдық (лат. differens - ажырату) белгілері деп аталады.
Фонемалардың жұптас жіктері[өңдеу]
Фонемалардың жұптас жіктері (лат. binarius - жұп) орыс. бинарная классификация фонем — дыбыстардың жуан-жіңішке, еріндік-езулік, ашық-қысаң, қатаң-ұяң, үнді-үнсіз, т. б. жұпталып жіктелуі.
Фонемалардың негізгі белгілері[өңдеу]
Фонемалардың негізгі белгілері — фонемалардың варианттарына ортақ, фонетикалық өзгерістерге ұшырамайтын негізгі белгілері.
· Мысалы: а фонемасының негізгі белгілері: ашық, тіл арты, езулік екендігі.
Жалпы тіл білімінде Фонемалардын конститутив белгілері (лат. constitutio - орнату, анықтау) термині колданылады.[1]
Фонетика - (грек. phônçtіkуs – дыбыстық, дауыстық) – тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы. Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, яғни айтылым базасын, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады.
Осыған байланысты қазіргі Фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық), жасалымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан қарастырылады.[1][2]
Дыбысты зерттейтін бейтілдік ғылыми пәндермен салыстырғанда фонетика дыбыстық құбылыстарды тілдік қарым-қатынас үшін қажетті сөздер мен сөйлемдердің материалдық тұрпатын жасаушы тілдік жүйенің элементі ретінде қарастырады. Тілдің дыбыстық жағы мұндай қызметтен ажырап қалса, түсініксіз болады. Тіпті сөз ағымындағы жекелеген дыбыстардың өзі тілдің мазмұндық бірліктерімен байланыста, яғни фонеманың өкілі (варианты, аллофоны) ретінде ажыратылады. Мысалы, майсөк сөзі мәйсөк түрінде берілгенмен, алғашқы буындағы фонема а болады,
себебі қазақ тілінде май деген түбір бар да, мәй деген түбір жоқ.
Фонетика сөзінің мағынасы[өңдеу]
Бүгінгі тіл білімінде фонетика сөзінің кең және тар мағынасы қалыптасқан. Кең мағынада фонетика тіл дыбыстарын зерттейтін ғылымның бір саласы, ал тар мағынада тіл дыбыстарының сөз ағымындағы, дыбысталған сөздегі көріністері мен әр түрлі құбылыстарын зерттейтін бөлімі дегенді білдіреді. Кең мағынадағы тіл ғылымының бір саласы ретінде фонетика жалпы және жеке немесе жекелеген тілдердің фонетикасы болып бөлінеді.
Фонетиканың зерттеу тәсілдері[өңдеу]
· адамның дыбыстау аппаратының мүмкіндіктерін, дыбыстық бірліктердің акустикалық, артикуляциялық, перцепциялық ерекшеліктерін зерттеп, оларды айырым белгілеріне қарай таптастырады;
· дыбыстардың әуендік, әуездік сипаттарын анықтайды;
· дыбыстардың тіркесімділігін, буын ерекшеліктерін, олардың сөздегі үйлесімі мен үндесімін;
· буын табиғатын, дыбыстардың буынға бірігу заңдылықтары мен сөз ағымының буынға жіктелуінің факторын;
· сөздің фонетикалық ұйымдасуын, екпін мен үндестік заңын;
· сонымен қатар тілдің интонациялық құралдары болып табылатын дауыс әуенін (негізгі тон жиілігін), қаттылығын (интенсивтілігін), жылдамдығын, әуезін, кідірістерді қарастырады.
Фонология[өңдеу]
Дыбыстық жүйеде тілдің құрылымын зерттейтін тіл білімінің фонетика саласының үлкен бөлігі; Жекелеген тілдің фонетикасы осы мәселелерді нақты бір тілге қатысты қарастырады.
Жекелеген тілдің фонетикасы сипаттама немесе синхронды, тарихи немесе диахронды болып сараланады.
1. Синхронды фонетика тілдің қазіргі жағдайындағы дыбыстарын, дыбыстық құбылыстарын, яғни дыбыстық жүйенің статикасынзерттейді
2. диахронды фонетика тілдің дыбыстық жүйесі мен ондағы құбылыстардың тарихын, уақыт пен кеңістіктегі өзгерістерін, яғни динамикасын зерттейді.
Қазіргі Фонетикада палатография, интонография, спектрография, т.б. әр түрлі құралдарды пайдаланатын эксперимент тәсілдері, сондай-ақ [[электрондық-есептеуіш машиналар, компьютерлік бағдарламалар кеңінен қолданылады. Сонымен бірге Фонетиканың сөз дефектологиясы, калиграфия, логопедия, сурдопедагогика, графика мен орфография сияқты ғылымның басқа да салаларындағы қолданбалы мәні артып келеді.
Әсіресе, эксперименттік фонетика нәтижелері тілді автоматтандыру, адам сөзімен басқарылатын күрделі электронды жүйелер, жасанды интеллект мәселелері үшін құнды.
Фонетиканың жоғарыда аталған бағыттарының барлығы қазіргі қазақ тіл білімінде өз деңгейінде дамыған.
Фонетикалық дыбыстаңба[өңдеу]
Фонетикалық дыбыстаңба, фонетикалық транскрипция (лат. латtranscriptio -қайта көшіріп жазу) — ауызша айтылған сөздің дыбысталуын неғұрлым дәл беру үшін қолданылатын жазу тәсілі.
Фонетикалық жазу[өңдеу]
Фонетикалық жазу — дыбыстық жазу. Емле ережелерінің фонетикалық принципіне негізден жазу, яғни сөздерді айтылуы бойынша жазу. Қазақ жазуында түбір сөздердіңкөпшілігі айтылуы бойынша жазылады.
· Мысалы: ара, ата, екі, көз, бас, құс, түн.
Фонетикалық заңдар[өңдеу]
Фонетикалық заңдар — тілдің дыбыстық материясының қызметі мен дамуының заңдылықтары. Олар дыбыстық бірліктердің тұрақтылығын және үздіксіз болып отыратын өзгерістерін, өзара алмасуы мен тіркесуін реттеп отырады. Күнделікті сөйлеу процесінде болып отыратын құбылыстарды, аллофондық түрленулерді (варианттарды), дыбыстардың сөз құрамындағы позициялық алмасуларын тілдің дыбыстық материясының қызметіндегі заңдылыктар арқылы түсіндіруге болады. Аллофондық түрленулер көрші дыбыстардың әсеріне байланысты кез келген сөзде кездеседі.
· Мысалы, қазақ тіліндегі екі дауысты дыбыстың арасындағы қатаң дауыссыздың ұяңдауы (қап-қабы, тап-табу), көрші дыбыстардың бір-біріне икемделуі (ерінбеу—ерімбеу, сөзшең — сөшшең). Тіл дыбыстарының даму заңдылықтарына сай дыбыстардың қалыптасқан тарихи алмасулары үздіксіз болып отыратын позициялық өзгерістердің тарихи тұрақтануынын нәтижесі болып табылады.
· Мысалы: соқ — согым — сойу, семіз— семір, көз—көр, сөз — сөйле. "Фонетикалык заңдар" уғымын тіл біліміне жасграмматиктер енгізген. Олар Фонетикалық заңдарды бір тілдің диалектілеріндегі немесе тіл дамуынын әр түрлі кезеңіндегі (синхрондық күйіндегі) дыбыстардың үздіксіз сәйкесіп отыруынын формуласы деп есептеген. Фонетикалық өзгерістер тұрақты зандылықтар нәтижесінде болып отырады. Бірқатар фонетикалық өзгерістердің себебін тек тарихи тұрғыда түсіндіруге болады (маңдай — маңлай, көңіл — кеуіл, шоқ — чоқ, Шідерті — Шідерлі, Өлеңті— Өлеңді, Бұқтырма — Бүқтарма). Фонетикалық заңдардың барлық тілдерге тән түрлері де, тек белгілі бір туыс тілдерге тән түрлері де болады.
Фонетикалык сөз[өңдеу]
Фонетикалық сөз — екпін түспейтін көмекші сөздермен, шылаулармен тіркесіп келетін дербес сөз.
· Мысалы: Сен ғой, мың қаралы, ән сал.
Фразеологизм - семантикалық (ішкі мағыналық) жағынан бір-бірімен байланысқан сөз тіркестерімен сөйлемдердің ортақ атауы.
Өздеріне формасы жағынан ұқсас синтаксистік құрылымдардан ерекшелігі: сөздердің белгілі бір тұрақталған лексика грамматикалык құрылымдағана айтылатын ойта сәйкес болып, сол сөздің бастапқы жеке мағынасының жалпы заңдылыктарына бағынбауында.
«Фразеологизм» термині әртүрлі типтегі бірнеше тіркестерді камтиды. Олар: атауыш қызметінде қолданылатын идиомалар (ізін суытпай, ақ қарға) ауыз әдебиетінде қалыптасқан мақалдар мен мәтелдер және жеке адамдардың авторлық немесе белгісіз әдеби шығармалардан алынған, немесе ауызша айтылған қысқа нұсқалы нақыл сөздер. Фразеологизмнің негізгі және әмбебаб қасиеттері сөз мағынасының басқа мазмұнда қабылдануы немесе лексика грамматикалық транспозиция, сөз тіркесіндегі тұрақтылығымен қайталануы. Көпшілігі мақалдар мен мәтелдер және қанатты сөздерге жататын фразеологизиялық сөйлемдер мен тұрақты тіркестердің коммуникативтік қызметі диктум және модус (логикалық бағыт) деген мазмұндарға белінеді, сонымен бірге семантикалық екі жақтылық арқылы айқындалады.[1]
Сөйлем. Сөйлем түрлері: хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдер, тыныс белгісі
Сөйлем дегеніміз – әр алуан сөздердің өзара тіркесіп келіп, тиянақталған ойды білдіруі. Олардың құрамы да түрлі болады. Сөйлемді жеке сөзнемесесөз тіркестері құрайды.
Сөйлем болу үшін, оның грамматикалық негізі, яғни тұрлаулы мүшелері болу керек.
Сөйлем құрамына қарай жай сөйлем және құрмалас сөйлем болып бөлінеді. Жай сөйлемде бастауыш та, баяндауыш та біреу болып, тиянақталған бір ғана ойды білдіреді. Мысалы,Тілек пен Әлішер аулада ойнап жүр. Ал құрмалас сөйлем күрделі ойды білдіреді. Мысалы, Күз айы басталып, жер бетін сары ала жапырақ жапты. Сөйлеминтонациясына, айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықтысөйлем болыптөрткебөлінеді.
Белгілі бір оқиға, құбылыс, іс-әрекет туралы хабарлау, баяндау, суреттеумақсатында айтылған сөйлем хабарлы сөйлем деп аталады.
Хабарлы сөйлемге тән негізгі белгілер:1) хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылады; 2) белгілі бір шаққа қатысты болады (өткен шақ, осы шақ, келер шақ); 3) айтушының іс-әрекетке көзқарасын, ой-пікірін білдіреді; 4) хабарлы сөйлемде дауыс ырғағы бірте-бірте көтеріліп, соңына қарай бәсеңдейді; 5) хабарлы сөйлемнен соң нүкте қойылады.
Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылған сөйлем сұраулы сөйлемдеп аталады.
Сұраулы сөйлемге тән негізгі белгілер:1) бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылады;2) сұрау есімдіктерінен және ма, ме, ба, бе, па, пе, ше (мы, мі, бы, бі, пы, пі, ші) сұраулық демеулік шылауларының қатысуымен жасалады; 3) сұраулы сөйлемнің өзіне тән интонациясы болады: бас жағы көтеріңкі айтылып, соңғы жағы бәсеңдемей, көтеріңкі қалыппен аяқталады; 4) сұраулы сөйлемнен соң сұрау белгісі қойылады.
Сұраулы сөйлемдер негізгі сұрақты, жетек сұрақты, анықтауыш сұрақтыболып бөлінеді.
Негізгі сұрақтысұраулы сөйлем – бір нәрсе, оқиға, іс туралы мәлімет алу үшін қойылғанбастапқы сұрақты сөйлем.Мысалы: Бізбен бірге саяхатқа барасың ба? Қазақтыңқандай ұлттық аспаптарын білесің? Балаңыз мектепті қашан бітірген? Бұл сөзбен не айтпақсыз?
Негізгі сұрақ сұрау есімдіктерінен жәнема, ме, ба, бе, па, пе, ше шылауларының қатысуымен жасалады.
Жетек сұрақтысұраулы сөйлем– негізгі сұраққа жауап алу үстінде қосымша туған ойға байланыстысөйлем.Мысалы,
– Іссапарға кімдер барады?
– Жас қызметкерлер барады.
– Біздер ше?
Жетек сұрақты сөйлем толымсыз болып құралады, көбіне тек сұрақ мағыналысөзден ғана тұрады. Жетек сұрақ ше шылауының қатысуымен жасалады.
Анықтауыш сұрақтысөйлем– екінші жақтың сөзін анықтап алу үшінқойылған сұрақты сөйлем.Мысалы,
– Бұл ойды кім айтты?
– Тілек айтты.
– Тілек?
– Иә, Тілек.
Айтушыныңтүрлікөңіл күйін білдіру мақсатындаайтылған сөйлемлепті сөйлемдеп аталады.
Лепті сөйлемге тән негізгі белгілер:1)айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатында айтылады: күйіну, таңдану, өкіну, сұқтану, сүйсіну, қорқу, қуану, қапалану, наразылық білдіргенде,т.б.2) лепті сөйлем ерекше эмоциямен, сезіммен айтылады.
Лепті сөйлемнің жасалу жолдары:
1) сөйлемнің етістік формалары арқылы. Мысалы, Көзі мұндай өткір болар ма!
2) сөйлем -ақ, -ау, ғой, -ай шылауларының қатысуымен жасалады. Мысалы, Балам, қонақтарға бір күй тартып бере ғой! Қарағым-ай, қатты тоңып қалыпсың-ау!
3) көңіл күйді білдіретін одағайсөздердің қатысуымен жасалады. Мысалы, Пай-пай, дауыс деп осыны айт! Уһ, жеттім ғой ақыры!
4) Лепті сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады.
Біреуге бұйыру не талап ету мақсатында айтылған сөйлем бұйрықты сөйлем деп аталады.
Бұйрықты сөйлемге тән негізгі белгілер:
1) біреуге бұйыру, талап ету мақсатында айтылады;2) бұйрықты сөйлем етістіктің бұйрық райының 2, 3-жағында айтылады; 3) бұйрық не шартты райға -шы, -ші жұрнағының жалғануы арқылы жасалады;
4) бұйрықты сөйлемнен соң нүкте немесе леп белгісі қойылады.