Пәннің қысқаша мазмұны. Оқытушылар туралы мәлімет № Аты – жөні Лауазымы Ғылыми қызығушылығы Жетістіктері
Оқытушылар туралы мәлімет
№ | Аты – жөні | Лауазымы | Ғылыми қызығушылығы | Жетістіктері |
Насырова Ә.Б. | каф.меңг.,п.ғ.к. | Лингводидактика, салыстырмалы лингвистика | 29 мақала,4 оқу құралы, 6 сертификат | |
Абдуллина Р.А. | аға оқытушы | Қазақ тілі әдістемесі | 1 оқу-әдістемелік құрал, 3 сертификат | |
Алпысбаева А.К. | аға оқытушы | Қазақ тіліндегі эвфемизмдер мен дисфемизмдер | 10 мақала, 1 оқу-әдістемелік құрал,9 сертификат | |
Акжунусова Н.Б. | оқытушы, филология магистрі | Софы Сматаевтың тарихи романдары «Елім-ай» | 12 мақала, 6 сертификат | |
Аширбекова А.Б. | оқытушы, ф.ғ.к. | Қазақ романдарындағы адам мен табиғат байланысының көрінісі | 17 мақала, 2 оқу-әдістемелік құрал,2 сертификат | |
Бекбалакова Н.А. | аға оқытушы | Этимология | 2 мақала,2 оқу-әдістемелік құрал,4 сертификат | |
Жандарбекова Л.Ө. | аға оқытушы | Қазақ тілі әдістемесі | 4 мақала, 1 оқу-әдістемелік құрал,7 сертификат | |
Жаппарова Н. Т. | оқытушы, филология магистрі | Синтаксис | 2 мақала, 2 оқу-әдістемелік құрал | |
Жетпісбай Ш.А. | оқытушы | Тілді мәдениет арқылы үйрету | 15 мақала,7 оқу-әдістемелік құрал,1 оқулық, 2 сөздік, 7 оқу құралы, 4 электрондық оқулық, 7 сертификат | |
Ержанова А.С. | аға оқытушы | Қазақ тілі әдістемесі | 2 мақала,2 оқу-әдістемелік құрал,6 сертификат | |
Конурова Н.А. | оқытушы | Ғабиден Мұстафин шығармаларындағы ұлттық дәстүрлік атауларының қолданылу ерекшеліктері | 21 мақала, 1 оқу құралы, 3 оқу-әдістемелік құрал, 11 сертификат | |
Масабаева Г.К. | оқытушы | Қазақ тілі әдістемесі | 4 мақала, 1 оқу-әдістемелік құрал,7 сертификат | |
Мукеева Б.Е. | аға оқытушы | Оқу-әдістемелік жұмыс | 5 мақала, 1 оқу-әдістемелік құрал, 4 сертификат | |
Мұратова А.Н. | оқытушы, филология магистрі | Қазақ тіліндегі құпия түсінісу амалдары | 11 мақала,1 оқу құралы, 3 оқу-әдістемелік құрал, 6 сертификат | |
Ракишева Л.Ғ. | оқытушы | Тіл үйренушілердің коммуникативтік қабілеттерін дамыту | 4 мақала,3 сертификат | |
Туспекова Ж.Ж. | оқытушы | Оқу-әдістемелік жұмыс | 5 мақала,1 оқу-әдістемелік құрал,3 сертификат | |
Шадыкенов А.К. | оқытушы, филология магистрі | Когнитивтік лингвистика Аударма теориясы мен әдістемесі | 18 мақала,3 оқу-әдістемелік құрал,2 электрондық оқулық,5 сертификат | |
Шахина С.Ж. | оқытушы, ф.ғ.к. | Қазақ фольклорындағы өтірік өлеңдер | 30 мақала,5 оқу құралы, 7 сертификат |
Кафедраның орналасқан жері, телефоны
Ерубаев көшесі №18, II корпус
Пәннің саясаты
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Оны еліміздің болашақ мамандары білуге міндетті: сондықтан медицина мамандары екі тілде сөйлей білуі қажет.
Мемлекеттік тілді үйретудегі басты саясат – тілдерді қолдану мен дамытудың бағдарламасына сәйкес, болашақ дәрігерлерге күнделікті қарым-қатынас тілі – сөйлеу тілін үйретумен қатар, мамандық (кәсіптік) тілін қалыптастыру. Пән бойынша берілген материалдарды сапалы түрде үйрену үшін студенттер мектеп бағдарламасын жақсы білу керек. Қазақ тілін үйреніп, алған білімдері мамандық алғаннан кейін науқастармен қарым-қатынас жасауға, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жазуда, мемлекеттік басқару орындарында қызмет істеу үшін мемлекеттік тілді білудін мәні зор.
Мемлекеттік тілді үйрену үшін кафедрада қойылған талаптарды студенттер орындамаса, ағымдағы, қорытынды бақылауларға жіберілмейді.
Пән бойынша бірінші сабақта студенттің білімінің бастапқы деңгейі кафедраның отырысында бекітілген ҰБТ тестері бойынша бағаланады. ЖР есептеу кезінде бастапқы деңгейінің бағасы есепке алынбайды. Ағымдық бағалар студентке оқытушымен 1 қосымша және 2 қосымшада көрсетілген белгілерге сәйкес пайыздық жүйе бойынша сабақтың үстінде қойылады және дереу білім алушыға айтылады. Сабақты өткізгеннен кейін нәтижелері электрондық журналға қойылады.
Кіріспе
Қазақ тілі жалпы білім беру пәндерінің бірі ретінде жоғары оқу орындарының орыс бөлімдерінде бакалавр сатысында жүргізіледі. Бұл жұмыс бағдарламасы желілік технология талаптарына сәйкес гуманитарлық, әлеуметтік, жаратылыстану, экономика салаларына орташа деңгей мен тереңдетіп оқыту кезеңіне арналған.
Қазақ тілін оқытудың бұл курсында студенттердің тілді орта мектепте оқып үйренгені, тілдік жүйе жайлы түсініктерінің қалыптасқаны ескеріліп, жоғары оқу орнында оны әрі қарай толықтыру қолға алынады. Осыған орай, мәтіндер әр мамандыққа арнайы дайындалып, әр сала бойынша лексиканы меңгеруге бағытталады. Бакалавр бөлімінде студент мемлекеттік тілді өз мамандығы аясында қолдана алатындай білім дәрежесіне жетуі қажет.
Пәннің мақсаты
Қазақ тілінде өз ойын еркін жеткізуде оны тұжырымдау, мысалмен дәлелдеу; қоғамдық, саяси, әлеуметтік салаларға қажетті сөйлеу мәдениетін қалыптастырып жетілдіру, мамандыққа қатысты мәтіндерден керекті ақпаратты жинау, табу, оны сипаттау, мамандығына қатысты мәтінді оқу негізінде ойлау логикасын дамыту.
Оқытудың міндеттері
Берілген сұрақтарға өзінде бар сөздік қорды пайдаланып, дұрыс жауап беруді жүзеге асыру, белгілі бір тақырып бойынша өз ойын түсіндіру, қазақ тіліндегі мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуге дағдыландыру, естігені бойынша қабылдаған мәліметті жүйелеп баяндау.
Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі
Дескрипторлар | Оқытудың соңғы нәтижесі | Құзырет тілік | |
А | Қазақ тіліндегі алдыңғы қатарлы білім элементтерін қосқанда, осы сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу | Қазақ тілінің фонетикалық, грамматикалық құрылымын анықтау, өтілген тақырыптарды қысқаша мазмұндау, әлеуметтік - гуманитарлық салалар бойынша негізгі ілімдерді қолдану. Пәннің грамматикалық құрылымының негізгі заңдылықтары мен лексикалық құрылымы ерекшеліктерін түсіндіру, денсаулық сақтау мен медицинаның және оның басқа да салаларымен байланысы туралы мысалдар келтіру. | 1,3,4 |
В | Осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу | Меңгерілген тақырыптар аясында қазақ тілінде еркін сөйлеу, жүйелеп баяндау, өз мамандығына байланысты мәтіндерді қолдану, мазмұндау, емделушімен және оның ата-анасымен, медицина қызметкерлерімен қазақ тілінде сенімді қарым-қатынасты қалыптастыруды бақылау. | 1,3,5,6 |
С | Дәйектемелер құрастыру және оқыған саласындағы проблемаларды шешу | Лексика - грамматикалық тақырыптарға сәйкес өз пікірін дәлелдеу, қазақ тілінде ақпаратпен дұрыс жұмыс істеп, қорытынды жасау, денсаулық сақтау саласында мемлекеттік тілде ғылыми болжам ұсыну. | 1,3,4,6 |
Д | Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттарды жинау және интерпретациялауды жүзеге асыру | Мамандыққа байланысты мәтіндерден қажетті ақпаратты тауып жоспарлау, реферат, шығарма, сұхбат т.б. құрастыру, естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорыту, тапсырмаларды әзірлеу. | 1,3,4,6 |
Ақпараттарды, идеялар, проблемалар және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де хабарлау | Құрастырылған материалдарды практикалық сабақтарда, студенттердің ғылыми үйірмесінде және ғылыми конференциясында қолданып, ойын тұжырымдау, медициналық-биологиялық мәліметтерді бағалау, қазақ тілінде қорытынды жасау. | 1,3,4,6 | |
Е | Келесі пәндер бойынша (реквизиттен кейінгі) әрі қарай оқуды жалғастыру қабілеттілігі | Ішкі аурулар, балалар аурулары, неврология, психиатрия, наркология, хирургиялық аурулар, жедел шұғыл медициналық көмек, акушерлік және гинекология. |
* Құзыреттіліктер: 1.Жалпы білімділік. 2.Биомедициналық ғылымдарды білу. 3.Коммуникативті дағдылар. 4.Тұрақты жетілдіру дағдысы. 5.Ғылыми зерттеудегі дағдылар. 6.Командада жұмыс жасау дағдысы. 7.Кәсіби біліктілік. 8.Клиникалық дағдылар.
Реквизитке дейінгі: мектеп бағдарламасы
Реквизиттен кейінгі:ішкі аурулар, балалар аурулары, психиатрия, наркология, неврология, хирургиялық аурулар, жедел шұғыл медициналық көмек, акушерлік және гинекология.
Пәннің қысқаша мазмұны
Оқытудың негізгі объектісі мамандыққа қатысты, ғылыми мәтіндер, ғылыми мақалалар, қысқаша сипаттамалар, ақпараттық мәтіндер, ғылыми саладағы сөйлеу әрекетінің түрлері мен формалары. (монологтық сөйлеу, диалогтық сөйлеу), оқулықтар, оқу құралдары болып табылады.
Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алғаннан бері (1989ж.) қазақ тілі пәні орыс бөлімдерінде жалпы білім беретін міндетті пәндердің бірі ретінде жүргізіліп келеді. Пәнді оқыту процесі бірнеше кезеңнен өтті: тіл –сөйлеу- сөйлеу әрекеті – коммуникация.