Торлы график тұрғызудың ережелері.
Жұмыстың аталуы бағдармен белгіленеді. Жұмыстың ұзақтығы бірлік өлшеммен бағдар астына жазылады. Бағдар басындағы оқиға алдыңғы, ал соңғысы – ақырғы деп аталады. Жұмыстар екі оқиға – алдыңғы және ақырғы бойынша шифрлейді.
Алдыңғы жұмысы жоқ оқиға бастапқы деп аталады. Ал, кейінгі жұмыстары жоқ оқиға ақырғы деп аталады. Желілік графиктегі бағдарлардың бағытын солдан оңға қаратып қою керек.
Қатар орындалатын жұмыстар кезінде, яғни бір оқиға бір немесе бірнеше жұмыстың бастауы болып, соңы басқаша аяқталса, онда тәуелді және қосымша оқиғалар енгізіледі. Желілік графикте екі жұмыс бір шифрмен белгіленбейді. (23.1. сурет)
Тұтас жұмыстарды орындағанда, оларды бірнеше бөліктер мен учаскелерге бөлгенде оларды А1, А2, А3 белгілейді. (23.2. сурет)
«А» және «Б» жұмыстары біткеннен кейін, «С» жұмысын бастауға болады. Ал, «Д» жұмысының басы тек «Б» жұмысы біткен соң басталады, яғни оған тәуелділік болады. (23.3. сурет)
Егер «А» және «Б» жұмыстарын біткеннен соң, «С» жұмысы басталса, ал «Е» жұмысы «Б» жұмысының бітуіне және «Д» жұмысының басталуы «А» жұмысының аяқталуына тәуелді болады. (23.4. сурет)
Желілік графиктегі жұмыс тобы бір тұтас жұмыс ретінде көрінеді, егер сол топта бір бастапқы және бір ақырғы оқиға болған жағдайда. (23.5. сурет)
Бір уақытта және бір бригадамен орындалатын жұмыстарды ешқандай технологияны бұзбай біріктіруге болады (23.6. сурет)
Сурет. Тәуелділікті енгізу.
Сурет. Желілік графикті нығайту.
а – қатаюға дейін, б – қатаюдан кейін
Желілік графикте ешқандай тұйықталған контур болмауы керек, яғни бір оқиға өзінің шыққан жеріне қайта бармауы тиіс. (23.7-сурет)
Желілік графиктің есептеулері.
Желілік графиктегі жұмыстардың жүйелілігі – жол деп аталады. Жолдың ұзындығы жұмысты құрайтын ұзақтық сомасымен анықталады. Бастапқы мен соңғы оқиға арасындағы ең ұзын ұзындығы – шекті деп аталады. Оның ұзындығы құрылыс мерзімімен анықталады. Шекті жолда жатқан жұмысты да шекті деп атайды. Шекті жұмысты қысқарту немесе ұлғайту, жалпы объектідегі жұмыс ұзақтығын қысқартады не ұзартады. Желілік графиктің есептеулерін шекті жол мен сол жолда жатқан бастапқы мен соңғы жұмыстарды; уақыт үнемділігі мен мерзімдік күндерді анықтаумен табылады. (23.8-сурет)
Сурет. Торлы график
Желілік графикті есептегенде қолданылатын белгілер:
Ткр – шекті жолдың ұзақтығы;
Р.Н. – ерте басталу;
ti-j – жұмыс ұзақтығы;
Р.О. – ерте аяқталу;
t PH i-j – жұмыстың ерте басталуы i-j;
П.Н. – кеш басталу;
t ПО i-j – жұмыстың кеш аяталуы i-j;
П.О. – кеш аяқталу;
Rn(i-j) – толық уақыт қоры; ri-j – жеке уақыт қоры;
i – алдыңғы оқиға номері;
j – кейінгі оқиға номері.
Жұмыстың ерте басталуы – жұмыстың ең ерте уақытта бастау алуы болып табылады. Бұл ең ұзын жолдың бастауы мен соңына дейінгі оқиғалардың ұзақтығымен анықталады. Мысалы, 6-8 ерте болатын жұмыс бастауы.
tpн 6-8 = t1-2 + t2-5 + t5-6 = 2+12+2=16 күн және t1-4 + t4-6 = 1+4=5, үлкені алынады.
Жұмыстың ерте аяқталуы – бұл жұмыстың ең ерте аяқталатын уақыты. Егер ол ерте басталған болса, онда ол ерте басталу және жұмыс ұзақтығымен анықталады. Мысалы, 6-8 кеш болатын жұмыс аяқталуы:
tро 6-8 = t рн 6-8 + t6-8 = 16+8= 22 күн
Жұмыстың кеш басталуы – бұл жұмыстың ең кеш уақытты көрсетуі. Бұл кезде барлық объект өз жұмысын аяқтамайды. Шекті жолдың ұзықтығының түрлі болуымен және бастапқы мен ақырғы оқиғалардың аралығымен анықталады. Мысалы, 6-8 аралығындағы кеш басталу:
TПН 6-8 = Ткр – (t 6-8 + t8-9)= 36 – (6+11) = 19 күн
Жұмыстың кеш аяқталуы – бұл жұмыстың аяқталу уақыты, егер ол кеш басталған болса, онда жұмыстың кеш басталу сомасымен және ұзақтығымен анықталады. TПО 6-8 = t ПН 6-8 + t6-8 = 19+6= 25 күн
Кеш басталу және аяқталу барлық жұмыс үшін соңғы оқиғадан бастау алады.
Ерте мен кеш жұмыстардың сипаттамасы шекті жол және уақыт үнемділігімен түсіндіріледі. Онда олардың сипаттамаларының айырымы нөлге тең болады, басқа жұмыстар үшін уақыт үнемділігімен анықталады. Толық уақыт қоры – бұл жұмыстарды басқа уақытқа ауыстыруға не жұмыстың басталуын тоқтата тұруға немесе құрылыс уақытын өзгертпестен уақыт ұзартуға болатын уақыт көлемі. Мысалы:
RП(6-8) = 25-22 = 3 күн
TПН 6-8 = tРН 6-8 tПО 6-8 = tРО 6-8
Жеке уақыт қоры – жұмыстың басталуын кейінгі жұмыстарға кедергі келтірмейтіндей ұзартуға болатын уақыт көлемі.
r 6-8 = t РН 6-8 – t РО 6-8 = 25-22= 3 күн
желілік графикті есептегенде олардың номірленуі мына реттілікте болады, яғни басталғалы отырған оқиға номері одан кейінгі оқиғалардан аз болуы керек. Содан соң 23.1 кестесіндей реттілікпен орындалады. 23.2. кестесіне бастапқы жұмыстың саны жазылады.
23.1. кесте
Жол кестесі
1-3-9 | 6+9=15 | |
1-2-3-9 | 2+8+9=19 | |
1-2-3-7-9 | 2+8+5+3=18 | |
1-2-3-7-8-9 | 2+8+5+10+11=36 | |
1-2-7-9 | 2+7+3=12 | |
1-2-7-8-9 | 2+7+10+11=30 | |
1-2-5-7-8-9 | 2+12+0+10+11=35 | |
1-2-5-7-9 | 2+12+0+3=17 | |
1-2-5-6-8-9 | 2+12+2+6+11=33 | |
1-2-4-6-8-9 | 2+0+4+6+11=23 | |
1-4-6-8-9 | 1+4+6+11=22 | |
1-3-7-8-9 | 6+5+10+11=32 | |
1-3-7-9 | 6+5+3=14 |
23.2. кесте
№ | Бастап-қы жұмыс cаны | Жұмыс шифры | Жұмыс ұзақ-тығы | Ерте мерзім | Кеш мерзім | Қосымша уақыт | Крити-калық жол | |||
басталуы | Аяқта-луы | бас. | аяқ. | жал-пы | жеке | |||||
1-2 | К | |||||||||
1-3 | ||||||||||
1-4 | ||||||||||
2-3 | К | |||||||||
2-4 | ||||||||||
2-5 | ||||||||||
2-7 | ||||||||||
3-7 | К | |||||||||
3-9 | ||||||||||
4-6 | ||||||||||
5-6 | ||||||||||
5-7 | ||||||||||
6-8 | ||||||||||
7-8 | К | |||||||||
7-9 | ||||||||||
8-9 | К |
Әдебиеттер: [4,c.166-172; 5,c.97-128; 6; 11]