Семинарлық сабақтың жоспары
Тәжірибелік сабақтар | ||
1-2 апта | 1. Конституция РК от 30. 08.1995. 1. Таможенный кодекс РК от 5 апреля 2003. | 1 – тақырып Көне Қазақстан территориясында сауда және кеден қатынастарының пайда болуы · |
3-4 апта | 2. Уголовный кодекс РК от 01.01.1998 . 3. Кодекс РК «Об административных правонарушенияхң от 30.01.2001 | 2-тақырып Ұлы Жәбек Жолында сауда және кеден ісі · |
5-6 недля | 4. Кодекс РК «Об административных правонарушенияхң от 30.01.2001 5. Кодекс РК «О налогах и других платежахң от 01.01.2001 . | 3-тақарап Алтын Орда аумағында салық және кеден ісінің дамуы |
7-8 апта | 6. Закон «О таможенном деле в Республике Казахстанң от 20.07.1995 7. Закон «О таможенном тарифе и пошлинең от 12.12.1991 | 4-тақырып Қазақ хандығының кеден ісі даму тарихы |
9-10 апта | 8. Гражданский кодекс РК от 2003. 9. Таможенный кодекс Союза СССР. М.,1946. | 5-тақырып Феодалдық Казақстан территориясында кеден экономикалық потенциалы |
11-12 апта | 10. Абсиметов М.О. Таможенное дело Казахстана. (история, опыт, перспективы), учебное пособие «Астанаң, «Ресми - Табысң, 2001. | 6-тақырып Қазақстан және КСРО кеден ісі · |
13,14,15 апта | 11. Алибеков С.Т. Таможенное дело в РК. – Алматы: Адилет Пресс, 2003. 12. Артыкбаев Ж.О. История Казахстана. Изд-во "Фолиант", Астана,, 1999. | 7-тақырып Қазақстанда кеден қызметінің дамуы |
2012-2013 оқу жылына «Кеден саласындағы контрабандамен күрес» пәні бойынша курстық жұмыстарының тақырыптары
1)Криминологияның түсінігі. Криминологияның пәні. Криминология ғылымының пәні.
2)Қылмыстылық. Қылмыстылық себептері.
3)Қылмыс жасаған адам.
4) Қылмыстылықтан сақтандыру.
5) Қылмыстың құрбаны.
6) Криминология курсының жүйелері.
7) Криминологияның Ерекше бөлімін криминологиялық топтастыру. Заң ғылымдары жүйесіндегі криминологияның орны. Криминология және қылмыстық-атқару, қылмыстық іс жүргізу құқығы. Криминологияның социологиямен,психиологиямен, педагогикамен, статистикамен және басқадай қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарымен арақатынасы.
8) Криминологиялық әдістеме, әдіс және негізгі ұғымдар. Криминологиялық ақпарат жинаудың әдістері: бақылау, сауал, құжаттарды талдау, эксперемент. Анкеталық әдіс және анкеталардың түрлері.
9) Қылмыстық істерді оқу. Криминологиялық зерттеу бағдарламаларының түсінігі, құрлысы. Криминологиялық зерттеудің бағдарламасының құрылысы.
10) Қылмыстылықтың түсінігі және оның белгілері.
11) Қылмыстылық негізгі сапалық-сандық көрсеткіштері: жағдайы (деңгейі), қылмыстылықтың құрылымы, қылмыстылықтың динамикасы (қозғалысы).
12) Латенті (жасырын) қылмыстылықтың түсінігі және оның түрлері.
13) Нарықтық экономика жағдайындағы Қазақстан Республикасындағы қылмыстылықтың сипаттамасы.
14) Қазіргі кезеңдегі қылмыстылықтың жағдайы, құрылымы және қозғалысына тән белгілер.
15) Криминологиядағы қылмыстылықтың себептері мен жағдайларының түсінігі. Қылмыстылықтық себептері мен жағдайларына топтастыру.
16) Экономикалық қатынас және қылмыстылық. Әлеуметтік қатынас және қылмыстылық. Саяси мүдделер және қылмыстық.
17) Қоғамның ізгілік жағдайы және қылмыстылық. Қылмыстық жасалуына мүмкіндік туғызатын жағдайлар.
18) Криминологиядағы қылмыскердің тұлғасының түсінігі, оны оқып-үйренудің мәні және міндеттері. Қылмыскердің тұлғасындағы биологиялық және әлуметтіктің арақатынасы.
19) Қылмыскер тұлғасын оқшауландыратын белгілер. Қылмыскер тұлғасының құрылысы (демографиялық, жыныстық, жасы, ұлты), әлуметтік ролі - (кәсібі, азаматтық, отбасылық т.б.жағдайлары), құқылық - (соталғандық атауының болуы, қылмысты қауіпті, аса қауіпті қайталау), ізгілік – психиологиялық - (қылмыстық құқықтық тыйым салынғандарды сақтауға, дінге көзқарасы және т.б.), басқадай мәнді біртектес топтық қасиеттері және қатынастары.
20) Қылмыстылықтан сақтандырудың түсінігі. Қылмыстылықтан сақтандыру теориясы, пайда болуы, пәні және құрылымы.
21) Қылмыстылықпен күрес шараларының жүйелері. Қылмыстылықтан сақтандыру субьектілерінің жүйелері.
22) Қылмыстылықпен күрес бағдарламасының түрлері. Сақтандыру шараларын топтастыру.
23) Қылмыстылыққа қарсы күрестегі экономикалық, саяси, құқықтық, психиологиялық шаралар. Қылмыстылықпен күрестегі ұйымдастырушылық және техникалық шаралар.
24) Қылмыстылыққа қарсы күресудегі криминологиялық болжам. Криминологиялық болжамның түрлері.
25) Қайталанған (рецидивті) қылмыстылықтың түсінігі және оның түрлері: қайталанған қылмыстылықтың жағдайы, құрылымы және динамикасы.
26) Қылмысты қайталанушылардың криминологиялық сипаттамасы.
27) Қайталанған қылмыстылықтың себептері мен жағдайлары. Қайталанған қылмыстылықтан сақтандыру.
28) Кәсіптік қылмыстылықтың түсінігі және оның сипаттамасы.
29) Кәсіптік қылмыстылықтың белгілері. Кәсіптік қылмыстылықты тудырытын себептер мен жағдайлар. Кәсіптік қылмыстылықтан сақтандыру.
30) Ұйымдасқан қылмыстылықтың түсінігі. Ұйымдасқан қылмыстылықтың жағдайы, құрылымы және динамикасы.
31) Ұйымдасқан қылмыстылық құрылымдардың түрлері – (жай ұйымдасқан топ, ұйымдасқан қылмыстық топ, қылмыстық қауымдастық. Ұйымдасқан қылмыстылықтың қоғамға қауіптілігі, тенденциясы және өрістеу болжамы.Қылмысты қауымдастыққа қатысушылардың тұлғасының криминологиялық сипаттамасы. Ұйымдасқан қылмыстылықтан сақтандыру шаралары.
32) Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы, оның жағдайы, құрылымы және динамикасы.
33) Кәмелетке толмаған қылмыскердің тұлғасының ерекшеліктерінің криминологиялық сипаттамасы.
34) Кәмелетке толмағандардың қылмысының себептері мен жағдайлары. Кәмелетке толмағандардың қылмысын сақтандырудың негізгі нысандары мен әдістері.
35) Әйелдер қылмыстылығының түсінігі және жалпы сипаттамасы.
36) Әйелдер қылмыстылығының жағдайы, құрылысы және динамикасы. Әйелдер қылмыстылығының тенденциясы. Әйелдер қылмыстылығының сақтандыру шаралары.
37) Қазақстан Республикасы бойынша экономика саласындағы қылмыстылыққа криминологиялық сипаттама.
38) Экономика саласындағы қылмыстардың түрлері және оның жағдайы, құрылысы және динамикасы. Экономика саласындағы қылмыс істегендердің криминологиялық сипаттамасы.
39) Экономика саласындағы қылмыстардың себептері мен жағдайлары. Экономика саласындағы қылмыстардан сақтандыру.
40) Зорлық қылмыстарының және бұзақылық қылмыстарының түсінігі және жалпы сипаттамасы.
41) Зорлық қылмыстарының және бұзақылықтың жағдайы, құрылымы динамикасы. Зорлық қылмыстары мен бұзақылықты жасайтын адамдардың криминологиялық сипаттамасы.
42) Зорлық қылмыстарының және бұзақылықтың себептері мен жағдайлары. Зорлық қылмыстары мен бұзақылықтан сақтандыру.
43) Өзіндік меншігіне қарсы пайдакүнемдік және пайдакүнемдік-зорлық қылмыстарының криминалогиялық сипаттамасы.
44) Қылмыскерлердің тұлғасына сипаттама. Меншікке қарсы пайдакүнемдік және пайдакүнемдік – зорлық қылмыстарының себептері мен жағдайлары.
45) Өзіндік меншікке қарсы пайдакүнемдік және пайдакүнемдік- зорлық қылмыстарынан сақтандыру.
46) Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды криминологиялық сипаттамасы.
47) Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасауға кінәлі тұлғалардың ерекшеліктері, олардың демографиялық, психологиялық, адамгершілік және басқа мінездемелері. Сыбайлас жемқорлық және ұйымдасқан қылмыстылық. Сыбайлас жемқорлық қылмыстылықтың детерминация спецификасы және себептілік.
48) Сыбайлас жемқорлықпен күресу ерекшеліктері.
49) Мемлекеттік өкімет саласындағы қылмыстылық түсінігі және оның криминологиялық сипаттамасы.
50) Бұзақылық тұлғалардың мінездемесі және олардың санаттауы. Бұзақылықтың арасындағы рецидивтің ерекшелігі. Бұзақылықтың қылмыстардың басқа түрлеріне әсері.
51) Бұзақылықтың себептері, оларды жасауға итермелейтін шарттары және жағдайлар. Бұзақылықтың жағдайы мен динамикасына мастық және ішімділіктің әсері. Бұзақылық психологияның ерекшеліктері.
«Кеден саласындағы контрабандамен күрес» пәнінен курстық жұмыс жазу үшін әдістемелік нұсқаулар.
Салық жүесі және салық құқығы пәнінің оқу материалдарын игеруде маңызды шарт болып, студенттердің ұсынылған әдебиеттермен – оқулықтар, ғылыми мақалалар, монографиялар, нормативті материалдармен өзіндік дайындалғаны болады. Студент үшін оқу және ғылыми материалдармен кәсіби терминологиямен, нормативтік құқықтық актілермен өзіндік істеу дағдыларын игеруде жазбаша курстық жұмыстар үлкен рольге ие.
2 курс студенттері жаз және қыстық емтихандық сессия басталғанға дейін, деканатқа тапсырылатын курстық жұмыс жазады.
Берілген жұмысты орындауға кіріспес бұрын курс бағдарламасымен мұқият танысып, Кеден ісі тарихының берілген проблематикасының негізгі түсініктерін меңгеріп, ұсынылған әдебиетті және нормативті материалдарды оқу керек. Курстық жұмыста материалды жазу барысында қолдану үшін, жоспардың әр мәселесіне арналған үзінділер істеген дұрыс болады. Сонымен қатар жазылып жатқан жұмыстың негізгі тұжырымдарын бекіте түсу үшін ҚР-ның және де әлемдегі мемлекеттердің мемлекеттік-құқықтық тәжірибесінен мысалдарды жинап, сараптау керек. Қайнар көз ретінде монографиялық зерттеулер, ғылыми мақалалар, құқық қорғау және басқа да органдардың басылып жатқан тәжірибелерін қолдануға болады.Студент өз жұмысында теорияның өмірмен байланысын және онда тапқан көріністерін көрсету керек.
Мынадай маңызды журналдарды атап кету керек «мемлекет және құқықң, «заң және заманң, «саясатң және т.б. Курстық жұмыс аталған тақырып бойынша әдебиетті жақсы меңгеріп, материалдың тереңдетілген түрде көрініс тауып, даулы мәселелер бойынша әртүрлі көзқарастарды дұрыс сараптай білу қабілетін көрсету қажет. Кеден ісі тарихы пәнінен курстық жұмыс жазу үшін мұндай әдістің қолданылуы өзіндік ойлау үрдісін, өз көзқарасын ұсынуды және материалды сараптау қабілетін шыңдай түседі. Жоғарыда айтылғаннан оқулықтан, монографиядан, мақаладан көшіруге болмайтындығы анық болды.
Курстық жұмыстың құрылымы мен мазмұнына талаптар.
Курстық жұмыс мыналардан тұру қажет:
1. Беттердің саны көрсетілген жұмыс жоспарынан.(2 қосымша)
2. Кіріспе, онда жұмыстың өзектілігі, жұмыс құрылымы, әдістері көрселеді.
3. Негізгі бөлім, онда зерттеудің теориялық алғышарттары, ғылыми әдебиетке қысқаша шолу, терминдар, зерттеліп жатқан мәселенің жағдайы, оған деген көзқарастар көрсетіледі.
4. Жұмыста қолданылатын материалдар жалпыланатын қорытындылар, жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы көрсетіледі. Жұмыста айтылғандар бойынша қорытындылар қысқа және нақты болу керек.
5. Қолданған әдебиет тізімі. (3-4 қосымша) Онда барлық әдебиет емес, аталған мәселе бойынша студенттің тек қолданған әдебиеті болу қажет.
6. Әдебиет тізімі алфавиттік тәртіппен құрылады(автор фамилиясы). Тізімде автордың аты, жөні, тегі, жұмыстың аты, жарық көрген жылы, жері, егер кітап көптомды болса, пайдаланған том ғана көрсетіледі. Курстық жұмыста міндетті түрде беттің соңында сілтемелер болуы тиіс(5 қосымша).
7. Жұмысқа теориялық материалды қолдануда мәліметтер келтірілетін қосымшалар, графикалық немесе басқа иллюстрациялық материалдар болуы мүмкін.
Курстық жұмыстың көлемі мен рәсімдеу үшін талаптар.
Жұмыс қолжазба немесе баспа түрінде жазылуы мүмкін. Тексерушінің мүмкін болатын ескертулеріне арналған орын қалдырылу керек. Барлық цитаталар мұқият тексерілу керек. Студент курстық жұмыстың орындалу күнін қойып, қолын қою қажет.
Курстық жұмыс көлемі қарапайым оқушы дәптердің 30 бетінен кем емес немесе 210*300 мм (А4 формат), 20-25 бет болу керек. Сонымен қатар келесі талаптар сақталу керек: 1) беттің мәтіннен бос жері: үстінен 20мм, астынан 25 мм, сол жағынан 20-30мм, оң жағынан 10мм. 2) мәтін 1,5 жиілікте басылады. Бірінші бетте университеттің, факультеттің, кафедраның, жұмыс тақырыбының атауы көрсетіліп, студенттің аты, жөні, тегі, курсы, тобы, оқу нысаны, курстық жұмыс жазылу жылы көрсетіледі. Беттің саны кіріспеден – 3 бет болып басталады.
Жұмыстың мазмұны бірыңғай мәтінде болмау керек. Онда жұмыстың жазылу барысында қисыны көрініс табатын бөлімдерден, тараулардан, параграфтан құрылу керек.