Йгілі Памукалеге экскурсия

«Түркия мемлекеті - аспан астындағы ашық мұражайлар елі» дегендей елде экскурсиялардың алуан түрлілігі таңдай қағарлық. Сонымен қатар Түркия әлемде қайталанбас теңдесі жоқ табиғи ескерткіштерге де бай. Солардың бірегейі - Памуккалені көруге бардық.

Денизлиге 22 шақырым қашықтықтағы Хиераполис Памуккале жер астынан шығатын ыстық су көздері қалыптастырған травертендер және сарқырамалармен бірге Рим және Византия дәуірі археологиялық қалдықтарымен маңызды елді мекен болып табылады. Көне қаланың негізгі бөлігін тастан салынған қорым құрайтындықтан, Хиераполис «өлілер қаласы» деп аталады екен. Қорымға жақын жерде гректердің аспан асты ашық театры (амфитеатр) да орналасқан (суреттер 25, 266 27) [9].

Денизли қаласы

Йгілі Памукалеге экскурсия - student2.ru

Сурет 25. Денизли қаласы

Сондай-ақ, құрамында күкірт қышқылы мол минералды су тау жартастарын шайып ағатындықтан, ақ құзданып кеткен «мақта қала» (памукале) мен табиғи жер асты арасаны да осы туристік орталықтың кереметтерінің бірі саналады.

Йгілі Памукалеге экскурсия - student2.ru

Сурет 26. Памукале

Чөкелез тауының оңтүстік етегінде орналасқан және кальций оттегілі қайнар сулардың бірігуімен қалыптасқан аппақ плато - өте әсем. Кальций тұзы мен көміртегі бар 35 градус ыстық судың ғасырлардан бері әртүрлі науқастарды сауықтырғаны ықпалына сенілген және шипа іздеген адамдардың ең маңызды аялдама жерлерінің бірі болған [9].

Йгілі Памукалеге экскурсия - student2.ru

Сурет 27. Амфитеатр

Туристер «Мақта қаланың» ғажайып көрінісін бар ықыласымен тамашалап, ғажап сұлулықпен таңдануларын тоқтата алмады. Аппақ жартастың ойдым-ойдым арналарына бөгелген мөлдір су бейне алтын кеседегі зәмзам суына ұқсайтындай. Жұрт етек-жеңін түріп алып, толарсағынан ыстық суды кешіп, «мақта қаланы» қызықтап жүр. Біз де балағымызды қайырып, мөлдір суды кешіп, біраз жерге дейін барып қайттық.

Сонымен қатар әйгілі Клеопатра хауызына шомылдық. Аңыздарға сүйенсек, бұл хауызда 2000 жыл бұрын әлемге әйгілі Клеопатра патшайымның өзі шомылған. Хауыздың бірден-бір ерекшелігі емдік бағытта қолданылуы, яғни денсаулыққа өте пайдалы [9].

Экскурсия барысында бізге үйретері мол көптеген жерлерге маршрут жасадық, мысалы, шарап зауыты, мейрамханалар, тоқыма және киім сауда орталықтары т.б (сурет 28).

Йгілі Памукалеге экскурсия - student2.ru

Сурет 28. Сауда орталығы

Осылайша, әлемнің сегізінші кереметі деп атауға толық негіз бар Памукалеге жасаған саяхатымыз аяқталды. Одан алған әсеріміз қонақ үйге жеткенше тарқамады. Ал жалпы Түркия елі мен олардың қонақжайлылығы туралы жеткізу біз үшін үлкен мәртебе!

Орытынды

Нарықтық экономика жоғары білікті мамандарды даярлауды талап етеді. Ол үшін мамандардың біліктілігін, білімін арттыруда тәжірибенің маңызы зор. Сондықтан халықаралық тәжірибеден өту барысында студент туризм менеджерлеріне қажет білік пен дағдыларды қалыптастырып, кең таралған іскерлік процестермен таныса алады.

Біз бұл жылғы халықаралық тәжірибені Түркияның Кемер қаласында орналасқан «Intersport» қонақ үйінде өттік. Практикадан өткен 10 күннің ішінде қонақ үйдегі барлық жағдаймен танысып, орналастыру қызметі мен тамақтандыру, басқа да негізгі және қосымша қызметтерді және мейрамхана мен барларда қызмет көрсету ерекшеліктерін көрдік. Қаладағы басқа да жоғары жұлдызды бірнеше қонақ үйлердің жағдайымен таныстық. Олардағы негізгі қызмет қонақтарды күту, оларға барынша сапалы қызмет көрсетіп қонақжайлылық таныту болып табылады.

Жалпы тәжірибеден өту барысында түрiк жұрты үшiн пейiштiң төрi секiлдi, табиғатына сұлулықты аямай-ақ берген, көгiлдiр теңiздi көмкерген тау-тасының өзi ерекше әсемдiк беретін әйгілі Түркия мемлекеті жайында, ондағы Анталия қаласы туралы толық мәлімет жинақтап және де Кемер қаласында орналасқан туристік кәсіпорындар мен қонақ үй шаруалығының рөлі, олардың ел экономикасының дамуындағы маңызын білуде ауқымды әрі аясы кең мәселелерді қамтыдық, керекті мәліметтер жинақтадық.

Оның ішінде жалпы туризм саласының өзіндік ерекшеліктері, оны шешудегі қойылатын талаптардың орындалуы және Түркиядағы туризмнің ел экономикасындағы алатын рөлін анықтау басты мақсатымыз болды.

Біздің бұл халықаралық практикадан өту барысында үйренгеніміз, жинақтаған тәжірибеміз біршама. Сол аз да болса жинақталған тәжірибеміз болашақта өз еліміздің туризмін дамытуға үлкен септігін тигізеді деген үміттемін. Осы жинаған тәжірибелік деректер мен мәліметтерді біз алдағы уақытта еліміздегі қонақ үй бизнесі саласының бәсекелі болуына үлес қосуға алғышарт ретінде толық пайдалана аламыз.

Наши рекомендации