Абат қысымының жүйесі және қабаттардың қолданыстағы мұнай бергіштігін арттыру әдістері
Кен орынды игерудің жобасын құру кезінде І, ІІ және ІІІ игеру объектілерінде 9 нүктелі аудандық су айдау жүйесін, ал ІV игеру объектісінде контур бойымен су айдау әдісін қолдануды қабылдаған. Қабатқа 9 нүктелі аудандық су айдау ұңғыларының торы 500х500 м болатын ауданшалар бойынша орналастырылған.
Құмкөл кен орнында қабаттың қысымын көтеру мақсатында игеру объектілеріне жоғарғы альбсеноман қабатының суы және орталық мұнай дайындау қондырғыларында мұнайдан бөлініп алынатын қалдық сулар айдалады.
«АҚ Торғай Петролеум» аумағындағы айдау ұңғыларының жалпы саны 63-ке тең. Соның ішінде тек 44 ұңғы ғана жұмыс жасап тұр. Қалған ұңғылардың 7 уақытша консервацияда, ал 9 ұңғы жойылған. Мұнай қабаттарына су айдау арнайы жабдықталған 4 сорабы бар, дренаждық және бақылау блоктарынан құралған «блокты шоғырлы сорапты станциялар» (БКНС) арқылы жүзеге асырылады.
Альбсеноман қабатынан бір-бірінен 200 м арақашықтықта орналасатын 11 ұңғы арқылы су өндіріледі. Олардың бәрінде ортадан тепкіш батырмалы сораптар орнатылған. Альбсеноман қабат суының минерализациясы 1,7-1,8 г/л, тығыздығы 1-1,052 г/см3 аралығында өзгереді. Қабаттан және мұнайдан бөлініп алынатын су Сулин классификациясы бойынша хлоркальцийлі типке сәйкес келеді. Блокты шоғырлы сорапты станциялар БКНС-2-де маркасы ЦНС -180-1050 болатын электрлі сораптар орнатылған. Олар құрамында жоғары агрессивті ластаушы заттары бар суларды қабатқа айдауға арналған. Альбсеноман горизонттарының суы «блокты шоғырлы сорапты станциялар» БКНС-2 арқылы су таратушы пунктерге (ВРП) жеткізіледі.
Ұңғылардан мұнаймен бірге келіп түсетін қабат суы МДҚ-да (ЦППН) бөліп алынып, тұндыру блогына бағытталады. Тұндыру блогынан арнайы сораптар арқылы тазарту блогына жеткізіледі. Тазарту блогында барлық механикалық қоспалардан тазартылғаннан кейін, 1 тонна суға 30-35 г мөлшерінде коррозия ингибиторы CRO-83375 қосады. Ингибитор қосылған ағынды су «блокты шоғырлы сорапты станциялар» БКНС-3А және БКНС-3Б жеткізіледі. БКНС-3А-да маркасы 4WXB-11BFPD-B-1, өнімділігі 63 м3/сағ болып келетін 3 айдау сорабы орнатылған. Олардың екеуі жұмыс жағдайында. Ал БКНС-3Б-да маркасы 4WXB-12, өнімділігі 120 м3/сағ болып келетін 3 айдау сорабы орнатылған. Бұл айдау сораптарының тек біреуі ғана жұмыс жағдайында. Ағынды су БКНС-3А және БКНС-3Б-дан су таратушы пунктерге жетізіледі.(2.3-кесте) Ал су таратушы пунктерден (ВРП) айдау ұңғыларына келесідей бөлінеді:
2.3-кесте-Айдау ұңғыларының түрлері
№ | Ұңғылар № |
ВРП-25 | 1041, 3048 |
ВРП-26 | 1037, 1043, 2092, 2100, 2103, 3050, 3052 |
ВРП-29 | 1051, 2131, 2133, 2163, 2166, 3076 |
ВРП-41 | 1072, 1080, 2232 |
ВРП-42 | 2236, 2255, 2257 |
ВРП-10 | 2179, 2199, 2201 |
І игеру объектісінің М-І горизонтында 6 ұңғы ( №№ 1037, 1051, 1052Д, 1072, 1080 және 2111) арқылы қабатқа су айдалады. М-ІІ горизонтының табан асты суларының жоғары белсенділігін ескере отырып, бұл қабатқа су айдалмайды.
ІІ игеру объектісінде қабатқа 25 ұңғы (№№ 14р, 2092, 2100, 2103, 2119, 2127, 2129, 2131, 2133, 2151, 2153, 2157, 2159, 2161, 2163, 2166, 2168, 2194, 2199, 2201, 2232, 2236, 2255, 2257 және 3105) арқылы су айдалады.
ІІІ игеру объектісінде қабатқа 13 ұңғы (№№ 2179, 3046, 3048, 3050, 3052, 3068, 3072, 3074, 3076, 3089, 3092, 3101 және 3200) арқылы су айдалады.
ІV игеру объектісіне су айдау 2002 жылдың мамыр айынан тоқтатылған.
2007 жылы «АҚ Торғай Петролеум» аумағында өнімділікті көбейту мақсатымен №№ 412, 2115, 2171, 2179, 2237, 3086 өндіру ұңғыларында реперфорациялау жұмыстары жүргізілді. Реперфорациялау жұмыстарының тиімділігі № 2115, 3086, 2237 ұңғыларда байқалды. Бұл ұңғылардың мұнай бергіштігі 35-45% ұлғайды. (2.4-кесте) Нәтижелері төмендегі кестеде келтірілген.
2.4-кесте-Ұңғылардағы реперфорация жұмыстары
№ | № ұңғы | Горизонт | Реперфорация уақыты | реперфорация интервалы | Зарядтың типі | Зарядтың саны/1п.м. |
1. | Ю-III | 09.04.2004 | 1270.0-1276.0 | ПК-89С | ||
2. | Ю-I-II | 18.08.2004 | 1256.4-1262.8 | 3ПК-102 | ||
3. | Ю-IV | 19.08.2004 | 1284.9-1287.0 | ПКО-102 | ||
4. | Ю-I-II | 04.11.2004 | 1275.0-1281.0 | 3ПК-89 | ||
5. | 2179Д | Ю-I-II | 11.11.2004 | 1279.5-1284.5 | 3ПК-102 DN-01 |
Сонымен қатар өнімділікті ұлғайту мақсатымен І, ІІ, ІІІ және ІV игеру объектілерінің 30-ға жуық өндіру ұңғыларында саз қышқылы ерітіндісімен өңдеу жұмыстары жасалды. Негізінен саз қышқылы ерітіндісімен өңдеуге аз шығымды, нашар өткізгішті ұңғылар таңдап алынды. Саз қышқылы ерітіндісімен өңдеуден кейін №№ 32р, 1050, 1076, 2160, 2237, 2241, 3037, 3093, 2132, 3075, 2206, 2238, 2196, 2179д, 1074, 2248 өндіру ұңғыларда мұнай шығымының артуы байқалған.
Кен орында өндіру ұңғыларының көбісі жоғары суланған. Сулануды азайту және өнімділікті көбейту мақсатында өндіру ұңғыларының көбісінде цементтік көпір жасау жұмыстары жүргізіледі. Сонымен бірге қабат суын толық изоляциялау мақсатында 8 өндіру ұңғылары тұтқыр серпімді қоспа ерітіндісімен (ВУС) өңделді.
Мұнай және газ өндіру техникасы мен технологиясы