Саясат ұғымы,пайда болуы, саясаттың деңгейлері?

Саясатмемлекеттердің алдына қойған мақсаттар жүйесі. Осы мақсаттарды іске асыру үшін билік тұтқасын пайдалану жолындағы қзара қарым өатынастар және іс әрекет.

Саясаттың пайда болуыадамдардың қоғамдағы орнына, материалдық жағдайына қарай, ортақ маңызды мәселелерді іске асыруға ұмтылуымен байланысты. Алғашқы қауым кезінде саясаттың кейбір нышандары болған. Бұл кезде қарым қатынастар әдет ғұрып, салт дәстүр тұрғысынан шешілді. Кейін материалдық өндіріс күрделенді, таптар топтарға бөлінді. Қарым қ қайшылық сипатқа ие болды. Оларды реттеп, қоғам тұтастығын сақтау үшін билік тұтқасы пайба болды.осы негізде саяси қатынастар п.б.

Саясаттың мәні бірнеше деңгейде жүзеге асырылады:

· Төменгі деңгейіжергілікті мәселелерді шешуді қарастырады. Саясатты бұл деңгейде жекелеген индивидтер жүргізеді, алайда жекелеген мәселелер жергілікті ассоциациялар арқылы шешіледі.

· Аймақтық деңгеймемлекеттің араласуын талап етеді. Өз аймағындағы экономикалық дамуға мүдделі топтар мен ассоциациялар саясатты белсене жүргізеді.

· Ұлттық деңгейсаясат теориясында орталық орынға ие болған, бұл мемлекетті ресурстарды үлестірудегі негізгі институт екендігін анықтайды.

· Халықаралық деңгей, мұнда саяси іс-қимылдың негізгі субъектілері ретінде егемен мемлекеттер қатысады

2. Саяси жетекшіліктің функциялары мен типологиясы?

Лидер (англ көшбасы) ұйымның немесе шағын топтң беделді, қалғандарына сөзі ететін, түрлі мәселелерді ұйымдастыруда, шешім қабылдауда, іске асыруда шешуші рөль атқаратын мүшесі. Функциялары:

· Қоғамның тұтастығын сақтау, топ немесе ұйым мүшелерінің ортақ мақсаттар төңірегінде топтастыру

· Тиімді саяси шешімдер қабылдау

· Көпшілікті қабылдаған саяси шешімдерді іске асыруға жұмылдыру

· Бақылау, марапаттау және жазалау арқылы қоғамдық тәртіпті сақтау, көпшілікті заң бұзушылықтан сақтау

· Билік пен бұқараның арасындағы байланысын қамтамасыз ету

Саяси лидерліктің жүйелі типологиясынВебер жасаған. Ол билік жүргізушілердің беделін негізге алым типологиясын жасаған:

· Дәстүрлі көшбасылар(тайпа көсему, монарх): олардың беделі қалыптасқан салт дәстүрлрге сүйенеді

· Рационалды: ашық көшбү демократиялық жолмен сайлағандар

· Харизматикалық: бұқараның түсінігі бойынша ерекше дарын қабілетке ие болғандар. Ленин, Сталин, Фидель Кастро

Америка саясатшысы Тэкержүргізу механизмін негізге ала отырып:

· Көшбасы реформатор

· Көшбасы консерватор

· Көшбасы революционер

Осы күнгі типология:

· Ту ұстаушы: қызғылықты идеал, арман жетелеген, соған бұғараны еліктіріп жұмылдыра алатын көшб (Ленин)

· Қызметші: халық атынан көпшілік мүддесін қорғауға ұмтылып, іс әрекет жасайтын

· Саудагер: идеялары мен жоспарларына азаматтарды қызықтыра отырып, өз жағына оларды тарта алатын

· Сөндіруші: қоғамның ең көкейтесті мәселелерін алдыға тартып өз қызметіне негіз ететін көшб, іс әрекеті нақты жағдайда туындайды

3. Әлеуметтік бірлестіктер жүйесіндегі ұлттың орны

ХХ ғасыр әдеттен тыс ғажайып жағдайларға толы. Соның бірі---Этникалық жаңару, қайта өркендеу мәселесі (этнос деген грек сөзі, тайпа, халық деген мағынаны білдіреді) бір жағынан, біздің заманымыз дүние жүзіндегі барлық адамдардың тағдыры бір ортақ, өзара тығыз байланысты және тәуелді екендігін түсініп білу, сезінумен сипатталады. Екінші жағынан барлық континенттерде адамдардың ықыласы кенеттен өзінің этникалық және аймақтық құрамына деген ұмтылыспен, өзінің түп тамырын, шығу тарихын зерттеп, білуге тырысушылықпен ерекшеленеді.

Ұлт деп жер, тіл, экономикалық қатынастар, мәдениет ерекшеліктері мен психологиялық құрылымның ортақтығы кезінде қалыптасқан адамдардың тарихи әлеуметтік-этникалық бірлестігін айтады.Әлеуметтік аспект ұлтты өндірістік қатынастармен байланысқан қоғамдық таптардан тұратын әлеуметтік- экономикалық тұтастық етіп танытады. Ол белгілі бір жүйенің ұлттарында қандай ортақтастық бар, оларды өзара, шын мәнінде, нежақындастырып, туыстастыратынғын білдіреді. Ұлттың құрамында тіл, жер, ұлттық сана-сезім, мәдениет этникалық аспектіні көрсетеді.Ол арқылы біз ұлттардың бір-бірінен қандай ерекшелігі бар екендігін, қалайша ажыратындығын білеміз.

Ұлттық саясат деп адамдардың ұлттық мұқтаждығын өтеуге, ұлттық қатынастарды реттеуге бағытталған қоғамдық, ең алдымен әлеуметтік-құқықтық әрекеттердің ерекше түрін айтады.Бұл мұқтаждықтардың табиғатын тану үшін әлі зерттеулер жүргізу керек.Дегенмен, оған азаматтық ар-намысқа тырысу, этнопсихологиялық бірлікті, Табиғи-тарихи орталықты сезіну кіретіні анық.

Соңғы он жылдықта батыста этникалық саясатдеген жаңа бағыт пайда болды. Ол-- дүние жүзіндегі болып жатқан этникалық дау-жанжалдарды,ұлттық шиеленістерді түсіндіруге, оларды шешу жолдарын анықтап, сондай-ақ белгілі бір аймақтарда мұндай дау- дамайлардың болуын алдын ала болжай білуге арналған жалпы теория. Бұл теория этникалық дау-жанжалдарға плюралистік қоғамда әрдайым кездесіп тұратын әдеттегі жағдай сияқты қарайды.

Ұлттық саясат әр елде әр кезеңде әр түрлі болуы мүмкін. Бүгінгі таңда бұл салада ассимиляция (бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана-сезімін жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуі), сегрегация, геноцит (адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың, діннің өкілі болуына байланысты әдейі қыру немесе қудалау) сияқты саясаттар белгілі.


12 билет

12-билет

Наши рекомендации