Тапсырма. даталарды орындарына орналастыр.

Абай.

Ана тілінде еркін сөйлеп, шын жүрегіңмен құрметтесең ғана өзгелерге ана тіліңді құрметтете аласың.

А.Байтұрсынов

Тілсіз ұлт, тілінен айрылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмайды, ұлт құриды.Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт- тілі болу.Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді.

М.Жұмабаев.

ҚҰЖАТТАРДЫ ТОПТАСТЫРУ

“Құжат” (Документ) – латын тілінде “куәлік”, “дәлелдеу тәсілі” деген мағына береді. Дағдылы қолданыста оның негізгі үш мағынасы бар: 1) қандай да бір фактіні не бір нәрсеге деген құқықты (мысалы, жол жүруге деген) растайтын іс қағазы; 2) жеке басты ресми түрде куәландыратын құжат (төлқұжат); 3) бір нәрсе туралы жазбаша куәлік (мысалы, ескі грамоталар).

Кәсіпорынды басқару – мәліметтерді қабылдап алу және өңдеу, шешім қабылдап, оны орындау сияқты белгілі бір дәрежедегі ақпараттық процесс болып табылады. Дұрыс шешім қабылдау үшін толық жедел және ақиқат мәліметтер керек болады. Құжат ақпараттың осы талабына жауап беруі тиіс.

Кәсіпорынның не ұйымның құжаттары белгілі бір мәдени-тарихи құндылыққа ие, мемлекеттік мұрағат қорының бөлігі болып табылады, сондықтан олар мемлекеттік мұрағаттарға тапсырылуы тиіс.

Құжаттарды топтастыру – оларды ұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша бөлу болып табылады.

Белгілеу тәсіліне қарай құжаттар жазба, графикалық, акустикалық (фото, кино, бейнеқұжаттар) болып бөлінеді.

Мазмұнына қарай – ұйымдық-өкімдік, қаржы-есеп, жабдықтау-өткізу құжаттары болып бөлінеді.

Атауына қарай көптеген түрге (жанрға) бөлінеді: ережелер, бұйрықтар, хаттамалар, жарғылар, арыздар, хаттар т.б.

Толтыру орнына қарай құжаттар ішкі және сыртқы (кіріс және шығыс) болып бөлінеді.

Орындалу мерзімі бойынша құжаттар жедел және жедел емес (жай) болып бөлінеді.

Шығу тегіне қарай құжаттар қызметтік және ресми-жекелік (атаулы) болып бөлінеді.

Жариялылық дәрежесіне қарай құжаттар қарапайым, күнделікті қызметте қолдану үшін және құпия болып бөлінеді.

Заңдылық күшіне қарай шын және жалған құжаттар болып бөлінеді.

Жасалу сатысына қарай түпнұсқа (бірінші данасы) және көшірме құжаттар болып бөлінеді. Көшірменің өзі отпуск –шығыс құжатының толық көшірмесі, выписка –құжаттың бір бөлігінің көшірмесі және дубликат – құжаттың жоғалғанда берілетін екінші нұсқасы болып бөлінеді.

Мәтінге арналған сөздік

құжат – документ

куәлік - свидетельство

дәлелдеу тәсілі – способ доказательство

деген мағына береді – означает

дағдылы қолданыста – обычном употреблении

негізгі үш мағынасы бар – имеет три основных значения

қандай да бір факті – какой-нибудь факт

не бір нәрсеге деген құқықты – или право на что-нибудь

растайтын – подтверждающая

іс қағазы – деловая бумага

жеке басты ресми түрде куәландыратын - то, что официально удостоверяет

личность предъявителя

төлқұжат – паспорт

бір нәрсе туралы – о чем-нибудь

жазбаша куәлік – письменное свидетельство

ескі грамоталар – древние грамоты

кәсіпорынды басқару – управление предприятием

мәліметтерді қабылдап алу және өңдеу – получение и обработка информации

шешім қабылдап, оны орындау – принятие решения и его исполнение

белгілі бір дәрежедегі – в значительной степени

ақпараттық процесс – информационный процесс

дұрыс шешім қабылдау үшін – для выработки верного решения

толық – полная

жедел және ақиқат мәліметтер – оперативная и достоверная информация

керек болады – требуется

құжаттың сапасы – качество документа

кәсіпорынның не ұйымның құжаттары – документы предприятия и организации

белгілі бір мәдени-тарихи құндылыққа ие – представляют определенную

культурно-историческую ценность

мемлекеттік мұрағат қоры – архивный фонд государства

бөлігі болып табылады – являются частью

мемлекеттік мұрағаттарға тапсырылуы тиіс – подлежат сдаче в государственные архивы

ұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша – по признакам сходства и

различия

Ресми іс қағаздары атаулары

анықтама – справка

шағым – жалоба

бұйрық – приказ

жарғы – указ

жарлық –устав

заң –закон

ереже –положение

келісім – соглашение

шарт – договор

кепілхат – гарантийное письмо

қолдаухат – ходатайство

қолхат – расписка

мінездеме – характеристика

өмірбаян - автобиография

өтініш – заявление

сенімхат – доверенность

түсіндірме хат – обьяснительная записка

хабарлама – сообщение

хаттама – протокол

шақырухат – пригласительное письмо

шешім – решение

ілеспехат – сопроводительное письмо

іскери хат – деловое письмо

іс парағы – личный листок

1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз

1. “Құжат”– латын тілінде қандай мағына береді?

2. Дағдылы қолданыста құжаттың неше мағынасы бар? Атап беріңіз. Кәсіпорынды басқару қандай процесс болып табылады?

3. Дұрыс шешім қабылдау үшін қандай мәліметтер керек болады?

4. Кәсіпорынның не ұйымның құжаттары не себепті мемлекеттік мұрағаттарға тапсырылуы тиіс?

5. Құжаттарды топтастыру дегеніміз не?

6. Белгілеу тәсіліне қарай құжаттар қалай бөлінеді?

7. Мазмұнына қарай құжаттар қалай бөлінеді?

8. Атауына қарай құжаттар қандай түрлерге бөлінеді?

9. Толтыру орнына қарай құжаттар қалай бөлінеді?

10. Орындалу мерзімі бойынша құжаттар қалай болып бөлінеді?

11. Шығу тегіне қарай құжаттар қалай болып бөлінеді?

12. Жариялылық дәрежесіне қарай құжаттар қалай болып бөлінеді?

13. Заңдылық күшіне қарай құжаттар қалай болып бөлінеді?

14. Жасалу сатысына қарай құжаттар қалай болып бөлінеді?

15. Көшірме құжаттар іштей қалай болып бөлінеді?

2-жаттығу. Сөздер мен сөз тіркестерінің қазақ және орыс тілдеріндегі баламаларын сәйкестендіріңіз.

Іс жүргізу Кәсіпорынды басқару Ішкі құжаттар Ұйымның атауы Жазба құжаттар Жедел құжат Қызметтік құжаттар Жарғы Құпия құжат Ресми-жекелік құжат Жеке тұлға Ақпарат Ресми Информация Служебные документы Секретный документ Наименование организации Официальный Управление предприятием Физическое лицо официально-личные документы делопроизводство письменные документы устав внутренние документы срочный документ

3-жаттығу. Берілген сөйлемдердің құрамындағы сөздерді орын тәртібіне қарай дұрыс орналастырыңыз.

Құжаттарда мемлекеттік белгіленеді құрылым. Іс жүргізу құжаттары болып табылады істі белгілеудің тәсілі. Құжаттар арасындағы заңды және жеке тұлғалар қызмет етеді қатынастар үшін. Заңды күші бар еңбек тартыстарын шешуде мәліметтер қандай да бір фактінің қызмет етеді дәлелі ретінде.

4-жаттығу. Орыс тіліне аударыңыз.

Құжаттарды топтастыру – оларды ұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша бөлу болып табылады.

Белгілеу тәсіліне қарай құжаттар жазба, графикалық, акустикалық (фото, кино, бейнеқұжаттар) болып бөлінеді.

Мазмұнына қарай – ұйымдық-өкімдік, қаржы-есеп, жабдықтау-өткізу құжаттары болып бөлінеді.

Атауына қарай көптеген түрге (жанрға) бөлінеді: ережелер, бұйрықтар, хаттамалар, жарғылар, арыздар, хаттар т.б.

Толтыру орнына қарай құжаттар ішкі және сыртқы (кіріс және шығыс) болып бөлінеді.

Орындалу мерзімі бойынша құжаттар жедел және жедел емес (жай) болып бөлінеді.

5-жаттығу. Сөз формаларының тиістісін таңдап алып, жақшаны ашыңыз

Басқарудың құралы ретінде құжаттар жоспарлауда, (қаржыландырудың, қаржыландыруда, қаржыландырумен, қаржыландырудан) несие беруде қолданылады. (Құжаттардың, құжаттарда, құжаттары, құжаттарым) мемлекеттік құрылым белгіленеді. Құжаттардың қажетті және жеткілікті мөлшерде болуы нақты (жұмыспен, жұмысқа, жұмыстан, жұмысын, жұмысының) көп уақыт бөлуге мүмкіндік береді. Ұйымды басқарудағы жазба құжаттардың үйлесімді (жүйелі, жүйесінің, жүйесі, жүйесін, жүйелерін) бірте-бірте қалыптасады. Сақталу (мерзімімен, мерзімінде, мерзіміне, мерзімін, мерзіммен) қарай құжаттар 10 (жылмен, жылда, жылдан, жылының, жылға) жоғары тұрақты мерзімге сақталатын және 10 (жылмен, жылда, жылдан, жылының, жылға) дейін уақытша сақталатын құжаттар болып бөлінеді.

ЖАРҒЫ

Мемлекет заңына сәйкес жарғы мен құрылтай шарты құрылтай құжаттары болып танылады.

Жарғы немесе құрылтай шарты фирманың айқындаушы құжаттары ретінде міндетті нотариалдық куәландыруды талап етеді. Онсыз олар заңды деп танылмайды.

Екі құжат та мазмұндары сәйкестендіріліп, мұқият өңделуі тиіс. Олар банктер, салық, төрелік сот, заң және рұқсат қағаз беруші ұйымдар тарапынан қатаң тексеруден өтеді. Тағы бір ескертетін жай, жарғыда жазылғаннан басқа нәрселермен айналысқыңыз келсе, жарғыны ауыстырып, қайта тіркеуден өтуге тура келеді.

Жарғы - ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның және жеке адамдардың қызметін, сондай-ақ, олардың басқа мекемелермен, жеке адамдармен қарым-қатынасын реттейтін, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың құқықтарын және міндеттерін белгілейтін ережелер жинағы. Жарғыны мемлекеттік өкімет және басқару органдары бекітеді, ал қоғамдық ұйымдардың жарғыларын құрылтайшылар жиналысы қабылдайды және бекітеді.

Жарғының деректемелері:

- мекеменің (кәсіпорынның, ұйымның) атауы;

- құжаттың түрі;

- индексі, күні, жасалған грифі;

- мәтіні;

- кәсіпорын басшысының қолы;

Мәтіннің құрылымы төмендегідей тәртіппен жазылады:

- жалпы ережелер;

- негізгі міндеттер;

- атқаратын қызметі;

- құқықтары мен міндеттері;

- басшылық;

- қарым-қатынас, байланыс;

- Өндірістік-шаруашылық қызмет;

- Мүлік және құралдар;

- Қызметті бақылау, тексеру, жүргізу;

- Қайта құру және жою.

Заң құжаттары: жарғы, ереже, тұжырымдама, кодекс құрылымы, қажетті деректемелер, қолданылатын тілдік құралдары жағынан бір-біріне ұқсас келеді.

Мәтінге арналған сөздік

құрылтай құжаттары – учредительные документы

жарғы – устав

құрылтай шарты – учредительный договор

танылады - признаются

айқындаушы құжаттары ретінде – как опеределяющие документы

міндетті нотариалдық куәландыру – обязательное нотариальное удостоверение

талап етеді – требуют

онсыз – без чего

заңды деп танылмайды – считаются недействительными

мазмұн – содержание

мұқият өңделуі тиіс – должны быть тщательно отработаны

салық – налог

төрелік сот – арбитраж

рұқсат қағаз беруші ұйым – лицензирующая организация

қатаң – пристально

қайта тіркеу - перерегистрация

мекеме – учреждения

қарым-қатынас – общение

реттейтін – регулирующий

жеке тұлға – физическое лицо

заңды тұлға – физическое лицо

құқық – право

міндет – обязанность

ережелер жинағы – свод правил

басқару – управление

өкімет - власть

бекітеді – утверждают

қоғамдық ұйым – общественная организация

деректеме – реквизит

мекеменің атауы – наименование учреждения

құжаттың түрі – вид документа

мәтін - текст

кәсіпорын басшысы – руководитель предприятия

мәтіннің құрылымы – структура текста

тәртіп – порядок

жалпы ережелер – общие положения

басшылық - начальство

байланыс - связь

өндірістік-шаруашылық қызмет – производственно-хозяйственная деятельность

мүлік – имущество

құрал - средство

қайта құру – реорганизация

тұжырымдама – концепция

тілдік құралдар – языковые средства

1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз

1. Мемлекет заңына сәйкес қандай құжаттар құрылтай құжаттары болып танылады?

2. Жарғы немесе құрылтай шарты фирманың айқындаушы құжаттары ретінде нені талап етеді?

3. Қандай құжаттар банктер, салық, төрелік сот, заң және рұқсат қағаз беруші ұйымдар тарапынан қатаң тексеруден өтеді?

4. Жарғыда жазылғаннан басқа нәрселермен айналысу үшін не істеуге тура келеді?

5. Қандай құжат жарғы деп аталады? Жарғыны кімдер бекітеді?

6. Жарғыны кімдер қабылдайды және бекітеді?

7. Жарғының деректемелерін атаңыз.

8. Қандай заң құжаттары деректемелер мен қолданылатын тілдік құралдары жағынан бір-біріне ұқсас келеді?

2-жаттығу. Сөз формаларының тиістісін таңдап алып, жақшаны ашыңыз

Мемлекет заңына сәйкес жарғы мен құрылтай шарты құрылтай (құжаттарға, құжаттармен, құжаттары, құжатарының, құжаттарда) болып танылады. Жарғы немесе құрылтай шарты фирманың айқындаушы құжаттары (ретімен, ретін, ретіне, ретінде, ретінің) міндетті нотариалдық куәландыруды талап етеді. Онсыз олар (заңды, заңсыз, заңмен, заңға, заңы) деп танылмайды. Екі құжат та мазмұндары сәйкестендіріліп, мұқият (өңделумен, өңделуі, өңделудің, өңделуде, өңделуің) тиіс. Олар банктер, салық, төрелік сот, заң және рұқсат қағаз беруші ұйымдар (тарапымен, тарапың, тарапта, тарапынан, тарапты) қатаң тексеруден өтеді. Жарғы - ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның және жеке адамдардың (қызметім, қызметке, қызметте, қызметін, қызметің) реттейтін ережелер жинағы.

3-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз

Законодательством страны в качестве учредительных документов признаются устав и учредительный договор. Устав и учредительный договор как определяющие документы фирмы, ее «конституция» требуют обязательного нотариального удостоверения, без чего они считаются недействительными. Оба документа должны быть содержательно согласованы и тщательно отработаны. Они будут пристально и не раз изучаться в банках, налоговыми, арбитражными, юридическими и лицензирующими организациями. Кроме того, если вам захочется заняться чем-либо, кроме записанного в уставе, придется менять устав и проходить перерегистрацию.

4-жаттығу. Екі бағанадан сөз тіркестерін құрастырыңыз

заңға құрылтай айқындаушы нотариалдық талап төрелік рұқсат қатаң қайта жеке ережелер басқару қоғамдық құрылтайшылар мекеменің құжаттың кәсіпорын басшының мәтіннің жалпы негізгі атқаратын қызметті қайта тілдік басшының   жинағы органы жиналысы етеді ұйымдар жиналысы атауы басшысы қолы құрылымы қызметі бақылау құралдар құру сот міндеттер қағаз тіркеу куәландыру ережелер тексеру шарты деректемелері құжаттар тұлға түрі

5-жаттығу. Орыс тіліне аударыңыз

Заңды ұйым, мекеме заңды ұйым болып табылады, мекеме өз қызметінде қазіргі қолданылып жүрген заңдарды, Қазақстан Республикасының Конституциясын, нормативті актілерді басшылыққа алады, өз құзіреті шеңберінде, мекеменің атауы, мекеменің мөрі, мекемені төраға басқарады, ұйымның жоғары органы – жалпы жиналыс, мекеме қажет деп табылған жағдайда қайта құрылады және жойылады, заңды тұлға, жеке мүлкі, мүлік және құралдар, бақылау мен қадағалау, өндірістік-шаруашылық қызмет, осы заң.

6-жаттығу. Сөздердің жігін ажыратып, сөйлем санын көрсетіңіз.

Жарғыұйымныңмекеменіңкәсіпорынныңжәнежекеадамдардыңқызметінсондайақолардыңбасқамекемелерменжекеадамдарменқарымқатынасынреттейтінжекетұлғалармензаңдытұлғалардыңқұқықтарынжәнеміндеттерінбелгілейтінережелержинағыжарғынымемлекеттікөкіметжәнебасқаруоргандарыбекітедіалқоғамдықұйымдардыңжарғыларынқұрылтайшыларжиналысықабылдайдыжәнебекітедіжарғыныңдеректемелерінемекеменіңатауықұжаттыңтүрімәтінікәсіпорынбасшысыныңқолымәтінніңқұрылымытөмендегідейтәртіппенжазыладыжалпыережелернегізгіміндеттератқаратынқызметіқұқықтарыменміндеттерібасшылыққарымқатынасбайланысмүлікжәнеқұралдарқызметтібақылаутексеружүргізуқайтақұружәнежоюзаңқұжаттарыжарғыережетұжырымдамакодексқұрылымықажеттідеректемелерқолданылатынтілдікқұралдарыжағынанбірбірінеұқсаскеледі.

7-жаттығу. Екі бағанадағы сөздер мен сөз тіркестерінің орыс және қазақ тілдеріндегі баламаларын сәйкестендіріңіз.

құрылтай құжаттары жарғы құрылтай шарты танылады айқындаушы құжаттары ретінде міндетті нотариалдық куәландыру талап етеді онсыз заңды деп танылмайды мазмұн мұқият өңделуі тиіс салық төрелік сот рұқсат қағаз беруші ұйым қатаң қайта тіркеу мекеме қарым-қатынас реттейтін жеке тұлға заңды тұлға құқық міндет ережелер жинағы басқару өкімет қоғамдық ұйым деректеме   считаются недействительными налог требуют лицензирующая организация физическое лицо перерегистрация учредительные документы предприятие общественная организация реквизит власть управление регулирующий право физическое лицо обязанность должны быть тщательно отработаны свод правил пристально устав признаются обязательное нотариальное удостоверение учредительный договор как опеределяющие документы без чего содержание арбитраж общение

8-жаттығу. Берілген сөз тіркестерін оқыңыз. Олардың қандай сөз таптарының тіркесуі арқылы жасалып тұрғанын анықтаңыз, оларға сұрақтар қойыңыз

Үлгі: мемлекеттік (қандай?) тіркеу (не?)

Туған жер (родная земля), тіл тигізу (оскорбить человека), салмақты кісі (уравновешенный человек), ұлт саясаты (национальная политика), сәлем беру (приветствовать), құқықтық құжаттар (правовые документы), арыз жазу (написать заявлению), қайта тіркеу (перерегистрация), жалпы ережелер (общие положения), заңды тұлғалар (юридические лица), іс жүргізу (делопроизводство), Азаматтық Кодекс (Гражданский Кодекс), шарттың мәтіні (текст договора).

ӨМІРБАЯН

Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жазылған ресми құжат. Өмірбаян әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке тұру кезінде жазылады.

Міндетті мәліметтер:

1. Құжаттың аты (өмірбаян)

2. Аты-жөні, тегі, туған жылы, айы, күні, туған жері

3. Ұлты

4. Білімі, оқыған оқу орындары

5. Қоғамдық-саяси қызметі

6. Ата-анасы, жұбайы, балалары туралы мәлімет

7. Қазіргі жұмысы, мекенжайы

Негізгі сөздік

ұлт - национальность

білім - образование

жоғары білім - высшее образование

орта білім - среднее образование

ата-ана – родители

үйленгенмін – женат

үйленбегенмін – не женат

ажырасқанмын – разведен

отбасы – семья

әскери қызметке міндеттімін - обязан к воинской службе

әскери қызметті өтеу –выполнять воинскую службу

тудым – родился

оқыдым – учился

түстім – поступил

бітірдім – окончил, закончил

ауыстым – перевелся

өмірбаян автобиография

өміріне қатысты мәліметтер – собственное жизнеописание

хронологиялық тәртіппен – в хронологической последовательности

құрастырады – составляет

типтік үлгі – типовой формуляр

мақсатына байланысты – в зависимости от назначения

әдетте – обычно

құжаттың атауы – название документа

автордың аты-жөні – отчество и фамилия автора

туған жері мен туған жылы, айы, күні – дата и место рождения

білімі мен мамандығы – образование и специальность

қызметіне қатысты мәліметтер – трудовая деятельность

марапаттаулар мен алған мадақтаулары - награды и поощрения

отбасы жағдайы мен отбасы құрамы – семейное положение и состав семьи

үйінің мекен-жайы мен телефоны – домашний адрес и телефон

толтырылған күні мен жеке қолы – дата и личная подпись

1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз

1. Қандай құжат өмірбаян деп аталады?

2. Өмірбаянның типтік үлгісі бар ма?

3. Мақсатына байланысты өмірбаян қандай нұсқада болуы мүмкін?

4. Әдетте өмірбаянда қандай мәліметтер көрсетіледі?

2-жаттығу. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен қайда? деген сұраққа жауап беретін сөз формасын жасаңыз.

Қостанай қаласы, Наурызым ауданы, Алматы, Петропавловск, Қазақстан Республикасы, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Ауыл шаруашылық департаменті, Ғылыми-жобалау институты, «Даяна» сән үйі, Қызылорда облысы, Ресей Федерациясы, жұмысы, сырт, іш, әкімшілік, Астана.

3-жаттығу. Сөз формаларының тиістісін таңдап алып, жақшаны ашыңыз.

Өмірбаян – жеке (адамның,адамға, адаммен, адамда) өмір жолы хронологиялық (тәртіпке, тәртіпте, тәртібі, тәртіпсіз, тәртіптен) қысқаша жазылған ресми құжат. Өмірбаян әдетте (оқудан, оқумен, оқуға, оқуды, оқуда) түсу, жаңа қызметке тұру (кезімен, кезінде, кезінен, кезін, кезінің) жазылады. Ол таза қағазға (қолдан, қолға, қолы, қолмен, қолын, қолдың) жазылады. (Өмірбаянға, өмірбаянды, өмірбаянның, өмірбаяны, өмірбаянда) мазмұны автордың өмір жолын, іскерлік (қасиеттерінің, қасиеттерімен, қасиеттерінде, қасиеттерін, қасиетім) жан-жақты баяндап беруге тиіс.

4-жаттығу. Төмендегі үстеулерді қатыстырып, сөйлем құрастырыңыз.

Жоғары, төменнен, ұзақ, мейлінше, керісінше, үздік-создық, үсті-үстіне, шапшаң, балаша, әдейі, жорта, көлбеңдеп, ұзынды-қысқалы, көп-көптен, соншалық, тікелей, лажсыздан, былтыр, жаздай, аса, жазғытұрым, азғантай, қолма-қол, басынан, соғұрлым, жолшыбай.

5-жаттығу. Үлгініпайдаланып, өз өмірбаяныңызды жазыңыз.

ӨМІРБАЯН

Мен, Марат Дәулетұлы Тағаев, 1963 жылы 1 мамырда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында тудым. Ұлтым – қазақ. 1970 жылдан 1980 жылға дейін Нарынқол орта мектебінде оқыдым. 1980 жылы Қазақ политехника институтының компьютерлік техника факультетіне оқуға түстім. Институтты бітіргеннен кейін 1985 – 1988 жылдар аралығында Ғылыми-жобалау институтында жұмыс істедім. 1988 жылғы 1 қыркүйекте Қазақ политехника институтының металлургия өнеркәсібі кафедрасына ауыстым. Қазір осы кафедраның аға оқытушысымын. Ата-анам бар: Әкем Тағаев Дәулет – Ұлы Отан соғысының ардагері, құрметті зейнеткер; анам – Тағаева Сатылхан – ұзақ жылдар бойы Нарынқол орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеді. Отбасым бар: жұбайым – Жүнісқызы Тұрағалды, жоғары білімді маман, дәрігер. Үш балам бар, олар орта мектепте оқиды.

Әскери қызметке міндеттімін. Аға лейтенанттық әскери шенім бар.

Қосымша мәліметтер: қазақ, орыс, ұйғыр және ағылшын тілдерін жетік білемін. Компьютерлік бағдарламаларды толық меңгергенмін, Интернетте жұмыс істей аламын.

Мекен-жайым: Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесі, 172 үй.

6-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.

Автобиография, написал автобиографию, женат, не женат, в данное время работаю в частном фирме, отец – участник Великой Отечественной войны, отец – ветеран труда, мать – пенсионерка, мать – учитель средней школы, жена работает в поликлинике, имею детей, обязан к воинской службе, владею казахским и английским языками, умею работать в Интернете.

7-жаттығу.Орыс тіліне ауданыңыз.

Әскер қатарында болдым, әскер қатарында болған жоқпын, әскер қатарына шақырылдым, әскери міндет өтелген әскери бөлім, әскери құрам, әйелінің аты-жөні, әйелінің тұрмысқа шыққанға дейінгі аты-жөні, екінші рет үйленгенмін, бірінші әйелімнің аты-жөні, ажырасудың себебі, шетелдегі туыстар туралы мәлімет, шетелдегі туыстармен байланыс, қылмыстық іске қатысы.

8-жаттығу. Төмендегі берілген сөйлемді толықтырыңыз.

Мен, ______________________________ 19......жылы ________________________________облысы, _____________________________________________ауданында тудым.

Ұлтым -_______________________

19...... жылы________орта_____________бітіріп, 19.....жылы__окуға түстім. 19...... _____________бітіріп,______________________мамандығын.

Еңбек жолымды 19......жылдан_____________________________________

200... жылғы бастап______________________________________қызметін атқарып жүрмін.

Ата-анам бар: әкем -_____________________________________________, шешем -________________________________________

Отбасым бар: жұбайым -_______________________, ұлым________________________,

Қызым -______________________________________________

Мекен-жайым: ___________________________________________________________________

9- жаттығу.Тақырыптық өмірбаян үлгілерін құрастырңыз.

1. Өзіңізбен бірге оқитын бір студенттің бірінші жақта өмірбаянын құрастырыңыз.

2. Сіңліңіз «Қазақ тілі» пәні бойынша республикалық олимпиадаға қатысуы үшін құжат дайындауы керек. Оның өмірбаянын құрастырыңыз.

3. Дүкенге сатушы болып жұмысқа орналасуына байланысты өмірбаян құрастырыңыз.

4. Анаңыздың жеке меншік фирмаға есепші қызметіне жұмысқа орналасуына байланысты бірінші жақта өмірбаянын құрастырыңыз.

ТҮЙІНДЕМЕ

Бүгінгі нарық заманында мемлекеттік органдарға, кәсіпорындарға қызметкерлер қабылдау үшін түйіндеме талап етеді. Бұнда өмірбаян мәліметтері ықшам, әрі толық түрде беріледі. Қазіргі уақытта резюме коммерциялық кәсіпорындарға жұмысқа қабылдауда талап етілетін кеңінен тараған құжат болып табылады. Резюменің ерекшелігі білімі және еңбек жолы туралы мәліметтерді хронологиялық тәртіппен жазу болып табылады. «Қосымша мәліметтер» бағанында кез келген ақпаратты беруге болады: шет тілдерін білуі, жарық көрген еңбектерінің болуы, басқа мамандық бойынша кәсіби дағдысының болуы және т.б.

Түйіндемеде үміткердің:

- Аты-жөні;

- Туған жылы, күні, айы, туған жері;

- Ұлты;

- Жынысы;

- Мекенжайы, телефоны;

- Отбасы жағдайы;

- Азаматтығы;

- Білімі;

- Бітірген оқу орындары;

- Кәсіби біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі;

- Тілдік дағдылары;

- Компьютерлік сауаттылығы;

- Жеке қасиеттері;

- Қызығушылығы;

- Мақсаты.

-

Негізгі сөздік

жеке қасиеттері – личные качества

қызығушылығы – интересы (хобби)

тілдік дағдылары – владение языками

жауапкершілік-ответственность

мақсаттылық– целеустремленность

ұйымдастырушылық және басқарушылық қабілеттері – организаторские и лидерские способности

ұжыммен жұмыс істей білуі – умение работать в коллективе

адамдармен қарым-қатынас орнатуға бейімділігі – коммуникабельность

алға қойған міндеттерге шығармашылық қөзқарас – творческий подход к выполнению поставленных задач

состав – құрам

входят – кіреді

следующие реквизиты – келесі деректемелер

название документа – құжат атауы

семейное положение – отбасылық жағдайы

домашний адрес – үйінің мекен-жайы

образование – білімі

специальность – мамандық

место работы – жұмыс орны

специализация – мамандану

предыдущий опыт работы – бұрынғы жұмыс тәжірибесі

владение иностранными языками – шет тілдерін білу дәрежесі

личные качества – жеке басының қасиеттері

увлечения - әуестігі (құштарлығы, қызығушылығы)

предпологаемая должность – қабылдануы мүмкін лауазым

начиная от нулевого положения – нөлдік деңгейден басталып

начинается с новой строкой – жаңа жолдан басталады

1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Қандай құжат түйіндеме деп аталады?

2.Түйіндеменің ерекшелігі неде?

3.«Қосымша мәліметтер» бағанында қандай ақпаратты беруге болады?

2-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.

В состав резюме входят следующие реквизиты: название документа (резюме); дата рождения; семейное положение; домашний адрес; домашний телефон; рабочий телефон; образование (что и когда окончил, специальность); место работы и специализация; предыдущий опыт работы; владение иностранными языками; владение оргтехникой; личные качества; увлечения; предпологаемая должность. Все реквизиты пишутся без абзацев, начиная от нулевого положения табулятора, но каждый реквизит начинается с новой строкой.

3-жаттығу. Екі бағанадан сөз тіркестерін құрастырыңыз.

Отбасы Туған Ана Жұмыс Жеке Қосымша Мекен Жұмысқа Жоғары Еңбек Шет Кәсіби Үйінің Сапалық Негізгі білімді жолы тілдері қасиеттері дағды телефоны мамандығы жылы қасиеттері қабылдау ақпараттар тілі жайы жағдайы тәжірибесі

4-жаттығу. Түйіндеме үлгісімен танысыңыз. Осы үлгі бойынша өзіңіздің түйіндемеңізді жазыңыз.

ТҮЙІНДЕМЕ

Аты-жөніАманова Аружан Аманқызы

Мекен-жайы:Қазақстан Республикасы,

Қостанай қаласы, Абай

даңғылы, 1-үй, 1- пәтер

Телефон: 502030

Жалпы ақпарат

*Туған жылы 1980 жылғы 6 тамыз

*Ұлты қазақ

*Жынысы әйел

*Отбасы жағдайы тұрмысқа шықпаған

(үйленбеген)

*Азаматтығы Қазақстан

Республикасы

Білімі:2001 жылы Қостанай мемлекеттік

университеті, Құқық институты

Кәсіби тәжірибесі: 2001-2005 жж. «Әділет»

нотариалдық кеңсесі,

кеңесші-заңгер

(Қостанай қаласы)

Тілдік дағдылары:қазақ тілі – ана тілі,

орыс тілінде еркін

сөйлейді, ағылшынша

түсінеді, сөздік арқылы

сөйлеседі

КомпьютерлікWindows 98,

сауаттылығы: Excel, Іnternet

Жеке қасиеттері: жауапкершілік, ұстамды-

лық, ұйымдастырушылық

және басқарушылық

қабілеттер т.б.

Қосымша ақпараттар:2007 ж. - Қостанай мемлекеттік университеті, Құқық Магистрі бөлімі

Қызығушылығы:кітап оқу, саяхатқа

шығу, спортпен

айналысу, ән айту, музы-

ка аспаптарында ойнау

5-жаттығу. Түйіндемеңізді толтырыңыз!

Тегі, аты-жөні...

Мекен-жайы ...

Телефоны...

Туған жылы, айы, күні.

Ұлты ...

Отбасы жағдайы... Білімі...

Кәсіби біліктілігі... Қызмет жолдары:

*

*

*

*

Қосымша мәліметтер

*

*

*

Отбасы жағдайы ...

Әскери міндеті...

6-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.

Высококвалифицированный специалист, опытный руководитель, пользуется уважением среди коллег, национальность - русский, знать в совершенстве, авторитетный, характеристика дана, подписать характеристику, образцовый, коммуникабельный, в данное время, должность

7-жаттығу. Екі қатардағы сөздермен сөз тіркесін құраныз.

1. әлеуметтік жылы
2. оку орнының мамандығы
3. еңбек болуы
4. диплом бойынша жері
5. ғылыми қызмет
6. жоғары атауы
7. оқыған орган
8. әскери тегі
9. шетелдерде өтілі
10. сайланбалы наградалар
11. отбасы біліктілігі
12. мемлекеттік жағдайы
13. кәсіби міндеті
14. туған дәреже

8- жаттығу.Тақырыптық түйіндеме түрлерін құрастырыңыз.

1. Салық полициясы комитетіне программист ретінде жұмысқа орналасуға үміткер ретінде түйіндеме жазыңыз.

2. №2 қалалық орта мектепке жұмысқа орналасу үшін түйіндемеңізді жазып тапсырыңыз.

3. Халық банкінен несие алу үшін түйіндемеңізді жазып тапсырыңыз.

4. Ақмола облыстық «Арқа ажары» атты газетінің редакциясына тілшілік қызметке үміткер ретінде түйіндемеңізді жазып тапсырыңыз.

МІНЕЗДЕМЕ

Мінездеме - мекемеде, кәсіпорында жұмыс істейтін адам туралы әкімшілік немесе қоғамдық ұйым тарапынан берілетін, жеке адамның іскерлігін, біліктілігін, кәсіби деңгейін сипаттайтын ресми құжат.

Мінездеме нақты, объективті, дәл және толық болуы керек. Мінездеме басқа мекеме (сот, прокуратура) сұраған жағдайда, оқуға, аспирантураға түсу кезінде, сондай-ақ қызметкердің, маманның кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында беріледі.

Мінездеме А4 қалыпты жалпы бланкіге толтырылады. Мінездеме мәтініндегі логикалық байланыстағы бөлімдерді бөліп көрсетуге болады.

Басқы бөлім– анкеталық мәліметтер (аты-жөні, туған жылы, білімі, т.б.). Кейбір мінездемелерде бұл мәліметтер құжат атауынан бір интервал төменге басылады.

Екінші бөлімде– еңбек қызметі туралы мәліметтер (мамандануы, жұмыс істеу мерзімі, қызметі бойынша өсуі, т.б.) және еңбегіне берілген баға жазылады.

Үшінші бөлімде– қоғамдық белсенділігі, тұрмыстағы тәртібі, әріптестерімен қарым-қатынасына баға беріледі.

Қорытынды бөлімдетұжырымдама және мінездеменің берілу мақсаты жазылады.

Мінездеменің міндетті деректемелері:

Мінездемеде көрсетілетін міндетті мәліметтер:

1. Жеке адам туралы негізгі мәліметтер:

- аты-жөні;

- ұлты;

- әскери қызметке қатысы;

- отбасы жағдайы;

- білімі;

- лауазымы;

- туған жылы;

- туған жері;

- отбасы жағдайы;

- азаматтығы.

2. Қызмет істеген орны, қызмет атқарған жылдары.

3. Жеке басының қасиеттері. Өз міндетіне, қоғамдық тапсырмаларға қарым-қатынасы.

4. Мінездеме қайда берілді.

5. Мекеме басшының қолы.

6. Мінездеме берілген мерзім (айы, күні, жылы).

7. Мекеменің мөрі.

Негізгі сөздік

мiнездеме – характеристика

лауазым, қызмет – должность

жоғары бiлiм – высшее образование

орта бiлiм – среднее образование

тәжірибелi – опытный

бiлiктi – квалифицированный

маман – специалист

жетiк бiлу – знать в совершенстве

беделдi – авторитетный

курстас – однокурсник

құрдас - ровесник

үлгiлi - образцовый

адал ниетпен орындау – добросовестно выполнять

өз уақытында – своевременно

белсенді – активный

жетілдіру – совершенствовать

жағымды жағынан көрсету білу – показать себя с положительной стороны

кәсіптік дайындық – профессиональная подготовка

кемшілік – недостатки

бастамашылық – инициатива

табандылық – настойчивость

дұрыс шешім қабылдай біледі – способен принять правильное решение

қызметкердің қызметтік әрекеті – служебная деятельность сотрудника

қоғамдық әрекет - общественная деятельность

іскерлік қабілеті – деловая способность

қызметі бойынша – по службе

білімді,іскер, ізденімпаз – образованный, деловой, целеустремленный

ұжымдағы қоғамдық және мәдени шараларға белсене араласады – активно участвует в общественной и культурной жизни коллектива

мінезі ашық, адамдармен тез тіл табысады – искренний (открытый) характер, коммуникабельный

жақсы, үлгілі студент – хороший, образцовый студент

атқарып жүрген қызметіне лайық – соответствует занимаемой должности

берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындайды – ответственно выполняет порученные дела

курстастарының арасында беделді – пользуется авторитетом среди однокурсников

мінездеме еңбек келісімін ұзарту үшін берілді – характеристика дана для продления трудового договора

мінездеме оқуға түсу үшін берілді – характеристика дана для поступления на учебу

қазақ, ағылшын, түрік тілдерін жақсы біледі – владеет казахским, английским, турецким языками

ұйымдастырушылық қабілеті бар – имеет организаторские способности

компьютермен жұмыс істей алады – владеет компьютером

көпшілікпен жұмыс істегенді ұнатады – нравится работать в колективе

салмақты мінезімен, адалдығымен көзге түсіп жүр – отличается серьезностью характера,честностью

1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз

1. Қызметкердің қызметтік, қоғамдық әрекеттерін ресми түрде бағалап, іскерлік қабілеті мен моральдық сапасын ерекшелеп көрсететін құжат түрі қалай аталады?

2. Мінездеме қандай мекемелерде сирек қолданылады?

3. Мінездеме қандай жағдайларда қажет болады?

4. Мінездеме қандай бланкіге толтырылады?

5. Мінездеменің деректемелерін атап көрсетіңіз.

6. Мінездеменің басқы бөлімінде қандай мәліметтер беріледі?

7. Мінездеменің екінші бөлімінденелер жазылады?

8. Үшінші бөлімдеқызметкердің қандай сапалық қасиеттеріне баға беріледі?

9. Қорытынды бөлімдене жазылады?

2-жаттығу.Қазақ тіліне аударыңыз

Характеристика – это официальная оценка служебной, общественной деятельности сотрудника, оценка его деловых способностей и моральных качеств. В настоящее время на негосударственных предприятиях она используется реже. Но при передвижении по службе, аттестации на должность, откомандировании и в других случаях характеристика необходима.

Характеристика может быть оформлена на общем бланке формата А4. Реквизиты его таковы: название (характеристика); указание на должность лица, которому выдается характеристика; наименование организации, выдающей документ; имя, отчество и фамилия сотрудника; текст, подписи и печать.

В тексте характеристики можно выделить логический связанные части.

Заголовочная часть – анкетные данные (инициалы, фамилия, год рождения, образование и пр.). В некоторых видах характеристик эти данные печатаются через один интервал ниже названия.

Вторая часть – данные о трудовой деятельности (специализация, продолжительность работы, продвижение по службе и т.д.), оценка труда.

Третья часть – оценка общественной активности, поведения в быту, отношения с коллегами по работе.

В заключительной части содержатся вывод и назначение характеристики.

3-жаттығу. Үлгіні пайдаланып, әріптесіңізге мінездеме жазыңыз.

Мінездеме

Самат Айдынұлы Мәуленбаев, 1970 жылы туған, ұлты – қазақ, білімі – жоғары. Қазақстан Республикасының азаматы. Самат Айдынұлы Мәуленбаев – 1970 жылғы қаңтар айының 15-інде Қазақстан Республикасы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1987 жылы қазіргі Ұлттық политехника университетінің компьютерлік техника факультетіне оқуға түсіп, оны 1992 жылы үздік дипломмен бітірген. 1993-98 жылдар аралығында Ғылыми-жобалау институтының аға ғылыми қызметкері. Қазір – Қазақ ұлттық университеті металлургия өнеркәсібі факультетінің аға оқытушысы. 1998 – 2001 жылдар аралығында ҚазҰПУ-дің өндірістен қол үзбей оқитын аспирантурасында оқып, 1991 жылы кандидаттық диссертация қорғады.

С. А. Мәуленбаев - өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман. Ол – бірнеше ғылыми еңбектердің авторы. С.А. Мәуленбаевтың “Металлургия өнеркәсібінің терминдері” деп аталатын еңбегі Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болды.

С. А. Мәуленбаев – қазақ, орыс, ағылшын тілін жетік біледі. Студенттер мен әріптестерінің арасында беделді; үлгілі отбасы иесі.

Мінездеме Ғылыми-техникалық орталықтың бас маманы қызметіне ұсыну үшін беріледі.

Мекеме басшысы /аты-жөні, қолы/

Айы, күні, жылы

4-жаттығу. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

Мінездеме жазу, мінездеме беру, мінездемеге қол қою, жоғары білімді, өз ісін жетік білетін маман, тәжірибелі маман, орта білімді, беделді, қазақ тілін жетік меңгерген.

5-жаттығу. Сөз формаларының тиістісін таңдап алып, жақшаны ашыңыз.

Мінездеме – мекемеде, ұйымда, кәсіпорында жұмыс істейтін (адамның, адам, адамға, адамда) туралы әкімшілік немесе қоғамдық ұйым (тарапымен, тарапының, тарапынан, тарапында, тарапына) берілетін, жеке адамның іскерлігін, біліктілігін, кәсіби деңгейін (сипаттап, сипаттар, сипатта, сипаттайтын, сипаттамас) ресми құжат. Мінездеме нақты, объективті, дәл және толық (болған, болып, болса, болуы, болды) керек. Мінездеме басқа мекеме /сот, прокуратура/ сұраған жағдайда, оқуға, (аспирантурамен, аспирантураға, аспирантураны, аспирантурадан, аспирантурасын) түсу кезінде, сондай-ақ қызметкердің, маманның кәсіби (біліктілігімен, біліктілігінен, біліктілігінің, біліктілігін, біліктілігінде) көтеру мақсатында беріледі.

6-жаттығу. Орыс тіліне аударыңыз.

Мінездеме– қызметкердің қызметтік, қоғамдық әрекеттерін ресми түрде бағалау, іскерлік қабілеті мен моральдық сапасын ерекшелеп көрсету болып табылады. Қазіргі кезде ол мемлекеттік емес мекемелерде сирек қолданылады. Бірақ қызметі бойынша орын алмастырғанда, қызметін аттестациялау кезінде, іссапарға шыққанда және басқа жағдайларда мінездеме қажет болады.

Мінездеме А4 қалыпты жалпы бланкіге толтырылады. Оның деректемелері: атауы (мінездеме); мінездеме беріліп отырған адамның қызметін көрсету; құжатты беруші ұжымның атауы, қызметкердің толық аты-жөні, мәтіні; қолы және мөрі.

7-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті грамматикалық нұсқасын қойыңыз.

Мінездеме

Аскаров Қайрат Қуанышүлы 1964 жылы 15 кыркүйекте Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы... туған, ұлты - қазақ, білімі - жоғары. 1971-1981 жылдар аралығында Қорғалжын орта мектебі... оқыды. 1981 жылы аталған мектеп... тәмәмдап, 1981 жылы Ақмола ауылшаруашылық институты... механикаландыру факультетіне оқуға түсті. Осы аталған оқу орнын 1986 жылы үздік диплом... бітір... .

Еңбек жолы... Ақмола ауылшаруашылық институты механикаландыру қафедрасы... оқытушы... болып бастады. 2000 жылы механикаландыру саласы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

Қ.Қ. Аскаров - өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман. Ол бірнеше ғылыми еңбектер... автор... .

Қ.Қ. Аскаров - қазақ, орыс, ағылшын тілін жетік біледі, компьютер... жұмыс істей алады.

Қ.Қ. Аскаров – студент... мен әріптестер... арасында беделді; үлгілі отбасы иесі.

Мінездеме Ғылыми-техникалық орталық... бас маманы қызметі... ұсыну үшін беріледі.

8- жаттығу. Мінездеме үлгілерімен танысыңыз

1-үлгі

Ахмет Байтұрсынов атындағы

Қостанай мемлекеттік университетінің

Гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің

3 курс студенті А. Өтеповаға

Мінездеме

Анар Өтепова Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің 3 курс студенті. Факультеттегі ең үлгілі, жауапты студент. Оқу озаты, топ жетекшісі. Әрқашан сабақтарға жақсы дайындалады. Қоғамдық жұмысқа белсене араласады.

Өз жанынан шығарған өлеңін домбыраға қосып айтудан Астана қаласында өткен жастар фестивалінің жеңімпазы. Университет, факультет көлемінде өткен конференцияларға қатысып, үнемі жүлделі орындарды иеленеді. Қазір «Ахмет Байтұрсынов» атындағы стипендияны алады. Сабақтан тыс үйірмелерге, спорт секцияларына қатысады. Студенттерге көмектесуге үнемі әзір тұрады. Студенттермен, оқытушылармен өте жақсы тіл табыса алады.

Болашақта Анардың білімді маман болатынына сеніміміз мол.

Факультет деканы: /аты жөнi, қолы/

Топ эдвайзері: /аты жөнi, қолы/

20жылы

2-үлгі

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

практикалық лингвистика кафедрасының оқытушысы О.Т.Сұлтанғазинаға

Мінездеме

Мінездеме 1975 жылы 23 шілдеде Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылында дүниеге келген О.Т.Сұлтанғазина берілді. О.Т.Сұлтанғазина А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы факультетін 1997 жылы бітірген. Жалпы еңбек өтілі - 18 жыл, жоғары оқу орнында – 12,5 жыл.

Орынбасар Талғатқызы қызмет еткен кезінен бастап, қабілетті, білімді, ұқыпты маман ретінде өзін жағымды жағынан көрсете білді. Өз мамандығы бойынша кәсіптік шеберлікті жақсы меңгерген. Орынбасар Талғатқызы өз сабақтарында теорияның тереңдігін, іскерлік машықтарын, алған білімін өмірде қолдана алу дағдыларын қалыптастырады.

Оқытушының басты мақсаты – қазақ тілін қарым-қатынастық мақсатта, жаңа инновациялық технологиялар қолдана отырып үйрету, студенттерді ізденіске баулу. Оқытушы тіл үйрету жолында әр түрлі тәсілдер мен әдістерді өзінің тәжірибесіне байланыстыра, сабақтың әр кезеңінде әрбір топтағы студенттердің білім деңгейіне байланысты пайдаланылады. Орынбасар Талғатқызы өз сабақтарында коммуникативтік, интерактивті әдістерін қолданады.

Философия, шетел тілі пәндерінен кандидаттық минимумдер тапсырды.

Университет, факультет ішіндегі қоғамдық іс-шараларға белсене араласады.

Мінезі ашық, салмақты, кішіпейіл. Сынды дұрыс түсінеді. Ұйымдастырушылық қабілеті бар. Ұжымда құрметке ие. Әріптестеріне сөзімен де, ісімен де көмектесуге дайын. Берілген ісіне жауапкершілікпен қарайды.

Орынбасар Талғатқызы Сұлтанғазина өзінің лауазымына сай келеді.

Бұл мінездеме аттестациядан өту үшін берілді.

Практикалық лингвистика

кафедрасының меңгерушісі,

ф.ғ.к., доцент А.М.Жараспаева

20жылы

9- жаттығу. Берілген сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз

Білімді, іскер, ізденімпаз .

Ұжымдағы қоғамдық және мәдени шараларға белсене араласады.

Мінезі ашық, адамдармен тез тіл табысады.

Жақсы, үлгілі әке.

Атқарып жүрген қызметіне лайық.

Ғылыми жұмысқа икемі мол.

Берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындайды.

Әріптестерінің арасында беделі мол.

Мінездеме еңбек келісімін ұзарту үшін берілді.

Қазақ, ағылшын, түрік тілдерін жақсы біледі.

Ұйымдастырушылыu

Наши рекомендации