Конституциялық кеңес.

Конституциялық Кеңес Қазақстанның саяси жүйесінде айрықша орынға ие. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі өкілеттіктері алты жылға созылатын жеті мүшесінен құралған. Конституциялық Кеңестің өмір бақилық мүшелігіне Республиканың Экс-Президенттері құқылы болып табылады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республика Президенті тағайындайды және дауыс теңдей бөлінген жағдайда оның дауысы шешуші болып табылады.Конституциялық Кеңестің екі мүшесі Республика Президентімен, екеуі Сенат төрағасымен, екеуі Мәжіліс төрағасымен тағайындалады. Конституциялық Кеңестің қалған мүшелері әр үш жыл сайын жаңартылып тұрады. Конституциялық Кеңестің ұйымдастырылуы мен қызметі конституциялық заңмен реттеледі.Конституциялық Кеңес: Республика Президентінің сайлауы; Парламент депуттарының сайлауы;

Республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы мәселеге қатысты туған таласты шешеді. Конституциялық Кеңес: Парламентпен қабылдаған және Президент қол қойған заңдардың Конституциямен сәйкестігін;

Халықаралық келісімдердің Конституцияға сәйкес бекітілуін қарайды.

Конституциялық Кеңес:Конституция нормаларына ресми түсінік береді;

Республика Президентін қызметінен мерзімінен бұрын босату туралы Парламентпен тиісті шешім қабылданғанша, Республика Президентін қызметінен босату туралы соңғы шешімге келгенге дейін белгіленген конституциялық рәсімдерді сақтау туралы ұйғарым жасайды. Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімі қабылдаған күннен бастап күшіне енеді және шешім шағымдануға жатпайды, республиканың барлық аумағында жалпыға бірдей міндетті болып табылады. Басқа да шешімдердің өз күшіне ену тәртібі Конституциялық Кеңеспен айқындалады. Республика Президентінің қарсы пікірін еңсермеген жағдайда Конституциялық Кеңестің шешімі қабылданбаған болып саналады және конституциялық өндірісі тоқтатылады.

Қазақстанда экологиялық құқық бұзушылық зардаптары.Экологиялық құқық бұзушылық дегеніміз – табиғатты қорғау заңдылықтарын бұзатын және адам денсаулығы табиғи ортаға зиян келтіретін құқыққа қарама-қайшы іс-әрекет.Экологиялық құқық бұзушының қоғамға келтіретін зиянның дәрежесіне байланысты теріс қылық және қылмыс болып бөлінеді. Біріншісі қылмысқа қарағанда қоғамға көп зиян келтіре қоймайды және ол тәртіптік, материалдық, әкімшілік, қылмыстық және азаматтық-құқықтық жауапкершілік пайда болады. Тәртіптік жауапкершілікке қызмет пен өзінің тікелей міндеттерімен алмаған адам тартылады. Мысалы, құқық бұзушылық кәсіпорынның бас инженерінің лауазымдық нұсқаудың талаптарын орындамағаны үшін жауапқа тартудан тұрады. Экологиялық тәртіптік теріс қылықтың субъективті жағына абайсыздық жатады. Құқық бұзушыға ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс жұмыстан шығару сияқты тәртіптік жаза қолданылады. Тәртіптік жазаның қолдану тәртібі еңбек туралы заң белгіленген. Шара қолданған кезде жасаған қылықтарының дәрежесі, қызметтік мінездемесі және қызметкердің тәртібі ескеріледі. Материалдық жауапкершілікті талдаған кезде, азаматтық заңдылықтарда қаралатын мүліктік жауапкершіліктен айыра білу керек. Экологиялық ғылымда, яғни табиғи ортаны қорғау саласында мүліктік жауапкершілк кей-кезде материалдық ретінде қарастырылады. Материалдық жауапкершілік – құқық бұзушының кесірінен кәсіпорынға, ұйымға келтірген зияны үшін, белгілі – бір тәртіпке және белгілі – бір көлемде қызметкердің өтемақы төлеуі. Материалдық жауапкершілік келтірген залалы үшін заңды жауапкершіліктің еркін түрі болып табылады. Сондықтан, қызметкер, материалдық жауапкершілікке тартыла отырып, тәртіптік және жауапкершіліктің басқа да түрлеріне тартылады. Әкімшілік жауапкершілік мемлекеттің компонетті органдарының экологиялық қылмыс үшін әкімшілік шараларды қолдағанынан көрінеді. Бұл Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамалары арқылы реттеледі.

Аржылық қатынастар және қаржы құқығының әдіс-тәсілдері, қаржылық құқықтық нормалар және қаржы құқығының жүйесі.

Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары. «Қаржы жүйесінің» ұғымы қаржы ұғымының одан ары дамуы және нақтылана түсуі болып табылады және тиісті ақшалай қорлар құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.

Қаржы жүйесі түрлі критерийлер бойынша сыныпталады.

Қаржы жүйесі терминінің келтірілген анықтамасында қаржының мәндік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық үдерістегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы моделі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөліктен тұрады:

1. қаржылық қатынастардың жиынтығы;

2. ақшалай қорлардың жиынтығы;

3. басқарудың қаржылық аппараты.

Ақшалай қорлардың қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, өңірлер

және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақшалай қатынастардың жиынтығы қаржылық қатынастарды құрайды.

Қаржылық қатынастар өзінің экономикалық табиғаты жөнінен бөлгіштік қатынастар болып табылады, оның үстіне құнды бөлу ең алдымен субъектілер бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан қоғамдық өндірістегі субъектілердің рөлі қаржылық қатынастар жіктемесінің алғашқы объективті белгісі ретінде көрінеді.

Қаржылық қатынастар негізінен мына екі сфераны қамтиды:

1. мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық ақшалай қатынастар;

2. кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақшалай қорларының толық айналымын ортақтастыратын экономикалық ақшалай қатынастар.

Қаржылық қатынастардың буындарына тән болып келетін тиісті орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай қорлардың жиынтығы қаржы жүйесінің екінші бөлігін құрайды.

Қаржының материалдық мазмұны өзінің көрінісін бюджеттік, мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру, амортизадиялық айналым қаражаттары, тұтыну, резерв және басқа көптеген ақшалый қорларды кіріктіретін қаржылық ресурстарды қалыптастырып, пайдалануда табады. Бір қорлар едәуір дәрежеде, біреулері аз дәрежеде орталықтандырылған. Бір қорлар үнемі жұмсалады (тұтыну коры), басқалары уақытша сақталады (резервтік капитал), үшіншісі қорланады (амортизациялық аударымдар).

Қаржылық қатынастардың нысандары мен ақшалай қорлары басқарылатын материалдың объектіні құрайды. Басқарушы субъект қаржыны басқарудың мемлекеттік және коғамдық аппараттарының жүйесі - қаржылық аппарат болып келеді, бұл қаржы жүйесінің үшінші бөлігі болып табылады. Қаржылық қызметті ұйымдастыру мен жоспарлауүдерісіндегі экономикалық және бақылау жұмысымен, қаржылық қатынастар буындарының байланысын жетілдірумен айналысатын қаржылық аппарат қаржы жүйесінің басқа бөліктерімен қабысып, етене ұштасып жатады. Бұл қаржы жүйесінде базистік қатынастардың да, қондырмалық қатынастардың да айқыш-ұйқыш тоқайласуын және оның басқарымдылығын білдіреді.

Наши рекомендации