Бастауыш сыныптарда ағылшын тілі оқытылуы қажет пе?

Бастауыш сыныптарда ағылшын тілі оқытылуы қажет пе?

Жоба эссе

Аты-жөні

Мамандығы:

Тобы:

Оқытушы:

Нұсқа:

Сөз саны:1088

Алғыс

Мен бұл жобаны жүзеге асыруға көмек берген адамдарға үлкен алғысымды білдіремін. Біріншіден мен өз тобымның студенттеріне менің жұмысымды қарап, жұмысым жөнінде пікір білдегендеріне рақмет айтамын. Сондай-ақ, сауалнаманы таратып, оған жауап берген, қатысқан адамдарға да алғысым шексіз.

Түйіндеме

Ағылшын тілі кең таралған халықаралық тіл және ол көптеген елдерде балалардың жас кезінен бастап оқытылуда. Қазақстан өкіметі де ағылшын тілін екінші шет тілі ретінде бірінші сыныптан бастап оқытылуы қажет деген шешім қабылдады. Зерттеу қазақстандықтардың ағылшын тілін бастауыш сыныптарда оқытылуы жөніндегі пікірін білуге бағытталады. Жұмыс ағылшын тілін бастауыш сыныпта оқытуға байланысты қалыптасқан негізгі ойлар: қазақ тіліне әсері, жоғары білімді кәсіби ағылшын тілінің мұғалімдері бар ма деген мәселлерді қамтиды. Зерттеу нәтижесі ағылшын тілін бірінші сныптан бастап оқыту тым ерте және екінші шет тілі бастауыш сыныптардан кейін оқытылғаны жөн екендігін көрсетеді.

Мазмұны

Алғыс

Түйіндеме

Мазмұны

Кестелерлер тізімі

Кіріспе

Зерттеу әдісі

Зерттеу нәтижесі

Талқылау

Орытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Осымша 1

Кестелер тізімі

1 КестеҚазақстан мектептерінде ағылшын тілін1ші сыныптан бастап екінші шет тілі ретінде оқыту жөндегі пікірлер

2 Кесте Қазақстанда ағылшын тілін оқытуды бастау уақыты туралы ұсыныстар

Бастауыш сыныптарда ағылшын тілі оқытылуы қажет пе?

Кіріспе

Ағылшын тілі әлемге кең таралған халықаралық тілге айналып, оны білу басты талаптың біріне айналды. Елімізде көптеген шетел компанияларының жұмыс орындарының ашылуы және өзге елдермен экономикалық қарым-қатынас орнатуымыз ағылшын тілін білу қажеттілігін арттыруда. Сондықтан да, елімізің көптеген азаматтары ағылшын тілін меңгергісі келеді.

Қазақстан халқының басым көпшілігі қазақ және орыс тілінде сөйлейді, яғни екі тілде сөйлей алады. Қазақ тілінде оқытылатын мектептерде орыс тілі шет тілі ретінде бастауыш мектептен бастап оқытылады. Сондай-ақ, Қазақстандағы жаңа білім реформасына сәйкес мекептерде ағылшын тілі екінші шет тілі ретінде бастауыш сыныптардан бастап оқытылуы қажет. Cenoz (2004, 203) айтуынша мектеп қабырғасындағы үш тілділік «жаңа феномен» емес, өйткені бірінші шет тілі ерте жастан бастап оқытылса, көптеген елдерде екінші шет тілі тоғыз немесе он жастағы балаларға оқытыла бастайды. Қазақстан Респуликасында ағылшын тілі екінші шет тілі ретінде бірінші сыныптан бастап оқытылмақшы, дегенмен бұл өзгеріс кейбір ата-аналардың арсында өзара пікірталас тудырды. Бұл жаңа өзгеріске қарсылық білдірушілер ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап оқыту балаларға кері әсерін тигізуі мүмкін деген пікірлерін білдіруде.

Бұл жобаның мақсаты Қазақстандағы бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқыту жөніндегі пікірлерді анықтау. Зерттеу барысында сауалнама жүргізіліп, зерттеу әдісі бөлімінде беріледі және оның нәтижесі туралы нәтиже бөлімінде тоқталынады. Талқылау бөлімінде жинақталған ақпараттар талданып, жұмыстың соңғы бөлімінде, яғни қорытынды бөлім зерттеу жұмысы туралы қорытынды ойды түйінделеді.

Зерттеу әдісі

Жобаның мақсаты ҚР азаматтарының ағылшын тілін екінші шет тілі ретінде мектептерде бірінші сыныптан бастап оқыту жөнідігі көзқарастарын білу. Ол үшін азматтардан сауалнама алынды. Сауалнама ұлты қазақ (және барлығыда ҚР азамттары) 15 ересек (25-30 жас аралығындағы) азаматтан алынды. Сауалнама тілді меңгеру деңгейін, ағылшын тілін меңгеруге деген көзқарастарын білуге бағытталған он екі сұрақтан тұрады.

Сауалнамаға қатысушылар жоғары білімді және олар екі немесе оданда көп тілде сөйлей алады. Дегенмен, зерттеу нәтижесі шектеулі, себебі сауалнама қатысушылар саны аз, нәтиже аталған жайттың нақты сипатын бере алмауы мүмкін. Сондай-ақ, алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар өзге ұлт өкілдерінің де көзқарасын қамтуы тиіс, себебі Қазақстан көпұлтты мемлекет болып табылады.

Зерттеу нәтижелері

Сандық зерттеуге 15 адам қатысып, олардың барлығы берілген сұрақтарға толық жауап берді. Сұрақтардың негізгі мақсаты бірінші сыныптан бастап ағылшын тілін оқыту жөніндегі пікірді білу болды. Сауалнамаға қатысушылардың шамамен үштен бір бөлігі 27% (4 адам) ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап оқыту қажет деген пікрімен келіседі. Дегенмен, олардың басым көпшілігі, яғни 10 адам (66%) бұл пікірмен келіспейді (1-Кесте).

Бастауыш сыныптарда ағылшын тілі оқытылуы қажет пе? - student2.ru

1 КестеҚазақстан мектептерінде ағылшын тілін1ші сыныптан бастап екінші шет тілі ретінде оқыту жөндегі пікірлер

Сауланамада берілген екінші негізгі сұрақ ағылшын тілі екінші шет тілі ретінде қай жастан бастап оқу ыңғайлы деген мәселені айқындау болатын. Сауалнамаға қатысушылардың тек аздаған бөлігі (20 %) ғана балалар ағылшын тілін оқуды балабақшадан бастауы қажет деп санайды. Ал, өзге 27% ағылшын тілін бастауыш сыныптардан бастап оқытқан дұрыс деп санайды. Бірақ, сауалнамаға қатысушылардың жартысынан астамы, яғни 53% ағылшын тілін екінші шет тілі ретінде оқуды бесінші сыныптан бастаған жөн деп санайды (Кесте 2).

Бастауыш сыныптарда ағылшын тілі оқытылуы қажет пе? - student2.ru

2 КестеҚазақстанда ағылшын тілін оқытуды бастау уақыты туралы ұсыныстар

Талқылау

Бұл бөлімде ағылшын тілі бастауыш сыныптардан бастап оқытылуы қажет пе деген мәселені анықтау бағытында жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесі талқыланады. Зерттеу нәтижесі бойынша сауалнамаға қатысқан адамдардың 27% ағылшын тілін бастауыш сыныптардан бастап оқыту дұрыс деген пікір білдірді. Сондай-ақ, олардың көпшілігі ағылшын тілі болшақ ұрпақ үшін өті қажет және оны ерте кезден бастап меңгерген дұрыс деп санайды. Олар жас кезде тіл үйрену, өзге тілді тез меңгеруге үлкен мүмкіндік береді деген пікір айтады. Дегенмен, бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытуға қарсы пікір білдірушілер мектептер мемлекеттік тіл, яғни қазақ тіліне көп көңіл бөлуі қажет дап санайды. Кеңес Одағы кезінде Қазақстанға орыс тілі Мәскеу арқылы күштеп енгізілген болатын (Turumbetova et al. 2012). Сондай-ақ орыс тілін бірінші сыныптан бастап оқыту міндетті болды. Нәтижесінде орыс тілін кеңінен оқыту қазақ халқының ана тіліне кері әсерін тигізді. Бұл шет тілін оқыту ана тілге әсерін тигізетіндігін көрсетеді. Мәселен, Fillmore (1991) АҚШ-та ағылшын тілінде оқитын көптенген ұлт өкілдерінің балалары өз ана тілінде сөйлей алмайды дейді. Ал, Wright (2004) Ирландия Республикасында Ирланд тілі оқытылса да, мемлекетте ағылшын тілінің кең таралуына байланысты ирланд тілі жалғыз мемлекеттік тіл бола алмайды дейді. ҚР тәуелсіздік алғанан кейін қазақ тілі мемлекеттік дәрежесін алды, дегенмен халықтың басым көпшілігі орыс тілінде сөйлейді. Сол себепті де, ағылшын тілін екінші шет тілі ретінде оқыту қазақ тіліне кері әсерін тигізуі мүмкін.

Ағылшын тілін бастауыш сыныптарда оқытуды қолдаушылар, ағылшын тілі алғашқы сыныптарда ойын әдістерін қолдану арқылы оқытылуы қажет деп санайды. Олар бұл әдіс түрі балалардың тілді оңай, әрі тез меңгеруіне оң ықпалын береді деп санайды. Сауалнама нәтижесі бойынша 27% адам бұл пікірді қолдайды, ал қатысушылардың 20% тіпті ағылшын тілін балабақшадан бастау қажет деп санайды. Дегенмен, тілді меңгеру қандайда бір еңбекті талап етеді. Мәселен, балалар шет тілінде жаңа сөздерді жаттауына тура келеді. Реформаға қарсы пікір білдірушілер екі шет тілін қатар меңгеру балалар үшін өте қиын болады деп санайды. Олардың ойынша, тым көп ауыртпалық балалардың құштарлығын жойып жіберуі мүмкін. Ол балалардың білім сапасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сол себепті де, зерттеу жұмысына қатысушылардың 53% ағылшын тілін екінші шет тілі ретінде бесінші сынаптан бастап оқытқан жөн деп санайды.

Ағылшын тілін бастауыш сыныптардан бастап оқыту қажет деген пікірді қолдаушылар шетелден білімін жетілдіріп келген жас мұғалімдер көп және олар жаңа оқыту әдісімен шет тілін үйрете алады деп есептейді. Дегенмен, ағылшын тілін жетік меңгермен мұғалімдер ақшасы жоғары төленетін жұмыс тапқысы келеді, себебі қазіргі кезде мұғалімдірдің жалақысы тым төмен. Көптеген мұғалімдік мамандығын меңгерген студенттер оқу орнын бітіргеннен кейін мамандығын өзгерткісі келеді. Мәселен, Nurshatayeva (2011,7) айтуынша ағылшын тілі мұғалімдігі мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер мұғалім болған күннің өзінде де, мектепті тастап кетеді, себебі «олар бұл жұмысты ешқашан істегісі келмеген». Мектепті мұғалімдердің жиі тастап кетуінің тағы бір себебін, Mukhtarova (2013) жұмыстың ауырлығы, жұмыс жағдайының қолайсыздығы және төмен жалақы жас мұғалімдер үшін күйзеліс туындатып, мамандыққа деген қызуғушылығын жоғалтады деп түсіндіреді. Бұл пікірлер сапалы білім бере алатын мұғалімдер жеткілікті деген ойдың дәйексіз екенін көрсетеді.

Қорытынды

Жоба ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап оқыту қажет пе деген сауалды зерттеу мақсатында жазылды. Зерттеу барысында азаматтардың ағылшын тілін екінші шет тілі ретінде оқыту жөніндегі көзқарастары талданды. Ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап оқтытудың негізгі мақсаты оқушыларды тілді тез меңгерту және оларды бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеу. Robson (2013) айтуынша 2020 жылы ағылшын тілінде 2 миллиард адам сөйлейді. Қазақстан басшылығы еліміздің азаматтары үш тілді білуі тиіс және ағылшын тілін оқыту бастауыш сыныптардан басталуы қажет деп санайды. Бірақ, бұр реформаны қолдаушылар кейбір қиындықтарды ескермеген сияқты. Себебі, көптеген адамдар өз балаларының ерте жастан бастап мемлекеттік тілде (қазақ тілінде) еркін сөйлегенін қалайды, ал содан кейін барып өзге тілдерді меңгерсе дейді. Билік бұл реформаны ендіру барысында мұғалімдердің жалақысы және оларды қолдау сияқты мәселелердің оңтайлы шешімін тапса екен. Сол себепті де, балалар өз ана тілін еркін меңгеріп және орыс тілінің қажетті дейгейін білгеннен кейін ғана ағылшын тілін екінші шет тілі ретінде бастауыш сыныптардан кейін, яғни балалардың тоғыз немесе он жасынынан бастап оқытылғаны дұрыс шешім болатын сияқты.

Қолданылған әдебиеттер:

Cenoz, J., 2004. Teaching English as a Third Language: The Effect of Attitudes and Motivation. In: Hoffmann, C. and Ytsma, J., ed. Trilingualism in family, school, and community. Clevedon: Multilingual Matters, 202-218.

Fillmore, L.W., 1991. When Learning a Second Language Means Losing the First. Early Childhood Research [online], 6, 323-346. Access online: 08.02.2014

Mukhtarova, A., 2013. Understanding the difficulties of retaining newly qualified teachers (NQTs) in the education system. In: Zaraiskye, A.A., ed. Modern education: advantages, disadvantages and opportunities. Saratov: Academy of Business, 3-8.

Nurshatayeva, A., 2011. Kazakhstan English-Major Students: Motivation to Learn English and Academic Achievement. Academic Leadership [online], 9 (3), 1-8.

Robson, M., 2013. The English effect: The impact of English, what it’s worth to the UK and why it matters to the world [online]. London: British council. Available from: http://www.britishcouncil.org/sites/britishcouncil.uk2/files/english-effect-report.pdf, access online: 08.02.2014

Turumbetova, L.A., Tayeva, R.M. and Grebenshikova, N.Y., 2012. The Influence of Globalization on Language Policy in a Multi-Cultural [online], Available from: http//enu.kz/repository/repository2012/The-Influence-of.pdf, access online: 08.02.2014

Wright, S., 2004. Language policy and language planning: from nationalism to globalisation. New York: Palgrave Macmillan.

Қосымша 1

Наши рекомендации