Сабақтың тақырыбы : ішінара бақылау
Сабақтың мақсаты ішінара бақылау бойынша іріктелген бақылау кезеңдерңн қарастыру
1. Ішінара бақылау әдісі, оның әдістері мен тәсілдері.
2. Әртүрлі іріктеуде жіберілетін қателер, оларды түзету тәсілдері.
3. Ішінара бақылауды ұйымдастыру және бақылауға алынатын бірлік санын анықтау.
Сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары немесе тестілік сұрақтар
1.Статистикалық зерттеуде тексеруге алынатын жиынтық бірліктері қамту дәрежесіне қарай қандай түрлерге бөлінеді?
А) ішінара,жеке ауқымды,жиынтықтың негізгі бөлігі
В) жаппай,жартылай
С) жай,күрделі
D) ағымдағы,кезеңдік
E) қатысты,нақты
2.Статистикалық ішінара бақылау дегеніміз не ?
А) құбылыстардың сандық қатынасының мөлшерін көрсететін көрсеткіштер
В) жиналған материалдарды топқа бөлмей,қортынды есептеу
С) жиынтық бірліктерден зерттеуге кездейсоқ немесе белгілі бір тәртіппен ғылыми негізде алдын-ала іріктеліп алынған бөлігі
D) сандық мәліметтерді ұтымды түрде қолдану
E) статистикалық тартпалы қатарлардың сандық белгісі бойынша бөлінуі
3.Ішінара бақылауда қандай жиынтық бірліктері қолданылады ?
А) жалпы,ішінара
В) жаппай , жартылай
С) ішінара,жеке ауқымды
D) ағымдағы,кездейсоқ
Å) жекелеген,топталған,құрастырылған
4.Жиынтық біріліктерінің зерттеуге екінші рет қатысу және қатыспайтындығына байланысты қандай әдістерге бөлінеді?
А) жай кездейсоқ,механикалық
В) типтік,сериялы
С) жаппай,ішінара
D) жекелеген,топталған
E) қайта іріктеу,қайталанбайтын іріктеу
5.Егер жалпы жиынтықты ірі топтарға одан кейін көлемі бойынша кіші топтарға бөлу арқылы бақылау бірнеше сатыда жүргізілсе,ол қалай аталады ?
А) сериялы іріктеу
В) бір сатылы іріктеу
С) құрама іріктеу
D) көп сатылы іріктеу
E) шағын іріктеу
6.Нақты факті мен зерттеу көрсеткіштерінің арасындағы сәйкессіздік қалай аталады ?
А) қате
В) іріктеу
С) жинақтау
D) топтау
E) зерттеу
7.Қателердің қандай түрлері бар ?
А) механикалық,кездейсоқ
В) жай,күрделі
С) тіркеу,репрезентативті (өкілдікті)
D) ағымдағы, кезеңдік
E) үзілісті,үзіліссіз
8.Қайта кездейсоқ іріктеудің орташа қатесі қандай формуламен есептеледі ?
А)
В)
С)
D)
E)
9.Жалпы жиынтықтан бір рет іріктеліп алынған бірліктер тексеруден кейін қайтадан қосылмайтын болса,іріктеу қалай аталады ?
А) механикалық іріктеу
В) қайталанбайтын іріктеу
С) сериялы іріктеу
D) типтік іріктеу
E) жай кездейсоқ іріктеу
10.Ішінара жиынтық бірліктері дегеніміз не ?
A) жалпы жиынтықтың ішінен тексеруге іріктеліп алынған бөлігі
B) зерттеуге алынатын қоғамдық құбылыстар, процестер жиынтығы
C) құбылыстардың сандық қатынасының мөлшерін көрсететін көрсеткіштер
D) сандық мәліметтерді ұтымды түрде қолдану
E) бақылау процесінде жауап алуға арналған сұрақтар тізімі
11.Қайта іріктеу дегеніміз не ?
A) жалпы жиынтықтан бір рет іріктелініп алынған бірліктер қайтадан жиынтыққа қосылмайтын іріктеу
B) жиынтықтан іріктеліп алынған бірліктер тексеріліп, зерттеуден кейін қайтадан жиынтыққа қосылып, екінші рет тексеруге қатысатын іріктеу
C) жалпы жиынтықты ірі топтарға, одан кейін кіші топтарға бөлу
D) статистикалық таратпалы қатарлардың сандық белгісі бойынша бөлінуі
E) жиналған мәліметтерді топқа бөлмей, қорытынды есептеу
12.Жиынтық бірліктерінен іріктеп алу түрлі жағдайларға байланысты қандай түрлерге бөлінеді
A) жай кездейсоқ, механикалық
B) жалпы, ішінара
C) жекелеген, топталған, құрастырылған
D) типтік, сериялы
E) ір сатылы, көп сатылы)