Леуметтік қызметкердің кәсіби және адамгершілік құндылықтары және әлеуметтік қызметкердің рөлі
МАЗМҰНЫ
I. Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1. Іс-тәжірибеден өту есебі
2.2. Жеке тапсырманың орындалу барысы
2.3.Ғылыми тапсырманың орындалуы
III.Қорытынды
IY.Пайдаланылған әдебиеттер
М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Педагогика және мәдениет факультетінің 5В090500-«Әлеуметтік жұмыс» мамандығының 3-курс, ПИК-14-14К тобының студенті Серкебаева Бибігүлдің өндірістік іс-тәжірибеден өту
ЕСЕБІ
23.01.2017 - 11.02.2017 аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының «Халықты жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар» басқармасында өндірістік іс-тәжірибесінен өттім. База тарапынан мекеменің бас маманы Бекенова Асель жетекші болып тағайындалды. Кафедра тарапынан оқытушы Дарибаева Р. жетекшілік етті.
Іс-тәжірибе кезеңінде Оңтүстік Қазақстан облысының «Халықты жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар» басқармасының мемлекеттік мекемесіне қарасты «Жұмыспен қамту» бөлімшесінің жұмыстарымен таныстым. Бұл бөлімдер мейлінше көп мағлұмат, тәжірибе жинақтау мақсатында алуан түрлі іс-қағаздармен, заңдармен ережелермен , техникалық құралдармен, ҚР әлеуметтік қамсыздандырудағы құқықтық негіздерінің мән-жайын білуге мүмкіндік болды
Іс-тәжірибеден өту барысында төмендегідей жұмыстар мен іс-шаралар атқардым:
Оңтүстік Қазақстан облысының «Халықты жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар» басқармасының құрылымдық жүйесімен және әр бөлімдердің атқарып отырған міндеттері мен мақсаттарымен танысып меңгердім. Бүгінгі таңда басқарманың облысымызда халықты әлеуметтік қолдаудағы ұйымдастыру жұмыстары және Н.Назарбаевтың әлеуметтік саясатын жүзеге асырудағы ролінің зор екендігін , атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымдылығы мен маңыздылығын көрдім.
Сонымен қатар Шымкент қаласында орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысының «Халықты жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар» басқармасының мемлекеттік мекемесінде :
-Іс-тәжірибеден өтуші практикант ретінде басқарманың ішкі тәртіп ережелерімен таныстым.
-Бөлімдердің есептік құжаттары мен еңбек шарттарын түзу тәртібін меңгердім.
- Кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу мен жүйелеу жұмыстарына атсалыстым. Архив құжаттарын реттеу, жинастыру, жүйелеп орналастыру және оларды сақтау ережелерін меңгердім.
-Мекемеге азаматтардан келіп түсетін өтініштер мен шағымдарды қарау, орындау талаптарын меңгердім.
- Мекеменің қоғамдық ұйымдастыру жұмыстарына белсене атсалысып атқардым.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ФАКУЛЬТЕТІ
МӘДЕНИ ТЫНЫҒУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КАФЕДРАСЫ
ЖЕКЕ ТАПСЫРМА
Өндірістік іс-тәжірибесі
(іс-тәжірибе атаулары)
5В090500-«Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша
Тақырыбы: Әлеуметтік қызметкердің кәсіби және адамгершілік сапасы
Орындаған: Серкебаева Б.А.
Тобы: ПИК 14-14К
Қабылдаған: Дарибаева Р.
Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1 Әлеуметтік қызметкердің кәсіби және адамгершілік құндылықтары және әлеуметтік қызметкердің рөлі
III.Қорытынды
IY.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Әлеуметтік қызметкердің интеллектуалдық, мәдени, адамгершілік әлеуеті, оның үш топтағы тұлғалық сипатты белгілері. Психикалық процестер мен оларға қойылатын кәсіби талаптар. Әлеуметтік қызметкердің тұлға ретіндегі психологиялық-педагогикалық сипаты. Этика (грек тілінде ethika, от ethos – дәстүр) – философиялық ғылым. Бұл философиялық ғылымның обьектісі – мораль, оның дамуы мен оының қоғамдағы ролі мен нормалары болып табылады. Этика философияның бір бөлігі ретінде пайда болып, өте ерте қалыптасқан ежелгі шығармашылық пәндердің бірі. Философияда мораль мен танымды оқып тануда белгілі грек философы Аристотельмен «этика термині» ұсынылған болатын. Теориялық білім тәжірибелік біліммен тығыз қарым-қатынаста болғандықтан, бұл адамның тәжірибелік қызметін қалыптастырады.
Этика білімнің объектісі мораль, оның дамуы, қоғамдағы нормалар мен рөлі болып табылатын философиялық ғылым. Философия ғылымының ажырамас бір бөлшегі ретінде этика адам алдында күнделікті кездесетін мораль мен таным сұрақтарын шығармашылық деңгейінде шешуге бағытталған. Этика философияның бір бөлігі ретінде қалыптасқан ежелгі теориялық пәндердің бірі болып табылады. Мораль және адамгершілік туралы философиялық білімнің ұғымын түсіндіру үшін Аристотель «этика» терминін енгізген. Этика – философиялық категория. Ол педагогика, психология, филология және заң ережелерімен сабақтас. Ол теориялық жағынан қарағанда заң-ережелерден тұратын құрылым, қоғамның, жалпы бүкіл адамзаттың дамуының қозғаушы күші.
Адамның еңбектік қызметі тәжірибелік қызметтің негізгі үлгісі болып табылады. Оыдан бастап кәсіби этика феномені туралы айтуға болады. Кәсіби этика – қандай да болсын кәсіптік қызметтің шығармашылық негізгі тірегі болып табылады. Кәсіби этика идеалдар мен құндылықтардың өзіндік ерекшеліктері ретінде кәсіби мораль туралы ғылым, міндеттердің идеясы, этикалық принциптер мен өзін-өзі қажетті жағдайда ұстай білу нормалары туралы көрініс табады. Адамның өзін-өзі ұстай білуі сол кәсіптің мән-мағынасын көрсетіп, жұмыс жасау процесінде байқалатын және олардың кәсіби қызметінің аясынан шығатын адамдар арасындағы қарым-қатынасты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, кәсіби этика – бұл кәсіби топтың адамгершілік сана-сезімі, оның психологиясы мен идеологиясы
II. Негізгі бөлім
леуметтік қызметкердің кәсіби және адамгершілік құндылықтары және әлеуметтік қызметкердің рөлі
Жалпы әлеуметтік жұмыс және жеке әлуметтік қызметкердің немесе ұйымдардың қызметтері қоғамның талаптары мен мүмкіншілігіне
негізделген әлеуметтік мақсат қоюшылық критерийімен басшылық жасайды. Осы қоғам азаматтардың қандай категориялары мен қандай жағдайда әлеуметтік қызмет орындарының клиенттері болатынын, қандай түрдегі оларға қызмет көрметулер ұсынылатынын қоғам анықтайды. Әлеуметтік қызметкердің адамгершілік іс-әркеттері деп тек қана үрдіске қатысушыларды (әріптестер, клиенттер, оның жақындары) белсенді өзара қызметтік қарым-қатынас орнатуға ықпал жасайтын іс-әркеттерін айтады. Бұның өзі өз кезегінде ара қатынас нәтижелеріне жағымды әсер етеді, әлеуметтік қызметкердің, клиенттің және жалпы әлеуметтік жұмыстың атағын көтереді. Сонімен қатар әлеуметтік қызметкер өзінің кәсіптік қызметі кезінде көп жақтан әсер етеді. Клиенттің проблемасын шешу (немесе шешілуіне ықпал жасауға) кезінде әлеуметтік жұмыскер қандай көмек көрсетіліп жатқанын және қажет етуіне байланысты емес, ол бір уақытта оның материалдық жағдайына және оның психикасына әсер етеді. Бұдан әлеуметтік қызметкердің ұжымына әсер етеді – ол оларға үлгі бола алады. Жағымды әсер әлеуметтік жұмыстың жоғары тиімділігіне қызыққан жалпы қоғамға да тиеді. Әлеуметтік жұмыстың моральдық критерийлері тек қана әлеуметтік жұмыс саласындағы мамандар қызметін бағалау үшін емес, сонымен қатар әлеуметтік жұмысқа моральдық талаптарды бағалауға қызмет етеді.Бұл мамандық өкілі ретінде әлеуметтік қызметкерледің қызығушылығын көрсететін қысқа кәсіптік нормаларды ажыратуға, жалпы қоғамда құндылық пен қызығушылық тудыратын адамгершілік нормаларды да ажыратады. Әлеуметтік кәсіптік этикалық нормалардың екінші тобы біздің қоғамымызда әлеуметтік қызметкер мамандығының пайда болуына алып келген адамгершілік негіз болып табылады.
Әлеуметтік жұмыс қиын формалды және формалды емес жағдайларда іске асырылатын қызмет болып табылады. Осыған байланысты әлеуметтік қызметкерклиенттің алдында, оның әлеуметтік ортасында және шешім қабылдап, соңғы нәтиже алғанға дейін қоғамның алдында этикалық жауапкершілік алып жүретіні есепке алуы қажет. Өз жұмысында ол кәсіптік этика принциптерін басшылыққа алуы керек. Моральдық нормаларды білу іс-әрекеттердің моральдылығын білдірмейді. Сол себептен кәсіптік қызметтің білімдері тәжірибемен өзінің мағынасын сақтап қалады деп қабылдаған жөн – олар кәсіптік қызметте аздап пайдалануы да пайдаланбауы да мүмкін. Бұл жағдайда "екі моральдылығы бар" деп аталатын тұлғамен істес болуға тура келеді. Бұл тұлға теориялық жағынан адамгершілік сұрақтарына, соның ішінде кәсіптік мораль сұрақтарына да тез бейімделе алады, бірақ та бұл талаптарға бағынуды міндетті емес деп есептеледі. Жоғары адамгершілікті дамыту және қалыптастыру, оны шектеулі ету, өзінің тұлғатығының ажырамас бөлігі ету талпыныстары маманнан білімді ғана емес, сонымен қатар бүкіл еңбек жолында және өмір жолында өз-өзімен жұмыс жүргізуді талап етеді.
Адамгершілік ұстанымдар – бұл кәсіптік моралға және тәжірибеге негізделген әлеуметтік қызметкердің ұстанымы. Адамгершілік ұстанымдар маманның тұлғалық дамуында және оның санасындағы жоғары деңгей. Бұл терең және жан-жақты белгілі моральдық нормалардың тұлғалық бағасымен, олардың әлеуметтік тәжірибеде тексерілгендіктен, өмірлік және кәсіптік тәжірибемен де тексерілгендіктен осылай есептеледі. Адамгершілік ұстанымдар маманнан өз еңбегін істің қызығушылығы тарапынан қарауды, қоғам мен клиентке жағымды әркеттер жасаудың және қандай әрекеттер жасауға міндетті екенін анықтап алуды талап етеді. Адамгершілік ұстанымдар маманның кәсіптік қыщметке теориялық және тәжірибелік тұрғысынан дайындығын көрсетеді, әлеуметтік жұмыс тәжірибесіндегі іс-әркеттері мен тәртібіне саналық қатынасының негізі болып табылады. Бұл тұлғаның еріктік қасиеттерін қалыптастыруға және қоршаған шындылыққа тұрақты моральдық жауап беру формаларын қалыптастыруға қатысады.
тұрады. Денсаулықтары болмаған кезде ас әзірлеуге, киімдерді жууға, іш киімдерді және төсек орындарды жууға, тұрғын үй жайларды жөндеуге, коммуналдық төлем ақыларын төлеп, туыстарына хат жазуына, тұрғын үй көмегіне құжаттарын рәсімдеуге көмектеседі. Азаматтардың өтініші мен жеке оңалту бағдарламасына сәйкес міндетті-гигиеналық құралдары мен протездік – ортопедиалық құралдар, санаториялық-курорттық емделуіне құжаттарын рәсімдеуге жәрдемдеседі. Сонымен қатар, психологиялық көмек көрсету, оның ішінде, әңгімелесу, қарым-қатынас,тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыру жұмыстарын атқарады. Әлеуметтік қызметкерлер үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетушілерге демеушіліктердің көмегімен мерекелік қайрымдылық астар ұйымдастырылып отырады, өздігінен жүре алмайтын азаматтар қаланың жеке кәсіпкерлері көмегімен азық- түліктермен қамтамасыз етіледі.
Басқа адамдардың көмегін қажет ететін жалғызілікті қарттар мен 1 топ мүгедектері анықталынып, есепке алу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, әлеуметтік қызметкерлер жақын туыстары жоқ болған жағдайда, қайтыс болған қарттар мен мүгедектерді жерлеу қызметін ұйымдастырады.
Сонымен қатар әлеуметтік қызметкерлер қарттар мен мүгедектер үйіне және психоневрологиялық интернатқа орналастыруға мұқтаж азаматтардың құжаттарын рәсімдеуге көмектеседі. Жылдың басынан бастап Қапшағай қаласының қарттар мен мүгедектер интернат үйіне 4 адамның құжаттары рәсімделді, 2 адам басқа интернат үйлеріне ауыстырылды. Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға құжаттарын жаңадан қалпына келтіруге көмек көрсетіп және тұрғын үй мен басқа да материалдық-тұрмыстық жағдайларын зерттеу актісін толтыру жұмыстарын жүргізеді.
Орытынды
Адамгершілік қажеттілік - әлеуметтік қызметкердің адамгершілік санасының жоғары деңгейі. Ол кәсіптік этика талаптарының сақталуына деген моральдық қажеттіліктің болуымен сипатталады. Кәсіптік этика талаптарының сақталуы адамның ішкі қажеттілігіне айналған кезде, ол этикалық принциптерге негізделген өзінің барлық еріктік және эмоционалдық қасиеттерін ұйымдастырады, этикалық қиын проблемаларды адамгершілік тұғысынан шешуге кұш салады. Бұл жағдайда кәсіптік этика талаптарын сақтау қажеттілігі тұлғаның тұрақты қасиетіне, оның өзінің іс-әрекеттері мен тәртібін ұйымдастыратын, ар-ұят пен намысының ісі қылдыратын қуаты күшті факторға айналады. Маман өзінің адамгершілік қажеттіліктерін басшылыққа ал отырып, оның жамандық пен жақсылық критерийлерін жауап бермейтін көзқарасына сәйкес келмейтін іс-әрекеттерге, бірақ жағдайлық қажеттілік болғанда, бармайды.
Әлеуметтік қызметкердің тұлғалық адамгершілігі белгілі бір жұмыс ұжымында қабылданған моральдық нормалардың әсеріне ұшырайды. Бұдан бұл қызметкер тек қана олардың этикалық идеалдарын үйренбейді, сонымен қатар моральдық қатынастардың күнделікті тәжірибесінде шындықты қарама-қарсы қоя білу керек. Бұл ережелер ең біріншіден кәсіптік моральдың мазмұнына әсер етіп, оны түзетеді.Кәсіптік моральдың әлеуметтік қызметкердің адамгершілік білімдерінің қалыптасуында, ұстанымдар мен қажеттіліктерінің қалыптасуында ролі зор. Бұл оған бұл маманның өкілі ретінде талап ететін позицияла мен өзіндік адамгершілік позицияларын бір-бірімен ұштастыруға көмектеседі, әр түрлі моральдық талаптарға бағынуға көмек береді. Осыдан әлеуметтік қызметкердің іс-әрекеті оның адамгершілік және тұлғалық қасиеттерімен анықталады.