АҚшаныҢ мӘні мен пайда болуы

Ақша жалпы баламалы рөлі ойнауы мүмкін, тауарлардың барлық тобының ішінен, қандай да бір тауарды бөліп алудың объективті қажеттігі пайда болғандағы, айырбастың дамуының ұзақ үдерісі нәтижесінде пайда болады. Ақша жалпы баламаның аяқталған нысанын көрсетеді.

Ақшаның алғашқы рөлін екі металл атқарады: алтын мен күміс. Бұл биметаллизм дәуірі болатын. Монометализм кезінде ақша материалы ретінде тек алтын пайдаланылады. 1923 – 1933 жылдардағы әлемдік экономикалық дағдарыс монометализм дәуіріне тұсау салды. Ұсақталмайтын ақша жүйесінің қалыптасуы басталды. Оның айыру белгілері:

1) кредиттік ақшаның үстем болуы;

2) алтынды монетаризациялаудан алу, яғни, оның айналымынан шығуы;

3) банкноттарды алтынға айырбастаудан бас тарту және олардың құрамында алтынның болуын алып тастау;

4) жеке кәсіпкерлік пен мемлекетті кредиттеу мақсатында ақшаның эмиссиясын күшейту.

Ақшаның қызметі:

- құн шарасы. Ақша арқылы барлық тауарлар өзінің құнын шығарады. Тауар құнының ақшалай көрсетілімі тауардың бағасы болып саналады;

- айналым құралы. Мұнда ақша тауарларды тікелей сатып алуға қызмет етеді;

- төлем құралы. Ақша мерзімі ұзартылып та төленеді;

- жинақтау құралы. Ақша айналымынан түседі және орнығады;

- әлемдік ақша. Ақша әлемдік тауар айналымына қызмет етеді.

Айналым және төлем құралы ретінде ақша қызметінен мынадай қорытынды шығады: ақша өзі үшін емес, тауарларды айырбастауды және адамдар арасындағы қызметті қамтамасыз ету үшін керек. Яғни, бұл, экономикада тауар мен қаржы көлемі арасындағы теңдікті сақтау қажет еткенін көрсетеді. Ақша айналымының мәні осыменен қорытындыланады. Сонымен бірге әрбір ақша бірлігі осы аталған уақыт ішінде, бірқатар тауар мәмілелеріне қызмет ете отырып, қолдан қолға бірнеше рет көшуі мүмкін. Ақша неғұрлым тез айналған сайын, соғұрлым, айналымға ол аз талап етіледі. Осыдан ақша айналымы заңы айқын көрінеді: бір атаулы ақша бірлігінің жылдам айналымына бөлінген, тұрақты айналымға қажетті ақша көлемі, барлық тауарлардың бағасының құнына теңеледі.

Ақшаның негізгі нысанына тиындар, қағаз ақшалар мен кредиттік ақшалар болып табылады. Тиын бұл ерекше нысандағы, металл құймасы, салмағы, белгісі бар, нағыз ақшалар. Бұлар толық бағалы ақшалар. Қағаз және кредиттік ақшаларды толық бағалы емес ақша деп те атайды. Оларға сондай ақ, күміс және мыс ақшаны да қосады. Кредиттік ақшалар бұлар вексель, банкнот және чектер. Вексель бұл оның иесіне (вексель ұстаушы) мерзімі өткеннен кейін, қарыз адамнан көрсетілген ақшалай соманы талассыз талап етуге құқық беретін, қатаң белгіленген нысандағы жазбаша қарыздық міндеттеме. Банкнот бұл ұсынушы барлық уақытта ақша ала алатын және банкир жеке вексельді ауыстыратын, банкирдің вексельі. Чек банк шотынан бір адамға немесе ұсынушыға ондағы көрсетілген соманы төлеу туралы иесінің сөзсіз бұйрығы көрсетілген.

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, төлемдік есеп беру және кредиттік тетіктерді біріктіретін, кредит карточкасын қолдану кеңінен тарады. Кредиттік карточка өзіндік ерекшелігі бар, атаулы чекті айырбастаушы және төлем құралы ретінде ақшаның қызметін орындайды.

Қазіргі уақытта электрондық ақша деп аталатын кеңінен қолданылады. Электрондық ақша жүйесі бірнеше элементтерді өзіне қосады: автоматтандырылған есеп беру палатасы, автоматтандырылған кассир жүйесін және тауар сатып алу мен қызмет көрсету пунктерінде орнатылған, терминал жүйесін.

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

1. «Қоғамдық шаруашылықтың нысаны» дегеніміз не?

2. Қазіргі экономикалық теория қоғамдық шаруашылықтың қандай нысандарына бөлінеді?

3. Табиғи шаруашылық немен айрықшаланады?

4. Натуралды шаруашылықтың ерекшеліктері қандай ?

5. Натуралды шаруашылық нысанының моделін атаңыздар?

Негізгі әдебиеттер.

1.Экономикалық теория негiздерi: Оқулық / Я.Әубәкiров ж.б.- Алматы: Санат, 1998.- 479 б.

2.Р.Дорнбуш, С.Фишер . Макроэкономика . Оқулық. Алматы: Білім, 1997

3.Темірбекова А.Б. Экономикалық теория негіздері : Қысқаша лекциялар курсы / А. Б. Темірбекова. - Алматы : Экономика, 2008. - 188 б.

ТАҚЫРЫП. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫСТЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛАРЫ.

Лекция мақсаты: Сұраныс пен ұсыныс теорияларының мәнін ашу.

Лекция сұрақтары:

Наши рекомендации