Олданған әдебиеттер
Кіріспе
Малдың жұқпайтын және жұқпалы ауруларымен күресте жалпы алдын алу шараларының үлкен маңызы бар, оған малдың денсаулық жағдайына бақылау жасау, оны азықтандырудың, бағып-күтудің және пайдаланудың зоогигиеналық нормаларын сақтау жатады. Төлдің денсаулығын сақтау бірінші кезекте азықтың мөлшері мен сапасына, рацион құрылымына байланысты болады. Ал азықтың сапасы көбінесе қайсы бір аймақтың табиғат-климат жағдайына байланысты болады, сондықтан да азықтың өсіп келе жатқан төлдің тек азық өлшемі жөніндегі емес, сондай-ақ сапалы азықтар мен мниералдық заттар мен витаминдермен қамтамамыз ететіндей болуына ұмтылу керек. Жұқпалы ауруларды тудыратындар-микробтар, вирустар, ең қарапайым ұсақ тіршілік иелері-саңырауқұлақтар. Ауру қоздырғыш микробтар – тек микроскоппен қарағанда көрінетін өте ұсақ организмдер. Жұқпалы ауруды қоздырғыштар организмге түрлі жолдармен енеді және әр түрлі жабайы және үй жануарларынан жұғатын, адамдар мен жануарлардың жұқпалы аурулары болып табылады. Зооноздар қоздырғыштарының қатарына микроорганизмдердің көптеген түрлері – бактериялар, вирустар, риккетсиялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдар, құрттар, паразиттік жәндіктер жатады. Зооноздарды екі топқа бөледі: үй жануарларынан жұғатын зооноздар және жабайы жануарлардан жұғатын зооноздар. Үй жануарларынан жұғатын аурудың бірі –трихофития (бұзау таз). Ауру қоздырғыштар ауру малдан дені сау малға да түрлі жолдармен – топырақ, су, жем, ауа арқылы жұғуы мүмкін. Жұқпалы аурудың өлген малдардың өлексесі ауру қоздырғыштарды таратудың қауіпті факторы болып табылады; сондай-ақ малдың қиының да орасан зор қауіпі бар, өйткені оған мұрыннан, жатырдан, ауыздан аққан сұйықтық, сонымен бірге малдың садырасы, терісінің қотыры да түседі. Терінің суланып қабынуы нәтижесінде орыны шектеулі, беті қабыршақтанып зақымданған ошақтардың пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру трихофития ауруы шаруашылыққа зиян келтірумен қатар, зор экономикалық шығын келтіреді.
Трихофития.Трихофития малда (мысық, ит т.б.) паразиттік өмір сүретін- зоофильдік саңырауқұлақтардың әсерінен дамитын жұқпалы ауру. Қоздырғыштары антопофильдік трихофитондар болса-trichophyton endotrix, онда саңырауқұлақтар негізінен түктің ішінде орналасады. Ошақтары үстірт орналасып, жеделдеу немесе созылмалы дамитын түрін үстірт трихофитиядеп атайды. Зоофильдік трихофитондар қоздырғышы- trichophyton ectotrix негізінен түктің айналасында және түктің ішкі қынабының эпителиінде орналасады, олардың әсерінен терең трихофития деп аталатын түк қапшығының айналасында қабынулық сіңбе пайда болып, кейіннен түк қапшығы мен жан-жағындағы дәнекер ткань іріп-езіліп кетеді. Бұл процесс (терең) сіңбелі-іріңді трихофитиядеп аталады.
Жазық терінің үстірт трихофитиясы.Терінің ашық жерлерінде,бір немесе бірнеше анық шектелген, сәл ісіңкі терінің үстінен көтеріңкі, айналасына қарай біртіндеп үлкейетін қызғылт дақтар шығады. Үстінде кебекті қабыршақтар және майда көпіршіктер түзіледі. Шеттеріне қарай өскенімен дақтың ортасы жазыла бастайды, олар сақина тәрізді өзгереді де, көлемі үлкейеді. Әдетте субъективті сезімі болмайды.
Емі. 2-3 апта сыртқа, зақымданған тері ошақтарына фунгицидті препараттар (2-5 %йодтың тұнбасы, 10% күкіртті қарамай) жағады.
Бастың түкті бөлінінің үстірт трихофитиясы.Бастың түкті бөлігінде бір немесе бірнеше дөңгелек зақым ошағы пайда болады. Зақымданған ошақтың терісі ақшыл-қызыл түсті және ақшыл-сұр кебекті қабықшамен жабылады. Ауруға ерекше тән белгі- саңырауқұлақтардың әсерінен түктің сынып, сиреуі. Терінің үстінен 2-3 мм биіктікте, қабыршақтардың арасында сынған түк ақшыл-сұр ұсақ тікенек сияқты байқалады Егер түк қапшығынан шыға бере сынса, қара нүкте тәрізді болып көрінеді. Біртіндеп, ақырын, шеттеріне қарай өсіп зақымданған ошақтар үлкейіп, бір-бірімен қосылып кетуі мүмкін
Емі Зақымданған түкті жұлып,оның айналасындағы түкті қырып тастап, зақымданған тері ошақтарына фунгицитті препараттар 2% йод ерітіндісін, низорал майын пайдаланамыз. Антимикотик низорал таблеткілері кеңінен қолданылады.
Жазық терінің терең трихофитиясы.Сау теріден анық шектелген, дөңгелек,сіңбелі, көтеріңкі ақшыл-қызыл түстес табақшалар түзіледі. Беті шамалы кебекті қабыршақтармен жабылады немесе фолликулярлық іріңдіктер,іріңді қабықтар қаптайды.Шеттері өскендіктен көлемі 4-6 см дейін және одан да көбірек үлкейеді. Терең трихофитияның ошақтары бірнеше апта өткен соң пигменттік, кейде нүктелі ұсақ фолликулярлық тыртық қалдырып, өздігінен емдеусіз-ақ жазылады.
Бастың түкті бөлігінің терең трихофитиясы.Бастың түкті бөлігінде көкшіл-қызыл түсті, сау терінің үстінен көтеріңкі, ісік тәрізді, шектелген қабыну сіңбесі пайда болады.Ол дөңгелек және жарты шар тәрізді болып келеді. Біртіндеп көлемі үлкейіп, сіңбенің диаметрі 6-8 см-ге дейін жетеді. Алғашында сіңбенің тығыздығы қатты, бетінде 2-4 мм биіктікте жеке сынған түктер және фолликулярлық іріңдіктер байқалады. Кейін сіңбе жұмсарады да былқылдай бастайды. Беті бостау іріңді-қанды қабықпен жабылады, қабық алынған соң ішінен ірің ағады. Іріңмен , қабықпен бірге бұзылған түктер түседі. Инфильтратты басқанда қатты ауырады. Терең трихофитияның ошақтары емдеусіз-ақ 2-3 айдан кейін біртіндеп жазылады да, орнында шұбар тыртық қалады.
олданған әдебиеттер
1. Булашев А Иммунология, Астана, 2002.
2. Омарбеков Е.О.Вирусология пәнінің зертханалық сабақтары. Семей,2001
3. Толысбаев Б.Т, Шоқанов Н, Булашев А, Бияшев Қ, Мал дәрігерлік
микробиология. Алматы,1999
4. Мырзабекова Ш.Б. Ветеринариялық вирусология. Алматы ,2004
5.КостенкоТ.С,Скаршевская Е.И, Гительсон С.С Практикум по ветеринарной микробиологии и иммунологии, Москва, 1989
6.Сайдулдин Т.С Основы серологии.-Алматы: Ғылым, 1992
7. Сайдулдин Т.С Ветеринариялық індеттану,1-2 кітап.Алматы,1999