Бап. Мемлекеттiк жастар саясатының мақсаттары, мiндеттерi және принциптері

1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты жастардың рухани, мәдени, бiлiм алуы, кәсiби қалыптасуы мен дене тәрбиесiн дамытуы үшiн әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепiлдіктер жасау, бүкiл қоғам мүддесi үшiн олардың шығармашылық әлеуетiн ашу мақсатында жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатының мiндеттерi:
1) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
2) жастарға көмек беру және әлеуметтік қызметтер көрсету;
3) жастардың әлеуметтiк маңызды бастамаларын iске асыру болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты:
1) ерекше әлеуметтiк-демографиялық топ ретiнде жастардың мүдделері мен қажеттілiктерiн тану;
2) Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени құндылықтарының басымдылығы;
3) тән саулығын сақтау және нығайту;
4) адамгершілік және рухани даму;
5) қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;
6) азаматтықты қалыптастыру;
7) жастардың құқықтары мен бостандықтарын iске асыру;
8) жастардың проблемаларын шешудегi жүйелiлiк пен кешенділік;
9) мемлекеттiк жастар саясатын қалыптастыру мeн iскe acыруға жастардың тiкелей қатысуы принциптерiне негiзделедi.

141.«Егер өмір сапасының негізгі көрсеткіштерін салыстыратын болсақ, онда соңғы 10 жылда қазақстандықтардың орташа ақшалай кірісі 5 есе; ал орта айлық жалақысы 6 есеге жуық; ең төменгі табыс мөлшері 25 есе; зейнетақылардың орташа айлық мөлшері 4,6 есе; жеке тұлғалардың банктердегі депозиттері мен бір кісінің жасайтын салымының көлемі тиісінше 35 және 37 есе өскенін көреміз. Биылғы жылы кепілді тегін медициналық көмек көлеміне жұмсалатын мемлекеттің шығысы 2003 жылмен салыстырғанда 1,7 есе өсті», ‑ деді мемлекет басшысы 2005 жылғы жолдауында.

Бұл жолдауда айтылған тақырыптардың бірі шағын және орта бизнес туралы болды.

«Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын және орта бизнес олардың барлық кәсіпорындары санының 90 пайыздан астамын құрайды. Көптеген дамыған елдерде олар жалпы ішкі өнімнің 50 пайыздан астамын береді.Сондықтан да біздің шағын және орта кәсәпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Біз кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек. Әрбір іскер қазақстандық осы ортаға кірігіп, инновациялық экономикадағы өз орнын табуға тиіс», ‑ деді Елбасы.

«Даму банкі мен Инвестициялық қорға барлық кәсіпкерлердің қолы жете бермейді. Сондықтан «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» өзіндік бір «үлкен қаржылық маркетке» айналуға тиіс. Біз Қорға биылғы жылы респубикалық бюджеттен қосымша 10 млрд. теңге бөлеміз. Сонда шағын бизнес субъектілерін кредиттеу мүмкіндігі 25 млрд. теңгеге дейін өседі. Биылдан бастап, банк кредиттеріне кепілдік беру мен сақтандыруды жүзеге асыруды қолға алу керек. Мұның өзі қомақты мемлекеттік қолдау болмақ», ‑ деген еді Н. Назарбаев.

Сондай-ақ бұл жолдауда қаржылық сектор мәселелері, ХХІ ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау, Тұрғын үй мәселелері, Қазақстаннның жеделдетілген экономикалық және әлеуметтік прогресі, Сот жүйесі мен азаматтарды құқықтық қорғау реформасы, аграрлық мәселер т.б қамтылды.

Азақстандықтар — жасампаз және жас ұлт: республиканың әрбiр екiншi тұрғыны 30 жасқа толмаған жастар. Қазақстанның болашағы Қазақстан жастарының даму деңгейiмен, олардың қоғамға ықпалдасуымен байланысты, болашақтың негiзi бүгiн қаланады.

Жастар саясатының басымдықтары Қазақстан Республикасының Президентi — Елбасы Н.Ә. Назарбаев бастама жасаған «Қазақстан‑2050» стратегиясының түйiндi мақсаттарының бiрi болып табылады.

Бүгiнде елiмiз өзiнiң алдына әлеуметтiк жаңғыру, үдемелi инновациялық индустрияландыру және экономикалық ықпалдасу бойынша жаңа ауқымды мiндеттер қояды. Тәуелсiздiктiң 20 жылындағы жетiстiктердi бекiте отырып, Қазақстан XXI ғасырдың үшiншi он жылдығында әлемнiң дамыған 30 мемлекетiнiң қатарына кiруге ниет бiлдiредi.

Бұл жағдайларда аға буынның жасампаз iстерiн жалғастыруға, ұлттық бәсекелестiкке қабiлеттiлiктiң деңгейiн одан әрi жоғарылатуға, Қазақстанның XXI ғасырда гүлденуi мен әлемдiк танылуын қамтамасыз етуге тиiс жастарға үлкен үмiт пен жауапкершiлiк жүктеледi.

Мұндай миссия кәсiптiк бiлiмi, денi сау әрi адамгершiлiгi мол, бәсекеге қабiлеттi, патриот және әлеуметтiк тұрғыдан жауапты жастардың ғана қолынан келедi. Осыған байланысты мемлекеттiң басым мiндетi мемлекеттiк жастар саясатын уақыт талаптарына сай бейiмдеу арқылы жастарды Қазақстанның бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң маңызды факторына айналдыру.

Мемлекеттiк жастар саясаты

Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдарынан бастап жас ұрпақтың ойдағыдай әлеуметтенуi мемлекет назарында болды және қала бередi.

1994 жылы Қазақстан Бала құқықтары туралы конвенцияны ратификациялады. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 28 тамыздағы өкiмiмен Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатының тұжырымдамасы мақұлданды. Кейiннен аталған құжатты Үкiмет қабылдаған соң 2001 жылдан бастап бiрқатар бағдарламалар, оның iшiнде «Қазақстан жастары», «Жастар саясатының 2003‑2004 жылдарға арналған бағдарламасы», «Жастар саясатының 2005‑2007 жылдарға арналған бағдарламасы», сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеудiң 2006‑2008 жылдарға арналған бағдарламасы iске асырылды.

Аталған бағдарламалардың бәрi жастардың бiлiм, еңбек және жұмыспен қамту, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтiк құқықтарын қамтамасыз етуге, шығармашылық әлеуетiн дамытуға, жастарды ауқымды әлеуметтендiру және патриотизм құндылықтарын қалыптастыру үшiн жағдай жасауға бағытталған.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы» 2004 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануы жастар саясатын одан әрi iске асырудың институционалдық негiзiне айналды. 2010 жылдан бастап жастар саясаты Бiлiм берудi дамытудың 2011‑2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының шеңберiнде iске асырылуда.

2008 жылы «Нұр-Отан» халықтық-демократиялық партиясының (бұдан әрi — «Нұр-Отан» ХДП) «Жас Отан» Жастар қанаты I съезiнiң қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан Жастар саясаты жөнiндегi кеңес құрылды.

Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде жастар ұйымдарының бастамаларын қолдау мемлекеттiк жастар саясатының басым бағыттарының бiрi болып табылды, өткен 7 жылда оның көлемi 10 еседен астам өстi.

Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң құрылымынан Жастар iсi комитетi мен Астана, Алматы қалаларының және облыстардың жастар саясаты мәселелерi бойынша басқармаларының құрылуы мемлекет пен жастардың өзара iс-қимыл жасау процестерiн жетiлдiрудiң келесi кезеңiне айналды.

Жалпы алғанда, қазiргi уақытта әлеуметтiк-экономикалық жағдайларды жақсартуға, болашақ ұрпақтың қалыптасуы мен жан-жақты дамуына тек арнайы жастар бағдарламалары ғана емес, бүгiнде елiмiзде iске асырылып жатқан бiлiм берудi, денсаулық сақтауды, тiлдердi дамытудың, үдемелi индустриялық-инновациялық дамудың ауқымды мемлекеттiк бағдарламалары; «100 мектеп, 100 аурухана», «Балапан», «Жұмыспен қамту‑2020», «Бизнестiң жол картасы‑2020», «Қолжетiмдi тұрғын үй‑2020» бағдарламалары бағытталған.

150.Мәңгілік Ел ‑ жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. Ел басы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел» идеясының мемлекеттік идеологияға айналғандығының бір дәлелі. «Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежірелерінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылады. Осыдан кейін, «Мәңгілік Ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» дегенді білдіреді және мемлекет пен ұлттың уақытпен шектелмеген тұмары болады деуге толық негіз бар. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні — мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті. Сондықтан, ғылыми білім беруде, «мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде ойға ой қосу арқылы өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы мұраттарымызға жетеміз.

Инеттен тағы қараңдар

Наши рекомендации