Лттық шоттар жүйесінің жалпы сипаттамасы
Ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ) ұлттық кіріс пен соңғы өнімнің қолданылуын сипаттайтын өндірісті, оларды тарату мен қайта таратуды сипаттайтын өзара байланыстағы көрсеткіштерді білдіреді. Ұлттық шоттың негізін жинақталған шоттар, ұлттық кіріс, инвестиция, үй шаруашылығының кірістері мен шығыстары және мемлекеттік мекемелері, ішкі экономикалық операциялар құрайды. Сонымен қатар, ҰШЖ-не жинақталған көрсеткіштерді ашып беретін немесе өз бетінше мағанасы бар баланстық кестелер кіреді.
Жалпы ұлттық өнімді екі түрлі әдіспен: қоғамның өндірілген тауарлар мен қызметтер жұмсаған барлық шығындар жиынтығымен, немесе осы жылғы өндірістің нәтижесінде алынан өнімнің ақша табыстарын қосу жолымен өлшеуге болады.
Жалпы ұлттық өнімді шығындар бойынша есептеу:
GNP=C+I+G+NX
C - тұтыну бұл үйшаруашылықтарының тауарлар мен қызметтерге кететін шығындар;
I - инвестициялар жабдықты, жылжымайтын мүлікті және т.б. алуға кететін шығындар;
G - мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік өкімет органдарының өздеріне қажетті тауарлар мен қызметтерге кететін шығындары;
NX - таза экспорт, экспорт пен импорт көлемдерінің айырмасы.
Y=W+R+I+P
W - жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы;
R - жерді, тұрғын үйді және т.б. жалға беру арқылы алынған рента;
I - пайыз (үйшаруашылығында жиналған ақша капиталынан түскен табыстар түріндегі);
P - пайда (бейкорпорациялық пайда+дивиденттер+бөлінбейтін пайда).
ЖҰӨ дефляторы=Атаулы ЖҰӨ/Нақты ЖҰӨ*100;
Атаулы ЖҰӨ - тауарлар мен қызметтер өндірісінің ағымдағы бағаларымен көрсетілген көлемі.
Нақты ЖҰӨ - тауарлар мен қызметтер өндірісінің тұрақты бағаларымен көрсетілген көлемі.
Негізгі әдебиеттер: 3 нег. [52-63], 6 нег. [12-18], 7 нег. [140-159], 13 нег. [1-5]
Қосымша әдебиеттер: 13 қос. [35-67]
Бақылау сұрақтары:
1) Макроэкономика және макроэкономикалық талдау.
2) Макроэкономикалық саясаттың мақсаты.
3) Ұлттық шоттар жүйесі.
4) Жалпы ұлттық өнімді шығындар және табыстар бойынша формулалары.
5) Атаулы және нақты жалпы ұлттық өнім.
6) Жалпы ұлттық өнімнің дефляторы.
Дәріс тақырыбы. Экономикалық тепе-теңдік және оның бұзылуы.
Жиынтық сұраныс және оның қисық сызығы
Экономикалық теорияны зерттеудің маңызды әдісі ілгеріде атап өткендей бір өлшемді (тепе-теңдік) әдіс болып табылады. Өткен тарауларда бұл принцип осы немесе басқа тауар нарығында сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігінің, сол сияқты барлық өзара байланысты тауарлар, еңбек, капитал нарықтарында сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігінің постулаты ретінде танылды.
Экономиканың макро дәрежесін зерттеумен байланысты өзімізге мынадай сұрақтар қоялық, жиынтық халық шаруашылық көрсеткіштердің категорияларын: ұлттық табысты, инвестицияны, жинақты, жұмыспен қамтуды т. б. талдауда тепе-теңдікті осы қолдана беруге бола ма? Әрине болады. Енді бүкіл экономика көлемінде қоғамның кірістері мен шығыстарының тепе-теңдігі бірінші кезекке шығады. Бұл ұсыныс (өндірілген ұлттық табыс) пен сұраныстың (пайдаланылған ұлттық табыс) арасындағы тепе-теңдіктің өзіндік көрінісі. Мұндағы маңызды мәселе мына жағдайды анықтауда: жұмыспен толық қамтылған жағдайда кіріс пен шығыстың тепе-теңдігін нарықтық тетік өздігінен қамтамасыз ете ала ма? Егер бұл сұраққа жауап жағымсыз болса, мемлекет көмегімен нарықтық тетікке түзету енгізуге араласудың қажеттігі өзінен өзі туындайды.
Сонымен қоғамның жиынтық табысы деген не? Ілгеріде атап өткендей бізге белгілісі — бұл ұлттық табыс. Ал жиынтық шығын бұл ұлттық табысты тұтыну мен қор жинауға жұмсау. Алайда халықтың тапқан табысының бәрі жұмсалмайды, оның бір бөлігі жинақталады, яғни кейінге калдырылады. Сонымен бұл тарауда тек ұлттық табыс, инвестиция, тұтыну ғана емес, кор жинауды талдау да орын алады. Аталып өткен мәселелердің әр қилы жақтары Дж.М.Кейнстің көптеген еңбектерінде қарастырылған. Ұлттық табысты зерттеу, оның дәрежесін анықтауға біз атап өткен П. Самуэльсонның оқулығында да үлкен көңіл бөлінеді. Оның логикасын негізінен қор жинау мен тұтынудың мәнді мәселелерін талдауда қолданамыз.
Жиынтық өлшемдерге көшпес бұрын тағы бір ескертетін жай, Дж.М.Кейнс теориясы экономикадағы психологиялық факторлардың зор маңыздылығын ерекше көрсетеді. Кейнс теориясының терминдерінің өзі психологиялық ой елегінен өтеді: "бейімділік", "артықшылық", "күту", "ұмтылу" т. б. сияқты толып жатқан эпитеттер бұрыннан таныс "тұтыну", "жинақтау", "өтімділік" категорияларымен біте қайнасқан.
Макроэкономикалық теңдікті табу үшін, міндетті түрде жинақталған сұраныс пен жинақталған ұсыныстың категориясын қарастырамыз.
Жиынтық сұраныс - бұл ұлттық өндірістің нақты көлемі тұтынушының, кәсіпорынның, мемлекеттің кез келген баға деңгейінде сатып алуы. Жиынтық сұраныс тауар нарығында ұсынылған соңғы тауарға және қызметке барлық сұраныс қосындысын көрсетеді:
Сондықтан жинақталған сұраныстағы анықтаушы факторларды, шартты түрде жоғарыда көрсетілген төрт топқа бөлеміз және солардың әрқайсысының жинақталған сұранысқа ықпалын талдайды.
Ұлттық өндірістің нақты көлемі мен баға деңгейі арасындағы тәуелділік сұраныстың қозғалысына кері немесе қайшы бағытта болады. Ұқсас тәуелділік жеке тауар сұранысында да бар. Бірақ сұраныс қисық сызығының төмен және оңға ауытқуы жеке тауардың пайда тиімділігін және орнын басуы болып түсіндірілсе, ал жиынтық сұраныс қисығының үйлесу ұқсастығы басқа факторлармен байланысты. Оған келесілер жатады:
1. Проценттік ставканың көтерілу деңгейі, яғни несиені пайдалану бағасы. Бағаның өсуі тұтынушылармен өндірушілерді қарызға ақша алуға мәжбүр етеді. Бұл жағдай проценттік ставканы жоғарылатады, сондықтан сатып алушы саудасын кейінге қалдырады, ал кәсіпкерлер инвестицияны қысқартады. Нәтижесінде жиынтық сұраныс азаяды. Осы құбылыс "проценттік ставка әсері" деп айтылады.
2. "Кассалық қалдық әсері" немесе "байлық әсері". Байлық элементтері акция, облигация, жедел активтерінің құндық бағасының көтерілуімен халық тұтынысы төмендейді, кедейленеді. Нәтижесінде жиынтық сұраныс қысқарады.
3. Импорттық тауарлар әсері. Ел ішінде баға өсуі отандық тауарға сұранысты қысқартады, ал арзан импортқа сұраныс өседі. Барлық бұл әсерлер - баға деңгейі өзгеруімен байланысты. Графикалық түрде жиынтық сұранысы қисығы қозғалысымен бейнеленеді.
Бағалық емес факторлар сұраныс қисығын жиынтық сұранысы өскенде оңға, сұраныс төмендегенде солға ауыстырады.
Бағалық емес факторға жататындай:
1) тұтынушы шығыны өзгеруі, тұтынушы жағдайының деңгейі өзгеруімен байланысты;
2) инвестиция шығынының өзгеруі, яғни өндіріс құралын сатып алу көлемі де өзгереді;
3) мемлекеттік шығынның өзгеруі және басқалар;
4) таза экспорт көлемінің шығынының өзгеруі.
Қарастырылған факторлар ұлттық өндіріс көлемінің өзгеруімен жиынтық сұранысы өзгеруі байланысын болжауға мүмкіндік береді.