Б) кассадағы ақша қаражаттарының есебі бойынша
Танысу:
-кассалық әрекеттерді жүргізу туралы ережемен;
-кассадағы қолма-қол ақшалар қозғалысының есебі бойынша әрекеттерді құжатты рәсімдеумен;
-кассадағы қолма-қол ақшалардың қозғалысы және сақталу тәртібімен;
-кіріс және шығыс кассалық ордерлерінің тіркелу тәртібімен;
-кассалық кітапты жүргізу тәртібімен;
-кассирдің есеп беруін қабылдау, оны тексеру және бухгалтерлік өңдеу тәртібімен.
Келесілерді орындау:
-кіріс және шығыс кассалық ордерлерін толтыру, оларды кіріс және шығыс кассалық құжаттарын тіркеу жургалына тіркеу жүргізу;
- кассирдің 2-3 есеп беруіне құжатты өңдеу және №1журнал-ордерге, №1журнал-ордердің тізімдемесіне жазба жүргізу.
В) есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырыс есебі бойынша
Танысу:
-Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің «Қызмет жөніндегі іс-сапар шығындарын төлеу туралы» қаулысымен;
-есеп беруге тиісті соманың беру және шығындалу бойынша рәсімделу тәртібімен;
-№7 журнал-ордерде жүргізілетін жазбалар тәртібімен.
Келесілерді орындау:
- 2-3 аванстық есеп берулерін тексеру және өңдеу, олардың көшірмелерін жасау;
- №7 журнал-ордерде жазба жүргізу.
Г) басқа да субъектілермен есеп айырысу есебі бойынша
Танысу:
-субъект қолданатын есеп айырысу нысандарымен;
-несие бойынша есеп айырысу есебі тәртібімен;
-еншілес серіктестермен есеп айырысу есебі тәртібімен;
-басқа да дебиторлар және кредиторлармен есеп айырысу есебі тәртібімен.
Келесілерді орындау:
-талдау есебінің тізімдемесін толтыру және одан №8, 9 журнал-ордерлерге жазбалар жүргізу.
Тақырып Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі
Танысу:
-негізгі құралдар есебі бойынша №6 БЕС-мен;
-негізгі құралдардың бағалануы мен жіктелуімен;
-негізгі құралдардың келіп түсу, есептен шығарылу есебімен және құжатты рәсімделумен; -негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу тәртібімен және олардың есебімен;
-негізгі құралдарға қайта бағалау жүргізу тәртібімен және оның нәтижелерінің есебімен;
-негізгі құралдарды жөндеуге кеткен шығындар есебі тәртібімен;
-негізгі құралдарға түгендеу жүргізу тәртібімен;
-түгендеу нәтижелерінің есеп тіркегіштерінде бейнелеу тәртібімен;
-негізгі құралдардың жылдық есебі тәртібімен;
-материалдық емес активтердің есебін жүргізу және олардың амортизациясының тәртібімен.
Келесілерді орындау:
-негізгі құралдар есебі бойынша алғашқы құжаттарды толтыру (негізгі құралдарды қабылдап-тапсыру актісі, инвентарлық карточкалар, негізгі құралдардың жойылу туралы актісі);
-негізгі құралдардың амортизациясын есептеуін құрастыру;
-құрастырылған құжаттар негізінде №12 журнал-ордерге жазбалар жүргізу;
-түгендеу тізімі және салыстыру тізімдемесінің көшірмелерін жасау.
Тақырып. Тауарлы-материалдық қорлар және жабдықтаушылармен есеп айырысу есебі
Танысу:
-материалдар есебі бойынша №7 БЕС-мен;
-материалдар есебі бойынша бухгалтерия жұмысының ұйымдастырылуымен, жабдықтаушылармен есеп айырысумен;
-материалдардың жіктелуімен, олардың ағымдағы есептегі бағасымен;
-қойма шаруашылығының ұйымдастырылуымен;
-қоймаға материалдарды қабылдау, олардың құжатты рәсімделу тәртібімен;
-қоймадан материалдарды босату бойынша құжатты рәсімделу тәртібімен;
-қоймадағы және бухгалтериядағы материалдар есебінің әдістерімен;
-бухгалтерияға қойма құжаттарын тапсыру тәртібімен;
-қоймадан алынған құжаттарды өңдеу тәртібімен, есеп карточкаларының ашылу тәртібімен, қоймадағы материалдар қалдығы есебі жүргізілетін кітабымен;
-материалдардың жинақтау және талдау есебімен, жабдықтаушылармен есеп айырысу,
қайтарып беруге ҚҚС есебімен;
-№6 журнал-ордерін және материалдар қозғалысының есебі бойынша тізімдемені жүргізу тәртібімен;
-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізу және оның нәтижелерін есепте көрсету тәртібімен.
Келесілерді орындау:
-қоймадағы материалдардың келіп түсуі және жіберілуі бойынша құжаттарды толтыру;
-бухгалтерияға құжаттарлы тапсыру тізілімін құру;
-қоймадағы карточкаларға жазбалар жүргізу;
-№6 журнал-ордерге және материалдар қозғалысының есебі бойынша тізімдемеге жазбалар жүргізу.