Сатушы – тауар – ақша – сатып алушы.

Бұл жерде мәміле қатысушылары тауар-ақша айналымның бағалық (құндылық) жағынан тепе-тең болуын бақылайды. Сатушы және сатып алушы мәміленіауызша немесе жазбаша (келісім түрінде) жүзеге асырады. Нәтижесінде мүліктік құқықты сату жүзеге асады:

Тауар иесіөзінің пайдалы затының орнына ақша алады, ал ақша иесі (сатып алушы)– өзіне қажетті игілігін иеленеді.

Сатуға арналған өнім өндірілетін жердің барлығында нарық пайда болады.

 
 
Нарықтың негізгі белгілері

Жеке меншік;

Жеке мүддесі(пайда) нарықтық бағалар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Тұтынушылартауарларды ең төмен бағамен сатып алады.

Кәсіпкерлер– пайданы мүмкіндігінше жоғарылатуға тырысады; қор иелері өз қорлары үшін ең жоғары бағаны алуға тырысады; қорытындысында алынған нәтиже жалпы қоғамға максимум пайдасын әкеледі.

Таңдау еркіндігі – ресурстарды иемдену, тауарларды нарықта сату, өзіне ұнаған жерде жұмыс жасау еркіндігінде білінеді;

Бәсекелестік;

Еркін баға қою;

Мемлекет кірісуі шектеулі.

Үй шаруашылығы – бұл адамдық капиталды өндірілуін және қайта өндірілуін қамтамасыз ететін, белгілі бір фактор иесі болатын, өз қажеттіліктерін максимум қанағаттандыруға ынталанатын, өз бетімен шешім қабылдайтын бір немесе бірнеше тұлғадан құралған экономикалық бірлік, яғни бұл барлық тұтынушылар.

Фирма (кәсіпорын) - бұл өнімді сату мақсатымен оны дайындау үшін өндіріс факторларын пайдаланатын, пайданы мүмкіндігінше жоғарылатуға ынталанатын, өз бетінше шешім қабылдайтын экономикалық бірлік.

Мемлекет– үкіметтік және мемлекеттік мекемелер.

Нарықтық шаруашылық субъектілері әрқашансатушы да, сатып алушыда ролінде көрінеді.

Нарық алуан түрлі ағымдардың ортасынан орын алады: ақшалық– сатып алушыдан сатушыға, алынған тауар үшін төлем түрінде; материалдық– сатушыдан сатып алушыға, қорлар, өнімдер, қызметтер, тауарлар түрінде.

Мұндай жағдай кері байланыс жүйесін қалыптастырады, бұл кез-келген экономиканың тұрақтылығы мен тиімділігінің шарты және нарықтың басты, негізгі қызметі болып табылады.

Нарықтар жүйесі

Тұтыну өнімдері (азық-түліктік және азық-түліктік емес тауарлар т.с.с.).

Өндіру құралдары (машиналар, құрал-жабдықтар, көлік, отын, шикізат, электр қуаты және т.б.).

Қызмет көрсету (коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету; қаржылық сақтандыру операциялары, коммерциялық, әлеуметтік, мәдениеттік, рухани және т.б. қызмет түрлері).

Еңбектік (жұмыс күші);

Бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар және т.б. табыс әкелетін құнды қағаздар);

Ғылыми әзірлемелер (парасатты меншік);

Валюталар (шет ел ақша бірліктері сатып алынатын және сатылатын ұлттық және халықаралық мекемелер);

Несиелік капиталдар (өндірістік мақсатта қолданылатын уақытша бос ақша қаржыларын сатып алу және сату саласы);

Рухани игіліктер (ғалымдар, жазушылар, суретшілер және т.б. парасатты қызметінің өнімін ақылы сату саласы)

Наши рекомендации