KASE құрылуының және дамуының негізгі кезеңдері

Р қор биржасы

Ру тарихы

1993 жылдың 15 қарашасында Қазақстанда ұлттық валюта – теңге енгізілді. Осы уақиғадан кейін екінші күні – 1993 жылдың 17 қарашасында – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және 23 жетекші қазақстандық коммерциялық банктарымен бірлесе отырып, валюталық биржаны ұйымдастыру бойынша шешім қабылдады. Осыға дейін қызмет еткен Валюталық операцияларды өткізу орталығы (Валюталық биржа) Ұлттық Банктің құрылымдық бөлімшесі болған. Жаңа биржаның алдына қойылған мақсаты – теңгенің енгізілуіне байланысты ұлттық валюталық нарықты ұйымдастыру және дамыту болып табылады. Заңды тұлға ретінде биржа 1993 жылдың 30 желтоқсанында "Қазақ Банкаралық Валюта Биржасы" атауымен, ұйымдастырушылық-құқықтық формасы жабық тұрпаттағы акционерлік қоғам ретінде тіркелді.

1994 жылдың 03 наурызында, биржаның атауын қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру қажеттілігіне байланысты, биржа "Қазақ Банкаралық Валюта Биржасы" атауымен қайта тіркелді.

1995 жылдың 12 шілдесінде биржа өз акционерлерінің биржаның бағалы қағаздар нарығында қызметін дамытуды бастау туралы шешіміне қабылдауына байланысты, "Қазақстан банкаралық валюта-қор биржасы" атауымен қайта тіркелді. 1995 жылдың 2 қазанында биржа бағалы қағаздар нарығында биржалық қызметті жүзеге асыруға № 1 лицензиясын алды, алайда осы лицензияның қолданысы тек мемлекеттік бағалы қағаздардың сауда-саттық ұйымдастыру құқығымен ғана шектелген. Қолданыстағы заңнама қор биржасына тауарлық биржа қызметтерін атқаруға тыйым салынуына байланысты, биржа 1996 жылдың 12 сәуірінде "Қазақстан қор биржасы" атауымен қайта тіркелді. 1996 жылдың 13 қарашасында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы биржаға бағалы қағаздардың сауда-саттығын ұйымдастыруға шектелмеген лицензиясын берді.

Осылайша 1997 жылдың 05 наурызындағы Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар нарығы туралы" жаңа заңы қор биржасының қызметін тек бағалы қағаздармен шектейтініне байланысты, биржа акционерлерінің жалпы жиналысы 1997 жылдың сәуірінде "Алматы қаржы құралдарының биржасы" ЖАҚ (AFINEX) жеке заңды тұлғасын бөліп шығару арқылы биржаны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдап, осы ұйым 1997 жылдың 30 шілдесінде тіркелген. 1997 жылдың 01 қыркүйегінен бастап AFINEX сауда алаңына шетел валюталарының және мерзімдік келісім-шарттардың сауда-саттығы ауыстырылды. Ал биржаның өзі 1997 жылдың 03 шілдесінде бұрынғы атауымен қайта тіркеуден өтті.

Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар жөніндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне кейбір өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылдың 10 маусымындағы заңы өз күшіне енуімен, қор биржасының қызметіне шетел валюталарының және бағалы қағаздардан өзге қаржы құралдардың сауда-саттығын ұйымдастыруға салынған тыйым жойылып, AFINEX пен Қазақстан қор биржасын біріктіруге мүмкіндік берді. Осы туралы шешімді акционерлердің 1999 жылдың 06 қаңтарында өткен жалпы жиналысы қабылдады, ал 1999 жылдың 16 наурызында біріктірілген биржаның тиісті мемлекеттік қайта тіркеуі жүзеге асырылды.

2006 жылдың 15 желтоқсанында KASE Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда-саттық алаңы ретінде белгіленді. 2007 жылдың 23 тамызында болып өткен KASE акционерлерінің жалпы жиналысы биржаның коммерциялануы туралы шешім қабылдады. KASE коммерциализациясы шегінде дауыс берудің бұрынғы "бір акционер – бір дауыс" принципінен бас тартып, жалпы акционерлік қоғамдардың барлығына ортақ болып қабылданған принципі, яғни, бір акцияға бір дауыс принципіне ауысу жүзеге асырылды.

KASE құрылуының және дамуының негізгі кезеңдері

Шетел валюталарының алғашқы сауда-саттықтары
Мемлекеттік бағалы қағаздардың алғашқы сауда-саттықтары
Туынды қаржы құралдарының – мерзімдік келісімшарттарының алғашқы сауда-саттықтары
Листингілік акциялардың, мемлекеттік акциялар пакеттерінің, листингілік емес бағалы қағаздардың алғашқы сауда-саттықтары
Биржада тікелей мәмілелер жасау жүйесін іске қосу Қазақстанның еурооблигацияларының алғашқы сауда-саттықтары
Листингілік корпоративтік және муниципалды облигацияларының алғашқы сауда-саттықтары Тікелей репо нарығын іске қосу
Халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының алғашқы сауда-аттықтары Автоматты репо нарығын іске қосу
Вексельдердің алғашқы сауда-саттығы
Шет мемлекеттердің бағалы қағаздарының алғашқы сауда-саттығы
Шетелдік корпоративтік облигациялардың алғашқы сауда-саттығы KASE есеп айырысу жүйесін қолданумен "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ IPO жүргізу
KASE негізінде Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда-саттық алаңын құру KASE коммерциялануы
KASE корпоративтік басқару кодексін бекіту Валюталық своп операцияларының нарығынын іске қосу
KASE негізгі сауда-саттық алаңын және АӨҚО АСА біріктіру арқылы нарықтың бірлігін қалпына келтіру
Тәуекел-менеджментінің жаңа жүйесін қолданумен, деривативтердің жаңартылған нарығын іске қосу
DowJones FEAS Индекстері қатысушылары тізіміне KASE енгізілуі Толық алдын ала қамтуымен T+0 (гросс) сызбасы бойынша бағалы қағаздар сауда-саттық жүйесінің іске қосылуы Еуроазиялық қор биржаларының федерациясы (FEAS) 17-ші Бас ассамблеясын өткізу Корея, Стамбұл және Тегеран қор биржаларымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою "STrade" –интернет-трейдингтің көпфункциясы жаңа жүйесінің құру
Биржаның қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клирингілік қызметті жүзеге асыруға және банктік операциялардың кейбір түрлерін (заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жабу) жүзеге асыруға лицензия алуы KASE құрылымында Клирингілік палатасын құру
Вена қор биржасы мен (WBAG) есептелетін, акциялардың жаңа индексін – Kazakhstan Traded Index Local (KTX Local) іске қосу Әлемдік биржалар федерациясының (WFE) толық мүшесі мәртебесін алу

KASE бүгін

Мәртебесі

Биржа, акционерлік қоғам ұйымдастыру-құқықтық нысанында қызмет ететін, коммерциялық ұйым болып табылады. Биржаның органдары:

· жоғарғы орган – Биржа акционерлерінің жалпы жиналысы;

· басқару органы – Биржаның Директорлар кеңесі (Биржалық кеңес);

· атқарушы орган – Басқарма.

Наши рекомендации