Вест Моторс Сервис» мекемесіндегі өртке қарсы шаралар
Еңбекті қорғау бөлімі
Вест Моторс Сервис» мекемесіндегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы
«Вест Моторс Сервис» мекемесінде де еңбек қорғау мен қауіпсіздік техникасы заң жүзінде қатаң белгіленеді,бұлардың автокөлікке байланысты ерекшелігі ескеріледі. Еңбек қорғау мен қауіпсіздік техникасының негізгі шарттары еңбек жөніндегі заңдар кодексінде жазылған. Кәсіпорын басшысы автокөлік кәсіпорнының (ҚЗоТ) территориясында, ал өндірістік үйлерде бас инженер (техникалық жетекші) немесе әкімшілік-техникалық персонал ішінен арнайы тағайындалған адам, линияда пайдалану бөлімінің бастығы еңбекті қорғау және қауіпсіздік тезникасы жөніндегі шараларды жүзеге асыру үшін жауап береді.
Еңбек қорғау мен қауіпсіздік техникасына жауап беретін адам осы саладағы барлық шараларды жоспарлайды, бұлардың орындалуын және осы мақсаттар үшін бөлінген қаражаттардың толық жұмсалуын бақылауды жүзеге асырады. Еңбек қорғауға босатылған қаражаттардың дұрыс бөлінуін және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын бақылауды кәсіподақ ұйымдары жүзеге асырады.
«Вест Моторс Сервис» мекемесінде еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы жөніндегі және өртке қарсы шаралардың негізгілерінің бірі жұмысқа жаңадан алынғандарға міндетті түрде тиісті нұсқау беру және автокөлік кәсіпорындарының барлық қызметкерлеріне нұсқаудан өткізу болып табылады. Нұсқауды бас инженер (техникалық жетекші) жүзеге асырады. Жұмысқа жаңадан алынған адамды кіріспе нұсқау беру кезінде оны жалпы заң ережелерімен және еңбек қорғауды, қауіпсіздік техникасын және өндіріс санитариясын ұйымдастырудың негізгі принциптерімен, осы автокөлік кәсіпорнының жұмыс ерекшеліктерімен және оның өндірістік жағдайымен, ішкі тәртіп ережелерімен, қауіпсіздік техникасы және жеке адамның санитариясы ережелерін сақтау жөніндегі міндеттермен, қорғаныс құралдарын, арнаулы киімдерді пайдалану, өртке қарсы күресу ережелерімен, автокөлік кәсіпорнындағы тәртіппен және бақытсыздық жағдайларда алғашқы көмек көрсету жөніндегі шараларментаныстырылып отыр.
Жұмыс орнында жұмыстың қауіпсіздік тәсілдерін көрсете отырып нұсқау берудің маңызы зор. Жұмыс стажы мен мамандығына қарамастан, автокөлік кәсіпорнының барлық қызметкерлері алты айда бір рет, қауіптілігі көбірек жұмыс атқаратын адамдар (темір пісірушілер, жүкшілер, вулканизаторлар және басқалар) үш айда бір рет қайталап тиісті нұсқаудан өткізіледі.
Нұсқаудан қайта өткен кезде жіберілген кемшіліктерге толық талдау жасап, ерекше назар аударылып. Өткізілген барлық нұсқаулар журналға жазылады.
Вест Моторс Сервис» мекемесіндегі көтергіш механизмдермен жұмыс істегенде, тіркеу кезінде, сүйреген кезде, тұрып қалған автомобильді тартып шығару кезіндегі қауіпсіздік техникасы
Автокөлік көтеру механизмімен жұмыс істеудің қатты қауіп-қатерлері көп, өйткені бөлшектердің өзінен-өзі түсіп кету жағдайлары болуы ықтимал. Көтеру механизмін тексеруге, жөндеуге немесе техникалық қызмет көрсетуге кіріспес бұрын автокөлікті көтергенде тірек штангасын қою және қуат іріктеу қорабын ағыту қажет.
Автокөлікті көтерген кезде кабинада ешкім болмауға тиіс, ал түспей қалған нәрселерді ұзын сапты қырғыштармен түсіру керек. Бұл жағдайда автокөліктін бүйір бүйіріне қарай тұрған жөн.
Ақаулы автокөлікті сүйреу үшін жұмсақ тіркегіштерді (шынжыр, сым арқан) немесе қатты тіркегіштерді (металл труба немесе құлақшалары бар штанга) пайдалануға болады.
Сүйрегенде бірқатар ережелерді орындау керек: жұмсақ тіркегішпен басқаруы, тежегіштері, алдыңғы мостысы, дыбыс сигналы және жарығы (түнде сүйрегенде) ақаусыз бір ғана автокөлікті сүйреуге болады. Жұмсақ тіркегіштің ұзындығы 4-тен 6 метрге дейін болуға тиіс. Жұмсақ тіркегішті екі буксир ілгегіне жалғау керек. Егер буксир ілгектері жоқ болса, онда рамаға апарып жалғайды. Буксирді алдыңғы мостыға жалғастыруға болмайды. Буксир сым арқаның «Жолда жүру ережелеріне» сәйкес белгілеп, ал түнде –жарық түсіру керек.
Қатты тіркегішпен сүйрегенде сүйретілетін автокөліктерде руль басқаруы, алдыңғы мост, ал тәуліктің қараңғы кезінде жарық беру приборлары ақаусыз болуға тиіс. Сүйрегенде жүріс жылдамдығын төмендету керек.
Егер автокөлік, жұмсақ немесе сусымалы жерге отырып қалғанда, шығып кете алмай топыраққа бата берсе, берілісті ажырату керек. Егер автокөліктердің дөңгелектері топырақты қаза берсе, олар жерге сондай дәрежеде батып келіп, автомобиль осьтерімен тіреліп қалады.
Отырып қалған автомобильді тартып шығару үшін, домкраттың немесе рычагтың көмегімен дөңгелектерді көтеріп, олардың астына тақтай, тас немесе басқа қолда бар материалдарды салу керек.
Дөңгелектер айналып тұрған кезде материалдарды оның астына қолмен немесе аяқпен тықпалауға болмайды.
Лебедкамен жабдықталған автокөлікті тіректі пайдалана отырып шығарып алуға болады. Ағаш жерге қазып орнатылған бөрене, жерге қағылған лом тірек бола алады. Лебедка жоқ болғанда тірекке және жетекші дөнгелектердің дискаларына бекітілген сым арқандарды пайдалана отырып өзін-өзі шығарып алуына болады. Отырып қалған автомобильді икемді немесе қатты жалғағыштар қолдана отырып, басқа автокөлікпен шығарып алуға болады. Сым арқанды немесе брусты буксир ілгегіне немесе рамаға бекіту қажет. Барлық жағдайларда да әуелі сым арқанды керіп, ал содан соң жұлқыламай, жайымен отырып қалған автокөлікті шығарып алу керек. Керілген сым арқанға жақын тұруға болмайды. Болат арқандарды қолғапсыз ұстауға болмайды.
Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда құрамында адамды уландыратын токксикалық компоненттері (көміртегі тотығы және акролеин) бар пайдаланылған газдар бөлініп шығады. Желдету жеткіліксіз болғанда көміртегі тотығымен уланып қалуға болады. Уланған адам басы ауырғанын, ұйқысыздығын және басы айналатынын, жүрегінің соғатынын әрі лоқситынын айтып шағынады. Акролеинді ішке тартып дем алғанда көз ашиды, жас парлайды, тамақты қырнайды және жөтел пайда болады. 1 л ауада 0,65 мг көміртегі тотығы болса, естен танып қалуға болады. 1 л ауада 2,5 миллиграмнан артық көміртегі тотығы болса, өлтіріп жібере алады. Егер бұл арада 1 минуттен артық тұрса, 1 л ауадағы 0,07 мг акролеин концентрациясы адамды өлтіріп жібереді.
Кабинада дем алған кезде жылыту үшін жұмыс істеп тұрған двигательді пайдалануға болмайды, өйткені газбен уланып қалуға болады.
Пайдаланылған газбен улануды болдырмау үшін, кабинаның желдетілуін қадағалау керек. Автокөлікте газдардың кабинаға енуін тудыратын барлық ақауларды тез жою керек.
Автокөлікті тексеру, реттеу кезінде кабинада бөгде адам болмау керек, двигательді бас инженердің рұқсатынсыз іске қосуға болмайды. Двигательді оталдырарда автокөліктің алдында тұрмау керек және беріліс тұтқасы бейтарап қалпына қойылады. Техникалық қызмет көрсету орнына слесарлы жинақтау құралдары таза болып жұмысқа дайын тұруы керек.
Аспап құралдары шеттері ( балға, шапқы және тағы басқа) жұмыстық кенерлері зақымдалмау керек, ал бүйір қабырғалары қабыршақтанбауы, сыдырылып мұқалмауы, қырлары өткір болмау керек. Соққы аспап құралдарының құралдарының желке тұсы тегіс, қабыршақсыз болуы керек.
Өлшемі келмейтін және қырлары желінген кілттерді күш түсірілетін жерде үлкейтуге, қолдануға болмайды.
Вест Моторс Сервис» мекемесіндегі өртке қарсы шаралар
Автокөлік мекемесінде өрке қарсы барлық шараларды жүргізе асыру ісін басшы құрамнан тағайындалған осы шараларға жауап беретін адам қадағалайды.
Барлық ғимараттарды өртке қарсы қолданылатын құралдармен жабдықталып, ол жақсы көрінетін және оңай қолға түсетін орындарда орналасқан.
Өрке қарсы қолданылатын саймандар (күрек, кирка, ломдар, шелектер, құм салынған жәшіктер және өрт сөндіргіштер) өзі арналған бағытта ғана пайдалынады.
Территориядағы барлық өткелдер, жүретін жолдарды тарылтпау керек, тұратын орындарда болатын автокөліктердің саны тиісті мөлшеуден аспауы қажет. Өрт шыға қалған жағдайда оны сөндіру жөнінде қолданған шараларға қарамай, өрт бөлімін шақыру керек.
Сурет -7.1 Төтенше жағдай кезінде адамдарды құтқару жоспары
Ауіпсіздік техникасы
Ағымдағы жөндеу учаскесінде жөндеу жұмыстарын орындау кезінде еңбектің ұйымдастырылуына, құрал-сайманның күйіне және қауіпсіз жұмыс ережелерінің сақталуына ерекше көңіл бөлу керек. Слесардың жұмыс орнында тиісті технологиялық жабдық, құрал-саймандар болуы тиіс.
Автомобильдерді ТҚК мен жөндеу кезіндегі қауіпсіздік талаптары МЕСТ 12.1.004-85, МЕСТ 12.1.010-76, технологиялық процестерді ұйымдастырудың санитарлық ережелерімен және өндірістік жабдыққа қойылатын гигиеналық талаптармен, автомобиль транспортындағы еңбекті қорғау ережелерімен жыне АТК үшін өрт қауіпсіздігі ережелерімен тағайындалған. Технологиялық жабдық МЕСТ 12.2.022-80, МЕСТ 12.2.049-80, МЕСТ 12.2.061-81 и МЕСТ 12.2.082-81 талаптарына сай келуі тиіс.
Құрал-саймандар мен қосалқы бөлшектерді олардың көлденең жазықтықтан түсіп кетуін болдырмау ушін қол жететін орындарға қою керек. Агрегаттар мен түйіндердің бөлшектеу жұмыстары слесарлы верстакта орындалады. Жұмыс істеуге қолайлы болуы үшін верстакты жұмысшының бойына немесе оның аяғының астына тұғырларды қою арқылы реттейді.
Асфальтбетон еденде верстак алдында жұмыс істеу кезінде суық тию ауруларын алдын алу үшін аяқтың астына ағаш тұғырлар қояды. Верстактар арасындағы ара қашықтықтарды ОНТП-01-86 сәйкес олардың өлшемдерін ескеріп қабылдайды.
Барлық жұмыс орындарында тазалық сақталуы тиіс. Агрегаттан ажыратылған бөлшектер арнайы сөрелерге қойылуы керек. Қол құрал-сайманы түзу, таза және құрғақ күйде ұсталу керек. Электрлік құрал-сайманмен жұмыс істеу кезінде электр қауіпсіздігі талаптары орындалуы тиіс.