ТАҚЫРЫП. Өндірістік ресурстарын пайдалануын талдау

Дәріс жоспары(1 сағат)

1. Еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін талдау. Еңбек уақыты қорын пайдалануын талдау. Еңбек өнімділігін талдау. Еңбек ресурстарын тиімді пайдалануын талдау

2. Өндірістің негізіг қоррлармен қамтамасыз етілуін талдау. Негізгі қорлардын пайдалану тиімділігі мен интенсивтілігін талдау

3. Материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуін талдау

Әдебиеттер:1,2,5,6,9,11,12

Практикалық сабақтардың жоспары(2 сағат)

1-ші сабақ

1. Еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін талдау. Еңбек уақыты қорын пайдалануын талдау

2. Еңбек өнімділігін талдау

3. Еңбек ресурстарын тиімді пайдалануын талдау

2-ші сабақ

1. Өндірістің негізіг қоррлармен қамтамасыз етілуін талдау. Негізгі қорлардын пайдалану тиімділігі мен интенсивтілігін талдау

2.Материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуін талдау

СӨЖ тапсырмасы:

Практикалық тапсырма: еңбек ресурстарымен,өндірістің негізгі қоррлармен қамтамасыз етілуін, материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуін талдау әдістемесін қарастырыңыздар.

СОӨЖ тапсырмасы:

Ші есеп.

Мәліметтерді пайдалана отырып, оның өзгеруіне фактор­лар­дың әсерін анықтау:

Көрсеткіштер Болжам Ағымдағы
1. Тұрақты шығындар сомасы (теңге)
2. 1кг. шикізат бірлігінің бағасы (теңге )
3. 1кг. шикізатқа жұмсалатын өзгермелі шығындар (теңге)    

Есептеулер кезінде қорытындылар жасау.

Ші есеп.

Берілген әлеметтер бойынша материалқайтарымдылық, есептеп, факторладың әсерін аңықтау.

Көрсеткіштер Болжам Нақтысы
Материалдық шығындар сомасы 256 400 269 100
Өндірілген өнім көлемі 658 741 685 369

Қорытынды жасау.

Келесі сұрақтарға жауап берініздер:

1. Өндірістік кәсіпорындарда материалдық қорларды талдау әдістемесі.

2. Материалдық қорларға әсер ететін факторларды талдау.

3. Еңбек қорларды және еңбек ақы қорың талдау.

4. Кәсіпорынның негізгі қорларының баға түрлері.

5. Негізгі қорлардың жағдаый мен қозғалысың талдау.

6. Негізгі қорларды тиімді пайдалануың талдау.

7. Тиімді пайдалану крсеткіштеріне әсер ететін факторларды талдау.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Материалдық және еңбек қорларды пайдалануының негізгі мақсаттары.

2. Материалдық және еңбек қорларды пайдалануының ақпараттық базасы.

3. Бір партия тапсырма кқлемі қалай анықталады?

4. Материалдық қорларды тиімді пайдалану көрсеткіштерің атаңыздар.

5. Материалдық қорларды пайдалануың талдау әдістемесі.

6. Еңбек қорларды тиімді пайдалану көрсеткіштерің атаңыздар.

7. Еңбек қорларды пайдалануың талдау әдістемесі.

8. Кәсіпорынның негізгі қорларын бағалау түрлері.

9. Кәсіпорынның негізгі қорларын талдау барысында ақпараттық база болып не табылады?

10. Кәсіпорынның негізгі қорларының тозуы және жарамдылық коэффициентері қалай анықталады?

11. Кәсіпорынның негізгі қорларының шығыу мен жанарту коэффициентері қалай анықталады?

12. Есеп шығару.

Білімін өз бетімен тексеру үшін тестілік сұрақтар

1.Негізгі қорлардың техникалық жағдайы мен қозғалысына талдау жасау қандай көрсеткіштермен сипатталады?

а) материал сыйымдылық және материал қайтымдылық;

б) қор қайтымдылық, қор сыйымдылық, қормен қаруланушылық;

в) негізгі құралдардың жаңартылу, жарамдылық, тозу және кету

(шығу) коэффициенттері.

2. Қор қайтымдылығының өсу резервтері қандай?

а) өнімдер көлемінің өсуі және негізгі қорлардың жылдық орта

қалдықтарының қысқаруы;

б) материалдық шығындар мен шығарылған өнімдердің өсуі;

в) өнімдер көлемінің азаюы және негізгі қорлардың жылдық

орта құнының өсуі.

3. Негізгі қорларды жаңарту коэффициенті қалай анық­та­ла­ды?

  а) Кж= ЖЕҚ
ЖҚ
  б) Кж= ЖЕҚ*ЖҚ
100%
  в) Кж= ЖҚ
ЖЕҚ

мұнда ЖЕҚ – жаңадан енгізілген негізгі құралдар

ЖҚ – жыл соңындағы қор

4. Негізгі құралдар тозуы коэффициентінің формуласы қандай?

  а) КТ= НҚБҚ
Т
  б) КТ= Т
НҚБҚ
  в) КТ=   Т*НҚБҚ

мұнда НҚБҚ – негізгі құралдардың бастапқы құны

Т – тозуы

6. Өндірістік кәсіпорындардың қор қайтымдылығы қалай анықталады?

  а) Қ/қ = Кпайда
НҚОЖҚ*ӨҚ
  б) Қ/қ = НҚОЖҚ*ӨҚБ
Кпайдалану
  в) Қ/қ = ӨҚ*Кпайдалану
НҚОЖҚ

мұнда Қ/қ – қор қайтымдылығы

Б - өнім бірлігінің орташа бағасы

НҚОЖҚ – негізгі құралдардың орта жылдық құны

ӨҚ - өндіріс қуаты

7. Қормен қаруланушылық қалай анықталады?

  а) Қ/қ = НҚОЖҚ
ЖС
  б) Қ/қ = ЖС
НҚОЖҚ
  в) Қ/қ =   ЖС-НҚОЖҚ

мұнда ЖС – жұмыскерлер саны

НҚОЖҚ – негізгі құралдардың орта жылдық құны

8. Қор рентабелділігі формуласы:

  а) Қ/р = П*НҚОҚ  
 
  б) Қ/р = П   *100
НҚОЖҚ
  в) Қ/р = НҚОЖҚ   *100
П

9.Қор сыйымдылығы қалай есептеледі?

  а) Қ/с = Т   *100
НҚОЖҚ
  б) Қ/с = НҚОЖҚ  
ЖС  
  в) Қ/с = НҚОЖҚ  
Т  

10. Орта мерзімдік жалға беру мынадай мерзімге беріледі:

а) 1 жылға дейін;

б) 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге;

в) 3 жылдан жоғары.

11. Материалдық ресурстарды пайдаланудың тиімділігі қандай көрсеткіштермен сипатталады?

а) материал сыйымдылық және материал қайтымдылық;

б) қор сыйымдылық және қормен қаруланушылық;

в) кету (шығару) коэффициенті және негізгі қорлардың

жарамдылығы.

12. Еңбек ресурстарын пайдаланудың тиімділігі қандай көрсеткіштермен сипатталады?

а) қор қайтымдылығы;

б) өнімділік;

в) материал қайтымдылық.

Наши рекомендации