Абан шаруашылық нысандарын инфекциялық аурулардан сақтау профилактикалық санитариялық шараларын белгілеу
Дезинфекция– (франц des- жоямын, лат. infectio-жұқтыру)- зардапты және шартты зардапты микроорганизмдерді жоюға, малдың арасында індет ауруларын болдырмау шараларына бағытталған іс-әрекеттердің бірлестігі. Ауруды болдырмау жағдайында алдын- алу мақсатында қолданады. Ветеринариялық- санитариялық нысандарды тазалап жуу үшін қолданатын ең маңызды шаралар жиынтығы. Мал қораларын дезинфекциялау екі кезеңді жүргізіледі: бірінші қораны тазалау, екінші дезинфекциялық ерітіндіні шашу. Дезинфекция жүргізу үшін қатаң жеке бас гигиенасын ұстанған жөн, арнайы киім кию міндетті. Дезинфекцияның бірнеше түрі белгілі. Олар: профилактикалық дезинфекция, ағымды дезинфекция, қорытынды дезиныекция, аэрозольдық дезинфекция, физикалық дезинфекция, биологиялық заттар мен антибиотиктер қолданып жүргізіледі.
Дератизация– (франц de- жоямын, лат. ratus- егеуқұйрық) – малға зиян келтіретін кеміргіштерге қарсы шаралар жиынтығы. Бұл эпидемиологиялық жағынан өте қауіпті. Сонымен қатар шаруашылыққа да нұсқан келтіреді. Кеміргіштерге қарсы күресті, әдетте, олардың көп мекендеген жерлерінде жүргізеді. Бір атжалман жылына 20кг мал азығын жейтін болса, жас төл мен балапандарды жарақаттандырады. Дератизациялық шаралар профилактикалық және жою-құрту шаралары болып бөлінеді. Дератизация жүргізуге қолданатын препараттар: дифенации- организмге әсері зоокумаринге ұқсас. 0,5 пайызын крахмалмен қосып қолданады. Егеуқұйрық үшін уытты препарат. Фентолации- ұнтақ пен толықтырылғыштан тұрады.Тышқан мен егеуқұйрықтарға өлтңретңн дозасы 18 және 3мг/кг. Азық алдамшыларына пайыз у қосып береді. Дезинсекция-(франц des- жоямын, лат. infectum жәндік)- бұл табиғатта кездесетін ұзын тұмсықты, көп аяқты шаян-құрттарға қарсы жүргізілетін, шыбын шіркейлерге қарсы күрестің тиімді көзі. Ол барлық ғимарат пен қора жайға бірдей профилактикалық шараларын жүргізу болып табылады. Малдың індет ауруларныа қарсы профилактикалардың ең маңыздысы – ол мал қорасындағы шыбын – шіркейге қарсы күрес жүргізу болып табылады, топалаң (сібір жарасы) тулеремия, бруцеллез, туберкуллез, қарасан, гельминттерге қарсы қолданылады. Профилактикеалық шаралар – шыбын – шіркей өсіп-өнуіне жол бермеу жүйелерін қарастыруға бағытталған, қи сақтау орнын дұрыс ұйымдастыру және тиімді пайдалану, ветеринариялық-санитариялық шаралардың дұрыс ұйымдастырылуына бағытталған.
Дезодарация– дегеніміз субстратта шіріген кезде пайда болатын жағымсыз иісті жасанды түрде жою немесе оны басып тастау. Сиыр қорасындағы жағымсыз иістің шығу көзі – ол малдың қиы мен зәрі. Осы жағымсыз иісті тудыратын жаңадан бөлінген қи органикалық зат болып тез ұшып шығып жағымсыз иіс береді. Сондықтан тазаланбаған қидың қалдығы жиналып аммиак шоғырлануына әкеп соғады. Оның мөлшері (20-35 мг/м3).Қора ішіндегі ауаның құрамындағы зиянды газдардың мөлшерін азайту мақсатында химиялық тәсіл – дезодарант және дезинфектант қолдануға болад. Дезодаранттың физикалық әдісіне жататындар: әр түрлі төсеніштер; және ультракүлгін сәулелер; бұлар қора ішіндегі жағымсыз иісті жоюға арналған; сөйтіп ауаның жағымсыз иісін өз бойынав сіңіріп алады.
2.6.1.Мал қораларында дезоратация жүргізу
Инвазиялық аурулар- паразиттер тудыратын аурулар. Ірі қараның инвазиялық аурулары тұяқтылар фациолезі- жіті немесе созылмалы түрде өтетін бауырдың зақымдануымен, ас қорыту жүйесінің бұзылуымен сипатталатын ауру. Жаз айларында малдар көптеп кездеседі. Емдеу шаралары: филиксан, битинол, киазонтол, альбендазол қолдану. Және де малдың жаздық жайылым жерін дұрыс таңдау;
Жазда қабанды жайылымға шығару кезінде қораны 2 мәрте дезинфекция (шошқаны шығарғанда және әкелудің алдында) жасап, толық кептіруге мүмкіндік береді.