Бап. Жезөкшелікпен айналысуға тарту
1. Күш қолдану немесе оны қолдану қатерін төндіру, тәуелді жағдайын пайдалану, боп-салау, мүлкін жою немесе Бұлдіру жолымен не алдау арқылы жезөкшелікпен айналысуға тарту -
2. Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен не бірнеше рет жасалган дәл сол іс-әрекет-
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаган іс-әрекеттер -
Қылмыстық құқық бұзушылықтың негізгі тікелей объектісі - қоғамдық адамгершілік, ал қосымша тікелей объектісі - адамның денсаулығы, ар-намысы, жэне өміріне қол сұғылмайтындығы немесе меншігі болып табылады.
Қылмыстық құқық бұзушылыктың жәбірленушісі әйелдер де, ер адамдар да бо-луы мүмкін. 1959 жылғы Қазақ ССР Қылмыстық кодексі бойынша жезөкшеліктің жәбірленушісі болып тек қана кэмелетке толмағандар танылса, ал Қазақстан Рес-публикасының Қылмыстық кодексі (1997 ж.) бойынша 270-бапта, сондай-ақ 2014 жылы кабылданған жаңа Қылмыстық кодексте (308-бап) көзделген. Қылмыстың жәбірленуші-сі болып 18-ге толған кез келген жынысты адамдар танылады. Өйткені Қазақстан Рес-публикасы Қылмыстық кодексінің 134-бабында кэмелетке толмаған адамды жезөкшелік іс-эрекеттер жасауға тартқаны үшін жеке жауаптылық белгіленген.
Жезөкшелік дегеніміз - бұл әр түрлі адамдармен ақылы түрде элденеше рет жыныс-тық қатынаста болу. Жезөкшеліктің мынадай негізгі белгілері бар: жыныстық қатынас эйел мен еркектің, эйел мен эйелдің, еркек пен еркектің (гомосексуальдық) болуы мүмкін.
Әр түрлі адамдармен жыныстық қатынаста болу. Яғни бейберекет нэпсіқұмарлық қатынас жасау. Жыныстық қатынасты белгілі бір ақы алу үшін жасау.
Ақы телеу ақшалай немесе басқа нысанда заттай, киім-кешек, косметикалық парфюмериялық, асыл тастар, інжу-маржандар беру немесе басқадай қызмет көрсетулер арқылы жүзеге асырылады.
Жыныстық қатынас жасағанға дейін ақы төлеу жөнінде алдын ала келісімнің орын алуы;
Белгілі бір ақы алу үшін үнемі жыныстық қатынасқа түсу. Осыған орай ақы алып, бір рет жыныстық қатынаста болу жезөкшелікпен айналысу деп саналмайды. Жезөкшелік моральға жат құбылыс, онымен айналысатындардың бэрінің іс-эрекеті қылмыс қатарына жатпайды. Қылмыстық занда - ҚК-тің 308-бабының диспозициясында жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін ғана жауаптылық көрсетілген. Осы қылмыстың объективтік жағының белгілері заңда: күш қолдану немесе күш қолданбақшы болып қорқыту, тэуелді жағдайын пайдалану, бопсалау, мүлкін жою немесе Бұлдіру арқылы не алдау жолымен жезөкшелікпен айналысуға тарту деп көрсетілген. Яғни заң жезөкшелікке тартудың 5 түрлі тэсілін көрсетіп отыр. Енді осыларға тоқталайық.
Күш цолдану — жэбірленушінің өміріне, денсаулығына қауіпті де, қауіпсіз де түрде жеңіл, орта дене жарақатын келтіре отырып, оның өз еркіне қарамастан жезөкшелікпен айналысуға көндіру. Мұндайда жэбірленушіге ауыр дене жарақаты келтірілсе, онда кінэлінің әрекеті қосымша ҚК-тің 106-бабымен саралануға жатады.
Күш цолданбацшы болып цорцыту - жэбірленушінің кез келген дэрежедегі дене жарақатын келтірмекші болып, үрейін алу, қорқыту, әр түрлі тэсілмен ауызша, жазбаша немесе эр түрлі заттарды көрсету, қимыл арқылы белгі берумен жүзеге асырылады. Күш қолданбақшы болып қорқыту сөз жүзінде ғана емес, шын мэнінде нақты іске асатын, айқын болуы қажет жэне осы тэсіл жэбірленушіні жезөкшелікпен айналысуга мэжбүр етуі керек.
Тәуелді жагдайын — материалдық немесе өзге де тэуелділіктегі адамды осындай жағдайларын пайдалану арқылы жезөкшелікпен айналысуға тарту.
Бопсалау - жезөкшелікпен айналысуға тартылатын адамды немесе оның жақындарын масқаралайтын мэліметтерді таратамын деп немесе олардың мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін өзге де мэліметтерді жариялаймын деп қорқыту.
Мүлікті жою немесе Бұлдіру арцылы цорцытуга - болашақта жэбірленушінің немесе оның жақындарының дүние, мүлкін, үйін, саяжайын, көлігін толық немесе ішінара жа-рамсыз етіп тастау туралы, оның жүзеге асырылатын эрекеттер арқылы жэбірленушіні жезөкшелікке тартуы жатады.
Алдау жолымен жезөкшелікпен айналысуга тарту деп - жэбірленушіге көрінеу жалған мэліметгерді беру арқылы, оны белгілі бір адаммен жыныстық қатынаста болуға көндіру, мысалы, жэбірленушіні өзімен болашақта неке қү_ратын адаммен бірнеше рет жыныстық қатынаста боласың деп алдап, соған көндіруді, сол үшін кінэлі адам белгілі бір ақы түрін алады, ал жэбірленуші ол туралы мүлдем хабарсыз болады.
Жезөкшелікпен айналысуға тартуда қызмет ақысын кінэлі жэбірленушімен бөлісуі немесе жеке өзі иеленіп кетуі мүмкін. Қылмыс формальдық құрамға жатады жэне ол жезөкшелікпен айналысуга тарту эрекетш жүзеге асырған (жэбірленушінің ақылы түрде нәпсіқүмарлық байланысқа түскен) уақытынан бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық құқық бұзушылық ниет жэне мақсат эр түрлі болуы мүмкін, олардың кылмысты саралауға эсері жоқ.
Қылмыстық қүдық бұзушылықтың субъектісі - 16-ға толған адам.
Қылмыстық кодекстің 308-бабының 2-тармағында осы кьшмыстың ауырлататын түрлері: Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен не бірнеше рет жасалған дэл сол іс-эрекет үшін жауаптылық белгіленген.
Ал, осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстык топ жасаған іс-эрекеттер - қылмыстың аса ауыр түрі болып табылады (ҚК-тің 308-баптың 3-бөлігі).
309-бап. Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар уйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық
1. Жезөкшелікпен айналысуга арналган притондар уйымдастыру немесе оларды устау, сол сияқты пайдакүнемдік мақсаттагы жеңгетайлық -
2. Мынадай:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше рет жасалган;
3) кәмелетке толмаган адамды жезөкшелікпен айналысуга тартумен уштасқан дәл сол іс-әрекеттер –
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстың топ жасаган іс-әрекеттер -
Қылмыстық құқык бүзушылыктың негізгі тікелей объектісі қоғамдық адамгершілік болып табылады.
Қылмыстық күқық бұзушылықтың заты - жезөкшелікпен айналысуға арналған при-тондар.
Притондар деп ақы алып жезөкшелікпен айналысатын адамдардың кез келген нысандағы жыныстық қатынасты жүзеге асыратын арнайы жабдықталған тұрғын жайла-ры немесе жабдықталмаған кез келген тұрғын уйге жатпайтын жайларды (автобус салоны, күзет үйлері, кеңсе бөлмелері, казинолар, түнгі сауықтыру орындары т.с.с.) айтамыз.
Көрсетілген қылмыстың объективтік жағы жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ү_йымдастыру немесе үстау; сондай-ақ пайдакүнемдік мақсаттағы жеңгетайлық арқылы көрініс табады.
Жезөюпелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру деп оны құруға арналған кез келген іс-эрекеттерді айтамыз. Оған тұрғын жайды табу оның иесімен шарт жасасу, осы жайларды жезөкшелікпен айналысуға жабдықтау (мебельдер қою, гигиеналық қүралдар, жамылатын, басқадай қажетті киімдер алу), жезөкшелікпен айналысуға бейім клиенттерді табу, күзет жэне қауіпсіздік шараларын белгілеу жатады.
Притонды үстау деп түрғын жайларды жезөкшелікпен айналысу үшін үнемі жалға бере отырып, сол үшін ақы алу, осы жайларды күтіп үстауды, күзетуді, оған қажетті жабдықтарды қамтамасыз етіп отыруды жүзеге асыруды айтамыз. Жезөкшелікпен айналысуға пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлық жасау деп осындай тэсілмен жыныстық қатынастар жасауға бейім адамдарды іздестіріп, оны бір-бірімен кездестіруді, притонды үйымдастырушы мен оны ұстаушьшарға осындай клиенттерді тауып беріп, сол үшін тиісті ақы алушылықты айтамыз.
Талдау жасалып отырылған қылмыс формальдық күрамға жатады. Ол Қылмыстық кодекстің 309-бабының 1-тармағының диспозициясында көрсетілген эрекеттердің бірін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасаканалықпен істеледі. Адам жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар үйымдастырғанын немесе ұстағанын, соған пайда-күнемдік мақсатпен жеңгетайлық жасағанын сезеді, біледі жэне сондай эрекеттер істеуді тілейді.
Қылмыстық қүқық бүзушылық субъектісі - 16-ға толған адам.
Қылмыстық қү-қық бұзушылық кодекстің 309-бабының 2 жэне 3-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі:
1) адамдар тобьшың алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше рет жасалған;
3) кэмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тартумен үштасқан дәл сол іс-эрекеттер (309-баптың 2-бөлігі).
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-эрекеттер - (309-баптың 3-бөлігі). Осы белгілерге анықтаманы Қылмыстық кодекстің жалпы бөліміне талдау жасалғанда көрсетіп кеткенбіз.