Негізгі технологиялық жабдықтарды таңдау және сипаттамасы.
Қопсытудың мақсаты – талшықты материалдың тығыздығын азайту және оны ұсақ шүйкелерге және талшықтарға бөлу, бұл араластырумен кардты тараудың жақсы өтуін қамтамасыз етеді.
Қопсыту процесінің тиімділігі талшықты материалдың қопсытылу дәрежесімен және ол келесі көрсеткіштермен сипатталады: талшықты материалдың көлемдік массасымен, шүйкелердің орташа массасымен.
Араластыру мақсаты – компоненттер талшықтарын жақсылап араластыру және оларды қоспаның бар массасында біртегіс үлестіру. Бұл үлестіру былай болуы керек, яғни қоспаның азғантай үлгісіндегі компоненттер арасындағы қатынас берілген қоспа рецептісіне жақын болуы тиіс.
Киптік қоректендіргіш, қопсытып түту агрегаты. АРТ-120Ш. Кәсіпорындарға киптерде келіп түсетін жіңішке және жартылай жіңішке жүндерді түту және қопсыту АРТ-120-Ш қопсытып-түту агрегатында жүргізіледі (1-сурет).
Ажыратылған кип 1 тиеу қондырғысына 24 беріледі. Белгі беруі бойынша тиеу қондырғысы айналады және кип қоректендіргіш тор көзіне 2 салынады. Ал тор көз 2 оны қалқаншалы білікке 3 жеткізеді. Қалқаншалы білік төменгі бункерге жүннің қабаттарын лақтырады. Төменгі бункерден жүннің түйдектері инелі тор көзбен 4 қармалады және теңестірілетін тарақшаға 5 жеткізіледі. Ол тербеліс жасайды және талшықтың артық мөлшерін төменгі бункерге лақтырады. Талшықтардың қалған бөлігі инелі тор көзбен жоғарғы теңестіргіш тарақшаға 6 жеткізіледі. Инелі тор көз және теңестіретін тарақшалар арасындағы ара-қашықтық реттелінеді. Тор көз және жоғарғы тарақша арасындағы ара-қашықтық, тор көз және төменгі тарақша арасындағы ара-қашықтықтан төмен, осының нәтижесінде инелі тор көзбен талшықтың тегіс төселуі қамтамасыз етіледі.
Тор көздің ары қарай қозғалысында жүннің қабаты жылдам айналатын түсіруші білікке 7 түседі. Бөлінетін қоқымдар колосникті тор көзі 23 арқылы қабылдау камерасына 21 және пневможүйеге 22 түседі. Конденсер 8 талшықты екі барабанды түту машинасының резервті бункеріне беріледі. Бункерден талшық қабаты қоректендіргіш тор көзіне түседі.
Бункерден шығатын талшық қабатының жеткілікті дәрежеде тегіс болуын қамтамасыз ету үшін, екі фотоэлемент 10 және 11 орнатылған. Бункерді жоғарғы фотоэлементтен асырып талшық толтырылса, онда кипті қоректендіргіш автоматты түрде тоқтайды. Талшық екінші фотоэлементтің 11 деңгейінен төмен түскенде, кипті қоректендіргіш қайтадан жұмысқа қосылады.
Екі барабанды түту машиналарында жүнді қопсыту және шаңсыздандыру жүзеге асырылады. Қопсыту бірінші барабан 13 және машинаға талшық қабатын беретін қоректендіргіш біліктің 12 өзара байланысу аймағында жүзеге асырылады. Талшықтың қабаты, қоректендіргіш үстелше 20 және қоректендіргіш 12 білік арасында тығыз қысылған. Қоректендіргіш білік 12 және бірінші барабан 13 арасындағы ара-қашықтықты реттеу қарастырылған.
Ары қарай қопсыту, талшықты бір мезетте соққылайтын екі барабанның 13 және 15 өзара әсерлесу аймағында жүзеге асырылады. Бірінші барабанның 8 планкасы, ал екінші барабанның 12 планкасы бар және оның жылдамдығы бірінші барабанның жылдамдығынан жоғары болады. Талшықтарды қопсыту және тазалау, колосникті тор 19 және барабандардың өзара әсерлесу аймағында да жүзеге асырылады.
1-сурет. АРТ-120-Ш қопсытып-түту агрегатының сызбасы
Барабандар арасындағы ара-қашықтық 10-20 мм-ді құрайды. Барабандар бір жаққа қарай айналады, сондықтан өзара әсерлесу аймағындағы шанышқылар қозғалысының салыстырмалы жылдамдығы, олардың шеңберлі жылдамдығының қосындысына тең. Екінші барабанның шанышқылары жүн түйдектерін бірінші барабанның бетінен түсіреді және конденсер 17 қарай жүргізеді. Барабанда 15 қалған түйдектер 14 және 16 шанышқылар арқылы түсіріледі. Келесі машинаға талшық құбыржетек 18 бойынша шығарылады.
Екі барабанның өзара әсерлесу аймағындағы жүннің қарқынды қопсытылуы, 1 кг өңделетін талшыққа келетін соққы санымен бағаланады және мына формула бойынша анықталынады:
SP=(V1+V2)k1k2 ·60/P (2)
мұндағы V1 және V2 - шанышқылар бойынша бірінші және екінші барабанның шеңберлі жылдамдығы, м/мин; k1 және k2 - өзара әсерлесетін барабандар беттігінің 1 текше метрге келетін шанышқылар саны; Р– тиелген жүн бойынша түту агрегатының өнімділігі, кг/сағ.
Агрегат өнімділігі, кг/сағ,
P=Vиmb·60KшПУК (3)
мұндағы Vи – инелі тордың жылдамдығы, м/мин; m –1м2 инелі торға келетін талшықты материалдың салмағы (0,2-0,3 кг); b – инелі тордың жұмысшы ені (1,2 м); Kш- түтуден кейінгі талшықтың шығу коэффициенті (0,95-0,97); ПУК – пайдалы уақыт коэффициенті (0,95-0,96).
АРТ-120-Ш қопсытып-түту агрегатының өнімділігі 500 кг/сағ дейін.
Таспа машинасы.
Таспаны жуандығы бойынша тегістеу және таспадағы талшықтарды түзету және паралельдеу үшін тарақты тараудан кейін таспа таспалы машиналарға (екі өтім) жіберіледі. Соңғы таспа машинасында таспаны шүйкелерге орауға арналған механизм орнатылған.
Спроектировать систему регулирования линейной плотности ленты на ленточных машинах шерстопрядильного производства.. Исходные данные Толщина ленты в измерительных каточках, мм 10 Диапазон регулирования, % +(-) 15 Точность регулирования, % 1 При проектировании ориентироваться на ленточные машины шерстопрядильного производства типа ЛШ-1АТ, ЛМШ и др.
Тарақты тарау машинасының моделі 1532 «Textima» компаниясында технологиялық процесстің анықтамасы. Тарақты тарау машинасының жетегі 1532 моделінің (сурет-5.3) үш электрқозғалтқышы бар: тарақты тараудың дұрыс өтуіне Д1 қозғалтқышының жетегінің қозғалысы жұмыс органдарында жүргізіледі; қалдықтарды жою үшін Д2 қозғалтқышының дөңгелекті щеткалары мен пневматикалық желдеткіштері қолданады; Д3 қозғалтқышы қалдықтарды тазарту құрылғысы пневматикалық желдеткіш жүйесімен айналады. Тарақты барабандардың біліктерінің қозғалысы кесінді белбеуді ДЭ1 (118,132,150,160,170 және 180 мм) блогы арқылы Д1 электрқозғалтқышқа ауыстырады. 5.3. кестеде ауыспалы тістер мен храпкованың тістерінің сандары берілген.
2 –сурет. «Textima » фирмасының 1532 моделді тарақты тарау машинасының кинематикалық схемасы:
1- жылжымалы біліктер d=70мм; 2-дөңгелекті щетка; 3- тарақты барабандар d=152мм;4- қоректендіргіш цилиндрлер d=20мм;5-бөлгішті цилиндрлер d=25мм; 6- стулдегі плющті біліктер d=70мм; 7- артқы цилиндрдің айналу құралы d=32мм; 8- алдыңғы цилиндрдің айналу құралы d=32мм; 9- қабыршақты біліктер d=77мм; 10-таспаорағыш біліктер d=50мм; 11- жоғарғы тарелка; 12-төменгі тарелка.