Экономикалық тиімділік есебі. Талдау үшін МГӨБ 2010 жылғы техникалық–экономикалық көрсеткішін аламыз

Талдау үшін МГӨБ 2010 жылғы техникалық–экономикалық көрсеткішін аламыз. 2010 жылдың қорытындысы бойынша, «Құмкөл» МГӨБ жоспардағы 287400 тонна мұнайдың 27456 тоннасы өндірілді, яғни 97,3% орындалды. Мұнайды тапсыру жоспары бойынша 279200 тонна, ал нақты 271686 тонна (сапасы 100%) тапсырды, орындалу 97,3%.

3.6-кесте-Негізгі техника–экономикалық көрсеткіштер

Көрсеткіштер Жоспар Нақты % +/–
Мұнай өндіру, т 97,3 – 7744
Мұнай тапсыру, т 97,3 – 7514
Тауарлық өнім, мың теңге 96,7 – 52813
Жалпы өнім, мың теңге 96,9 – 50770
Өткізілген өнім, мың теңге 97,2 – 44389
Тізім бойынша жұмысшылар саны 98,1 – 14
Еңбек ақы қоры, мың теңге 90,3 – 30131
1 т. мұнайдың өзіндік құны, тг. 105,9
Экономикалық тиімділік, долл/жыл 247269,4
                 

Экономикалық тиімділіктің жылдық есебі:

Соңғы мұнай бергіштігін арттыру мақсатында жаңа тәсілдермен мұнай қабатына әрекет жасағанда жылдық экономикалық тиімділік төмендегі формуламен анықталады:

Эжыл. = С1 · Q1 + НР(∆Q) – С2 · Q2

Мұнда: Q1 және Q2 – қабатқа әрекет жасағандағы, жасамағандағы жылдық

мұнай өнімінің көлемі.

НР – 1 тонна мұнайды өсіру үшін келтірілген шығынның нормасы,

соңғы мұнай бергіштігі өскенде 55 долларға тең деп қабылдайды.

∆Q – жаңа технология енгізу арқылы мұнай өсімі.

Эжыл = 69 · 3020 + 55 · 37977.88 – 50 · 40997.88 = 208380 + 2088783.4 – 2049894 = 247269.4дол.

Нәтижелерге байланысты бұл кен орыннан мұнай өндіру тиімді деп есептеледі, таза пайда 247269,4 дол.

Өнімді өткізу кезіндегі заласыздық нүктесін (өндірістің табалдырығын) есептеу және оны талдау

Заласыздықты талдау, қаржы ақпаратының жоспарының тиімділігін есептеу кезіндегі ең маңызды элементі болып табылады. Кәсіпорынның қанша пайда табатынын есептеуден гөрі, кәсіпорынның пайдасыз болмауы үшін қажетті өнім өндіру көлемін табу керек. Сондықтан заласыздық нүктесін табу керек, оның төмен жағында кәсіпорын ақшасын жоғалтады, ал жоғарыға қарай пайда табады. Заласыздық нүктесі — белгілі уақыт ішіндегі (ай, жыл) өнім өндіру көлемі, соның арқасында кәсіпорын өзінің шығындарын жабады. Кәсіпорынның қанша пайда табатыны туралы сұрақ сонда ғана туады, егер өндіру көлемі заласыздық Нүктесінен жоғары болса. Ал одан төмен болса, кәсіпорын банкротқа дейін қанша уақыт жұмыс істейді деген сұрақ туады.

Заласыздық нүктесін есептеу үшін айнымалы және тұрақты шығындар мәні пайдаланылады. Бірақ та, тұрақты шығындардың болмайтынын ескеру керек, өйткені жалақының, аренданың, электр құнының, т. б. өсуі болады. Заласыздық нүктесін уақыттың әртүрлі аралығында қайта есептелуі мүмкін, мәселен кәсіпорын құрылымында өзгеруі. Осыған байланысты, нақты бір уақыт аралығында тұрақты шығындардың мәні ретінде кәсіпорынның жалпы шығындарының орташа мәні қабылданады.

Заласыздық графигін тұрғызамыз, ондағы пайдасыздық нүктесінен жоғары жатқан айнымалы және жалпы шығындар сызықтарының арасындағы аймақ пайданы көрсетеді.

Көріп отырғанымыздай заласыздық талдамын пайдалану өндірістің жұмысының тиімділігін ұйымдастыру кезінде маңызды. Оны пайдаланудың қарапайымдылығы мен оңайлылығы пайда табу үшін қажетті сату мөлшерін анықтауға мұрсат береді. Онымен қоса, заласыздықты талдау көмегімен кәсіпорынның қауіпсіздік диапазонын есептеуге болады. Неғұрлым қауіпсіздік резерві аз болса, соғұрлым шығынға ұшырау қаупі көбірек.

Осындай заласыздық нүктесін есептеу әдісін өндіріс салаларына енгізу маңызы зор, өйткені оның тез болмаса да, бірқалыпты өсетіні белгілі болады, бұл әрине, халыққа тиімді.

Заласыздық нүктесін есептеу

«Құмкөл» МГӨБ бойынша 2010 жылғы тұрақты шығындары:

1) Еңбек ақы қоры: 279244 мың теңге;

2) Әлеуметтік сақт. Аудару: 1819 мың теңге;

3) Негізгі қордың амортизациясы: 112141 мың теңге;

4) Ренталық төлемдер: 6226,07 мың теңге;

5) Кредит бойынша пайыз: 3046000 теңге.

Барлығы: 402476,07 мың теңге.

Мәліметтер кәсіпорынның 2010 ж есеп беруінен алынған. 2.1-суретте график көрсетілген. Одан көретініміздей заласыздық нүктесі: А жылына мың тонна өндіру кезінде пайда болады, 2009 жылы МГӨБ бойынша 279,656 мың тонна өндірді. График бойынша кәсіпорын пайда тапты.

3.1-cурет-Өндірістің залалсыздық нүктесін көрсететін график

А – залалсыздық нүктесі;

ВС – тұрақты шығындар (өндіру көлеміне тәуелсіз);

СD – айнымалы шығындар (өндіру көлеміне тәуелді);

ВЕ – жалпы табыс;

Пайда (таза табыс) = DE = ВЕ – (ВС+СD)

Демек өндіріс тиімді жұмыс жасауы үшін кем дегенде 110000т. мұнай өндірілуі тиіс. Бірақ 110000т. өндіретін болса бұл өнеркәсіптің еш таза табысы болмай, өнімнен түскен табыс тек оны өндіруге кеткен шығындарды ғана жауып отырады. Өндіру көлемі А нүктесінен оңға қарай неғұрлым қашық болса соғұрлым мекеменің таза табысы, яғни пайдасы көп болады.

Наши рекомендации