Лттық байлық және ұлттық табыс, оларға түсініктер беріңіз.

Ұлттық байлық жинақталған әрі нәтижелі көрсеткіштер санатына жатады және мемлекеттің экономикалық даму деңгейінің айнасы десе болады.

Ұлттық байлық - бұл материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы және осы уақытта барлығы қоғам меншігінде болады. Ұлттық байлық құрамына мыналар енеді:

а) негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлар;

ә) айналмалы өндірістік қорлар;

б) материалдық резервтер мен сақтандыру қоры;

в) айналым қоры;

г) тұрғындар мүлкі.

Ұлттық байлық құрамына негізгі жер, ормандар, сондай - ақ барланған табиғи ресурстар және олар натуралды түрде есептелінеді.

Қазақстан өзінің ауқымы бойынша ұлттық байлықтың үлкен көлемін иеленген. Біздің республикада жалпы жер көлемі 222,5 млн.га мөлшерді құрайды, оның ішінде 82%-ауыл шаруашылығы жеріне жатады. Қазақстанда 21,7 млн.га орман мен табиғи егістіктер, 11 мың өзен, 7 мыңнан астам көл мен су қоймалары бар.Өсімдіктер қоры 6 мыңнан астам түрлерден тұрса, ал жануарлар әлемі алуан түрлі.

Шабындықтар мен жайылым (162млн. га) көлемі бойынша Қазақстан Австралияны (450 млн. га), АҚШ-ты (320 млн. га) және Қытайды (234 млн. га) ғана алдына жібере алады. Қазақстан пайдалы қазбалар қоры мен олардың алуан түрлері бойынша –ТМД- дағы ең бай аймақтың бірі. Минералдық ресурстар ұлттық табыстың төрттен үшін құрайды.

Бұрынғы одақтағы мұнай қорының 9%-ы Қазақстан үлесіне тиесілі болса, ал әртүрлі бағалаушылардың пайымдауынша жалпы әлемдік мөлшердегі мұнайға ТМД үлесі 6-10% құрайды екен. Қазақстанда марганец рудасы (408 млн. т) қорының 13% шоғырланған және мөлшері бойынша тек АҚШ- ты (553млн. т), Украинаны ғана алдына салады.

Қазақстан әлемде хром рудасы қоры бойынша екінші орынды иеленді және республика 1990жылы жалпы одақтағы оны өндірудің 96,6%-ын игерген. Жалпы темір рудасы қоры (16662млн. т.) бойынша Қазақстан әлемде Бразилия, Австрия, Канада, АҚШ, Индия, Ресей мен Украинадан соң сегізінші орынды иеленеді.

Вольфрам қоры бойынша әлемде Қазақстан бірінші орынды, фосфор рудасы бойынша - екінші, ал қорғасын мен молибден бойынша - төртінші орында.

1990жылы бұрынғы Одақтағы 98,2% хромит, 81,7% барит, 64,7% фосфорит, 53% вольфрам, 38,5%-қорғасын, 29,5% молибден, 28,4% мыс, 22,1% боксит, 20,1%асбест, 13%марганец, 11,9% көмір және 9,7% темір рудасының қоры Қазақстан үлесіне келеді. Уран рудасы қорының көптігі бұрынғы Одақтағы уран өндірудің 56% қамтамасыз етті. Республика жерінде Менделеев кестесінің 60-тан астам ең белгілі элементтері табылған.

Қазақстанның ауқымды табиғи байлықтарын терең білу мен тиімді игеру - экономиканы дамытудың ең басты жағдайының бірі болып табылады, сондай - ақ елдің ұлттық байлығының үздіксіз өсуінің ең маңызды екендігі де рас.

Ұлттық байлық өзінің қолданылуы бойынша былай бөлінеді:

а) өндіріс - құрал жабдығына (еңбек құрал - сайманы, шикізат, материал мен табиғи ресурстар және

ә)тұтыну заттарына (тамақ, киім, тұрғын - жай және т.б.), ал өзінің туу тегіне қарай қорланған еңбек өніміне (еңбек құрал - сайманын, шикізат, материал мен тұтыну құрал - жабдығы қорларына) және табиғи ресурстарға (жер, су байлығы, орман және т.б.). Қоғам аса дамымаса, онда оның материалдық негізін табиғи байлықтар құрайды. Ал, қоғам тым дамыса, онда оның материалдық негізін адам еңбегімен жасалған байлық құрайды.

Ұлттық байлықты өзінің құрамы бойынша екі топқа бөлуге болады: ұлттық мүлік және табиғи ресурстар. Елдерге материалдық игіліктердің заттай жиынтығы ұлттық мүлікті құрайды. Онда бұрынғы кезеңдегі барлық ұрпақ өміріндегі адамдардың қорланған еңбегінің бейнесі толық бар.

Табиғи ресурстар елдегі табиғат берген табиғи байлықтарды қамтиды. Сондықтан ұлттық байлық құрамына тек зерттелген, ескерілген және өндіріс процесіне тартылған ресурстар қоры енеді – пайдалы қазбалар, орман, су, гидроэнергоресурстар мен жер көлемі және т.б. Ұлттық байлыққа елдегі ескерткіштер, архитектуралық ежелгі құрылыстар, сурет галереясы, мұра – жай экспонаттары және т.б., алмаз бен валюталық қорлар жатады.

Ұлттық байлықтың ең маңызды элементіне өзінің құрамы мен жеке салмағы бойынша ұлттық мүлікті айтамыз, оның үлесіне ұлттық байлықтың жартысынан астамы тиесілі болады. Ол өз бойына халық шаруашылығының өндірістік және өндірістік емес қорларын, оның резервті қорын, тұрғындардың өз басының мүлкін енгізеді.

41.Экономикалық цикл, оның фазалары және экономикалық дағдарыс мәнін талдаңыз.
Қоғам біркелгі түрде экономикалық өсуге, жұмыссыздықты толық жоюға және баға деңгейінің тұрақтылығына ұмтылады. Экономикалық (іскерлік) цикл деп өндірістің, инфляцияның және жұмыспен қамтылу деңгейінің өзгеруін айтамыз. Циклдік өзгерістердің себептері төмендегідей: автономды инвестициялардың азаюы, мультипликатор әсерінің әлсіреуі, ақша жиыны көлемінің өзгеруі, негізгі қорлардың жаңаруы, т.б. Макроэкономика ғылымында экономиканың циклдігі туралы тұрақты теория жоқ деп айтуға болады, бірақ әр түрлі көзқарастар бар, дегенмен көптеген экономистер өндіріс көлемі мен жұмысбастылық деңгейі жиынтық шығындарды анықтайды деп есептейді.
Жалпы айтқанда, экономикалық (іскерлік) цикл – бірнеше жылдар ішіндегі экономикалық активтілік деңгейлерінің бірінен кейін бірі келіп тұратын өсулер мен құлдырауларының өзгеруі. Кейбір экономикалық циклдер ұзақтылығымен және қарқындылығымен бір-бірінен ерекшелінеді. Бірақ олардың барлығы әрқалай аталатын бірдей фазалар арқылы өтеді:
1.Шың.
2.Құлдырау.
3.Құлдырау немесе тоқыраудың ең төменгі нүктесі.
4.Көтерілу.
Циклдер бірдей фазалардан өтсе де, олар өздерінің ұзақтылығы және белсенділігімен ерекшелінеді.
Экономикалық цикл - бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады. Фазаның бірінші (бастапқы) циклы- өндіріс құлдырауының дағдарысы. Дағдарыс құбылысының болуы сұраным төлем қабілеттілігімен салыстырғанда тауарды артық өндірумен түсіндіріледі.
Дағдарыс кезеңінде өткерілмеген өнім саны тез ұлғайып жұмысшылар босатылады, жұмыссыздық ұлғайып, несие- ақша кәсіпорындар құлдырап,жойыла бастайды. Экономикалық циклдың келесі фазасы депрессия («depressia» - латын сөзі, төмендеу, тереңдеу дегенді білдіреді.). Бұл фазада өндірістің құлдырауы тоқталады. Жайлап болса да запастағы тауарлар өткеріледі және еркін ақша капиталы пайда болады.
Келесі фаза – тірілу, бұған тән нәрсе өндірісті ұлғайту, демек пайда бар деген сөз. Ол кезегінде өндірістің дамуынын ынталандырады. Циклдың кезекті фазасы- өрлеумен алмасады.
Өрлеу өнім өндірудің қарқындылығымен сипатталады және ол дағдарыс алдындағы деңгейден жоғары, жұмыссыздық тартылады, қарыз капиталы ұсынымы ұлғаяды және банк пайызының (%) нормасы төмендейді.
Қазақстан экономикасының дағдарыстан кейінгі жылдары өсуі, яғни экономикалық циклдың тұрақтануы келесі факторлардың әсер етуіне байланысты болды:
• қалпына келтіруге байланысты өсу, бұл тауарлар және қызметтер өндірісін толық немесе жартылай қалпына келтірумен білінді. Бұл, әсіресе, қара және түсті металдар электр жылу энергетикасы, тамақ өнімдері, құрылыс материалдарын, тігін және тоқыма бұйымдары өндірісі, көлік және байланыс қызметі және т.б.
• канъюнктуралық өсу, әлем нарығында өнімдеріне сұраныс әрқашан жоғары болатын салалардың дамуымен байланысты. Қазақстан жағдайында бұл, әсіресе, мұнай және газ өндіруді дамыту
• жүйелік өсу тауарлар және қызмет өндірісінің жаңа сегменттерін енгізуден кейін болады. Бұл факторға шағын кәсіпкерліктің қаржы секторының дамуын, жылжымайтын мүлік пен автомобильдерді сатуды, үй - шаруашылығы секторында тауарлар мен қызметтер өндіруді жатқызуға болады.
• Инновациялық өсу факторы Қазақстанда «Индустриалдық - инновациялық даму стратегиясын» жүзеге асыру салдарынан пайда болды. Бұл әзірге қалыптасу сатысында. Бұл фактор әзірге Қазақстан экономикасының дамуына елеусіз ғана әсер етеді. Ең жоғарғы қарқын инновациялық қарқын телекоммуникация және ақпараттық қамтамасыз ету салаларында болуда.

42.Экономиканы мемлекттік реттеудің мақсаты және қажеттілігін сипаттаңыз.Экономика - бұл халықтың өспелі қажеттіліктерін қанағаттан- дыру мақсатындағы өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану жүйесі. Экономиканың біртұтас жүйе ретінде күрделілігі мұндағы бірқатар дербес элементтердің болуымен және әр элементтің және жалпы жүйені дамытудың мақсаттық шарттарының бір мағыналы болмауымен және жүйені құрушы элементтердің арасындағы байланыстың күрделілігімен айқындалады. Бұл факторларды әлеуметтік-экономикалық дамуды реттеуде ескеру, тиісті деңгейдегі дайындықты талап етеді. Нарықтық шаруашылық жағдайында экономиканы мем- лекеттік реттеу - бұл ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жүйенің қоғамдағы өзгерістерге бейімделуін, экономиканың тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз ету мақсатындағы заң шығарушылық, орындаушылық және бақылаушылық сипаттағы мемлекеттік құқық қорғаушы органдармен және қоғамдық ұйымдармен жүзеге асыры- латын мемлекеттік шаралар жүйесі болып табылады. Мемлекеттің экономикалық үрдіске араласуының объективті қажеттілігі келесі факторлармен анықталады: - қоғамдық ұдайы өндірісті ұлғайтылған ауқымда қамтамасыз етудің қажеттілігімен;6 - халық мүддесінің ұзақ мерзімділігін қамтамасыз етумен; - халықтың әр түрлі топтарының әлеуметтік-экономикалық мүддесін тепе-теңдікте ұстаумен; - елдің аймақтық кеңістігінің тұтастығы мен бірлігін қамта- масыз етумен. Экономиканы мемлекеттік реттеудің міндеттері – экономи- калық қатынастарды реттеу барысында билік органдарының алды- на қойылатын мақсаттық шарттар жиынтығы. Олар келесі құрамдас бөліктерден тұрады: - экономикалық өсу және экономикалық даму; - толық және тиімді жұмыспен қамту; - экономикалық тиімділікке жетуге бейімделу; - бағаның тұрақтылығы; - экономикалық еркіндік; - шығындардың әділетті бөлінуі; - елдің сыртқы экономикалық тепе-теңдігін сақтау. Тиімді экономикалық жағдайда мемлекеттік реттеудің міндет- терін біртұтастыққа, мысалы «мақсаттар көпбұрышы» түріне келті- ру қажет. Мемлекеттік реттеудің мақсаттар көпбұрышы - әлеуметтік- экономикалық дамудың маңызды мақсаттық міндеттерінің өзара байланысты жиынтығы. Ең кең тарағаны «сиқырлы көпбұрыш» деп аталатын, орындалуына мемлекет жауап беретін, өзара байла- нысты төрт мақсат. Олар: - экономикалық өсу; - жұмыспен қамтудың жоғарғы деңгейі; - бағаның немесе ақшаның тұрақтылығы; - сыртқы экономикалық тепе-теңдік.Экономиканы мемлекеттік реттеудің басты мақсаты – экономи- калық және әлеуметтік тұрақтылыққа жету, ағымдағы қоғамда қалыптасқан қатынастарды жетілдіру және нығайту, қоғамдағы өзгерістерге бейімдеу болып табылады.

Наши рекомендации